Telegram Web Link
⚜️«Адамзаттың бәрін сүй!»: «AMANAT» партиясы аламан айтыс ұйымдастырды

25 қазан – Республика күні қарсаңында елордада Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармония қабырғасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «AMANAT» партиясы ұйымдастырған дәстүрлі «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысы өтті. Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың бәрін сүй!» тақырыбындағы дүбірлі додаға осы жылы республикалық және халықаралық айтыстарда топ жарған 14 ақын қатысты.

«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Республика күні мемлекеттігіміздің жаңа шежіресі жазылған, тарихымыздың жаңа парағы ашылған еліміз үшін ең қастерлі мейрам екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазір руханият пен мәдениетке ерекше мән беріп отыр. Осы бағытта қаншама жұмыстар жасалып та жатыр. Президенттің интеллектуалды ұлт құру идеясы – болашағымызды айқындайтын аса маңызды бағыт. Осы орайда, «AMANAT» партиясы да әдебиет пен руханиятқа, ұлттық өнерге, соның ішінде осы айтысқа жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өткім келеді», – деді «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек.


🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
⚜️«Адамзаттың бәрін сүй!»: состоялся республиканский айтыс, организованный партией «AMANAT»

В преддверии национального праздника 25 октября – Дня Республики – в столице в государственной академической филармонии им. Е.Рахмадиева прошел республиканский айтыс «Алтын домбыра». Он был организован партией «AMANAT» при поддержке Министерства культуры и информации. В год 180-летия со дня рождения великого поэта Абая Кунанбаева тема айтыса звучит особенно символично – «Адамзаттың бәрін сүй!». Свое мастерство продемонстрировали 14 лучших акынов страны – победителей республиканских и международных айтысов, состоявшихся в течение этого года.

Исполнительный секретарь партии «AMANAT» Дәулет Кәрібек подчеркнул, что День Республики – один из самых значимых праздников страны, открывший новую страницу в истории Казахстана.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев уделяет особое внимание духовной и культурной сфере. В этом направлении уже проделана большая работа. Идея Президента о формировании интеллектуальной нации – это стратегический курс, определяющий наше будущее. В этом контексте хочу отметить, что партия «AMANAT» последовательно оказывает всестороннюю поддержку литературе, культурному развитию и национальному искусству, в том числе айтысу», – отметил Исполнительный секретарь партии.


🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Марат Байқамұровты «Қазақстан барысы – 2025» турниріндегі жеңісімен құттықтаймыз! 👏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍61
🧑‍🚒 Достар!

19 қазан – Құтқарушылар күні құтты болсын!

Бұл мереке – ел қауіпсіздігі мен халық амандығы үшін күн сайын тынымсыз еңбек етіп жүрген ер жүрек жандардың ерлігін айшықтайды. Құтқарушылар – батылдықтың, адалдық пен жанқиярлықтың айқын үлгісі. Олар өз өмірлерін қауіп-қатерге тігіп, талай жанның тағдырын сақтап, от пен судың, апат пен зілзаланың ортасында халық амандығы жолында тынымсыз еңбек етіп келеді.

Құтқарушылардың бұл жауапты еңбегі мемлекет пен қоғам тарапынан жоғары бағалануға тиіс. «AMANAT» партиясы өз тарапынан азаматтық қорғаныс саласын дамытуға, құтқарушылардың әл-ауқатын арттыруға ерекше көңіл бөліп келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында төтенше жағдай қызметкерлерінің жалақысын арттыру, еңбек жағдайын жақсарту бағытында нақты шаралар жүзеге асырылуда.

Осы мереке күні еліміздің барлық құтқарушыларына адал қызметі мен қайсар рухы үшін алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін!
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️«Мәдениет – адамзаттың ортақ тілі»: «AMANAT» делегациясы ICAPP Азиялық мәдени кеңестің отырысына қатысты

«AMANAT» партиясының делегациясы Әзербайжан астанасы Бакуде өткен Азия саяси партияларының халықаралық конференциясының (ICAPP) жанындағы Азиалық мәдени кеңестің 4-отырысына қатысты. Форум Азия құрлығындағы өзара түсіністік, ынтымақ және орнықты дамуды нығайтудағы мәдениеттің рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Іс-шара «Ұлттық әралуандықтан жаһандық ынтымақтастыққа дейін: мәдениеттің жаңа әлемдік тәртіптегі рөлі» тақырыбында өтті. Оны ICAPP Тұрақты комитетінің қолдауымен «Yeni Azərbaycan» (YAP) партиясы ұйымдастырды. Форум жұмысына Азияның түрлі елдерінен жетекші саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар мен мәдениет саласының сарапшылары қатысты.

Форум аясында қатысушылар Әзербайжанның көрнекті тұлғаларының рухына тағзым етіп, Құрмет аллеясы мен Шейіттер аллеясына гүл шоқтарын қойды. Бұдан кейін ICAPP Тұрақты комитетінің 44-отырысы жалғасын тауып, Азиалық мәдени кеңес 4-отырысының ашылу салтанаты өтті. Ашылу рәсіміне Оңтүстік Корея, Үндістан, Камбоджа, Пәкістан, Индонезия, Қазақстан және өзге де елдердің партия өкілдері қатысты. Жиын қорытындысы бойынша ICAPP Мәдени кеңесінің жаңа бюро мүшелері сайланды.

Пленарлық сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының хатшысы Ержан Жылқыбаев отырыс тақырыбы Қазақстанның негізгі құндылықтары мен стратегиялық бағытына сай келетінін атап өтті. Ол елімізде мәдениетке қоғамды біріктіретін, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайтатын маңызды тетік ретінде айрықша назар аударылып отырғанын жеткізді.

«Жаһандық тұрақсыздық жағдайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Әділетті Қазақстанды құруға бағытталған батыл реформаларды жүзеге асырып келеді. Бұл саясаттың маңызды бағыттарының бірі – мәдениетті сенім мен диалогтың ортақ тілі ретінде ілгерілету», – деді ол.


🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7
2025/10/21 23:37:34
Back to Top
HTML Embed Code: