Telegram Web Link
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥛«Ауыл аманаты»: Кәсіпкер шағын цех ашты

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Тоғанас ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Меруерт Токунтаева «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы аясында кәсібін дамытуда.

«Жолдасымыз екеуіміз ауылға келіп, өз кәсібімізді бастау жөнінде шешім қабылдадық. «Ауыл аманаты» жобасы арқылы жеңілдетілген 2,5 пайызбен 9 миллион теңге көлемінде несие алдық. Бұл қаражатқа сүт өнімдерін өңдейтін шағын цех ашып, табиғи әрі сапалы өнім ұсынып отырмыз. Күн сайын айран, құрт, май, ірімшік қақталған шұжық сынды өнім өндіреміз. Табиғи таза өнімге деген сұраныс та жоғары. «Ауыл аманаты» жобасы бастамамызды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта өндіріс көлемін арттырып, жаңа жабдықтар сатып алуды және өнім түрін көбейтуді жоспарлап отырмыз», – деді ол.
👍6🔥31
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
 
⚜️«Ұлттық мұра»: Жастар қанаты Республика күні қарсаңында экскурсия өткізді
 
25 қазан – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері арнайы экскурсия ұйымдастырды. «Анаға тағзым» рухани-мәдени орталығында өткен іс-шара партияның «Ұлттық мұра» жобасы аясында қолға алынды.

Оған 50-ге жуық қыз бала қатысып, орталықтың қызметімен танысты. Сондай-ақ олар қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен анаға деген құрметі жөнінде мол мағлұмат алды.

▪️▪️▪️

⚜️ «Ұлттық мұра»: Молодежное крыло провело экскурсию к Дню Республики
 
В преддверии Дня Республики активисты молодежного крыла «Жастар рухы» Кызылординского областного филиала партии «AMANAT» организовали тематическую экскурсию в духовно-культурный центр «Анаға тағзым». Мероприятие прошло в рамках партийного проекта «Ұлттық мұра».

В экскурсии приняли участие около 50 девушек, которые познакомились с деятельностью центра и получили обширную информацию о национальных ценностях казахского народа и уважительном отношении к матери.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📣Салт атты ерлі-зайыптылар Астанаға жетті: Қытайдан басталған екі айлық сапар мәресіне жетті

2025 жылғы 21 қазанда Астана қаласына Қытайдан атпен шыққан саяхатшылар — Қуанбек Түсіпханұлы мен жұбайы Жайна Еркінқызы елордаға жетті. Тарбағатай өңірінен шыққан ерлі-зайыптылардың басты арманы – қазақ елінің жүрегі, бас қаласы Астананы көру болған.

Екі айдан астам уақыт бойы мыңдаған шақырым жол жүріп келген жұпты бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында партия өкілдері саяхатшыларға Астана қаласының дамуы мен елдегі жаңалықтар туралы айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.

«Біздің армандаған Астанамыз – дәл осындай еңселі, көркейген, рухы биік қала екен. Ата жұртқа, қазақ еліне деген сағыныш пен құрмет – бізді жол бойғы қиындықтарға мойытқан жоқ. Ең бастысы – туған елдің топырағына табан тигізіп, жүрекпен сезіну», – деп ағынан жарылды Қуанбек Түсіпханұлы.


Жайна Еркінқызы да Елорда тұрғындарына көрсеткен құрмет пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
📣Супруги из Китая прибыли в Астану верхом: двухмесячное путешествие завершилось

21 октября 2025 года в Астану прибыли супруги Куанбек Тусипханулы и Жайна Еркинкызы, которые отправились в путь верхом на лошадях из Китая. Их цель — увидеть столицу Казахстана — Астану, наконец, осуществилась.

Семейная пара преодолела путь длиной более двух месяцев, проехав тысячи километров. Сегодня путешественников торжественно встретил Исполнительный секретарь Астанинского городского филиала партии «AMANAT» Мухаммед Болысбек и выразил теплый прием.

Во время встречи представители партии рассказали о развитии столицы и вручили памятные подарки гостям.

«Мы мечтали увидеть Астану — и он действительно такой величественный, красивый, духом сильный город, каким мы его представляли. Ностальгия по исторической Родине и любовь к Казахстану помогли нам преодолеть все трудности в пути»,— поделился Куанбек Тусипханулы.


Жайна Еркинкызы также выразила искреннюю благодарность за радушный приём.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Вопрос депутата Мажилиса, члена фракции «AMANAT» Еркина Абиля представителям Министерства национальной экономики и Министерства финансов о формальном характере целевых показателей и неэффективности планирования в государственных органах.
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗️Нұртай Сабильянов: Өңірлік теңсіздікті жоятын әдістеме жұмыс істемей отыр

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Нұртай Сабильянов Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге өңірлер арасындағы инфрақұрылымдық теңсіздік мәселесіне қатысты сұрақ қойды.

Оның айтуынша, өңірлік стандарттар бойынша қабылданған жаңа әдістеме аймақтар арасындағы инфрақұрылымдық алшақтықты қысқартуға тиіс еді. Алайда бұл жүйе толыққанды жүзеге аспай отыр.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәселені кезең-кезеңімен шешу жоспарланып отырғанын айтты. Оның сөзінше, Абай облысында аурухана мен спорт кешенін салуға қосымша қаражат қарастырылмақ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Берік Бейсенғалиев: Үкімет тым сақ сценарий қалыптастырып отыр ма?

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Берік Бейсенғалиев Премьер-Министр Олжас Бектеновке ел экономикасының өсу қарқыны мен оны тұрақтандыру шараларына қатысты сұрақ қойды.

Премьер-Министрдің айтуынша, Үкімет бюджеттік жоспарлауда консервативті тәсіл қолданады. Соңғы үш жылда ел экономикасы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Биыл да оң динамика күтілуде.

Олжас Бектенов әлемдік экономиканың баяулауы мен сыртқы факторларды ескеріп, теңгерімді сценарий қалыптастырылғанын айтты. Оның сөзінше, биыл жалпы құны 1,5 трлн теңге болатын 190 ірі индустриялық жоба іске қосылады. Сондай-ақ инфляцияны төмендету үшін Үкімет пен Ұлттық банк бірлескен шаралар жоспарын әзірлеуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣В Казахстане растут доходы регионов, но число доноров остаётся прежним — Сергей Пономарев

В Мажилисе обсудили вопрос финансовой самостоятельности регионов. Член фракции партии «AMANAT» Сергей Пономарев отметил, что по итогам текущего года в большинстве областей ожидается перевыполнение доходной части бюджета более чем на 2 триллиона тенге.

Заместитель Премьер-Министра — министр национальной экономики Серик Жумангарин пояснил, что вместе с доходами растут и расходы регионов, а процесс перехода в доноры требует времени. По его словам, бюджетная самостоятельность напрямую зависит от работы местных исполнительных органов и развития собственной налоговой базы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Ринат Зайыт: Делдалдармен күрес және ауыл мәдениетінің дамуы – өзекті мәселе

Мәжіліс депутаты Ринат Зайыт Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевке ауыл шаруашылығындағы делдалдар мен ет экспортына қойылған шектеулерге қатысты сұрақ қойды.

Министрдің айтуынша, делдалдық тізбекке тұрақты түрде талдау жүргізілуде. Соңғы сегіз айда 700-ден астам әкімшілік іс қозғалған.

Сонымен қатар депутат Ринат Зайыт Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға ауылдағы мәдениет үйлері, кітапханалар мен архивтердің жағдайына қатысты сұрақ қойды.

Министр мәдениет және архив нысандарын дамыту бірқатар көздер есебінен жүзеге асатынын айтты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣Ерлан Саиров Бюджет жобасының сараптамасын сынға алды

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ерлан Саиров Үкімет әзірлеген бюджет жобасында сапалы талдау мен нақты сараптама жоқ екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа Бюджет кодексінде шығыстарды бюджеттік, стратегиялық және инвестициялық тұрғыда талдау талап етілгенімен, депутаттарға тек сандық көрсеткіштер ғана ұсынылған.

Өз кезегінде Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл ескертудің орынды екенін айтып, уақыттың тығыздығына байланысты бұл жұмыс толық атқарылмағанын жеткізді. Министр келесі жылы мұндай олқылықтарға жол берілмейтінін және стратегиялық, инвестициялық талдау жұмыстары күшейтілетінін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Вопрос депутата Мажилиса, члена фракции «AMANAT» Гульдары Нурым министру здравоохранения Акмарал Альназаровой о причинах консервации больших средств ФСМС на депозитах и отказе от повышения тарифов, несмотря на хронический дефицит финансирования системы здравоохранения.
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📣«AMANAT» партиясының фракциясы республикалық бюджет жобасына қолдау білдірді
 
Мәжілістегі «AMANAT» партиясының фракциясы 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасына қолда білдіріп, оның тұрақтылығына, әлеуметтік бағытына және резервтердің өсуіне назар аударды. Бұл туралы фракция жетекшісі Елнұр Бейсенбаев жалпы отырыста сөйлеген сөзінде мәлімдеді.
 
«Республикалық бюджет – жай ғана қаржы жоспары емес. Ол – алдағы жылдардағы ел дамуын айқындайтын маңызды құжат. Сыртқы сын-қатерлерге және күрделі геосаяси жағдайға қарамастан, Қазақстан бюджеті орнықты, әлеуметтік тұрғыда бағдарланған және азаматтардың мүддесіне сай болып қала береді. Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық орындалуда. Алтын-валюта резервтері мен Ұлттық қордың активтері 119 миллиард АҚШ долларынан асты», – деді Елнұр Бейсенбаев.


▪️▪️▪️

📣Фракция партии «AMANAT» поддержала проект республиканского бюджета

Фракция партии «AMANAT» в Мажилисе поддержала проект республиканского бюджета на 2026-2028 годы, отметив его устойчивость, социальную направленность и рост резервов. Об этом заявил руководитель фракции Елнур Бейсенбаев, выступая на пленарном заседании.

«Республиканский бюджет – это не просто финансовый документ. Это основа развития страны на ближайшие годы. Несмотря на внешние вызовы и сложную геополитическую ситуацию, казахстанский бюджет остаётся устойчивым, социально ориентированным и отвечает интересам граждан. Все социальные обязательства государства исполняются в полном объёме, а финансовая «подушка безопасности» растёт – золотовалютные резервы и активы Нацфонда превысили 119 миллиардов долларов США»
, – подчеркнул Елнур Бейсенбаев.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетовтің Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жалпы сипаттағы трансферттерді қалыптастыру кезінде неліктен өңірлердің болжамды кірістері ескерілмегені туралы қойған сұрағы.
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Желбіре, Көк байрағым, көк аспанда!

25 қазан – Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы Мемлекеттік Туды насихаттауға бағытталған «Менің Елім – Менің Туым» атты республикалық акция өткізді.

Мұндағы мақсат – мемлекеттік рәміздерді дәріптеп, тұрғындардың елімізге деген құрметін арттыру. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысовтың айтуынша, Мемлекеттік Туға деген құрмет – елге деген сүйіспеншіліктің жарқын үлгісі.

«Көк байрағымыз – ел егемендігінің, бейбіт өмірдің және ел бірлігінің нышаны. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – баршамызға ортақ қастерлі парыз», — деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥2
🇰🇿Реет, мой синий флаг под синим небом!

В преддверии Дня Республики Шымкентский городской филиал партии «AMANAT» провел республиканскую акцию «Моя страна – мой флаг», направленную на укрепление уважения к Государственному флагу Казахстана и продвижение национальных символов.

Главная цель мероприятия – воспитание чувства гордости за страну и напомнить о значении государственных символов, как важной части национальной идентичности. По словам заместителя исполнительного секретаря Шымкентского городского филиала партии «AMANAT» Ербола Байконысова, уважение к Государственному флагу – одно из самых глубоких проявлений любви к Родине.

«Наш флаг – символ независимости, мирной жизни и единства народа. Почитание государственных символов – священный долг каждого гражданина», - подчеркнул Ербол Байконысов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥4
2025/10/25 08:05:29
Back to Top
HTML Embed Code: