Президент Ресей хоккей федерациясының президенті Владислав Третьякты қабылдады

▪️Кездесуде ТМД елдерінде хоккейді дамыту мәселелері талқыланды.

▪️Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары Қазақстанда хоккей спортының ауқымы айтарлықтай кеңейгенін атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, елордалық «Барыс» клубы бастаған отандық командалардың ҚХЛ чемпионатына және басқа да турнирлерге қатысуы, сондай-ақ ұлттық құраманың әлемдік біріншіліктерде табысты өнер көрсетуі аталған спорт түрін кеңінен дәріптеуге оң ықпал етеді. Атап айтқанда, Қазақстанда хоккей мектептері мен жастар командалары көбейіп, түрлі деңгейдегі жарыстар белсенді ұйымдастырыла бастады.

▪️Владислав Третьяк қонақжайлық танытқаны және Астанада өтіп жатқан «Qazaqstan Hockey Open 2024» халықаралық турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстан хоккейінің өкілдері едәуір табысқа жеткеніне назар аударып, мұндай жетістік спорттың командалық түрлеріне мемлекет тарапынан лайықты деңгейде мән берілуінің нәтижесі екенін айтты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️БҚО-да тасқыннан жапа шеккен 7 мыңнан астам адамның несиесі кейінге шегерілмек

БҚО әкімінің орынбасары Тілепберген Каюповтың айтуынша, соның ішінде 4 мыңға жуығы — саяжай тұрғындары.

Су тасқыны салдарының әсеріне байланысты туындаған төлемді кешіктіргені үшін айыппұл мен өсімпұл есептелмейді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💰 Кәсіпкер әйелдерді қолдауға 16,9 млн доллар бөлінді

«Шағын және орта бизнеспен айналысатын қазақстандық әйелдердің білімін жетілдірі үшін Үкіметтен 2015-2025 жылға 16,9 млн доллар бөлінді. Бұл жұмыс істеп тұрған кіші бизнестегі қыз- келіншектерге арналған оқу бағдарламасы. Өйткені, кейбір кәсіпкер әйелдер белгілі бір ресурстардың шектелуіне байланысты, проблемаларға тап болып жатады», 
— деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстандағы шағын және орта бизнесті дамыту жобасының маманы Махаббат Кабираева.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧑‍⚖️ Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Астана қаласының мамандандырылған тергеу соты 30 сәуірде бұрынғы министр Ерлан Тұрғымбаевқа қатысты екі ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, 7-еуі жансақтау бөлімінде

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың 9 бен 16 жас аралығында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 7 бала облыстық ауруханада жатыр, үшеуінің жағдайы ауыр.

Созақ аудандық ауруханасында 3 бала болса, орталық ауруханада 8 бала жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды.

Оқиға орнында 11 балаға медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📖 Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрланған көшірмесіне қол жеткізді

Украинаның Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатында (Киев қаласы) Каменец-Подольск армян Войтовский сотының армян-қыпшақ тілінде жазылған есепке алу кітаптарының цифрлық көшірмелерін Қазақстан Елшілігі өкілдеріне тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға Елшіліктің кеңесшілері А.Әлібеков, Е.Катренов, Д.Сатыбалдин, Украина Орталық мемлекеттік тарихи мұрағатының директоры Ю.Файзулин, мұрағат қызметкерлері, сондай-ақ қазақстандық бизнес өкілдері қатысты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қазақстанда алғаш рет «Ат спортындағы ветеринария» мамандығы ашылады

«
Ат спортын әлемдік деңгейге шығару бағытында кәсіби мамандарды, соның ішінде жылқы баптау жөніндегі ветеринарларды дайындаудың жетіспеуі – күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Осыған орай, 2024-2025 оқу жылынан бастап, біздің университетте «Ат спортындағы ветеринария» мамандарын дайындау елімізде бірінші рет жүзеге асырылмақ», – деді ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Адамдардың қаны ғана емес, жақсы істері де туыстырады»

💬 Тоқсары

🔷Су тасқыны зардабы: Бес өңірде 398 үйдің құрылысы басталды
🔗Сілтеме

🔷Ресей мұнайын Қытайға Қазақстан арқылы тасымалдауға қатысты өзгерістер енгізілді
🔗Сілтеме

🔷БҚО-да тасқыннан жапа шеккен 7 мыңнан астам адамның несиесі кейінге шегерілмек
🔗Сілтеме

🔷Бишімбаевтың інісі Байжановқа тағылған айып өзгерді
🔗Сілтеме

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥇Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Топтық жаттығудан Қазақстан командасы көпсайыста Азия біріншілігінің қола жүлдегері атанды.

Отандық гимнасшыларымыз бес шығыршықпен, сондай-ақ, екі доп, үш таспамен жаттығудан жалпы есепте үшінші орынға табан тіреді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Qazaqparat
⚡️Қырғызстанда балмұздақ тиеген жүк көлігі 29 баланы қағып кетті, 7-еуі жансақтау бөлімінде Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балалардың 9 бен 16 жас аралығында екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта 7 бала облыстық ауруханада жатыр, үшеуінің…
💬 Қырғызстанда 29 баланы қаққан көлік жүргізуші ұсталды

Бұл іс Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Қамшыбек Ташиевтің де бақылауында. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша,  зардап шеккендер саны 25-тен 32 балаға дейін өсті.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎼 Алматыда Ескендір Хасанғалиевтің жеке музей бұрышы ашылды

Онда отбасы табыс еткен композитордың өмірі мен шығармашылығына байланысты 100-ден астам құжат пен экспонат қойылды. Іс-шараға Алматы қаласының мәдениет басқармасы, белгілі зиялы қауым өкілдері, Ескендір Хасанғалиевтің отбасы, туған-туыс, жақын достары мен жас өнерпаздар қатысты.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Су тасқыны: 5 961 адам әлі күнге дейін эвакуациялау пункттерінде отыр

Бүгінде 8 189 тұрғын үй мен 2 977 аула аумағынан су сорылып, сыртқа шығарылған. 7,7 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселген.

Су тасқынына қарсы шаралар жалғасып жатыр.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥈🥈🥈🥉Қазақстандық спортшылар Түркияда жүзуден өтіп жатқан жарыстың бірінші күнінде 4 медаль жеңіп алды

Әйелдер арасында 50 метрге брасс әдісімен жүзуден Аделаида Пчелинцева екінші орынға тұрақтаса, 100 метрлік еркін әдістен Даниела Дю күміс жүлдені қанжығасына байлады.

Ал ерлер арасында 100 метрмен еркін әдіс бойынша жүзуден Әділбек Мусин жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінсе, әйелдер арасында 50 метрге шалқалап жүзуден Ксения Игнатова қола медальға қол жеткізді.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Су тасқынынан зардап шеккендер коммуналдық төлемдерді кейін төлейді

Кейінге қалдыру наурыз және сәуір айларындағы коммуналдық төлемдерді қамтиды. Төлемді тұтынушылар өсімпұлсыз кейінірек жүзеге асыра алады.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥩Киік етінен 5 тоннадан астам консерв алынды

«Киік етінің консервісі Қостанай облысында (Қостанай және Арқалық қалаларында), Астанда сатылды», - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауабында.

Сондай-ақ, жауапта киік етін консервілеумен жалғыз кәсіпорын ғана («Торғай ет» ЖШС) айналысқаны айтылған. Бұл кәсіпорын киік етін консервілеуді 2023 жылдың желтоқсан айында тоқтатқан.

ℹ️ @qazaqparat_kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024/05/03 08:31:15
Back to Top
HTML Embed Code: