Telegram Web Link
🇰🇿🇦🇿По итогам переговоров президенты приняли Совместное заявление по случаю 20-летия подписания Договора о стратегическом партнерстве и союзнических отношениях между Республикой Казахстан и Азербайджанской Республикой

✍️
В целом, в рамках государственного визита Президента Азербайджана в Казахстан было подписано 15 документов о сотрудничестве в сферах энергетики, транспорта и логистики, цифровизации и искусственного интеллекта, промышленной собственности, здравоохранения и статистики, культурно-гуманитарных связей.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Қазақстан мен Әзербайжан президенттері брифинг өткізді

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев екіжақты келіссөз және Қазақстан – Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесі отырысының қорытындылары бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өткізді.

🟦Мемлекет басшысы ең алдымен, шақыруын қабыл алып, Астанаға мемлекеттік сапармен келгені үшін Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке шынайы ризашылығын білдірді.

– Мен бұл сапарға ерекше мән беріп отырмын. Бауырлас Әзербайжан халқының басшысын, аса көрнекті мемлекет қайраткері Президент Ильхам Әлиевті қазақ жерінде қарсы алу – біз үшін зор мәртебе. Екі елдің тамыры – бір, тарихы – ортақ. Әзербайжан – Қазақстанның маңызды әрі сенімді стратегиялық серіктесі. Бүгінде қарым-қатынасымыз тұрақты дамып келеді. Біз өзара байланысымызды күшейтуге айрықша көңіл бөлеміз. Басты мақсат – достығымызды нығайтып, түрлі саладағы ықпалдастыққа тың серпін беру. Бұл қос халықтың мүддесіне сай келеді. Осы сапар Қазақстан-Әзербайжан ынтымақтастығын жаңа сапалы деңгейге көтеруге ықпал етеді деп кәміл сенемін, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевтің мемлекеттік сапарын елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестікті және одақтастық қатынастарды нығайту жолындағы аса маңызды қадам деп санайды.

– Ильхам Гейдар оглу Әлиев – тарихи масштабтағы көрнекті мемлекет қайраткері. Ол Әзербайжанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғауда және нығайтуда шешуші рөл атқарды. Президент Ильхам Әлиевтің ерен еңбегінің арқасында Әзербайжанның халықаралық аренадағы абыройы мен ықпалы еселеп өсті. Оның қуатты көшбасшылығымен Әзербайжан көптеген салада, ең алдымен, әлеуметтік-экономикалық дамуда керемет табыстарға жетті. Ауқымды реформалардың нәтижесі еліңіздің қарқынды өзгерісінен, экономиканың орнықты өсімінен, азаматтардың әл-ауқатының артуынан көрінеді. Әзербайжанның макроэкономикалық көрсеткіштері орнықтылығымен ерекшеленеді және ел өркендеуінің айқын дәлелі. Қазақстандықтар бауырлас Әзербайжанның жетістігіне шынайы қуанады, – деді Қазақстан Президенті.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Состоялся брифинг президентов Казахстана и Азербайджана

🟦По итогам двусторонних переговоров и заседания Высшего межгосударственного совета Казахстана и Азербайджана Касым-Жомарт Токаев и Ильхам Алиев провели брифинг для представителей средств массовой информации.

🟦В своем выступлении Глава нашего государства высказал признательность Президенту Азербайджана за то, что он принял приглашение и посетил Астану с государственным визитом.

– Я придаю этому визиту особое значение. Для нас большая честь приветствовать лидера братского азербайджанского народа, видного государственного деятеля Президента Ильхама Алиева на казахской земле. У наших стран единые корни и общая история. Азербайджан – важный и надежный стратегический партнер Казахстана. Сегодня наши отношения развиваются поступательно. Мы уделяем особое внимание расширению наших взаимосвязей. Главная цель – укрепить нашу дружбу и придать новый импульс сотрудничеству в различных областях. Это отвечает интересам обоих народов. Убежден, что данный визит будет способствовать выводу казахско-азербайджанского сотрудничества на качественно новый уровень, – заявил Касым-Жомарт Токаев.


🟦Президент Казахстана оценил государственный визит Президента Азербайджана как критически важное событие и шаг на пути укрепления стратегического партнерства и союзнических отношений между двумя странами.

– Ильхам Гейдар оглу Алиев – выдающийся государственный деятель исторического масштаба. Он внес решающий вклад в защиту и укрепление независимости, территориальной целостности Азербайджана. Благодаря неустанным усилиям Президента Ильхама Алиева авторитет и влияние Азербайджана на мировой арене многократно усилились. Под его сильным лидерством Азербайджан добился впечатляющих успехов во многих сферах, прежде всего в социально-экономическом развитии. Результаты масштабных реформ находят отражение в устойчивом росте экономики, повышении благосостояния граждан, динамичном преображении Вашей страны. Макроэкономические показатели азербайджанской экономики отличаются устойчивостью и убедительно свидетельствуют о прогрессе страны и хорошей форме, в которой находится Ваша экономика. В Казахстане искренне радуются достижениям братского Азербайджана, – отметил Глава нашего государства.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы бұл сапардың екі ел арасындағы Стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастар туралы шарттың 20 жылдығымен қатар келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті

🟦Осы уақыт ішінде мемлекеттеріміз екіжақты ынтымақтастықты өрістетуде зор табысқа жетті.

– Халықтарымыздың достығы мен өзара қолдауының, жоғары деңгейдегі қарқынды саяси диалог пен үкіметтердің жүйелі жұмысының арқасында көпжоспарлы қазақ-әзербайжан ынтымақтастығы жаңа мазмұнмен толығып, өркендеп келеді. Бүгінгі келіссөздер қорытындысы – соның айқын дәлелі. Біз өзара сенім мен құрмет рухында екіжақты күн тәртібінің кең көлемдегі мәселелерін талқылап, сан қырлы ықпалдастығымыздың басым бағыттарын белгіледік. Жоғары мемлекетаралық кеңес отырысы жемісті өтті. Бірқатар маңызды құжатқа қол қойылды. Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың кешенді бағдарламасы жоспарлы түрде атқарылып жатқаны қуантады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев подчеркнул символичность визита, который проходит в год 20-летия Договора о стратегическом партнерстве и союзнических отношениях Казахстана и Азербайджана

🟦За это время в двустороннем сотрудничестве достигнуты большие успехи.

– Благодаря дружбе и взаимной поддержке наших народов, интенсивному политическому диалогу на высшем уровне и работе правительств многоплановое казахско-азербайджанское сотрудничество развивается по восходящей линии, наполняется новым содержанием. Итоги сегодняшних переговоров – тому убедительное доказательство. В атмосфере взаимного доверия и уважения мы обсудили широкий круг вопросов двусторонней повестки дня, наметив приоритеты дальнейшего многогранного взаимодействия. Плодотворно прошло заседание Высшего межгосударственного совета, по результатам которого подписан ряд важных документов. Отрадно, что Комплексная программа развития двустороннего сотрудничества планомерно исполняется, – продолжил Президент Казахстана.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Үкіметтерге осы бағыттарды бақылауда ұстап, қысқа мерзім ішінде Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жоспарын немесе жол картасын қабылдау тапсырылды»

🟦Мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге баса мән берді. Екіжақты тауар айналымын жақын арада еселеп, оны бір миллиард долларға дейін жеткізу үшін қажетті шаралар қабылдауға уағдаласты.

– Ауыл шаруашылығы, энергетика, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, цифрландыру салаларында мүмкіндігіміз мол. Қос тарап бірлескен кәсіпорындар құруға ниет танытты. Бұл мәселеде айтарлықтай алға жылжу бар. Мәселен, трансформатор өндірісін іске қосу жоспарланған, тұрғын үй мен инфрақұрылым нысандарының құрылысы жүргізілуде, кеме жасау саласында ортақ жоба пысықталып жатыр. Үкіметтерге осы бағыттарды бақылауда ұстап, қысқа мерзім ішінде Өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жоспарын немесе жол картасын қабылдау тапсырылды. Өзара тиімді жобаларды қаржыландыру мақсатында Қазақстан-Әзербайжан тікелей инвестиция қорының қызметін жандандыруға келістік. Екі елдің іскерлік топтары арасындағы қарым-қатынасты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудардық. Осы ретте сапар аясында өтіп жатқан Қазақстан-Әзербайжан бизнес форумының маңызы зор, – деді Президент.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Правительствам поручено держать на контроле эти направления и в кратчайшие сроки принять План или Дорожную карту, как сейчас принято говорить развития сотрудничества в промышленной сфере»

🟦Главы государств в ходе переговоров особое внимание уделили расширению торгово-экономических связей. Достигнута договоренность принять необходимые меры, чтобы в ближайшей перспективе удвоить двусторонний товарооборот и довести его до одного миллиарда долларов.

– Большие возможности имеются в сельском хозяйстве, энергетике, обрабатывающей промышленности, строительной сфере, цифровизации. С обеих сторон высказана заинтересованность в создании совместных предприятий. В этом вопросе имеются значительные подвижки. К примеру, запланирован запуск совместного производства трансформаторов, ведется строительство жилых и инфраструктурных объектов, прорабатываются совместные проекты в сфере судостроения. Правительствам поручено держать на контроле эти направления и в кратчайшие сроки принять План или Дорожную карту, как сейчас принято говорить развития сотрудничества в промышленной сфере. Для финансирования перспективных взаимовыгодных проектов условились активизировать деятельность казахско-азербайджанского Фонда прямых инвестиций. Отмечена необходимость дальнейшего расширения контактов между деловыми кругами двух стран. В этой связи большое значение имеет проходящий в рамках визита казахско-азербайджанский бизнес-форум, – заметил Касым-Жомарт Токаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Былтыр бұл бағытта жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаны құрады»

🟦Мемлекет басшысы келіссөздер кезінде ірі инфрақұрылымдық, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағдары секілді стратегиялық тұрғыдан маңызды жобаларды жүзеге асыру барысы қарастырылғанын жеткізді.

– Былтыр бұл бағытта жүк тасымалдау көлемі 62 пайызға өсіп, 4,5 миллион тоннаны құрады. Биылғы көрсеткіштер де көңілге сенім ұялатады, өсім 2 пайызды құрады. Шетелдік серіктестермен бірге шектеулерді жойып, дәліз бойында бірыңғай ұзақ мерзімді тариф орнатуға жұмыс істеп жатырмыз. Бұл барлық бағдар бойынша кедергісіз тасымалдауды қамтамасыз етіп, тиімділікті көтеретіні сөзсіз. Яғни жүк тасымалының көлемін жоспарға сәйкес 10 миллион тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, порттардағы терминалдардың қуатын арттыруға назар аударылды. Қазақстан Ақтауда контейнерлік хаб құрылысын жүргізуде. Шетелдік, соның ішінде қытайлық серіктестердің қатысуымен Алят портында салынып жатқан жүк терминалының келешегі зор. Келіссөз барысында жүк экспортына арналған жаңа Транскаспий паром жүйесін құру мүмкіндігін талқыладық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Глава государства: «В прошлом году объем грузоперевозок по ТМТМ вырос на 62% и составил 4,5 миллиона тонн»

🟦Далее Президент сообщил, что во время переговоров был рассмотрен ход реализации крупных инфраструктурных проектов, в том числе стратегически важного Транскаспийского международного транспортного маршрута.

– В прошлом году объем грузоперевозок по нему вырос на 62% и составил 4,5 миллиона тонн. Показатели текущего года тоже обнадеживают: рост составил 2%. С зарубежными партнерами мы работаем над синхронным устранением так называемых «узких мест», установлением единого долгосрочного тарифа вдоль коридора. Это, безусловно, повысит эффективность, обеспечит бесперебойность поставок по всему маршруту и, как мы планируем, позволит довести объем грузоперевозок до 10 миллионов тонн. Кроме того, отмечена важность развития терминальных мощностей наших портов. Казахстан строит контейнерный хаб в Актау. Хорошие перспективы открывает строительство грузового терминала в порту Алят с участием зарубежных, включая китайских, партнеров. В ходе переговоров обсуждена возможность создания новой Транскаспийской паромной системы для экспорта грузов, – сказал Глава государства.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «Былтыр Әзербайжан арқылы қазақстандық мұнайды тасымалдау бір жарым миллион тоннаға жуықтады»

🟦Келіссөздерде энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту маңызды тақырыптың бірі болды. Бұл бағытта екі елдің де әлеуеті мол.

– Қазақстан мұнайын Баку – Тбилиси – Жейхан бағдары бойынша тасымалдау жөніндегі бірлескен жұмысты ерекше атап өткім келеді. Былтыр Әзербайжан арқылы бұл стратегиялық шикізат транзиті бір жарым миллион тоннаға жуықтады. Жақын арада мұны айтарлықтай ұлғайту қажет. Теңіз табанына төселетін электр кабельдері жобасы ұлттық энергия жүйесін дамытуға серпін береді. Бұл біздің «жасыл» энергия экспортындағы позициямызды күшейте түседі. Әзербайжан аумағы арқылы қазақстандық уран өнімдерін шетел нарықтарына жеткізу аясында ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы орайда барлық негізгі бастамалар мен жобаларға қолдау көрсеткені үшін құрметті Әзербайжан Президентіне ризашылығымды білдіремін, – деді Президент.


🟦Мемлекеттер басшылары жасанды интеллектінің қарқынды дамып келе жатқанын ескере отырып, ІТ сектор екіжақты қатынастарға мол мүмкіндік ашатынына тоқталған.

– Қазақстан мемлекеттік қызметті цифрландыруда, ІТ технологияларды дамытуда тәжірибе жинақтады. Біз осы салада бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз. Келіссөздер барысында Каспий теңізінің табаны арқылы талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту жобасын жеделдетудің маңызын атап өттік. Үкіметтерге оны қысқа мерзім ішінде әзірлеу жөнінде тапсырма берілді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент: «В прошлом году транзит нефти через Азербайджан составил почти полтора миллиона тонн»

🟦Важной темой обсуждения стало сотрудничество в энергетической сфере, в которой обе страны обладают большим потенциалом.

– С удовлетворением отмечаю совместную работу по транспортировке казахстанской нефти по маршруту Баку – Тбилиси – Джейхан. В прошлом году транзит этого стратегического сырья через Азербайджан составил почти полтора миллиона тонн. В ближайших планах – значительно увеличить этот объем. Импульс развитию национальных энергосистем призван придать проект прокладки глубоководного электрического кабеля, который существенно усилит наши позиции в экспорте «зеленой» энергии. Большая работа проводится в рамках поставок казахстанской урановой продукции на зарубежные рынки через территорию Азербайджана. И в этой связи хочу выразить признательность уважаемому Президенту Азербайджана за поддержку всех ключевых инициатив и проектов, – подчеркнул Президент Казахстана.


🟦Принимая во внимание стремительное развитие искусственного интеллекта, главы государств отметили, что широкие возможности открываются в IT-секторе.

– Казахстан приобрел опыт в цифровизации государственных услуг, развитии IT-технологий. Мы готовы к реализации совместных проектов в этой области. В ходе переговоров отмечена важность ускорения проекта по прокладке волоконно-оптической линии связи по дну Каспия. Правительствам поручено в кратчайшие сроки обеспечить ее готовность, – сообщил Касым-Жомарт Токаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бакуде былтырдан бері Қазақстан-Әзербайжан ғылым және білім орталығы қызмет етеді»

🟦Екіжақты күн тәртібінде мәдени-гуманитарлық саладағы ықпалдастық ерекше орын алады.

– Кейінгі жылдарда екі елде алма-кезек өткен Қазақстан мен Әзербайжанның Мәдениет күндері және Кино күндері айтулы оқиғаға айналды. Бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіру үшін Мәдени ынтымақтастық бағдарламасын қабылдауға уағдаластық. Білім мен ғылымды, жастар байланысын дамытудың перспективасы мол екеніне арнайы тоқталдық. Осы мақсатта Бакуде былтырдан бері Қазақстан-Әзербайжан ғылым және білім орталығы қызмет етеді, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Сондай-ақ тараптар өңірлік және жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасқан.

– Біз халықаралық саясаттың барлық өзекті мәселелері бойынша ұстанымдарымыз ұқсас екенін атап өттік. Көпжақты құрылымдар аясындағы жұмысты үйлестірудің маңызына мән берілді. Өңірлік және жаһандық деңгейде бейбітшілік, қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуға ұмтылатынымызды жеткіздік. Баршаңызға белгілі, Президент Ильхам Гейдар оглу Әлиев Президент Трамптың белсенді араағайындығымен Вашингтонда Әзербайжан мен Армения арасында бейбіт декларацияға қол қойып, тарихи миссиясын орындады. Қазақстан мұны ресми түрде құптады. Қол жеткізілген келісімдер Оңтүстік Кавказдағы сенімді нығайтып, жалпыға ортақ өркендеу үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп ойлаймын. Жалпы, сапар қорытындысы бауырлас халықтардың игілігі үшін стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухындағы қазақ-әзербайжан қарым-қатынастарын одан әрі дамытуға қос тарап та дайын екенін айқын көрсетеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Касым-Жомарт Токаев: «В Баку с прошлого года действует Казахстанско-азербайджанский научно-образовательный центр»

🟦Он также отметил, что взаимодействие в культурно-гуманитарной сфере традиционно занимает особое место в двусторонней повестке.

– Знаковыми событиями последних лет стали Дни культуры и Дни кино Казахстана и Азербайджана, перекрестно проведенные в наших странах. Для систематизации работы в этом направлении договорились принять Программу культурного сотрудничества. Отдельно обсуждались многообещающие перспективы в области развития образования и науки, молодежных контактов. В этих целях в Баку с прошлого года действует Казахстанско-азербайджанский научно-образовательный центр, – сказал Глава государства.


🟦Кроме того, состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и глобальной повестки дня.

– Мы констатируем идентичность позиций по всем актуальным вопросам международной политики. Подчеркнута важность координации работы в рамках многосторонних структур. Выражено обоюдное стремление к укреплению мира, безопасности и стабильности на региональном и глобальном уровнях. Как известно, Президент Ильхам Гейдар оглу Алиев выполнил историческую миссию подписания мирной декларации между Азербайджаном и Арменией в Вашингтоне при активном посредничестве Президента США Дональда Трампа. Казахстан официально приветствовал это важное событие. Уверен, достигнутые договоренности укрепят атмосферу доверия на Южном Кавказе и откроют новые возможности для всеобщего прогресса. В целом, итоги визита наглядно свидетельствуют о взаимной готовности к дальнейшему развитию казахско-азербайджанских отношений в духе стратегического партнерства и союзничества, во имя благополучия наших братских народов, – подытожил свое выступление Президент Казахстана.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇦🇿Ильхам Әлиев екіжақты байланыстардың жоғары деңгейіне назар аударды

– Халықтарымызды ортақ рухани-мәдени құндылықтарға арқа сүйеген ғасырлардан тамыр тартатын достық пен бауырластық қатынастар байланыстырады. Бұл – біздің мемлекетаралық ынтымақтастығымыздың берік іргетасы. Соңғы үш жылда бір-бірімізге оннан аса сапар ұйымдастырдық. Ықпалдастығымыздың қаншалықты қарқынды екенін осыдан-ақ аңғаруға болады. Әрбір кездесу, әрбір талқылау түпкі нәтижені көздейді. Бүгін біз салалық министрліктердің есебі мен келешек жоспарларын тыңдадық. Жұмыс қорытындысына көңіл толады. Өйткені белгіленген міндеттердің бәрі орындалып жатыр. Мемлекетаралық кеңес аясында қол жеткізілген келісімдер халықтарымыздың игілігіне қызмет етеді, – деді Әзербайжан Президенті.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇦🇿Ильхам Алиев подчеркнул высокий уровень двусторонних отношений

– Наши народы связывают многовековая дружба и братство, основанные на духовной и культурной общности. Это прочный фундамент, на котором мы выстраиваем наши межгосударственные отношения. Если проследить динамику взаимных визитов, а их за последние три года было более десяти, можно наглядно увидеть, насколько интенсивный характер носят наши отношения. Каждая встреча, каждое обсуждение направлены на конечный результат. Сегодня мы заслушали доклады отраслевых министров, а также планы на будущее. И то, что мы услышали, вызывает удовлетворение, потому что выполняется все, что было намечено. Результаты, которые достигнуты в рамках Межгосударственного совета, идут на пользу нашим странам и народам, – сказал Президент Азербайджана.


www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇿Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

✔️Орталықта Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев цифрлық технологияларды дамыту және жасанды интеллектіні қолдану жетістіктерімен танысты.

✔️Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев мәртебелі меймандарға мемлекеттік үдерістерді басқаруға және талдауға, сондай-ақ GovTech-шешімдер қабылдауға арналған AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы жөнінде баяндады.

✔️Сонымен қатар мемлекеттер басшыларына Smart City технологиялары, роботты техника аймағы, түрлі салаға жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған Samruk-Kazyna жобалары көрсетілді.

✔️Президенттер Astana Hub инновациялық кластерін аралап көрді. Орталықта 1800-ден астам IT-компания мен стартап, оның ішінде шетелдің үлесі бар 460-тан аса компания тіркелген.

✔️Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиевке халықаралық нарыққа шыққан қазақстандық компаниялардың өнімдері жайында мәлімет берілді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/10/23 06:59:26
Back to Top
HTML Embed Code: