⚜️ Ерлан Ақкенженов: «Жаңа инвестициялық келісімшарттар мен технологиялар Қазақстанның жаһандық энергия нарығындағы орнын нығайтады»
✔️ АСТАНА. 2025 жылғы 3 қазан — ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов XVII Еуразиялық KAZENERGY форумының басты пленарлық сессиясында саланың даму стратегиясын таныстырды. Сессия жұмысына ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қатысып, Ол Мемлекет басшысының энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегиялық бағыты айқындалған құттықтау хатын оқыды.
✔️ Ал министр өз кезегінде жаһандық өзгерістер аясында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған стратегиялық жоспарды таныстырды.
✔️ Ведомство басшысының айтуынша, елде инвестициялық климатты жақсарту бойынша нақты қадамдар жасалуда. Атап айтқанда, жаңа кен орындарын барлау мен игеруге ынталандыратын Жетілдірілген үлгілік келісімшарт енгізілген. Осы механизм арқылы бүгінде 9 миллиард АҚШ долларынан астам сомаға келісімдерге қол қойылған.
✔️ Сондай-ақ, министр дәстүрлі энергетиканы жаңғырту және "жасыл" технологияларды дамыту бағытындағы жұмыстарға тоқталды. Еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауытын кеңейту және көмір станцияларына көміртекті ұстау технологияларын (CCUS) енгізу көзделіп отыр. Бұған қоса, Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің саны артып келеді – бүгінде жалпы қуаты 3,25 ГВт болатын 158 нысан жұмыс істеп тұр.
✔️ Форумда сөз сөйлеген ОПЕК-тің Бас хатшысы Хайтам әл-Гайс Қазақстанның энергетикалық саладағы рөлін жоғары бағалап, ОПЕК әлемдік тұрақтылықты қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті.
📌 Анықтама: XVII Еуразиялық KAZENERGY форумы 2-3 қазан аралығында Астанада өтіп жатыр. Биылғы форумның тақырыбы – "Жаңа энергетикалық тәртіпті қалыптастыру және орта державалардың рөлі". Шараға үкімет басшылары, халықаралық ұйымдардың, дипломатиялық миссиялар мен жетекші энергетикалық компаниялардың басшылары қатысуда.
– Қазақстан жаһандық энергетикалық жүйенің маңызды бөлігі ретінде көпвекторлы әрі тұрақты саясатты ұстанады. Біз көмірсутектерді сенімді жеткізумен қатар, төмен көміртекті модельді дамыту жұмысын қатар жүргізіп отырмыз. Бұл еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға және инвестиция тартуға жол ашады", – деді министр.
– Қазақстан жаһандық энергетика аренасындағы маңызды ойыншы. Біз әріптестерімізге сенеміз және бірге энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дайынбыз", – деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
⚜️ Ерлан Ақкенженов: «Жаңа инвестициялық келісімшарттар мен технологиялар Қазақстанның жаһандық энергия нарығындағы орнын нығайтады» ✔️ АСТАНА. 2025 жылғы 3 қазан — ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов XVII Еуразиялық KAZENERGY форумының басты пленарлық…
⚜️Новые инвестконтракты и технологии укрепят позиции Казахстана на глобальном энергорынке – Ерлан Аккенженов
✔️ Астана, 3 октября 2025 года. – Министр энергетики РК Ерлан Аккенженов представил стратегию развития отрасли на главной пленарной сессии XVII Евразийского форума KAZENERGY. В сессии принял участие Премьер-Министр РК Олжас Бектенов. Он зачитал приветственное обращение Главы государства, в котором обозначен стратегический курс на укрепление энергетической безопасности и повышение инвестиционной привлекательности страны.
✔️ В своем выступлении глава Министерства энергетики обозначил стратегию страны, направленную на укрепление энергетической безопасности и инвестиционной привлекательности на фоне глобальных изменений.
✔️ Глава ведомства сообщил о конкретных результатах работы по улучшению инвестклимата. Для стимулирования геологоразведки и освоения новых месторождений внедрен Улучшенный модельный контракт, предполагающий значительные фискальные преференции. По словам министра, данный механизм уже позволил подписать соглашения на сумму свыше 9 миллиардов долларов.
✔️ Ерлан Аккенженов подробно остановился на двух ключевых треках: модернизации традиционной энергетики и развитии «зеленых» технологий. Планируется расширение мощностей трех крупнейших НПЗ и масштабная модернизация угольных станций с применением технологий улавливания углерода (CCUS). Одновременно страна наращивает потенциал возобновляемой энергетики. Сегодня в республике действуют 158 объектов ВИЭ общей мощностью почти 3,25 ГВт.
✔️ Значимость международного сотрудничества была подчеркнута и другими участниками сессии. В своем выступлении Генеральный секретарь ОПЕК Хайтам аль-Гайс высоко оценил роль Казахстана.
📌 Справочно: XVII Евразийский форум KAZENERGY проходит в Астане 2-3 октября. Главная тема этого года — «Формирование нового энергетического порядка и роль средних держав». Форум традиционно собирает на своей площадке руководителей правительств, международных энергетических организаций, дипломатических миссий, а также глав крупнейших нефтегазовых и энергетических компаний.
«Казахстан был и остается важным звеном глобальной энергетической системы. Наша стратегия — формирование многовекторной и устойчивой политики, основанной на международном партнерстве. Мы успешно сочетаем роль надежного поставщика углеводородов с последовательным развитием низкоуглеродной модели, что позволяет повышать энергетическую безопасность и привлекать новые инвестиции», — заявил Ерлан Аккенженов.
«Казахстан сегодня выступает как ключевой игрок на мировой энергетической арене, и я благодарю наших партнёров за поддержку. Приоритетная роль ОПЕК заключается в обеспечении глобальной энергетической стабильности и создании условий для долгосрочных инвестиций. Миру необходимо больше энергии — природного газа, нефти и возобновляемых источников. Наша задача — гарантировать бесперебойное снабжение и укреплять энергетическую безопасность», — подчеркнул Хайтам аль-Гайс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹Тұзкөл кен орнында газ жобасы іске қосылды
✔️ Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді орындау аясында ҚР Энергетика министрлігі Қызылорда облысындағы Тұзкөл кен орнында шикі газды өндіру және жеткізу бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаны іске асыруды бастайтынын хабарлайды.
✔️ Жоба энергетикалық тұрақтылықты нығайтуға және өңірлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.
Жобаның операторы ретінде «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС әрекет етеді. Бастама ҚР Энергетика министрлігімен тығыз үйлестікте және ұлттық салалық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады.
✔️ Бастапқы кезеңде жылына шамамен 30 миллион текше метр шикі газ жеткізу жоспарлануда және де 2026 жылы Тұзкөл және 2028 жылы Кетеказған Батыс кен орындарының газ қорларын өнеркәсіптік игеруге көшу арқылы жеткізу көлемін жылына 200 миллион текше метрге дейін кезең-кезеңімен арттыру көзделуде.
✔️ Бұл өңірдің газбен қамтылу аясын кеңейтуге және энергетикалық инфрақұрылымды нығайтуға мүмкіндік береді.
✔️ Жобада әлеуметтік құрамдас бөлікке ерекше назар аударылады, атап айтқанда: жаңа жұмыс орындарын құру, жергілікті мамандарды тарту және ілеспе инфрақұрылымды дамыту.
✔️ Өндірілген газ серіктес кәсіпорындардың қуаттарында өңделіп, ұлттық газ тасымалдау жүйесіне жеткізіледі. Энергетика министрлігі жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде жан-жақты қолдау көрсетіп, технологиялық сенімділік пен мемлекеттік стандарттарға сәйкестікті қамтамасыз етеді.
📌 Тұзкөл кен орнындағы газ жобасы — мемлекеттің және кәсіпкерліктің тиімді ынтымақтастығының жарқын үлгісі. Ол тұрақты дамуға, энергетикалық қауіпсіздікке және халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған. Энергетика министрлігі ресурстық базаны кеңейту және заманауи технологияларды енгізу бойынша жұмысты жалғастырады.
Жобаның операторы ретінде «ТұзкөлМұнайГаз Оперейтинг» ЖШС әрекет етеді. Бастама ҚР Энергетика министрлігімен тығыз үйлестікте және ұлттық салалық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Тұзкөл кен орнында газ жобасы іске қосылды ✔️ Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттерді орындау аясында ҚР Энергетика министрлігі Қызылорда облысындағы Тұзкөл кен орнында шикі газды өндіру және жеткізу бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаны…
🔸Состоялся запуск газового проекта на месторождении Тузколь
✔️ Во исполнение стратегических задач, обозначенных в Послании Президента Республики Казахстан, Министерство энергетики РК объявляет о начале реализации социально значимого проекта по добыче и поставке сырого газа с месторождения Тузколь в Кызылординской области. Проект направлен на укрепление энергетической устойчивости и развитие региональной инфраструктуры.
Оператором проекта выступает ТОО «ТузкольМунайГаз Оперейтинг», реализующее инициативу в тесной координации с Министерством энергетики и при участии профильных национальных компаний.
✔️ На начальном этапе планируется поставка порядка 30 млн м3 сырого газа в год. В дальнейшем, с переходом к промышленной разработке газовых залежей месторождений Тузколь (в 2026 году) и Кетеказган Западный (в 2028 году), предусматривается поэтапное увеличение объёмов поставок с потенциальным достижением до 200 млн м3 в год. Это создаст условия для значительного расширения охвата газоснабжения и укрепления энергетической инфраструктуры региона.
✔️ Особое внимание в проекте уделяется социальной составляющей: создание новых рабочих мест, вовлечение местных специалистов и развитие сопутствующей инфраструктуры.
Добытый газ будет перерабатываться на мощностях партнёрских предприятий и поступать в национальную газотранспортную систему.
✔️ Министерство энергетики оказывает всестороннюю поддержку на всех этапах реализации, обеспечивая технологическую надёжность и соответствие государственным стандартам.
📌 Газовый проект на месторождении Тузколь — это пример эффективного взаимодействия государства и бизнеса, направленного на устойчивое развитие, энергетическую безопасность и улучшение условий жизни населения. Министерство энергетики продолжит работу над расширением ресурсной базы и внедрением современных технологий.
Оператором проекта выступает ТОО «ТузкольМунайГаз Оперейтинг», реализующее инициативу в тесной координации с Министерством энергетики и при участии профильных национальных компаний.
Добытый газ будет перерабатываться на мощностях партнёрских предприятий и поступать в национальную газотранспортную систему.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
🔹Астанада алғаш рет ШЫҰ мен Араб мемлекеттер лигасы кездесуі өтті
✔️ Астана, 2025 жылғы 3 қазан — Kazakhstan Energy Week аясында Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) мен Араб мемлекеттері лигасы (АМЛ) өкілдерінің алғашқы бірлескен кездесуі өтті.
✔️ Форумға ШЫҰ-ның Бас хатшысының орынбасары Ахмад Саидмуродзода, АМЛ-дің Қоршаған орта жөніндегі директоры Махмуд Фатхаллах, АӨСШК-нің Бас хатшысы Қайрат Сарыбай қатысты. Негізгі спикерлер қатарында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев, Иранның энергетика министрі Аббас Алиабади, Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Джума Шофакир, Қырғызстанның Энергетика министрінің бірінші орынбасары Эмилбек Ысманов, Өзбекстанның Энергетика министрінің бірінші орынбасары Бахтиёр Маматкаримов, Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахмет Чонкар, Әзербайжанның Энергетика министрінің орынбасары Орхан Зейналов және сарапшылар болды.
✔️ Қазақстанның энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов кездесудің маңыздылығына тоқталып, бұл шараның екі аймақтық ұйым арасында тікелей диалог орнатуда тарихи қадам екенін атап өтті.
✔️ Кездесу барысында энергетика және экология саласындағы ынтымақтастық, климаттық саясат, «жасыл» энергетикаға көшу үшін технологиялар алмасу және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, 2026 жылы Астанада өтетін Аймақтық экологиялық саммитке дайындық жайы да сөз болды.
📌 Жиын соңында тараптар ШЫҰ мен АМЛ арасындағы өзара іс-қимылдың әлеуеті зор екендігін айтып, ынтымақтастықты тереңдетуге және жаңа бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендерін мәлімдеді.
«Біз алғаш рет әлемдік экономика мен энергетикалық ресурстардың көп бөлігін қамтитын екі беделді ұйым арасында тікелей диалогқа жол ашып отырмыз. Мұндай кездесуге бастамашысы болу — Қазақстан үшін ерекше мәртебе», — деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
QR Energetıka mınıstrligi
Photo
🔸Астана приняла первую встречу ШОС и Лиги арабских государств в рамках Kazenergy
✔️ АСТАНА. В столице Казахстана в рамках Kazakhstan Energy Week состоялась первая в истории встреча представителей Шанхайской организации сотрудничества (ШОС) и Лиги арабских государств (ЛАГ).
✔️ В работе форума приняли участие Заместитель Генерального секретаря ШОС Ахмад Саидмуродзода, Директор ЛАГ по окружающей среде Махмуд Фатхаллах, Генеральный секретарь СВМДА Кайрат Сарыбай. Ключевыми спикерами стали Министр экологии и природных ресурсов РК Ерлан Нысанбаев, Министр энергетики Ирана Аббас Алиабади, Министр энергетики и водных ресурсов Таджикистана Далер Джума Шофакир, Первый заместитель министра энергетики Кыргызстана Эмилбек Ысманов, Первый заместитель министра энергетики Узбекистана Бахтиёр Маматкаримов, Заместитель министра энергетики и природных ресурсов Турции Ахмет Чонкар, Заместитель министра энергетики Азербайджана Орхан Зейналов и эксперты.
✔️ С приветственным словом выступил Вице-министр энергетики Республики Казахстан Санжар Жаркешов. Он отметил, что проведение этой встречи в Астане является большой честью для Казахстана и значимым событием для всего региона:
✔️ Главной темой повестки дня стало развитие сотрудничества в сфере энергетики и экологии. Участники обсудили общие подходы к климатической политике, запуск обмена технологиями для «зеленого» перехода и обеспечение энергетической безопасности.
✔️ Особое внимание было уделено финансированию климатических проектов, созданию современной энергетической инфраструктуры и внедрению передовых технологий — от улавливания углерода до развития водородной энергетики. Важным пунктом обсуждений стала подготовка к Региональному экологическому саммиту, который пройдет в Астане в апреле 2026 года.
📌 По итогам встречи стороны подтвердили огромный потенциал взаимодействия между странами ШОС и ЛАГ, подчеркнув готовность к углублению сотрудничества и формированию новых инициатив.
«Мы впервые закладываем основу прямого диалога между двумя авторитетными региональными объединениями, которые вместе охватывают значительную часть мировой экономики и энергетических ресурсов. Для Казахстана быть инициатором такого формата — особая честь», — подчеркнул Жаркешов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3
🔹Қазақстан Digital Bridge 2025 форумында энергетикаға арналған жасанды интеллект шешімдерін таныстырды
✔️ Халықаралық Digital Bridge 2025 форумының аясында энергетика секторының цифрлық трансформациясына және жасанды интеллект технологияларын енгізуге арналған панельдік сессия өтті.
✔️ Сессия қатысушылары алдында сөз сөйлеген ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс цифрландыру мен ЖИ қолдану мұнай-газ кешеніндегі процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ азаматтар мен бизнес үшін қосымша сервистер құруға жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстан үш жыл ішінде заманауи технологиялар экономиканың барлық саласына енгізілген толыққанды цифрлық елге айналуы тиіс.
✔️ Осы тұрғыда Энергетика министрлігі бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруда: Цифрлық трансформация офисі құрылды, ТЭК-тің цифрлық трансформация картасы бекітілді, ақпараттық жүйелер мен деректер модельдерінің мақсатты архитектурасы әзірленді, бірыңғай салалық EnergyTech платформасы қалыптастырылуда.
✔️ EnergyTech саланы басқару экожүйесін құрайды, оған онлайн-деректер беруді және олардың қорғалуын қамтамасыз ететін SmartGrid және SmartField шешімдері кіреді. Платформа ТЭК басқаруында PDCA циклі бойынша бірыңғай тәсілді енгізуге мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде мұнайды, мұнай өнімдерін, жанар-жағармайды, сұйытылған газды бөлу, мұнай өнімдерінің айналымы және тарифтерді бекіту бойынша цифрлық сервистер іске асырылды.
✔️ Жасанды интеллект технологияларын енгізуге ерекше көңіл бөлінуде. 2024 жылдан бастап министрлік жанында Энергетикада ЖИ дамыту жөніндегі акселерациялық топ жұмыс істейді. Оның құрамына ЖИ комитеті, саланың жетекші компаниялары және халықаралық серіктестер қатысуда. Сессия барысында Siemens Energy, Honeywell, Huawei және PowerChina сияқты ғаламдық технологиялық компаниялар өз шешімдерін ұсынды.
✔️ Масштабтауға дайын табысты пилоттық жобалар қатарында: ақауларды 98%-ға дейін дәлдікпен анықтайтын ЛЭП-тің интеллектуалды дефектоскопия жүйесі, ЖИ мен роботтандырылған кешендерді пайдалана отырып жылу желілерін құбырішілік диагностикалау, газ есептегіштердің көрсеткіштерін автоматты тануға арналған «ЖИ-ассистент» мобильді қосымшасы бар.
📌 Бөлек атап өтілген жоба – Энергетика министрлігінің Ситуациялық-талдамалық орталығының іске қосылуы. Ол қазірдің өзінде ЖЖМ мен электр энергиясы саласында мониторинг және хабарландыру функцияларын орындайды, ал болашақта тәуекелдерді басқарудың және жедел шешімдер қабылдаудың негізгі құралына айналады.
«Энергетика кешенінде цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізу – бұл бүкіл саланы жүйелі түрде жаңғырту. Жасанды интеллект технологиялары қазірдің өзінде нақты нәтиже беруде, ал олардың ауқымдануы Қазақстанға энергетикада ЖИ қолдану бойынша көшбасшылық позицияларды иеленуге және цифрлық мемлекет құрудың берік негізін қалауға мүмкіндік береді», – деді Бақытжан Ілияс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Қазақстан Digital Bridge 2025 форумында энергетикаға арналған жасанды интеллект шешімдерін таныстырды ✔️ Халықаралық Digital Bridge 2025 форумының аясында энергетика секторының цифрлық трансформациясына және жасанды интеллект технологияларын енгізуге арналған…
🔸Казахстан представил ИИ-решения для энергетического сектора на форуме Digital Bridge 2025
✔️ В рамках международного форума Digital Bridge 2025 прошла панельная сессия, посвящённая цифровой трансформации энергетического сектора и внедрению технологий искусственного интеллекта.
✔️ Выступая перед участниками сессии, Вице-министр энергетики РК Бакытжан Ильяс отметил, что цифровизация и применение ИИ открывают новые возможности для повышения прозрачности и эффективности процессов в ТЭК, обеспечения надёжности инфраструктуры и создания дополнительных сервисов для граждан и бизнеса. По поручению Главы государства, Казахстан должен в течение трёх лет стать полноценной цифровой страной, где современные технологии будут интегрированы во все сферы экономики.
✔️ В этом контексте Министерство энергетики реализует ряд ключевых инициатив: создан Офис цифровой трансформации, утверждена Карта цифровой трансформации ТЭК, разработана целевая архитектура информационных систем и моделей данных, формируется единая отраслeвая платформа EnergyTech.
✔️ EnergyTech формирует экосистемой управления отраслью, включающей решения SmartGrid и SmartField, обеспечивающие онлайн-передачу данных и их защиту. Платформа позволит внедрить единый подход в управлении ТЭК по циклу PDCA. Уже сейчас релизованы цифровые сервисы по распределению нефти, ГСМ, сжиженного газа, обороту нефтепродуктов и утверждению тарифов.
✔️ Особое внимание уделено внедрению технологий искусственного интеллекта. С 2024 года в министерстве работает акселерационная группа по развитию ИИ в энергетике с участием Комитета ИИ МЦРИАП, ведущих компаний отрасли и международных партнёров. В рамках сессии свои решения представили глобальные технологические компании Siemens Energy, Honeywell, Huawei и PowerChina.
✔️ Среди успешных пилотных проектов, готовых к масштабированию: интеллектуальная система дефектоскопии ЛЭП с точностью выявления дефектов до 98%, внутритрубная диагностика тепловых сетей с использованием ИИ и роботизированных комплексов, мобильное приложение «ИИ-ассистент» для автоматического распознавания показаний газовых счётчиков.
📌 Отдельно отмечен запуск Ситуационно-аналитического центра Министерства энергетики, который уже сегодня выполняет функции мониторинга и оповещения в сфере ГСМ и электроэнергии, а в будущем станет ключевым инструментом управления рисками и оперативного принятия решений.
«Цифровая трансформация и внедрение ИИ в топливно-энергетическом комплексе — это системное изменение всей отрасли. Технологии искусственного интеллекта уже сегодня дают реальный эффект, а их масштабирование позволит Казахстану занять лидирующие позиции в применении ИИ в энергетике и послужит прочной основой для построения цифрового государства», - отметил Бакытжан Ильяс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🔹Қазақстан KAZENERGY-2025 алаңында теңгерімді энергия өткелі стратегиясын таныстырды
✔️ АСТАНА, 3 қазан – 2025 жылғы 3 қазанда Kazakhstan Energy Week аясында «Ғаламдық энергия өткелі және көмірсутектер: тепе-теңдікті іздеу» атты стратегиялық сессия өтті. Пікірталасқа энергетика саласының жетекші халықаралық сарапшылары мен өкілдері, ҚР Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов, KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшұлақов, WPC Energy (Әлемдік мұнай кеңесі) президенті Педро Мирас, MASDAR бас директоры Мохамед әл-Рамахи, ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі (министрі) Арзыбек Кожошев және Eni SpA барлау және өндіру жөніндегі директоры Лука Виньяти қатысты. Модератор қызметін ҚБТУ профессоры, БҰҰ ЕЭК Тұрақты энергетика жөніндегі комитетінің төраға орынбасары Шоқан Лаумулин атқарды.
✔️ Өз сөзінде Санжар Жаркешов 2050 жылға қарай әлемдік энергия тұтыну 2020 жылмен салыстырғанда шамамен 46%-ға артатынын атап өтті. Бұл барлық энергия көздерін — мұнайды, газды, көмірді, атомды, күн мен жел генерациясын сақтау және дамыту қажеттігін білдіреді.
«Басты міндет — көздерді алып тастау емес, олардың әрқайсысын таза әрі тиімді ету. Көптеген елдерде энергетикалық саясат қайтадан реализміне оралды: декарбонизация үшін шектен тыс жарыстан кейін мемлекеттер тепе-теңдік пен прагматикалық тәсілге басымдық бере бастады. Дамушы елдер үшін ұлттық ерекшеліктерді және энергия өткелінің өзіндік қарқынын ескеру өте маңызды», – деді вице-министр.
✔️ Сондай-ақ ол цифрландыру мен жасанды интеллекттің энергожүйелерді оңтайландыруда, желілердің сенімділігін арттыруда және шығарындыларды азайтудағы рөлін ерекше атап өтті.
«Энергия тиімділігін арттыру қарқынын екі еселеу арқылы 2040 жылға қарай жаһандық СО₂ шығарындыларын екі есе қысқартуға болады», – деді ол.
📌 Қазақстан энергия өткелінде эволюциялық жолды таңдауда. Көмірсутектер экономикада маңызды рөлін сақтайды, бірақ оларды көміртекті ұстау секілді таза технологияларды енгізу арқылы пайдалану көзделуде. Елде жаңартылатын энергетика белсенді дамып келеді: бүгінде жалпы қуаты 3,2 ГВт-тан асатын 158 ВИЭ нысаны жұмыс істейді, ал 2024 жылы олардың электр энергиясын өндірудегі үлесі 6,4%-ды құрады. 2030 жылға қарай Қазақстан бұл көрсеткішті 15%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.
«Басты міндет — көздерді алып тастау емес, олардың әрқайсысын таза әрі тиімді ету. Көптеген елдерде энергетикалық саясат қайтадан реализміне оралды: декарбонизация үшін шектен тыс жарыстан кейін мемлекеттер тепе-теңдік пен прагматикалық тәсілге басымдық бере бастады. Дамушы елдер үшін ұлттық ерекшеліктерді және энергия өткелінің өзіндік қарқынын ескеру өте маңызды», – деді вице-министр.
«Энергия тиімділігін арттыру қарқынын екі еселеу арқылы 2040 жылға қарай жаһандық СО₂ шығарындыларын екі есе қысқартуға болады», – деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM