Шүкірсіздіктің бір түрі – Алла Тағала саған нығмет етіп сыйлаған, аманат қылып берген дене мүшелерді Ол разы болмайтын істерде пайдалану
«Адамдарды құртатын жеті нәрседен қашыңыздар. Олар: Аллаға серік қосу, сиқыр жасау, бір адамды орынсыз өлтіру, пайыз жеу, жетімнің ақысын жеу, соғыстан қашу және мұсылман әйелге жала жабу».

Муслим, Иман, 89.
Нағыз сараң адам – Алла елшісінің аты аталған кезде оған салауат айтпаған адам

Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын
Амр Ибн Астан:
“Ақылды, дана деген кім?” - деп сұрағанда, ол: “(Ойлап тұрған нәрсесін дөп тауып, қалай болды және қалай болады деген мәселені аңғарып тұру) жамандықтан жақсылықты ажыратып алатын кісі дана емес, екі жаман нәрсенің қайсысы зияны жағынан аз екенін ажырата білетін кісі дана”, - деп айтқан.

📚Сахабалардың сәулелі ғұмыры
Өліп қалу қайғы-қасірет емес. Өмір сүріп тұрып құлшылық қылмай, маңдайын сәждеге тигізбей дүниеден өту нағыз қасірет.

✍🏼ұстаз Ерсін Әміре
www.tg-me.com/yersin_amire
Дін — қияметке дейінгі нәрселерге жауап беріп қойған!
«Жаннатқа кірген адам жер жүзіне қайтып оралғысы келмейді, жер жүзіндегі барлық нәрсе онда бар. Тек шәһидтер олай емес. Ол шәһидтіктің дәмін татқандықтан жер жүзіне қайта оралып, он мәрте қайта шәһид болуды қалайды»

Бухари, Жиһад, 5, 21; Муслим, Имара, 108, 109.
Көзіңді үш нәрседен сақта дейді имам Ғазали:

– Саған махрам (яғни, шариғат бойынша үйленуге не тұрмысқа шығуға болмайтын туыс) болмаған жанға және әдемі суретке шәһуатпен қараудан сақтау керек.

– Мұсылман бауырыңа менсінбей қараудан сақтау керек.

– Мұсылман бауырыңның айыбын іздеуден сақтау керек.

"Бидаятул-һидая" кітабынан
Шүкір – шынайы мүмін құлдардың сипаты. Өйткені Пайғамбарымыз ‎ﷺ өзінің бір хадисінде:

«Мүміннің ісі неткен ғажап! Оның ісінің барлығы да оған хайырлы. Бұл нығмет тек шынайы мүмінге ғана нәсіп болды.

Егер ол қуанышқа бөленсе, Аллаға шүкір етіп, сонысымен ол қуанышы оған хайырлы болады.

Ал егер оның басына қайғы-қиындық келіп, оған сабыр етсе, онда ол қайғы да оған хайырлы болады
», – дейді.
Тәуекел жайлы айтылған ең көркем сөздің бірі:

«Тәуекел – иманның тәртіп жүйесі, таухидттің жан серігі.

Тәуекел – кедейлікті болдырмай, тыныштықты болдыратын жан дауасы».

©️имам ибн Хиббән
[Раудатул ғуқалә📚]
Адам шынайы түрде өзгерем десе ,тез арада кірісуі керек ондай ойды өткізіп алуға болмайды,ол жақсы жаққа өзгеру ойы Алладан болуы әбден мүмкін 🌙
Егерде сені бреу жұмсап бір жерге барып кел десе, неге мен барамын неге мен істеймін деген сұрақтар айтсан ол сенің әлі балалық өмір сүріп жүргеніңді айтады )
Егер ол істі істеп жберуге қолын бос болып күшін жетіп тұрса істей сал сол үшін де үлкен сауап алуың мұмкін
Хасан әл-Басри:”Алланың атымен ант етейін ! Құрансыз ешқандай байлық және Құраннан кейін еш кедейлік болмайды “ деген
قال أهل العلم:
- إذا مات القلب ذهبت الرحمة.
- وإذا مات العقل ذهبت الحكمة.
- وإذا مات الضمير ذهب كل شيء.
Ілім иелері былай дейді:
- Егер жүрек өлсе, мейрімділік кетеді.
- Егер ақыл өлсе, хикмет/көрегенділік кетеді.
- Ал егер ар-ождан өлсе, онда барлық нәрсе кетеді.
Балам! Намазың қайда?... Оразан қайда? -" деген ғасырдын орнына" - Балам, намазға ерте, оразаға жассың" - дейтін заманның басқаны қандай өкінішті?. Өмірде ең маңызды дүние ол Алланы тану... Тегіңді сақтаймын десеңіз - ұлыңызды тәрбиелеңіз. Ұлтыңызды сақтаймын десеңіз - қызыңды тәрбиелеңіз!!!...
«Саған берілген нығмет – сені Аллаға жақындатпаса, онда оның түбі бәлекетке айналуы мүмкін».

©️Әбу Хазим

Білім берсе, біліміңмен Аллаға жақында. Дүние берсе, дүниеңді ізгілікке жұмсап Аллаға жақында т.с.с...
Тал жеміс бермей жатса бұтағын емес, жапырағын жаңартады.

Істерің жеміс бермей жатса мақсатыңды емес, соңғы әрекеттеріңді ғана өзгерт.

©️Әдһәм Шәрқауи
“Сәтсіздіктің” досы – жалқаулық. Ал сәтсіздіктің негізгі азығы – істі кейінге қалдыру.

©️ Әбдул Хамид Дәруиш
Бүгінгі дұға “Уа, Алла тағалам! Сенен отбасымды асырауға жетерліктей дүние сұраймын. Қайсыбір туыстарымның хақысын бере алмай, Өзіңнің ашуыңа ұшырап кетуден мені сақта!”

(Зәйд ибн Сәбит (р.а))
2024/05/03 12:17:25
Back to Top
HTML Embed Code: