Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жою және табиғат апатынан зардап шеккен, ең алдымен, эвакуациялық пункттердегі азаматтарға көмек көрсету жөніндегі жұмыстар туралы баяндады

❗️Мемлекет басшысы бұл бағыттағы шараларды күшейтуге, зардап шеккен тұрғындарды сапалы баспанамен қамтамасыз етуге, қалалар мен елді мекендердегі инфрақұрылымдарды жөндеуге және құрылыс жұмыстарына кірісуге қатысты тапсырма берді.

◾️Президенттің айтуынша, жергілікті атқарушы органдардың басшылары халықпен етене әрі тиімді жұмыс істеуге міндетті. Сондай-ақ туындаған мәселелерді шешу және жұртшылықтың орынды талап-тілегін орындау жөніндегі мемлекеттік саясат пен қабылданып жатқан шараларды нақты түсіндіруге тиіс.

◾️Сонымен қатар Үкімет, әкімдіктер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, заңға сәйкес қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі керек.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿📞🇷🇺 Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

▪️Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады. Сондай-ақ бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің сапалы жүзеге асыруы маңызды екені атап өтілді. 

▪️Сонымен қатар президенттер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

▪️Әңгімелесу барысында Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты өткен туған күнімен құттықтады.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
📢Алматыда жер сілкінісін ескерту жүйесі 1 маусымға дейін іске қосылады

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Төтенше жағдай туындаған сәтте азаматтарды уақтылы хабардар ету мақсатында Mass Alert жүйесі биылғы 1 маусымға дейін пилоттық режимде енгізілетін болады.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Иран президенті отырған тікұшақ апатқа ұшырады

Бортында Иран президенті бар тікұшақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін қайтып келе жатқан сәтте Әзірбайжан шекарасына жақын Джольфа қаласына қатты қонған.

Иранның рухани көсемі Аятолла Әли Хаменеи халықты Ибрахим Раиси үшін дұға етуге шақырды. Ал Президенттің тағдыры әзірге белгісіз.

Апат Әзербайжанмен шекаралас аумақта орын алған. Ибрахим Раиси Араз өзеніндегі нысандарды пайдалануға беру рәсіміне қатысып, қайтып келе жатқан.

Қазіргі таңда құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты апат болған аумаққа жете алмай жатыр.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Қайырлы таң! Күндеріңіз сәтті өтсін!☀️

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Иран президенті отырған тікұшақ апатқа ұшырады Бортында Иран президенті бар тікұшақ Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен келіссөздерден кейін қайтып келе жатқан сәтте Әзірбайжан шекарасына жақын Джольфа қаласына қатты қонған. Иранның рухани көсемі Аятолла…
Иран президенті мінген тікұшақ толығымен жанып кеткен - Reuters

Алдын ала болжам бойынша бортта болғандардың барлығы көз жұмды.

Тікұшақта Иран президенті Эбрахим Раиси, сыртқы істер министрі Хосейн Абдоллахиан, Тебриз мешітінің имамы және тағы үш адам болды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
⚡️Бұрынғы Қаржы министрі Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Бішкекте 13 мамыр күні шетелдіктер көбірек тұратын жатақханалардың бірінде жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Шетелдіктер жергілікті тұрғындарды ұрып-соққан. Содан соң олар ұсталып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды. Алайда 17 мамыр кешке қарай дәл сол…
Бішкектегі оқиғадан кейін Қырғызстаннан пәкістандық студенттер қашып жатыр

Қырғыз үкіметі жағдайды бақылауға алғанын хабарлады. Екі елдің сыртқы істер министрлері 21 мамырда Астанада кездеспек.  

Пәкістан сыртқы істер министрлігі сенбі күні Бішкекте пәкістандық студенттерге жасалған зорлық-зомбылыққа жауап ретінде Қырғызстанның Исламабадтағы бас дипломатын шақырып алып, оған наразылық нотасын тапсырды.

Пәкістанның Dawn басылымының хабарлауынша, Бішкектегі зорлық-зомбылықтан кейін Пәкістан 140-тай студентін қайтарып алды.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф болса, өз мәлімдемесінде Қырғызстанда орын алған оқиғаға алаңдаушылық білдіріп, Исламабад Бішкектен кеткісі келетін  кез-келген пәкістандықты қайтарып алатынын хабарлады.

Сондай-ақ Қырғызстанның Исламабадтағы елшілігі жанында шеру өтіп, оған жиналған көпшілік Бішкектегі тәртіпсіздіктерге наразылық білдірді.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
Иран Президенті Ибрахим Раиси қаза тапты Тікұшаққа мінген барлық жолаушылар көз жұмды. Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Президент мінген тікұшақтағылардың бәрінің денесі табылды

"Президенттік тікұшақ апатынан қаза тапқандардың барлық денелері апат орнынан жедел жәрдем көліктеріне жеткізіліп, Табризге жеткізіледі... Қаза тапқандардың денелерін іздеу жұмыстары аяқталды", - деді Иранның Қызыл Жарты Ай қоғамының басшысы Пир Хосейн Коливанд.

Тікұшақ бортында: Иран президенті Ибрахим Раиси, Сыртқы істер министрі Хоссейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзірбайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Табриз провинциясының аятолла Али Хашим болды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿🇹🇷 Мемлекет басшысы Түркия Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмушты қабылдады

✔️Кездесуде Қазақстан мен Түркияның кеңейтілген стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.

✔️Мемлекет басшысы парламенттік дипломатияның әлеуетін жоғары бағалайтынын атап өтіп, Түркия Ұлттық Мәжілісі төрағасының Қазақстанға сапарының мәні зор екеніне назар аударды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
140 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты төлем алды

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 143,3 мың адамды құрады. Бұл ретте биыл 89 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Atameken Business - Жаңалықтар
«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасынан қандай өзгерістер күтесіз?
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жаңа заң: Тендерді танысқа беру тоқтай ма?

Бүгін «Түскі формат» бағдарламасында «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы талқыланды. Оның барысында Мемлекеттік сатып алу саласының сарапшысы Әлішер Мәжіт осындай пікір білдірді.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Тасқыннан зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысын онлайн бақылауға болады

Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі тасқыннан зардап шеккендерге арналған баспананың құрылысын онлайн режимде Bitrix цифрлық платформасы арқылы бақыланатынын атап өтті. Құрылыс алаңдарында бейнебақылау камералары орнатылады.

"Тұрғын үйлерді салу және жөндеу барысында сапаға ерекше назар аудару қажет", – деді Қуандық Қажкенов.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
🇰🇿🇷🇺 Мемлекет басшысы Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады

✔️Қазақстан Президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

✔️Мемлекет басшысы Ресей дипломатына ілтипат білдіре отырып, екі елдің қатынастары стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

✔️Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту және инвестициялық-өнеркәсіптік кооперацияны ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент қазасына кімдер кінәлі? Иранның ендігі лидері кім болады?

Иран Президентінің қазасына қатысты жорамал көп. Бірі қасақана ұйымдастырылды десе, екінші тарап ауа райының қолайсыздығынан тікұшақты басқару мүмкін болмады деп топшылайды. Енді Ибрахим Раисидың тағына талас болуы мүмкін. Бұл әлбетте ішкі және сыртқы саясатқа ықпалы етеді. Сарапшылардың саяси пайымы бейнематериалда.

Бізге жазылыңыз -> www.tg-me.com/atamekenbusiness_qaz
2024/05/20 20:04:10
Back to Top
HTML Embed Code: