Telegram Web Link
♻️В преддверии Дня Республики казахстанцы присоединились к акции «Таза бейсенбі», организованной партией «AMANAT»

Во исполнение инициативы Президента Касым-Жомарта Токаева, в стране реализуется общенациональный проект «Таза Қазақстан», направленный на объединение усилий общества в деле заботы о природе. В рамках этой инициативы партия «AMANAT» во всех регионах проводит ставшую доброй традицией экологическую акцию «Таза бейсенбі».

Главная задача акции – не просто очистить города и села, но и укрепить культуру экологической ответственности, сплотить граждан вокруг ценностей чистоты, порядка и бережного отношения к окружающей среде. К общему делу присоединяются не только партийцы, но и жители, молодежь, волонтеры – все, кто хочет внести свой вклад в сохранение природы родного края.

🌐Подробнее: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
📚Достар!

24 қазан – Кітапханашылар күні құтты болсын!

Кітапханашы – әр оқырманға білімнің, мәдениеттің, рухани байлықтың есігін ашатын баға жетпес тірек. Ол оқырмандарды ізденуге, кітап оқуға, ойлы пікір қалыптастыруға жетелейді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітапханашылар мен кітапханалардың жағдайына ерекше назар аударып келеді. Президент өз сөзінде еліміз үшін құнды тарихи деректер мен материалдардың дені кітапханада сақталатынын, сондықтан кітапхана ісін дамытуға бей-жай қарауға болмайтынын атап өткен еді.

«AMANAT» партиясы осы бағытта нақты әрі жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді. Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында кітапхана қызметкерлерінің жалақысын көтеру, отандық авторлар мен баспагерлерді қолдау шаралары жүзеге асырылуда. «Кітап–AMANAT» жобасы бойынша ел аумағында 24 орталық ашылды. Сондай-ақ партия бастамасымен жаңа Салық кодексіне отандық кітаптар мен оларды басып шығару қызметіне қосылған құн салығынан босату жөніндегі норма енгізілді. Алдағы уақытта да кітапханашылардың кәсіби дамуына жағдай жасау және кітапхана қызметінің сапасын арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жалғасын табады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👍4
📣«Қоғам келбеті – кемел әйел»: «AMANAT» партиясы қыз-келіншектердің қоғамдағы рөліне назар аударды

Республика күні қарсаңында «AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының Әйелдер қанаты «Қоғам келбеті – кемел әйел» тақырыбында кейс-платформа ұйымдастырды. Атырау қаласындағы Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда қолға алынған игі іс-шара партияның «Әйел аманаты» бастамасы аясында өткізілді.

​Әйелдер қанатының кеңесшісі, облыстық мәслихат депутаты Айжан Қарабаеваның төрағалығымен өткен іс-шараның мақсаты – қыз-келіншектердің қоғамдағы рөлін арттыру, олардың кәсіби және тұлғалық дамуына қолдау көрсету, тәжірибе алмасу арқылы жастарға үлгі болу. Сонымен қатар партиядағы әйелдер көшбасшылығын дамыту және көшбасшы қыз-келіншектердің жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған тұрақты алаң құру көзделуде.

🌐Толығырақ: amanatpartiasy.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍53
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿«Менің Елім – Менің Туым»

Биыл ел тарихында елеулі кезең – Мемлекеттік егемендік туралы декларация қабылданғанына 35 жыл. Бұл құжат – тәуелсіздіктің негізі, Қазақстанның іргетасы.

Осы мереке қарсаңында «AMANAT» партиясы мен «Жастар Рухы» жастар қанаты дәстүрлі «Менің Елім – Менің Туым» патриоттық акциясын өткізуде. Бұл бастама – мемлекеттік рәміздерімізді ұлықтап, ел бірлігін нығайтатын, барша қазақстандықты ортақ құндылықтар төңірегіне топтастыратын ерекше іс-шара.

Акция аясында еліміздің түкпір-түкпірінде Мемлекеттік Туымыз желбіреп, халқымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі мен мақтанышын айшықтап тұр.

#republicday #меніңтуым #меніңелімменіңтуым
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
💬 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
2025/10/27 07:54:45
Back to Top
HTML Embed Code: