Telegram Web Link
Касым-Жомарт Токаев осмотрел бульвар Greenline в районе «Нура»

✔️Первый этап работ, охвативший территорию 3,8 гектара, завершен. Проект включает пешеходные и велосипедные дорожки, архитектурные элементы и искусственные пруды.

✔️Главе государства сообщили о ходе благоустройства столицы.

✔️Аким Астаны Женис Касымбек доложил, что в настоящее время в городе реализуется комплексная программа по благоустройству 170 общественных пространств и дворов.

✔️Работы ведутся в Ботаническом саду, Триатлон парке, парках имени Ататюрка, Мира и согласия, Президентском парке и на главных улицах.

✔️Кроме того, разработана концепция благоустройства аллеи «Мыңжылдық»». Завершается реконструкция набережной реки Есиль.

📌Глава государства поручил продолжить работу по совершенствованию инфраструктуры города, созданию современной, комфортной и экологичной среды для жителей столицы.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Президент қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт құрылысын жеделдетуді тапсырды

*****

⚡️Президент поручил ускорить строительство завода по переработке твердых бытовых отходов


🎦 www.tg-me.com/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

«Астанада оң өзгерістер бар. Алдымызда әлі жұмыс көп»


*****

⚡️Глава государства:


« В Астане есть положительные изменения. Но предстоит большая работа»


🎦 www.tg-me.com/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Вандализмді қабылдауға болмайды, бұзақыларды заң бойынша жауапкершілікке тарту керек»


*****

⚡️Касым-Жомарт Токаев:


«Вандализм недопустим, нарушители должны отвечать по закону»

🎦 www.tg-me.com/aqorda_resmi
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы:

«Қаланы көгалдандыру – ортақ міндет. Бұл жұмыстарды орталық көшелерде, көзге түсетін орындарда ғана жүргізумен шектелуге болмайды»

*****

⚡️Глава государства:

«Общая задача – надо сделать город зеленым, и не только на улицах, которые расположены в центре или самых ближних местах»

🎦 www.tg-me.com/aqorda_resmi
✉️Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

🇰🇿🇪🇸Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипе мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мерекесі – Испан халқы күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Испания арасындағы достық пен түсіністікке негізделген қарым-қатынастың түрлі салада нығайып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында екіжақты ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король VI Фелипенің бастамаларына сәттілік, ал достас испан халқына бақ-береке тіледі.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️Президент направил телеграмму поздравления Королю Испании

🇰🇿🇪🇸Касым-Жомарт Токаев поздравил Короля Фелипе VI и его соотечественников с национальным праздником этой страны – Днем испанской нации.

В своем поздравлении Глава государства отметил последовательное укрепление двусторонних отношений, основанных на узах дружбы и взаимопонимания, в различных сферах. Президент выразил уверенность в том, что благодаря совместным усилиям сотрудничество между Казахстаном и Испанией будет неизменно развиваться во благо народов двух стран.

Касым-Жомарт Токаев пожелал Королю Фелипе VI успехов в его благородных начинаниях, а дружественному испанскому народу – счастья и процветания.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.

✍️ Распоряжением Главы государства Рахметуллин Акан Акасович освобожден от должности первого заместителя Министра иностранных дел Республики Казахстан.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Ержан Нигматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

✍️ Распоряжением Главы государства Ашикбаев Ержан Нигматуллаулы назначен первым заместителем Министра иностранных дел Республики Казахстан.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Данияр Қабидоллаұлы Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

✍️ Указом Главы государства Сарекенов Данияр Кабидоллаевич освобожден от должности Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Словения.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
✍️ Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

✍️Указами Главы государства:


Абибуллаев Алтай Ибрагимович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Словения;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Республике Хорватия Батрашев Даулет Касекенович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Боснии и Герцеговине, Черногории по совместительству;

Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Алжирской Народной Демократической Республике Ахметов Ануарбек Серикович назначен Чрезвычайным и Полномочным Послом Республики Казахстан в Республике Тунис по совместительству.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
🇰🇿🇨🇭Мемлекет басшысы «Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының мүшелерімен кездесті

🟦Кездесу барысында Президент Қазақстан Еуропадағы уақыт тезінен өткен сенімді серіктесі саналатын Швейцариямен ұзақ жылдардан бері қалыптасқан қарым-қатынасқа ерекше мән беретінін атап өтті.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылы Швейцарияға жасаған ресми сапары екі ел арасындағы серіктестікті нығайтуға берік негіз қалағанына назар аударды.

🟦Мемлекет басшысының айтуынша, швейцариялық депутаттар делегациясының елімізге келуі жан-жақты ықпалдастықты одан әрі дамытуға қос тараптың да ниетті екенін көрсетеді.

🟦Бұл ретте өзара түсіністікті нығайтып, екіжақты ынтымақтастықты жандандыруда парламенттік дипломатияның маңызды рөл атқаратынына мән берілді.

🟦«Швейцария – Қазақстан» парламенттік достық тобының үйлестірушісі Филиппо Ломбарди қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Швейцарияның серіктестік байланыстарды кеңейтуге және бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

🟦Кездесуде Астана мен Берн арасындағы сауда-инвестициялық ынтымақтастық перспективасы, сондай-ақ халықаралық ұйымдар аясындағы іс-әрекеттерді өзара үйлестіру мәселелері талқыланды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇭Глава государства принял членов Парламентской группы дружбы «Швейцария – Казахстан»

🟦В ходе встречи Глава государства отметил, что Казахстан придает большое значение многолетним отношениям со Швейцарией, являющейся проверенным временем и надежным партнером нашей страны в Европе.

🟦Касым-Жомарт Токаев напомнил о своем официальном визите в Швейцарию в 2021 году, который заложил прочную основу для укрепления партнерства между двумя странами.

🟦Президент подчеркнул, что поездка представительной делегации швейцарских депутатов подтверждает обоюдное стремление к дальнейшему развитию всестороннего взаимодействия.

🟦Была отмечена важная роль парламентской дипломатии в укреплении взаимопонимания и наращивании двустороннего сотрудничества.

🟦В свою очередь координатор Парламентской группы дружбы «Швейцария – Казахстан» Филиппо Ломбарди выразил благодарность Главе нашего государства за теплый прием и подчеркнул заинтересованность швейцарской стороны в расширении партнерских связей и реализации совместных инициатив.

🟦В ходе встречи обсуждены перспективы торгово-инвестиционного сотрудничества между Астаной и Берном, а также вопросы координации усилий в рамках международных организаций.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады

Ерлан Қошанов:

➤ Палата қызметі туралы ақпарат берді.

➤ депутаттар жұмыс барысында Президент Жолдауы мен ел дамуы бойынша берген тапсырмаларды заңнамалық тұрғыда уақтылы әрі сапалы қамтамасыз етуге ерекше мән беретінін баяндады.

✔️Бүгінде 15 заң қабылданып, Сенатқа жолданды. Мәжіліс қарауында 77 заң жобасы бар.

✔️Жыл соңына дейін Құрылыс, Цифрлық кодекстер мен «Банк қызметі туралы» Заңды қабылдау жоспарланып отыр. Сондай-ақ сайлау, тұтынушылардың құқығын қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алу секілді заң жобаларына қатысты жұмыс жүргізілуде.

✔️Депутаттар жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы заңнамаға түзетулер енгізуге, сондай-ақ креативті индустрия, ғылыми зерттеу аумақтарын дамыту, тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау, бағбандық шаруашылық серіктестіктерді мемлекеттік қолдау бойынша заң жобаларына бастамашы болды.

✔️Заң шығару жұмысы жұртшылықтың, сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ашық жүргізілуде. Барлық саяси партиялардың фракциялары өз электоратының сұранысына сәйкес ұсыныстарын белсенді түрде енгізіп жатыр. Маңызды заң жобалары Қоғамдық палатаның отырыстарында қаралады.

➤ депутаттар Мемлекет басшысының Жасанды интеллектіге қатысты бастамаларын іске асыруға белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.

✔️Қыркүйек айының соңында Мәжіліс «Жасанды интеллект туралы» Заң қабылдап, Сенатқа жолдады. Сонымен қатар қазақстандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен парламенттік тыңдау өткізілді.

✔️Депутаттардың және Энергетика министрлігінің бастамасымен Ақтауда мұнай-газ саласындағы машина жасау ісін дамыту форумы өтті. Мұнай-газ секторындағы сатып алуларда қазақстандық үлесті жүйелі түрде арттыру жайлы шешім қабылданды. Депутаттар мұны ұдайы бақылауда ұстайды.

➤ парламенттік дипломатия аясында атқарылған жұмыс жайында мәлімет берді.

✔️Елімізге Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының және Мажарстан Мемлекеттік жиналысының төрағалары ресми сапармен келді. Көптеген елдің парламенттерімен достық топтары белсене қызмет атқаруда, заң шығару саласында тәжірибе алмасу жолға қойылған және мемлекетаралық жобаларды қолдау бойынша жұмыс жүргізілуде.

✔️Депутаттар ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТүркПА, ТМД Парламентаралық ассамблеясы және басқа да көпжақты ұйымдар аясында табысты қызмет атқарып келеді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства принял Председателя Мажилиса Парламента Ерлана Кошанова

Ерлан Кошанов:

➤ проинформировал о текущей деятельности Палаты.

➤ сообщил, что особое внимание депутаты уделяют своевременной и качественной законотворческой поддержке Посланий и поручений Президента по развитию страны.

✔️В настоящее время принято и направлено в Сенат 15 законов. Находятся на рассмотрении Палаты 77 законопроектов.

✔️Строительный, Цифровой кодексы и Закон «О банковской деятельности» планируется принять до конца текущего года. Также ведется работа над законопроектами о выборах, защите прав потребителей, профилактике правонарушений.

✔️Депутатами инициированы поправки в закон о местном государственном управлении и самоуправлении, проекты законов по вопросам поддержки и развития креативных индустрий, развития наукоемких территорий, охраны объектов историко-культурного наследия, государственной поддержки садоводческих товариществ.

✔️Законотворческая работа идет открыто с участием общественности, экспертного сообщества и СМИ. Все фракции политических партий активно вносят свои предложения с учетом запросов своего электората. Наиболее значимые законопроекты рассматриваются на заседаниях Общественной палаты.

➤ доложил, что депутаты активно работают над реализацией курса Главы государства по развитию искусственного интеллекта.

✔️В конце сентября Мажилисом принят и направлен в Сенат Закон «Об искусственном интеллекте», а также проведены Парламентские слушания с участием отечественных и зарубежных экспертов.

✔️По инициативе депутатов и министерства энергетики в Актау прошел Форум по развитию нефтегазового машиностроения. Принято решение о системном увеличении казахстанского содержания в закупках нефтегазового сектора. Депутаты будут держать этот вопрос на постоянном контроле.

➤ проинформировал об итогах работы в рамках парламентской дипломатии.

✔️Так, состоялись официальные визиты в нашу страну председателей Великого Государственного Хурала Монголии и Государственного Собрания Венгрии. Активно действуют группы дружбы с парламентами многих стран, выстроен обмен законотворческим опытом, ведется работа по поддержке межгосударственных проектов.

✔️Депутаты плодотворно работают по линии Парламентской Ассамблеи ОДКБ, ТюркПА, МПА СНГ и других многосторонних организаций.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Банк ВТБ басқарма төрағасы Андрей Костинді қабылдады

🟦Кездесуде қаржы-банк және инвестиция саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства Касым-Жомарт Токаев принял председателя правления банка ВТБ Андрея Костина

🟦В ходе встречи были обсуждены вопросы дальнейшего укрепления взаимовыгодного сотрудничества в финансово-банковской и инвестиционной сферах.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
2025/10/22 04:38:22
Back to Top
HTML Embed Code: