Telegram Web Link
NEWS!

⚡️AI Startup Showdown питч-баттлдың жеңімпазы анықталды

FinFlow стартапы $5000 жүлде және Кремний алқабындағы (АҚШ) Hero Training акселерациялық бағдарламасына жолдама ұтып алды.

Бұл кезекті тамаша баттл болды: мықты стартаптар, жоғары деңгейде ұйымдастырылған іс-шара. Қазылар алқасы ерекше қуантты – саланы терең білетін, тәжірибелі мамандар. Біздің жобаға келсек, инвестициялық раундты аяқтауға жақынбыз, сәуірде қорытындылап, Орталық Азияда белсенді масштабтауды бастаймыз. Қазірдің өзінде Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Әзербайжанда әлеуетті серіктестеріміз бен клиенттеріміз бар, банктермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – деді Дәулет Айтмақанов, баттл жеңімпазы және FinFlow бас директоры.


Баттлдың жүлдегерлері мен басқа да қатысушылары туралы толығырақ платформада
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️Определены лучшие AI-стартапы: кто они и какие технологии представили?

В рамках масштабной выставки AlmatyFair.ai состоялся AI Startup Showdown – захватывающий питч-баттл. Победителем битвы стал FinFlow, получивший главный приз – 5000$ и доступ в акселерационную программу Hero Training в Кремниевой долине (США).

«Это был очередной классный баттл с сильными стартапами и отличной организацией. Особенно порадовал состав жюри – опытные и успешные профессионалы, которые глубоко понимают специфику индустрии. Что касается нашего проекта, мы уже почти закрыли инвестиционный раунд, финализируем его в апреле и планируем активное масштабирование по Центральной Азии. Помимо Казахстана, у нас уже есть потенциальные клиенты и партнеры в Узбекистане и Азербайджане, ведем переговоры с банками», – поделился впечатлениями
победитель баттла, CEO FinFlow Даулет Айтмаханов.


Подробности о других призерах и участниках баттла на платформе
🔥5👍32
NEWS!

⚡️Central Asian Innovation Hubs-тың жаһандық мақсаттары

Биыл Орталық Азияның ірі технопарктері – Astana Hub пен IT Park Uzbekistan құрған Central Asian Innovation Hubs ортақ бренд аясында Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктерінде халықаралық хабтар ашып, әлемдік деңгейдегі форумдарға қатысу аясын кеңейтеді.

Ал 2030 жылға дейін 8-ден астам юникорн-стартап құрып, IT-экспорт көлемін $10 млрд-қа дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

«Central Asian Innovation Hubs ортақ бренді аясында IT Park Uzbekistan-мен әріптестігімізді одан әрі нығайтуды көздеп отырмыз. Биыл Қытай мен БАӘ жаңа хабтар ашып, сондай-ақ Түркияда өтетін Eurasia Blockchain Summit, Германиядағы GITEX Europe, Ұлыбританиядағы London Tech Week, АҚШ-тағы TechCrunch Disrupt, Сауд Арабиясындағы Biban және Португалиядағы Web Summit секілді ірі халықаралық технологиялық алаңдарға қатысуды жоспарлап отырмыз», – деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.


Бұл туралы технопарктардың бас директорлары Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің AlmatyFair.ai көрмесіне сапары кезінде мәлімдеді.

Толығырақ платформада
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️Глобальные цели Central Asian Innovation Hubs

В этом году крупнейшие технопарки Центральной Азии — Astana Hub и IT Park Uzbekistan — в рамках партнерства под единым брендом Central Asian Innovation Hubs откроют международные хабы в Китае и Объединенных Арабских Эмиратах, расширят участие в ведущих международных форумах, а к 2030 году планируют создать 8+ единорогов и увеличить IT-экспорт до $10 млрд.

