Telegram Web Link
⚡️Мемлекет басшысы: «Қазақстанды күшті және дамыған озық ел ету – тек өз қолымызда»

«Осылайша, біз бәріміз Қазақстан азаматтарының жасампаз рухын сыйлауымыз керек. Мұндай игі үрдісті жан-жақты қолдау қажет. Ел мүддесі үшін биік мақсаттарға ұмтылыс ұлттық болмысымызға тән қасиет болуы керек. Армандау, алға мақсат қою – өте дұрыс.

Алайда қазіргі заман нақты іс-әрекеттің уақыты екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан елге пайдалы, болашаққа қажет істермен айналысу керек. Сөз жүзінде емес, іс жүзіндегі отаншылдық, яғни нағыз патриотизм дегеніміз – осы.

Қазір еліміз аса күрделі жолдың басында ғана тұр. Біз бір ел болып, бір-бірімізді қолдауымыз керек, көреалмаушылық, қызғаныш сияқты теріс әдеттерден арылған жөн.

Қазақстанды күшті және дамыған озық ел ету – тек өз қолымызда. Оған біздің мүмкіндігіміз де, әлеуетіміз де жетеді: экономикамыз – орнықты, жеріміз – берекелі, жарқын болашаққа деген сеніміміз – зор, ал азаматтарымыз, әрине, өте дарынды және қабілетті».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «Лишь в наших руках – сделать Казахстан сильным, развитым и передовым государством»

«Таким образом, мы должны уважать созидательный дух граждан Казахстана и всячески поддерживать этот позитивный процесс. Стремление к высоким целям во имя страны должно стать неотъемлемой чертой нашего национального характера. Мечтать и ставить цели – это очень правильно.

Однако не стоит забывать, что нынешняя эпоха – это время конкретных действий. Поэтому надо приносить пользу стране, думать о ее будущем. Настоящий патриотизм – это и есть преданность Родине не на словах, а на деле.

Сейчас наша страна находится только в начале очень сложного пути. Мы должны сплотиться и поддерживать друг друга, избавиться от таких негативных качеств, как зависть и недоброжелательность.

Лишь в наших руках – сделать Казахстан сильным, развитым и передовым государством. У нас достаточно возможностей и потенциала для этого: наша экономика – устойчива, наша земля – плодородна, наша вера в светлое будущее – непоколебима, а наши граждане, несомненно, – умелы и талантливы».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлт ретінде биік белестерді бағындырамыз десек, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болуы керек»

«Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Біз ұлт ретінде биік белестерді бағындырамыз десек, ең алдымен, халқымыздың ауызбіршілігі мықты болуы керек, азаматтарымыз бірін-бірі сыйлап, құрметтеуі қажет.

Бір елдің ішінде өмір сүріп, бір жерде тұрып, жанжалға, ұрыс-керіске жол беруге болмайды. Біреудің еңбегін жоққа шығару, не болмаса ой-пікірін келеке ету, басқа адамды қаралау – озық, өркениетті қоғамға жат қылық, тіпті, ұят нәрсе, ондай әрекеттер үшін қоғам және заң алдында жауап беруге тура келеді.

Ғаламтор желісінде бір тақырыптан басталған талқылау бітпейтін пікірталасқа ұласып кетеді, тіпті, бұл құбылыс «аса қауіпті қоғамдық дерт» деген осындай түсінік, ұғым пайда болды. Мұндай дерттен құтылуымыз керек».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев: «Если мы как нация хотим достичь больших высот, то, прежде всего, должны быть едиными»

«Как говорится, «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» («Тем, кто сплочен, покорятся даже самые высокие вершины»). Если мы как нация хотим достичь больших высот, то, прежде всего, должны быть едиными, проявлять солидарность и уважение друг к другу.

Живя в одной стране, на нашей общей земле, мы не должны скатываться до конфликтов и раздоров. Обесценивание чьего-то труда, высмеивание чьего-то мнения, очернение кого-то – это поступки, чуждые развитому, цивилизованному обществу, и даже постыдные, за них придется держать ответ перед обществом и законом.

Обсуждение в интернете, начавшееся с одной темы, порой перерастает в бесконечную дискуссию, и это превращается в явление, которое можно назвать «очень опасной общественной болезнью». От такой болезни мы должны избавляться».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Президент: «Мемлекетіміздің Егемендігі туралы декларацияның 35 жылдығы – еліміз үшін аса маңызды тарихи меже»

«Көптеген елдердің тарихына қарайтын болсақ, мұндай құжаттар ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ғасырлар бойы сақталады, азаматтық сана-сезімнің мызғымас негізі ретінде қызмет етеді. Сондықтан Егемендік туралы декларация, бұл – мемлекеттігіміздің берік арқауы, халқымыздың жарқын болашаққа ұмтылысының айқын көрінісі.

Егемендігімізді жариялаған алғашқы күннен бастап мемлекеттілігімізді бекемдеп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолынан айныған емеспіз. Бұл – ең дұрыс стратегия.

«Еңбек – берекенің бастауы» деп бекер айтылмаған. Біз адал, бәсекеге қабілетті азаматтарға әрдайым құрмет көрсетіп, қолдауымыз керек. Жұмысшы мамандарын қадірлейтін қоғам құру маңызды».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Президент: «35-летие Декларации о государственном суверенитете – важнейший исторический рубеж»

«Опыт многих стран показывает, что такие документы сохраняют свое значение на протяжении веков, становясь незыблемым фундаментом гражданского самосознания. Поэтому Декларация о суверенитете – это один из столпов нашей государственности, олицетворение созидательных устремлений нашего народа.

С самого первого дня провозглашения суверенитета наша страна неизменно следует избранному пути укрепления государственности и повышения благосостояния народа. Это единственно правильная стратегия.

Недаром говорят: «труд – источник благополучия». Мы всегда должны оказывать уважение ответственным и конкурентоспособным гражданам и поддерживать их. Важно построить общество, в котором рабочие профессии получают достойную оценку».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы: «Елімізде қажырлы еңбегінің арқасында нағыз еңбек адамы атанған азаматтар өте көп»

«Бүгін арамызда Мұрат Кеңесұлы Қаражұманов отыр. Ол 45 жылға жуық табанды еңбек етіп, ауыл шаруашылығын дамытуға зор үлес қосты. Майталман механизатор жас мамандарға жол көрсетіп, мол тәжірибесін бөлісуде. Бұл салада Қаражұмановтар әулетінің 30-дан астам өкілі жұмыс істейді. Олардың жалпы еңбек өтілі 600 жылдан асады.

Бүгін Мұрат Кеңесұлы Қаражұмановқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылданды.

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында адал еңбегімен Қазақстанның дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап жатырмыз.

Бүгінгі мерекеде біз Сергей Петрович Чернобайға құрмет көрсетеміз. Ол – еңбегі ерен кенші, «Шахтер даңқы» белгісінің толық кавалері, отандық көмір өндірісінде аты аңызға айналған тұлға.

Еңбеккерлер әулетінен шыққан азамат. Ата-анасы да, жұбайы да, тіпті балалары да өз тағдырын шын мәнінде батыл жандардың қолынан келетін кәсіппен байланыстырған. Өнегелі отбасының жалпы еңбек өтілі 150 жылдан асады. Бұл – жай ғана цифр емес, қажырлы еңбек пен кәсіби сабақтастықтың жылнамасы. Чернобайлар әулеті ел дамуына өлшеусіз үлес қосып, өз ісіне адалдықтың және нағыз еңбекқор жандардың үлгісі боларына кәміл сенемін.

Сергей Петрович Чернобайға жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріледі».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Глава государства: «В нашей стране немало граждан, добившихся признания благодаря своему доблестному труду»

«Сегодня в этом зале присутствует Мурат Кенесович Каражуманов. Посвятив неустанной трудовой деятельности около 45 лет, он внес большой вклад в развитие сельского хозяйства. Талантливый механизатор делится своим богатым опытом с молодыми специалистами, для которых он служит ориентиром на жизненном пути. Более 30 представителей семьи Каражумановых работают в аграрной отрасли, их общий трудовой стаж превышает 600 лет.

Поэтому я принял решение присвоить Мурату Кенесовичу Каражуманову звание «Қазақстанның Еңбек Ері».

В Год рабочих профессий мы чествуем тех, кто своим усердным трудом содействует прогрессу Казахстана.

В этот знаменательный день мы воздаем должное Сергею Петровичу Чернобаю – заслуженному шахтеру и полному кавалеру знака «Шахтерская слава», ставшему настоящей легендой угольной отрасли нашей страны. Он яркий представитель большой трудовой династии, в которой все – родители, супруга, дети – связали свои судьбы с этой поистине героической профессией.

Общий трудовой стаж этой славной семьи превышает 150 лет – это не просто красивая цифра, а летопись трудовой доблести и профессиональной преемственности. Уверен, династия Чернобаев продолжит вносить большой вклад в развитие страны и станет символом верности делу и неиссякаемой силы трудовых традиций.

Сергею Петровичу Чернобаю присваивается высшая степень отличия – звание «Қазақстанның Еңбек Ері».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ортамызда Александр Анатольевич Касицин отыр. Ол – «Еңбек Даңқы» орденінің толық иегері, еңбек жолын қарапайым зоотехниктен бастап еліміздегі ең озық агроөнеркәсіп шаруашылықтарының бірінің басшысына дейін көтерілген айтулы маман. «Галицкое» серіктестігі ауылды жаңғыртып, еңбеккерлерге қамқорлық көрсету арқылы керемет табысқа қол жеткізді.

Ел алдындағы еңбегі үшін Александр Анатольевич Касицин «Отан» орденімен марапатталады.

Қазақстанның еңбек сіңірген журналисі Сергей Васильевич Харченко өз ісін жақсы көретін, Отанын шексіз сүйетін жан ретінде көпке үлгі. Белгілі қаламгер, парасатты басшы, дарынды ұстаз мемлекеттің өркендеуіне, отандық журналистиканың дамуына және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге зор үлес қосып келеді.

Бүгін Сергей Васильевич Харченко I дәрежелі «Барыс» орденінің иегері атанды».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«В этом зале находится Александр Анатольевич Касицин – полный кавалер ордена «Еңбек Даңқы», крупный специалист, прошедший путь от зоотехника до главы одного из передовых агропромышленных хозяйств страны. ТОО «Галицкое» добивается выдающихся показателей, вкладывая большие ресурсы в преображение села и заботу о тружениках.

За заслуги перед Родиной Александр Анатольевич Касицин награждается высшим орденом «Отан».

Олицетворением подлинного патриотизма и преданности делу является заслуженный журналист Казахстана Сергей Васильевич Харченко. Признанный мастер печатного слова, мудрый руководитель, талантливый преподаватель, он внес и продолжает вносить значительный вклад в развитие отечественной журналистики и воспитание подрастающего поколения.

Сергей Васильевич Харченко стал кавалером ордена «Барыс» I степени».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Әйгілі археолог Зейнолла Самашевтің есімі баршаңызға белгілі. Ол өркениетіміздің теңдессіз қазынасы саналатын «Берел қорғанын» ашып, оны жан-жақты зерттеуге зор үлес қосты. Бұл жаңалық тарих ғылымын шын мәнінде жаңа деңгейге көтергені сөзсіз.

Ал белгілі ғалым, картография зерттеушісі Мұхит-Ардагер Сыдықназаров төл тарихымызды түгендеуге атсалысып келеді.

Ұлттық ғылымды өркендетуге сіңірген еңбегін ескере отырып, қос ғалымға Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мемлекеттік сыйлықты табыстау туралы шешім қабылданды.

Бүгін осы сыйлық алғаш рет беріледі».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Президент:

«Всем известно имя выдающегося археолога Зейноллы Самашева. Он открыл Берельский курган, считающийся уникальным достоянием нашей цивилизации, и внес большой вклад в его глубокое изучение. Это открытие, несомненно, вывело историческую науку на совершенно новый уровень.

А известный ученый-картограф Мухит-Ардагер Сыдыкназаров принимает активное участие в расширении представлений о нашей истории.

Учитывая вклад этих ученых в развитие отечественной науки, я решил присудить им Государственную премию имени Ахмета Байтурсынулы.

Сегодня данная премия вручается впервые».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Мемлекет басшысы:

«ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен даңқты спортшы Шавкат Рахмонов марапатталады. Ол еліміздің атын шет мемлекеттерге танытып, мерейін үстем ету жолында тер төгіп жүр.

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Ассамблея – берекелі бірлігіміздің мызғымас нышаны, теңдесі жоқ бірегей құрылым.

Оның мүшелері елдегі тұрақтылықты нығайту үшін аянбай еңбек етіп жүр. Ал қоғамдағы келісім мен ынтымақты күшейту – нағыз отаншылдық белгісі.

Мен бүгін еліміздегі бірнеше этно-мәдени орталықтың өкіліне «Ел бірлігі» орденін табыстаймын.

Мәдениет – ұлттың рухани дербестігінің кепілі. Сондықтан біз өмірін өнер жолына арнаған қайраткерлерге әрдайым құрметпен қараймыз.

Руханиятымызға ерекше еңбек сіңіргені үшін белгілі өнер майталмандары – Болат Әбділманов, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбекова «Қазақстанның халық әртісі» атағына лайық деп танылды.

Сондай-ақ мәдениет саласын дамытуға зор үлес қосқаны үшін Нина Жмеренецкая, Бақыт Қажыбаев, Зарина Алтынбаева және Әйгерім Алтынбек «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағына ие болды.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласын өркендетуге айрықша үлес қосып жатқан Иван Сауэрге «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағы берілді.

Жоғары мемлекеттік марапаттарды халқымыздың шынайы ықыласы және сый-құрметі деп қабылдаңыздар.

Бүгін әрбір облыста жүздеген лайықты азаматымыз менің Жарлығыммен жоғары мемлекеттік наградамен марапатталады. Олардың еңбегіне зор ризашылығымды білдіремін».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Глава государства:

«Орденом «Барыс» ІІ степени награждается прославленный спортсмен Шавкат Рахмонов, он много делает для создания объективного образа нашей страны, ее пропаганды за рубежом.

В этом году исполняется 30 лет со дня создания Ассамблеи народа Казахстана. Ассамблея – уникальная структура, незыблемый символ нашего нерушимого единства.

Ее члены неустанно трудятся во имя укрепления стабильности в стране. Укрепление согласия и сплоченности в обществе – это и есть проявление подлинного патриотизма.

Сегодня я вручу орден «Ел бірлігі» представителям нескольких этнокультурных центров нашей страны.

Культура – залог духовной самостоятельности нации. Поэтому мы с неизменным уважением относимся к тем, кто посвятил свою жизнь служению искусству.

За выдающиеся достижения в духовной сфере звание «Қазақстанның Халық әртісі» присвоено известным деятелям искусств Болату Абдилманову, Тамараасар Жанқұл, Шынар Жанысбековой.

За большой вклад в развитие культуры звания «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» удостоены Нина Жмеренецкая, Бахыт Хаджибаев, Зарина Алтынбаева и Айгерім Алтынбек.

Обладателем звания «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» стал также Иван Сауэр, который внес значительную лепту в развитие сельскохозяйственной отрасли.

Примите эти высокие государственные награды как знак искренней признательности и глубокого уважения народа.

Сегодня в соответствии с моим Указом высокие государственные награды будут вручены сотням граждан, представляющих все регионы. Выражаю всем им искреннюю признательность».

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Еліміз үшін ұлт саулығын сақтайтын дәрігердің, саналы ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздың, ауылдағы шаруа мен өндірістегі жұмысшының, яғни әрбір кәсіп иесінің еңбегі айрықша маңызды. Бұл – кез келген өркениетті қоғамға тән мызғымас заңдылық.

Бүгін мен ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында адал еңбек етіп, еліміздің өркендеуіне атсалысып жатқан әрбір азаматқа шынайы алғысымды айтамын.

Елдігіміз еңселі, егемендігіміз баянды болсын!

Көк туымыз мәңгі желбіресін!

Баршаңызға амандық, табыс тілеймін!»

www.tg-me.com/aqorda_resmi
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Для нашей страны труд представителя каждой профессии, будь то медик – хранитель здоровья нации или учитель – наставник подрастающего поколения, сельский труженик или заводской рабочий, имеет особое значение. Это незыблемый постулат любого цивилизованного общества.

Сегодня, в канун нашего национального праздника – Дня Республики, я от всей души благодарю всех соотечественников, которые своим добросовестным трудом вносят свой вклад в процветание страны.

Пусть становится сильнее наша государственность, пусть крепнет наш суверенитет!

Пусть всегда высоко реет наше небесно-голубое знамя!

Желаю всем благополучия и успехов!»

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

*****

Выступление Главы государства Касым-Жомарта Токаева на торжественном мероприятии по случаю Дня Республики

www.tg-me.com/aqorda_resmi
Президент Республика күніне орай бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды салтанатты түрде тапсырды
 
📸
www.tg-me.com/aqorda_resmi
2025/10/25 19:40:22
Back to Top
HTML Embed Code: