Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптада еліміздің барлық өңіріндегі «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмелерінде шамамен 250 қабылдау өткізіліп, 700-ден астам азамат жүгінді. Барлығы 1300-ге жуық өтініш тіркелді. Ең өзекті мәселелердің қатарында білім сапасы, денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың құқықтарын қорғау және басқа да маңызды тақырыптар болды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
На прошедшей неделе в общественных приемных партии «AMANAT» по всей стране было проведено около 250 приемов, в ходе которых было принято более 700 граждан. Всего зарегистрировано порядка 1300 обращений. Среди наиболее актуальных тем – качество образования, развитие здравоохранения, получение жилья, защита прав лиц с особыми потребностями и другие актуальные темы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Бүгін – әнші, ақын әрі композитор Жаяу Мұса Байжанұлының туғанына 190 жыл!
Халқымыздың маңдайына біткен қастерлі перзенті, ұлт мақтанышы соңында шындықтың шырағын жаққан шығармаларын, әділдікті ту еткен «Ақсиса», «Хаулау», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары» және «Сүйіндік» сынды мол мұра қалдырды. Ел азаматтарының ендігі қастерлі парызы – төл мәдениетіміз бен ұлттық өнеріміздің баға жетпес байлығы, асыл қазынасы саналатын сом тұлғаның соны туындыларын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Тұғырлы тұлғаның өрнекті өнері, сан қырлы сазы, әуезді әні ел жадында мәңгі сақталмақ!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3👏2
25 қазан – Республика күні қарсаңында елордада Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қабырғасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың бәрін сүй!» тақырыбындағы дүбірлі додаға осы жылы республикалық және халықаралық айтыстарда топ жарған 14 ақын қатысты.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Республика күні мемлекеттігіміздің жаңа шежіресі жазылған, тарихымыздың жаңа парағы ашылған еліміз үшін ең қастерлі мейрам екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір руханият пен мәдениетке ерекше мән беріп отыр. Осы бағытта қаншама жұмыстар жасалып та жатыр. Президенттің интеллектуалды ұлт құру идеясы – болашағымызды айқындайтын аса маңызды бағыт. Осы орайда, «AMANAT» партиясы да әдебиет пен руханиятқа, ұлттық өнерге, соның ішінде осы айтысқа жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткім келеді», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