«Мы намерены укреплять партнерство с IT Park Uzbekistan под общим брендом Central Asian Innovation Hubs, чтобы обеспечить динамичное продвижение инноваций Центральной Азии на мировой арене. В этом году планируем открыть совместные хабы в Китае и ОАЭ, а также принять участие в крупнейших международных технологических площадках, среди которых Eurasia Blockchain Summit в Турции, GITEX Europe в Германии, London Tech Week в Великобритании, TechCrunch Disrupt в США, Biban в Саудовской Аравии и Web Summit в Португалии», — подчеркнул Магжан Мадиев, генеральный директор Astana Hub.


Генеральные директоры технопарков представили деятельность Central Asian Innovation Hubs Президентам Казахстана и Узбекистана на выставке AlmatyFair.ai.

Подробности на платформе
🔥6👍2
🇰🇿🤝🇫🇷 Қазақстан–Франция: Жасанды интеллект болашағы

📢 Astana Hub алаңында Франция Елшілігі және Astana Hub-тың ұйымдастыруымен, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз!

Жасанды интеллект пен халықаралық ынтымақтастық тақырыбына қызығатын барлық қатысушыны күтеміз!

Біз Парижде өткен “Жасанды интеллект бойынша іс-қимыл саммитінің” негізгі қорытындыларын, сондай-ақ Қазақстан мен Франция арасындағы AI бойынша серіктестіктің келешегін талқылаймыз.

💡 Спикерлер:
🔹 Қаныш Төлеушин — ҚР Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі
🔹 Сильван Гиоге — Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
🔹 Таңат Өскембаев — Astana Hub басқарушы директоры
🔹 Жером Бойе — Alstom компаниясының аймақтық директоры
🔹 Иван Кононов — HubLab.ai негізін қалаушы
🔹 Аида Хайдар — The Astana Times тілшісі

🕔 Күні мен уақыты: 2 сәуір, 17:00
📍 Өтетін орны: Astana Hub, Event Hall

📲 Тіркелуге асығыңыздар!

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🇰🇿🤝🇫🇷 Казахстан-Франция: будущее искусственного интеллекта

📢 В Astana Hub состоится круглый стол, организованный Посольством Франции и Astana Hub при поддержке Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан. Приглашаем всех, кто интересуется искусственным интеллектом и международным сотрудничеством!

Обсудим ключевые выводы «Саммита по действиям в области ИИ», который прошёл в Париже, а также перспективы сотрудничества Казахстана и Франции в сфере искусственного интеллекта.

💡 Среди спикеров:
🔹Каныш Тулеушин — Первый Вице-министр цифрового развития и аэрокосмического строения
🔹Сильван Гиоге — Чрезвычайный и Полномочный Посол Франции в Республике Казахстан
🔹Танат Ускембаев — Управляющий директор Astana Hub
🔹Жером Бойе — Региональный директор, Alstom
🔹Иван Кононов — основатель стартапа HubLab.ai
🔹Аида Хайдар — Журналист, Astana Times

🕔 Дата и время: 2 апреля, 17:00
📍 Место: Astana Hub, Event Hall

📲Скорее регистрируйтесь!
🔥3👍2
🚀 Қазақстанда QazCoders тегін білім беру бағдарламасы іске қосылды!

IT және жасанды интеллект негіздерін меңгергіңіз келе ме? Бұл Udacity жетекші халықаралық онлайн-платформасының арқасында мүмкін болады.

💡 Бағдарлама 4 негізгі курсты қамтиды:
🔹 Бағдарламалау негіздері
🔹 Kotlin тілінде Android-қосымшаларын әзірлеу
🔹 Деректерді талдау
🔹 Жасанды интеллект негіздері

📚 Сізді не күтеді:
Онлайн-оқыту (6–7 апта)
Курс соңында сертификат беріледі
Сарапшылар мен ЖИ-көмекшісінің қолдауы

🌍 Бағдарлама Қазақстан мен БАӘ арасындағы әріптестік аясында жүзеге асырылды.

📌 Бағдарлама Қазақстан тұрғындарына қолжетімді — ТЕГІН әрі ЖАС ШЕКТЕУІ ЖОҚ!
📖 Оқыту тілі — орысша.

🎯 Заманауи дағдыларды игергіңіз келсе,QazCoders бағдарламасына қосылып, елдің цифрлық болашағының бір бөлігі болыңыз!

🔗 Сілтемеге өтіп, тіркеліңіз. 🚀

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🚀 Запуск бесплатной образовательной программы QazCoders в Казахстане!

Хотите освоить основы IT и искусственного интеллекта? Теперь это возможно благодаря ведущей международной онлайн-платформе Udacity.

💡 Программа включает четыре базовых курса:
🔹 Основы программирования
🔹 Разработка Android-приложений на Kotlin
🔹 Анализ данных
🔹 Основы искусственного интеллекта

📚 Что вас ждет:
Онлайн-обучение (6–7 недель)
Сертификат по завершении курса
Поддержка экспертов и ИИ-ассистента

🌍 Программа реализуется в рамках сотрудничества Казахстана и ОАЭ.

📌 Доступно всем жителям Казахстана — БЕСПЛАТНО и БЕЗ ВОЗРАСТНЫХ ОГРАНИЧЕНИЙ!
📖 Обучение проходит на русском языке.

🎯 Хотите идти в ногу со временем? Присоединяйтесь к QazCoders и станьте частью цифрового будущего страны!

🔗 Регистрируйтесь по ссылке.
3😇2
🔍 ЖИ комитетінің GPU қажеттіліктерін зерттеу

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жанындағы Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті IT және ЖИ саласындағы мамандар арасында сауалнама жүргізуде. Бұл зерттеу есептеу ресурстарына деген нарықтық сұранысты бағалауға бағытталған.

📊 Неліктен бұл маңызды?
Зерттеу нәтижелері Қазақстандағы ЖИ жобаларын тиімді іске асыруға қажетті есептеу қуатын анықтауға және инновациялық дамуға мемлекеттік қолдау тетіктерін қалыптастыруға көмектеседі.

📌 Сауалнамаға кімдер қатыса алады?
— IT-менеджерлер
— Data-мамандар
— Жасанды интеллект инженерлері
— ЖИ және big data саласында жұмыс істейтін компания өкілдері

🗓 Мерзімі: 2025 жылғы 4 сәуірге дейін

📎 Сауалнаманы өту үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🔍 Поиск потребностей GPU для Комитета ИИ

Комитет искусственного интеллекта и развития инноваций МЦРИАП РК проводит опрос среди специалистов в сфере IT и ИИ для оценки потребностей рынка в вычислительных ресурсах.

📊 Зачем это нужно?
Результаты помогут определить, какие мощности необходимы для эффективной реализации ИИ-проектов в Казахстане, и сформировать механизмы государственной поддержки инновационного развития.

📌 Кто может пройти опрос?
— IT-менеджеры
— Data-специалисты
— Инженеры по ИИ
— Представители компаний, работающих с ИИ и большими данными

🗓 Срок: до 4 апреля 2025 года

📎 Опрос можно пройти по ссылке.
1
🌟Hub Perks: жаңа серіктес – aitu.cloud!

Біз Hub Perks бағдарламасының жаңа серіктесі – aitu.cloud-ты таныстыруға қуаныштымыз! Бұл «Қазақтелеком» АҚ-ның цифрлық бизнес дивизионы, ол бұлттық сервистерді дамытып, Қазақстандағы бизнеске арналған IaaS және PaaS шешімдерін ұсынады.

👉Astana Hub қатысушыларына арналған барлық артықшылықтарды білу үшін карусельді қараңыз!

❗️ Толық ақпарат алып, өтінім беру үшін профильдегі сілтемеге өтіңіз.

📌 Бағдарламаның басқа серіктестері мен олардың ұсыныстарымен профиль сипаттамасындағы сілтеме арқылы немесе алдыңғы жарияланымдардан таныса аласыз.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🌟 Hub Perks: новый партнер aitu.cloud!

Мы рады представить вам нового партнера в программе Hub Perks – aitu.cloud! Это дивизион Цифрового Бизнеса АО «Казахтелеком», который активно развивает облачные сервисы и предоставляет решения IaaS и PaaS для бизнеса в Казахстане.

🚀 Что получат участники Astana Hub:✔️ Промокод на 50 000 ₸ для тестирования облачной платформы

✔️ Возможность стать частью пилотной программы по SaaS-модели
✔️ Шанс стать активным партнером программы в 2025-2026 гг.

Не упустите возможность развивать свой проект с aitu.cloud и Astana Hub!

❗️ Для подробной информации и подачи заявки переходите по ссылке.
📌 Ознакомиться с другими партнерами программы и их предложениями вы можете, перейдя по ссылке в нашем профиле или просматривая предыдущие публикации.
👍5
🏆 AlgoBatyr финалистерін құттықтаймыз! 🏆

Сіздер күрделі тапсырмаларды сәтті орындап, финалға өттіңіздер! 🔥

💡 AlgoBatyr – 22 жастан асқан қатысушыларға арналған спорттық бағдарламалау форматындағы алгоритмдік тапсырмалар байқауы. 12 сәуірде сіздерді шешуші кезең күтуде!

⚡️ Дайын болыңыздар, себебі жүлде қоры – ақшалай сыйлықтар! 🤑

🥇 1 орын – 500 000
🥈 2 орын – 300 000
🥉 3 орын – 200 000

Қатысуыңызды растау үшін [email protected] поштасына жазыңыз.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🏆 Поздравляем финалистов AlgoBatyr! 🏆

Вы справились с непростыми задачами и уверенно прошли в финал! 🔥

💡 AlgoBatyr — это соревнование по решению алгоритмических задач в формате спортивного программирования для участников старше 22 лет. Уже 12 апреля вас ждет решающий этап!

⚡️ Готовьтесь, ведь на кону — денежные призы! 🤑

🥇 1место - 500 000
🥈 2 место - 300 000
🥉 3 место - 200 000

Для подтверждения участия напишите на [email protected]
👍6
🎮 Видеойындарға арналған 3D-модельдеу бойынша воркшоп!

3D-модельдеудің негіздерін меңгеріп, алғашқы ойын активіңізді жасағыңыз келе ме? Онда GameDev Center және Borsyq Games ұйымдастыратын воркшопқа келіңіз!

💡 Сізді не күтеді?
✔️ 3D-модельдеудің негізгі құралдарын талдау
✔️ Ойын активтерін жаңадан әзірлеу
✔️ Локация үлгісінде модельдерді оңтайландыру әдістері

📆 Төмендегі күндердің бірін таңдап, тіркеліңіз:
🔹 6 сәуір
🔹 13 сәуір
🔹 20 сәуір
🔹 27 сәуір

📍 Өтетін орны: Astana Hub, Мәңгілік Ел C4.6, GameDev Center, Classroom (3-қабат)

🕹 Воркшоп 3D-модельдеумен жаңадан танысып, ойын активтерін жасауға жаңадан қызығушылық танытып жүрген адамдарға арналады.

Өтінім беру мерзімі – 4 сәуір, 15:00-ге дейін
📌 Тіркелу сілтемесі.
📲 Барлық сұрақтар бойынша Telegram арқылы @dariya_karaguzhinova хабарласыңыз

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

🎮 Воркшоп по 3D-моделированию для видеоигр!

Хотите освоить основы 3D-моделирования и создать свой первый игровой ассет? Приходите на воркшоп от GameDev Center и Borsyq Games!

💡 Что вас ждет?
✔️ Разбор ключевых инструментов 3D-моделирования
✔️ Создание игровых ассетов с нуля
✔️ Оптимизация моделей на примере локации

📆 Выберите одну из представленных дат и зарегистрируйтесь на воркшоп от GameDev Center и Borsyq Games:
🔹 6 апреля
🔹 13 апреля
🔹 20 апреля
🔹 27 апреля

📍 Место: Astana Hub, Мангилик Ел C4.6, GameDev Center, Classroom (3 этаж)

🕹 Воркшоп отлично подойдет новичкам, которые только начинают знакомиться с 3D-моделированием и хотят научиться создавать игровые ассеты с нуля.

Дедлайн подачи заявок – 4 апреля до 15:00.
📌 Ссылка на регистрацию.
📲По всем вопросам обращаться в Telegram @dariya_karaguzhinova
5🔥3👍2
📣 IT саласындағы көшбасшы арулардың назарына!

Astana Hub пен Women in Tech KZ Chapter сіздерді Female Founders Invest Day іс-шарасына шақырады! Бұл – стартап-жобаларыңызды Antler Middle East, S60 (Сауд Арабиясы), Constructor Startup Accelerator (Германия), Astana Hub Ventures, White Hill Capital (Қазақстан), Sturgeon Capital (Ұлыбритания), MyVentures (Қазақстан), InvestBanq (Сингапур), MA7 ventures (Қазақстан), Sabah Hub (Әзірбайжан), Eurasian Startup Hub (Ұлыбритания) және Terricon Venture (Қазақстан) және сияқты 10-нан астам венчурлық қордың алдында таныстыруға мүмкіндік беретін алаң.

📌 Кімдер қатыса алады?
• Әйелдер басқаратын стартаптар (кемінде 10% үлес иесі болуы шарт)
• MVP немесе одан жоғары деңгейдегі жобалар

📄 Барлық питч-дектер ағылшын тілінде қабылданады.

📅 Өтінім берудің соңғы күні: 2025 жылғы 6 сәуір

10 сәуір күні сағат 16:00-де іс-шараға қатысыңыз!

Инвесторлармен тиімді байланыс орнатуға асығыңыз! Сілтеме арқылы өтінім қалдырыңыз🙌🏻

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

📣 Calling All Female Co-founded Startups!

Astana Hub and Women in Tech KZ Chapter invite you to Female Founders Invest Day—a unique chance to pitch your startup directly to leading global investors, including Antler Middle East, S60 (Saudi Arabia), Constructor Startup Accelerator (Germany), Astana Hub Ventures, White Hill Capital (Kazakhstan), Sturgeon Capital (UK), MyVentures (Kazakhstan), InvestBanq (Singapore), MA7 Ventures (Kazakhstan), Sabah Hub (Azerbaijan), Eurasian Startup Hub (UK), Terricon Venture (Kazakhstan), and more.

📌 Who can apply:
• Startups with female co-founders (minimum 10% ownership required)
• Projects at MVP stage or beyond
All pitch decks must be submitted in English.

Application deadline: April 6, 2025

Join us on April 10 at 4:00 PM for the event!

Don't miss this opportunity to connect with international investors! Apply now via the link🙌🏻
👍111
NEWS!

⚡️Қазақстанды цифрлық көшпенділер үшін қолайлы ету: ТОП-10 елдің қатарына енуге бағытталған негізгі құралдар

Сарапшылар цифрлық көшпенділер үшін қолайлы бизнес-ортаны қалыптастыру, көші-қонның құқықтық аспектілері және IT-мамандарды тартуға арналған жаңа құралдарды іске қосу мәселелерін талқылады.
- Менің компаниям – жүз пайыз экспортқа бағытталған, және біз Батыс елдерінен бастап Азия мен Таяу Шығысқа дейінгі инвесторлармен жұмыс істейміз. Көшуге ел таңдағанда Қазақстан өте қолайлы жер болып көрінді, себебі мұнда жұмыс істеу мен өмір сүруге барлық жағдай жасалған. Көптеген адамдар бизнесін орналастыру үшін ел таңдағанда, Қазақстанда білікті кадр табу қиын болады деп алаңдаса да, мен мұнда төрт жыл ішінде ондай проблеманы байқаған жоқпын, – деп өз тәжірибесімен бөлісті Suretter Software IT-компаниясының негізін қалаушы және CEO-сы Алексей Кодубец.


Цифрлық көшпенділер үшін ең тартымды он елдің қатарына кіру мақсатында Қазақстанда Digital Nomad Visa және Digital Nomad Residency бағдарламалары іске қосылған болатын. Қазір пилоттық жоба аясында АҚШ, Канада, Грекия және ТМД елдерінен түскен бірқатар өтінім қаралып жатыр.

Толығырақ платформада
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️Как войти в топ-10 стран: ключевые инструменты для привлечения цифровых кочевников в Казахстан

Эксперты обсудили формирование благоприятной бизнес-среды для цифровых кочевников, правовые аспекты миграции и запуск новых инструментов для привлечения IT-специалистов в рамках выставки AlmatyFair.ai.

- Моя компания является стопроцентным экспортером, и мы работаем с инвесторами как из западных стран, так и из Азии и Ближнего Востока. При выборе страны для переезда Казахстан казался отличным вариантом, поскольку здесь создаются комфортные условия для работы и жизни. За время работы в стране я убедился, что система работает эффективно, и подготовка документов не вызывает сложностей. Хотя многие, выбирая страну для своего бизнеса, опасались, что в Казахстане будет трудно найти кадры, я за четыре года работы здесь не столкнулся с такими проблемами», — поделился своим личным опытом Алексей Кодубец, CEO и основатель IT-компании Suretter Software.


Для привлечения цифровых кочевников в Казахстане были запущены программы Digital Nomad Visa и Digital Nomad Residency. В рамках пилотного проекта уже поступило несколько десятков заявок, включая кандидатов из США, Канады, Греции и стран СНГ.

Подробности на платформе
5👍1
NEWS!

⚡️Президент Тоқаев Еуропа елдеріне Astana Hub базасында инновациялық кампус құруды ұсынды

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммитінде сөз сөйлеп, цифрлық технология мен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне айрықша тоқталды.

Астанада Alem.ai жоғары технологиялар орталығын құру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ол инновацияны енгізумен, стартаптарды қолдаумен және осы салада зерттеулер жүргізумен айналысады. Бұдан бөлек, біз жасанды интеллект саласының дамуын жеделдету үшін Венчурлік қорды іске қостық. Еуропа Одағы Team Europe бастамасы арқылы Орталық Азия елдеріне цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастықты өркендетуге көмек көрсетіп келеді. Қазақстан бұл бағытта тәжірибе алмасуға дайын. Осы орайда Astana Hub базасында «Орталық Азия – Еуропа Одағы» инновациялық кампусын ашуды ұсынамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президент ерекше қонақжайлық көрсеткен және саммитті жоғары деңгейде ұйымдастырған Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке алғыс айтты. Сонымен қатар көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға әрдайым ниет танытқаны үшін Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштаға, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенге және Орталық Азия елдерінің басшыларына шынайы ризашылығын білдірді.

Толығырақ платформада
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️Президент Токаев предложил Европейскому союзу создать инновационный кампус на базе Astana Hub

Казахстан активно инвестирует в сферу цифровых технологий и развитие искусственного интеллекта. Об этом сказал Касым-Жомарт Токаев на саммите «Центральная Азия – Европейский союз» в Самарканде.

- В Астане создается высокотехнологичный центр Alem.AI, который будет содействовать внедрению инноваций, созданию стартапов и проведению исследований в данной области. Мы также запустили Венчурный фонд для ускоренного развития искусственного интеллекта. Через инициативу Team Europe Европейский Союз оказывает поддержку странам Центральной Азии в развитии сотрудничества в сфере цифровых технологий. Казахстан готов к сотрудничеству и обмену опытом. В этой связи предлагаю запустить на базе Astana Hub Инновационный кампус «Центральная Азия – Европейский Союз», – сказал Касым-Жомарт Токаев.


Глава нашего государства поблагодарил Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева за гостеприимство и высокий уровень организации саммита. Он также выразил признательность Президенту Европейского совета Антониу Коште, Президенту Европейской комиссии Урсуле фон дер Ляйен и главам государств Центральной Азии за неизменную приверженность укреплению многопланового сотрудничества.

Подробности на платформе
👍12🔥5
NEWS!

⚡️Орталық Азияның стартапы алғаш рет Meet The Drapers финалына өтті

Жаһандық шоуда 1 миллион долларға таласу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен іріктелген 44 үздік стартаптың жетеуі ғана ақтық кезеңге жолдама алды. Олардың қатарында Орталық Азиядан жалғыз стартап - қазақстандық Investbanq бар.
- Финалға өтуіміз – технологиялық шешімдеріміз бен капиталды басқарудағы тың көзқарасымыздың мойындалуы. Біздің платформа заманауи технологияны нарықты терең түсінумен ұштастырып, қаржы ұйымдарына арналған бірегей шешімдер ұсынады. Әлемдік деңгейде өзімізді паш етуге мүмкіндік берген қолдауы үшін Astana Hub пен Цифрлық даму министрлігіне алғысымызды білдіреміз», – деді Олжас Жиенқұл, Investbanq негізін қалаушы әрі бас директоры.


Әлемге әйгілі Meet The Drapers-тің жетінші маусымы Абу-Даби, Париж, Остин, Майами, Нью-Йорк, Карачи, Кремний алқабы және Астанада түсірілген болатын. Шоуға төрт Astana Hub резиденті – Arlan Biotech, Investbanq, Idos Games және Teen Tech Ed қатысқан еді.

Реалити-шоудың финалы 18 сәуірде өтеді, оны Meet the Drapers ресми сайтынан тамашалауға болады.

Толығырақ платформада
〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️Впервые стартап из Центральной Азии пробился в финал мирового шоу Meet The Drapers

Среди 44 лучших стартапов со всего мира, отобранных для битвы за 1 миллион долларов в шоу Meet The Drapers, лишь семь вышли в финал. Центральную Азию представляет казахстанский финтех-стартап Investbanq.
- Выход в финал — это признание наших технологических достижений и нового подхода к управлению капиталом. Наша платформа объединяет современные технологии и глубокое понимание рынка, позволяя создавать уникальные решения для финансовых учреждений. Мы гордимся тем, что представляем Центральную Азию на международной арене. Благодарим Astana Hub и Минцифры за поддержку, которая дала нам возможность заявить о себе на мировой платформе и открывает новые перспективы для сотрудничества, — отметил Олжас Жиенкул, CEO и основатель Investbanq.


Съёмки седьмого сезона Meet the Drapers проходили в крупнейших городах мира: Абу-Даби, Париже, Остине, Майами, Нью-Йорке, Карачи, Кремниевой долине и, конечно, в Астане. Для участия в шоу были отобраны четыре казахстанских стартапа — резиденты Astana Hub: Arlan Biotech, Investbanq, Idos Games и Teen Tech Ed.

Финальный этап реалити-шоу, на котором определят победителей, состоится 18 апреля и будет доступен для просмотра на официальном сайте Meet the Drapers.

Подробности на платформе
🔥92
⚡️ Сіздерге арнап Astana Hub серіктестерінен апталық мүмкіндіктер топтамасын әзірледік!

❗️ Толық ақпарат astanahub.com платформасының «Іс-шаралар» бөлімінде қолжетімді.

〰️〰️〰️〰️〰️〰️〰️

⚡️ Мы собрали еженедельный дайджест возможностей от партнеров Astana Hub!

❗️ Подробнее на платформе astanahub.com в разделе «Мероприятия».

#hub_friends
👍3
2025/07/10 14:27:50
Back to Top
HTML Embed Code: