Telegram Web Link
🇰🇿Президент принял участие в церемонии поднятия Государственного флага

✔️На площади перед резиденцией Акорда с участием Главы государства Касым-Жомарта Токаева состоялась торжественная церемония поднятия Государственного флага, приуроченная ко Дню Республики и 35-летию Декларации о государственном суверенитете Казахстана.

✔️Начальник роты Почетного караула отдал Президенту рапорт. Затем был поднят Государственный флаг и прозвучал Государственный гимн.

✔️Церемония поднятия Государственного флага пройдет во всех регионах страны.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Республика күні құтты болсын!

🎦
www.tg-me.com/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады

Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының негізгі нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ұлттық қауіпсіздік органдары экстремизм мен терроризмге қатысы бар 67 адамды ұстаған. Радикалдық ағымды ұстанатын 83 адам сотталды.

Ішкі істер министрлігімен бірлесе қабылданған шаралар нәтижесінде 17 қылмыстық топ құрықталып, олардың 244 мүшесі ұсталды. 96 адам қамауға алынды.

Заңсыз айналымнан 453 қару, 64 граната, алты мыңға жуық оқ-дәрі тәркіленді. 16 есірткі зертханасы, 25 халықаралық және 19 өңірлік есірткі тасымалдау арнасы жойылды. Жиырма тоннаға жуық есірткі заттары, соның ішінде 13 тонна колумбиялық кокаин мен 10 тонна прекурсор айналымнан алынды.

Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жемқорлыққа қарсы күрес аясында мемлекетке 3,8 триллион теңге көлемінде залал келтірілмеді. Бюджетке 255 миллиард теңге өтелді. Коррупция фактісі бойынша 91 қылмыстық іс қозғалды.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметіне қатысты бірқатар тапсырма берді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Глава государства принял Председателя Комитета национальной безопасности Ермека Сагимбаева

Президент заслушал отчет об основных итогах работы ведомства с начала года и задачах на предстоящий период.

Ермек Сагимбаев сообщил, что органами национальной безопасности задержано 67 человек, причастных к экстремизму и терроризму. Осуждено 83 приверженца радикальной идеологии.

Принятыми во взаимодействии с МВД мерами пресечена деятельность 17 криминальных групп, задержаны 244 участника, под арест взяты 96 лиц.

Из незаконного оборота изъяты 453 единицы оружия, 64 гранаты, около шести тысяч боеприпасов. Ликвидированы 16 нарколабораторий, 25 международных и 19 региональных наркоканалов. Изъято порядка 20 тонн наркотических средств, включая 13 тонн колумбийского кокаина и 10 тонн прекурсоров.

В рамках обеспечения экономической безопасности и противодействия коррупции предотвращен ущерб государству на сумму 3,8 трлн тенге, возмещено в бюджет 255 млрд тенге. По фактам коррупции возбуждено 91 уголовное дело.

По итогам встречи Президент дал ряд поручений по направлениям деятельности органов национальной безопасности.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Далматов Канатай Жорабекович освобожден от должности заместителя Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Ирменов Марат Гатауллович назначен заместителем Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
📩 Қазақстан Президентінің атына Республика күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр.

🇷🇺Ресей Президенті Владимир Путин жеделхатта Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму жолында нық қадам басып, халықаралық аренадағы беделін дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өткен.

– Ресей-Қазақстан байланыстарының деңгейі өте жоғары. Елдеріміз түрлі бағытта табысты ынтымақтастық орнатқан. ТМД, Еуразиялық экономикалық одақ, ҰҚШҰ, ШЫҰ және басқа да көпжақты құрылымдар аясында тиімді қарым-қатынас жасайды, – деп жазды Владимир Путин.


🇨🇳Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстан қоғамында татулық пен тұрақтылық салтанат құрып, экономика қарқынды дамып келе жатқанына, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейі жоғарылап, елдің аймақтағы және халықаралық аренадағы позициясы нығая түскеніне тоқталған.

– Қытай тарапы Қазақстанмен саяси ықпалдастықты одан әрі кеңейтуге, өзара қолдау көрсетіп, даму стратегиясын ұштастыруға және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы жоғары деңгейлі ынтымақтастықты ілгерілетуге күш-жігер жұмылдыруға дайын, – деп жазған ҚХР Төрағасы.


🇺🇸Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен БҰҰ Бас Ассамблеясының таяудағы сессиясында болған әңгімелесуді ықыласпен атап өткен.

– Америка Құрама Штаттары Қазақстанмен арадағы тығыз экономикалық байланысты және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жоғары бағалайды. Алдағы жылдары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті, – делінген жеделхатта.


🇫🇷Франция Президенті Эмманюэль Макрон құттықтау хатында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға былтыр жасаған мемлекеттік сапары стратегиялық серіктестіктің жандануына ықпал етіп, екіжақты қарым-қатынасты әртараптандырудың перспективті бағыттарын айқындап бергеніне назар аударған.

– Франция қауіпсіздік және аймақтық тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша Қазақстанмен сенімді диалогқа баса мән береді. Екі елді бейбітшілікті сақтау және халықаралық құқықты құрметтеу ұстанымы біріктіреді. Біз БҰҰ Жарғысын қатаң сақтауға үндеп, тиімді көпжақты ынтымақтастыққа ықпал етеміз деп үміттенемін, – деді Франция Президенті.


🇬🇧Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі III Чарльз Президент пен Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Сондай-ақ қос халықтың игілігі жолында нәтижелі ынтымақтастықты дамытудың маңызын атап өтті.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📩 Телеграммы поздравления в адрес Президента Казахстана по случаю Дня Республики

На имя Касым-Жомарта Токаева поступают поздравления от глав иностранных государств и руководителей международных организаций по случаю национального праздника – Дня Республики.

🇷🇺Президент России Владимир Путин в своей телеграмме отмечает, что Казахстан уверенно движется по пути социально-экономического развития, последовательно укрепляя свои позиции на международной арене.

– Российско-казахстанские связи находятся на весьма высоком уровне. Наши государства успешно сотрудничают на различных направлениях, эффективно взаимодействуют в рамках СНГ, ЕврАзЭС, ОДКБ, ШОС и других многосторонних структур, – подчеркнул Владимир Путин.


🇨🇳Председатель Китайской Народной Республики Си Цзиньпин пишет, что в Казахстане царят общественная гармония и стабильность, динамично развивается экономика, последовательно повышается уровень жизни населения, укрепляются позиции страны как в регионе, так и на международной арене.

– Китайская сторона готова прилагать совместные усилия с Казахстаном для дальнейшего укрепления политического взаимодействия, взаимной поддержки, сопряжения стратегий развития и продвижения высококачественного сотрудничества в рамках инициативы «Один пояс – один путь», – отметил Глава КНР.


🇺🇸Президент Соединенных Штатов Америки Дональд Трамп с теплотой вспомнил недавнюю беседу с Главой нашего государства во время сессии Генеральной Ассамблеи ООН в Нью-Йорке.

– Соединенные Штаты Америки высоко ценят тесные экономические связи и сотрудничество в сфере безопасности с Казахстаном и рассчитывают на дальнейшее укрепление расширенного стратегического партнерства в предстоящем году, – говорится в телеграмме.


🇫🇷Президент Франции Эмманюэль Макрон в поздравительном послании напомнил, что прошлогодний государственный визит Президента Казахстана во Францию способствовал укреплению стратегического партнерства и обозначил перспективные направления для дальнейшей диверсификации двусторонних отношений.

– Франция придает большое значение доверительному диалогу с Казахстаном по ключевым вопросам безопасности и региональной стабильности. Нас объединяет приверженность миру и уважению международного права, и я надеюсь, что мы продолжим совместно отстаивать Устав ООН и способствовать эффективному многостороннему сотрудничеству, – говорится в телеграмме.


🇬🇧Король Соединенного Королевства Великобритании и Северной Ирландии Чарльз III поздравил Президента и народ Казахстана с Днем Республики.

В своей телеграмме монарх выразил уверенность в дальнейшем укреплении дружественных отношений и отметил важность продолжения плодотворного сотрудничества на благо двух народов.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇿Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев құттықтауында Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстанда соңғы жылдары экономиканы қарқынды дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін ауқымды жұмыс атқарылғанына тоқталып, елдің халықаралық аренадағы ықпалы мен беделі ұдайы артып келе жатқанына назар аударған.

🇰🇬Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан экономикалық және әлеуметтік өркендеуде зор табысқа қол жеткізгенін жазған. Сондай-ақ Қырғыз елінің басшысы одақтастық қатынастар мен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растайды.

🇹🇯Президент Эмомали Рахмон Қазақстанмен одақтастық байланыстар Тәжікстанның сыртқы саясатында маңызды бағыт болып қала беретінін жеткізген.

🇹🇲Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов достас екі елдің тату көршілік қарым-қатынасы конструктивті әрі стратегиялық сипатқа ие екенін айтқан. Сонымен қатар Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов те өзінің жылы лебізін білдірді.

🇹🇷Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған бауырлас Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бері даму мен өрлеу жолында жеткен табысымен мақтанатынын жеткізген.

– Жалпы адами құндылықтарға арқа сүйеген қарым-қатынасымыздың ерекше сипатына көңіліміз толады. Өзара ықпалдастығымыз екіжақты деңгейде де, көпжақты құрылымдарда, соның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымының аясында да қалыпты дамып келеді, – деді ол.


🇦🇿Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның барлық саладағы елеулі жетістіктері, экономикалық өсімі, халықаралық беделі мен азаматтарының әл-ауқатының артуы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан ауқымды реформалардың нәтижесі деп санайды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇺🇿Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев в своем поздравлении отметил, что под руководством Президента Касым-Жомарта Токаева в последние годы была проделана огромная работа по стремительному росту экономики и последовательному улучшению уровня жизни населения, а также неуклонно растут влияние и авторитет Казахстана на международной арене.

🇰🇬Президент Кыргызстана Садыр Жапаров отметил, что под руководством Главы нашего государства Казахстан достиг больших успехов в экономическом и социальном развитии. Он подтвердил стремление Кыргызстана к дальнейшему укреплению двусторонних союзнических отношений и стратегического партнерства.

🇹🇯Президент Таджикистана Эмомали Рахмон подчеркнул, что союзнические отношения с Казахстаном всегда были и остаются важным приоритетом внешней политики Таджикистана.

🇹🇲Президент Туркменистана Сердар Бердымухамедов пишет, что дружественные и добрососедские отношения двух стран носят конструктивный и стратегический характер. Также свои теплые пожелания выразил Председатель Халк Маслахаты Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов.

🇹🇷Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган выразил гордость за прогресс и достижения братского Казахстана на пути развития и процветания с момента обретения независимости.

– Мы удовлетворены тем, как наши исключительные отношения, основанные на общечеловеческих ценностях, продолжают развиваться как на двустороннем уровне, так и в рамках многосторонних структур, включая Организацию тюркских государств, — отметил он.


🇦🇿Президент Азербайджана Ильхам Алиев выразил уверенность, что значительные успехи Казахстана во всех сферах, экономический рост, повышение благосостояния граждан и укрепление международного авторитета страны стали возможны благодаря масштабным реформам, осуществляемым под руководством Президента Касым-Жомарта Токаева.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Сонымен қатар құттықтау жеделхаттарын:

Бахрейн Королі Хамад бен Иса Әл Халифа, Бельгия Королі Филипп, Испания Королі VI Фелипе, БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян, БАӘ Вице-президенті, Премьер-министрі, Дубай Әміршісі шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум, БАӘ Вице-Президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Президент Әкімшілігінің басшысы шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян, Марокко Королі VI Мұхаммед, Оман Сұлтаны Хайсам бен Тариқ, Қос киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Сауд Арабиясының Тақ мұрагері, Премьер-министрі Мұхаммед бен Салман бен Әбделазиз Әл Сауд, Канада генерал-губернаторы Мэри Саймон, Таиланд Королі Маха Вачиралонгкорн, Таиланд Премьер-министрі Анутхин Чанвиракун, Швеция Королі Карл Густав, Жапония Императоры Нарухито, Рим Папасы XIV Лео, Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайер, Үндістан Президенті Драупади Мурму, Шри-Ланка Президенті Анура Кумара Диссанаяка, Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Италия Президенті Серджо Маттарелла, Молдова Президенті Майя Санду, Мажарстан Президенті Тамаш Шуйок, Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбан, Армения Премьер-министрі Никол Пашинян, Армения Президенті Ваагн Хачатурян, Сербия Президенті Александр Вучич, Украина Президенті Владимир Зеленский, Швейцария Президенті Карин Келлер-Зуттер, Чехия Президенті Петр Павел, Словакия Президенті Петер Пеллегрини, Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар, Ирландия Президенті Майкл Хиггинс, Иран Президенті Масуд Пезешкиан, Мысыр Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сиси, Палестина Президенті Махмұд Аббас, Сингапур Президенті Тарман Шанмугаратнам, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагим, Аустрия Президенті Александр Ван дер Беллен, Финляндия Президенті Александр Стубб, Хорватия Президенті Зоран Миланович, Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленкович, Болгария Президенті Румен Радев, Литва Президенті Гитанас Науседа, Грузия Президенті Михаил Кавелашвили, Латвия Президенті Эдгарс Ринкевичс, Вьетнам Президенті Лыонг Кыонг, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам, Эфиопия Президенті Тайе Ацке-Селассие, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Эстония Президенті Алар Карис, Румыния Президенті Никушор Дан, Куба Президенті Мигель Диас-Канель Бермудес, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш, Егеменді әскери Мальта Орденінің Ұлы Магистрі Джон Данлап және тағы да басқалары жолдады.

Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп түсіп жатыр.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Свои поздравления также направили:

Король Бахрейна Хамад бен Иса Аль Халифа, Король Бельгии Филипп, Король Испании Фелипе VI, Президент ОАЭ шейх Мухаммед бен Заид Аль Нахаян, Вице-президент, Премьер-министр ОАЭ, Правитель Дубая шейх Мухаммед бен Рашид Аль Мактум, Вице-президент, заместитель Премьер-министра ОАЭ, руководитель Администрации Президента шейх Мансур бен Заид Аль Нахаян, Король Марокко Мухаммед VI, Султан Омана Хайсам бен Тарик, Хранитель двух святынь – Король Саудовской Аравии Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Наследный принц, Премьер-министр Саудовской Аравии Мухаммед бен Салман бен Абдельазиз Аль Сауд, Генерал-губернатор Канады Мэри Саймон, Король Таиланда Маха Вачиралонгкорн, Премьер-министр Таиланда Анутхин Чанвиракун, Король Швеции Карл Густав, Император Японии Нарухито, Папа Римский Лев XIV, Президент Федеративной Республики Германия Франк-Вальтер Штайнмайер, Президент Индии Драупади Мурму, Президент Шри-Ланки Анура Кумара Диссанаяка, Президент Республики Корея Ли Чжэ Мён, Президент Беларуси Александр Лукашенко, Президент Италии Серджо Маттарелла, Президент Молдовы Майя Санду, Президент Венгрии Тамаш Шуйок, Премьер-министр Венгрии Виктор Орбан, Премьер-министр Армении Никол Пашинян, Президент Армении Ваагн Хачатурян, Президент Сербии Александр Вучич, Президент Украины Владимир Зеленский, Президент Швейцарии Карин Келлер-Зуттер, Президент Чехии Петр Павел, Президент Словакии Петер Пеллегрини, Президент Словении Наташа Пирц-Мусар, Президент Ирландии Майкл Хиггинс, Президент Ирана Масуд Пезешкиан, Президент Египта Абдель Фаттах Ас-Сиси, Президент Палестины Махмуд Аббас, Президент Сингапура Тарман Шанмугаратнам, Премьер-министр Малайзии Анвар Ибрагим, Президент Австрии Александр Ван дер Беллен, Президент Финляндии Александр Стубб, Президент Хорватии Зоран Миланович, Премьер-министр Хорватии Андрей Пленкович, Президент Болгарии Румен Радев, Президент Литвы Гитанас Науседа, Президент Грузии Михаил Кавелашвили, Президент Латвии Эдгарс Ринкевичс, Президент Вьетнама Лыонг Кыонг, Генеральный секретарь Центрального комитета Коммунистической партии Вьетнама То Лам, Президент Эфиопии Тайе Ацке-Селассие, Премьер-министр Пакистана Шахбаз Шариф, Президент Эстонии Алар Карис, Президент Румынии Никушор Дан, Президент Кубы Мигель Диас-Канель Бермудес, Генеральный секретарь ООН Антониу Гутерриш, Великий магистр Суверенного Военного Мальтийского Ордена Джон Данлап и другие.

Поздравительные телеграммы продолжают поступать.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✉️Мемлекет басшысы Таиланд Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Патшайым-Ана Сирикиттің қайтыс болуына байланысты Король Маха Вачиралонгкорн мен барша Таиланд халқына көңіл айтты.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил телеграмму соболезнования Королю Таиланда

Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования Королю Махе Вачиралонгкорну и всему народу Таиланда в связи с кончиной Королевы-матери Сирикит.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Мемлекет басшысы Аустрия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇦🇹Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді Аустрия Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент Астана мен Вена арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар екіжақты серіктестікті нығайту жолында күш-жігер жұмылдыру арқылы ықпалдастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдірді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Глава государства направил поздравительную телеграмму Президенту Австрии

🇰🇿🇦🇹Касым-Жомарт Токаев поздравил Александра Ван дер Беллена с Национальным днем Австрийской Республики.

Президент Казахстана отметил расширение политического диалога, торгово-экономического и культурно-гуманитарного сотрудничества между Астаной и Веной.

Он также выразил уверенность в том, что благодаря совместным усилиям двустороннее взаимодействие выйдет на качественно новый уровень.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қараша күні Вашингтонда өтетін Орталық Азия АҚШ форматындағы саммитке қатысуға шақырғаны үшін Президент Дональд Трампқа шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады

🇰🇿🇺🇸Мемлекет басшысы аталған бастама дер кезінде көтеріліп отыр деп санайды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың ішкі және сыртқы саясаттағы негізгі мақсаттарын, атап айтқанда, ақыл-парасатқа негізделген дәстүрлі құндылықтарға беріктігін, сондай-ақ бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорғауға ұмтылысын қолдайды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев направил письмо Президенту США Дональду Трампу с выражением искренней признательности за приглашение принять участие в саммите в формате Центральная Азия – США в Вашингтоне 6 ноября

🇰🇿🇺🇸Глава государства считает данную инициативу американского лидера своевременной.

Касым-Жомарт Токаев отметил, что разделяет основные цели внутренней и внешней политики Президента Дональда Трампа, в частности, отстаивание традиционных ценностей на основе принципов здравого смысла, а также стремление американского лидера защитить мир и безопасность.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇪Қасым-Жомарт Тоқаев Кэтрин Конноллиді Ирландия Президенті болып сайлануымен құттықтады

– Сіздің басшылығыңызбен Ирландия дамудың даңғыл жолын жалғастыратынына сенімдімін. Астана мен Дублин арасында шынайы достық пен өзара қолдауға арқа сүйеген ұзақмерзімді серіктестік орнаған. Өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, қос халықтың игілігіне қызмет ететін жаңа мүмкіндіктерге жол ашу үшін Өзіңізбен бірлесіп күш-жігер жұмсауға дайынмын, – деп жазылған жеделхатта.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇮🇪Глава государства поздравил Кэтрин Коннолли с избранием на пост Президента Ирландии

– Уверен, что под Вашим руководством Ирландия продолжит свое динамичное развитие. Астану и Дублин связывают долгосрочные партнерские отношения, основанные на узах крепкой дружбы и взаимной поддержки. Выражаю готовность к тесному сотрудничеству с Вами в целях дальнейшего укрепления связей и расширения потенциала взаимодействия во благо народов двух стран, – говорится в телеграмме.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/10/27 02:44:17
Back to Top
HTML Embed Code: