Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Нинбода өткен финалда қазақстандық теннисші ресейлік Екатерина Александровадан 3:6, 6:0, 6:2 есебімен басым түсті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🔥2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Санкт-Петербургтік «Зенит» командасының қорғаушысы және Қазақстан құрамасының капитаны Нұралы Әліп Ресей Премьер-лигасының (РПЛ) 12-турында «Сочи» клубына қарсы матчта көзге түсті.
Ойынның 12-минутында «Зенитке» айып соққысы берілді. Доп қарсылас айып алаңына көтерілген сәтте орталық қорғаушы Әліп те шабуылға қосылды. «Сочи» ойыншылары допты қайтарғанымен, бірнеше рикошеттен кейін оны Вендел іліп әкетіп, қақпаға соққы жасады. Қақпашы допты қайтарған соң, бірінші болып Нұралы Әліп үлгеріп, басымен допты қақпаға бағыттады.
Бұл гол Әліптің биылғы маусымдағы алғашқы және «Зенит» сапындағы үшінші голы болды.
Матчтан кейін Нұралы Әліп өз голын алматылық «Қайрат» академиясының 19 жастағы марқұм тәрбиеленушісі Диас Төлеуге арнағанын айтты:
«Бұл ишара — академия шәкіртіне арналған. “Қайратта” жас бала бар еді. Жақында, 3–4 күн бұрын ойыннан кейін өзін жайсыз сезініп, ауруханаға түсті. Өкінішке қарай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Бүгін мен гол соқтым. Қатты қуанған жоқпын. Бұл голды Диасқа арнадым», — деді Әліп «Зениттің» баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Екінші таймда петербургтік команданың басымдығын Густаво Мантуан нығайтты. ол 54-минутта пенальтиден есепті 0:2-ге жеткізді. Ал 86-минутта Андрей Мостовой да 11 метрліктен гол соғып, матчтың нүктесін қойды - 0:3.
Осы жеңістен кейін «Зениттің» еншісінде 23 ұпай бар және команда турнир кестесінде 4-орында тұр. Ал небәрі 5 ұпай жинаған «Сочи» 16-сатыда қалып, соңғы орында келеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🕊2😢1
Almaty Open 🎾 ATP 250 турнирінің жеңімпазы анықталды
Ресейлік🐻 Даниил Медведев финалда франциялық Корентен Мутені 7:5, 4:6, 6:3 есебімен жеңіп, мансабындағы 21-ші чемпиондық 🏆 атаққа қол жеткізді.
Сонымен қатар ол 250 рейтингтік ұпай және 160 550 доллар иеленді.
Жұптық сында француздар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жеңімпаз атанды.
Олар 250 ұпай және 55 830 доллар сыйақы алды.
Ал, тағы бір финалист неміс жұбы Шнайттер/Вальнер — 150 ұпай және 29 990 доллар иеленді.
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ресейлік
Сонымен қатар ол 250 рейтингтік ұпай және 160 550 доллар иеленді.
Жұптық сында француздар Тео Аррибаж бен Альбано Оливетти жеңімпаз атанды.
Олар 250 ұпай және 55 830 доллар сыйақы алды.
Ал, тағы бір финалист неміс жұбы Шнайттер/Вальнер — 150 ұпай және 29 990 доллар иеленді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤1👏1
Біркүндік дода Соаве қаласынан басталып, Бассано-дель-Граппаға дейінгі 178,8 шақырымды құрады. Жарыс барысында Диего Улисси мен Маттиа Негренте (XDS Astana Development Team) негізгі топтан ұзап шығып, соңына дейін жеңіс үшін күресті.
Соңғы шақырымдарда Улисси шабуыл жасап көргенімен, еңіс жолда және қиыршық тасты бөлікте жылдамдығын сәл жоғалтып алды. Соған қарамастан, ол мәреге үшінші
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤1👍1🥰1
Маусымның шешуші ойыны
26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда❄️ «Қайрат» – 😀 «Астана» кездесуі өтеді. Бұл матчта Қазақстан чемпионы 🏆 анықталады.
Қазір «Қайрат» – 58 ұпаймен көшбасшы, «Астана» екі ұпайға артта қалды.
Алматылықтарға тең нәтиже жеткілікті, ал елордалықтарға тек жеңіс қажет.
😀 «Тобыл» күміс жүлде үшін күресін жалғастырып жатыр,
ал❤️ «Ақтөбе» соңғы турда еурокубокқа шығу мүмкіндігін сақтап қалуға тырысады.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
26 қазан күні Алматыдағы Орталық стадионда
Қазір «Қайрат» – 58 ұпаймен көшбасшы, «Астана» екі ұпайға артта қалды.
Алматылықтарға тең нәтиже жеткілікті, ал елордалықтарға тек жеңіс қажет.
ал
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤1👏1
Джакартада өтіп жатқан спорттық гимнастикадан әлем чемпионатында үш қазақстандық спортшы финалға жолдама алды.
Милад Карими еркін жаттығуда – 14.133 ұпай (4-орын), Нариман Құрбанов ат снарядында – 14.700 (1-орын),Зейнолла Идрисов – 14.300 ұпаймен финалда өнер көрсетеді.
қоссырықтағы финал 25 қазанда өтеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏5🔥2❤1
Алматыда "Қайрат" - "Пафос" матчы алдында баспасөз мәслихаты өтті.
"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі "Пафосқа" қарсы ойын алдындағы дайындық жайлы айтты. Бас бапкер қарсыластың қарымы, ойыншылардың жағдайы мен мотивация туралы пікір білдірді.
🎙 — Жігіттердің көңіл күйі жақсы. Бәрі ойнауға дайын. Соңғы сапар қиын болды. Бірақ команда қалпына келді. Әзірге Заруцкий мен Эдмилсон толық дайын емес, — деді Уразбахтин.
Маманның айтуынша, құрамда үлкен ротация болмайды.
🎙
"Кім дайын болса, сол алаңға шығады. Ал сыйақы біз үшін басты мақсат емес. Біз тарихта қалғымыз келеді. Бұл ақшадан маңыздырақ", — деді ол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1🔥1
Сенбі, 25 қазанда қазақстандық Азат Максұм (15-2) UFC-де төртінші жекпе-жегін өткізеді.
Максұм Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін🥊 321 турнирінде америкалық спортшы Митч Рапосоға (9-3) қарсы октагонға шығады.
Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:20-да басталып, UFC-дің ресми сайтында көрсетіледі.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Максұм Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін
Бұл жекпе-жектің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 19:20-да басталып, UFC-дің ресми сайтында көрсетіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🥰2🔥1
«Пафос» клубының футболшылары мен бапкерлік штабы 🛬 Алматыға келді
Ертең, 21 қазан күні кипрлік ұжым🇪🇺 УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында жергілікті ❄️ «Қайратқа» қарсы матч өткізеді.
Бүгін «Пафос» клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседоның қатысумен баспасөз конференциясы мен футболшылардың ашық жаттығуы өтеді.
⏰ Бапкердің БАҚ өкілдерімен кездесуі жергілікті уақытпен 19:30-да, ал жаттығу 20:00-де басталады.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ертең, 21 қазан күні кипрлік ұжым
Бүгін «Пафос» клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседоның қатысумен баспасөз конференциясы мен футболшылардың ашық жаттығуы өтеді.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5🔥3👏1
Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов бастаған делегация Ташкентке жұмыс сапарымен барып, спорт инфрақұрылымымен танысты. Делегация Олимпиадалық қалашықты, Ұлттық футбол орталығын және Баходир Жалолов атындағы бокс мектебін аралады.
Кездесулерде спортшыларды дайындау, инфрақұрылым, медицина және бапкерлер даярлау тәжірибесі талқыланды. Тараптар бірлескен жобалар мен тәжірибе алмасуды кеңейтуге келісті.
Сапар Түркі мемлекеттері ұйымы министрлерінің 9-отырысы аясында өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤3👏1
"Пафос" бапкері: Ертең біз "Қайраттан" жақсырақ ойнауға тырысамыз
Кипрдің "Пафос" клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо "Қайратқа" қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойын алдында пікір білдірді. Испаниялық маманның айтуынша, алматылықтар өз алаңында жеңіске жетуге және агрессивті футбол көрсетуге тырысады.
Сондай-ақ бапкер "Қайратты" өткен жылы кездескен "Астанамен" салыстырып, алматылық клубтың 17 жастағы шабуылшысы🇰🇿 Дастан Сәтпаевтың шеберлігін жоғары бағалады.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Кипрдің "Пафос" клубының бас бапкері Хуан Карлос Карседо "Қайратқа" қарсы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі ойын алдында пікір білдірді. Испаниялық маманның айтуынша, алматылықтар өз алаңында жеңіске жетуге және агрессивті футбол көрсетуге тырысады.
❄️ "Қайрат" бізге ұқсас команда. Соңғы жылдары олар айтарлықтай дамыды. Сондықтан бұл өте қызықты ойын болады деп ойлаймын. Ойын шамамен бір деңгейде өтеді. "Қайрат" үшін бұл жақсы мүмкіндік. Себебі олар өз алаңында ойнайды. Қиын кездесу болатынын түсінеміз. Чемпиондар лигасындағы әрбір ойын жоғары деңгейде өтеді. "Қайраттың" ойыны жаман емес. Бірақ біз өзіміздің ең үздік ойынымызды көрсетуіміз қажет. Онсыз жеңіске жете алмаймыз. Кипрде "Қайратқа" ұқсас команда ретінде "Арис" клубын айтуға болады. Олар да агрессивті ойнайды. Бірақ біз бұл кездесуде жақсырақ ойнауға, допқа көбірек иелік етуге және ойынды бақылауда ұстауға тырысамыз", – деді Карседо.
Сондай-ақ бапкер "Қайратты" өткен жылы кездескен "Астанамен" салыстырып, алматылық клубтың 17 жастағы шабуылшысы
🎙
"Өткен жылы біз
🏆
"Астанамен" ойнадық. Ал биыл "Қайратпен". Меніңше, алматылықтар "Астанадан" мықтырақ. Бірақ ертең біз "Қайраттан" жақсырақ ойнауға тырысамыз. Иә, Сәтпаев өте талантты жас ойыншы. Жоғары деңгей көрсетіп жүр. Келесі жылы ол "Челси" клубында ойнайды. Қазір жастар тез дамып келеді. Меніңше, сіздерде басқа да жақсы ойыншылар бар. Біз бір ғана футболшыға емес, бүкіл командаға назар аударамыз. Себебі "Қайраттың" ойын мәнері өте агрессивті", – деді испаниялық маман.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Венада өтіп жатқан ATP 500 турнирін жеңіспен бастады.
Алғашқы матчта ол чилилік Алехандро Табилоны 6:4, 6:4 есебімен ұтты.
Бубликтің екінші айналымдағы қарсыласы бүгін белгілі болады. Ол Аргентина өкілі Франсиско Черундоло (21) мен америкалық Алекс Микелсеннің (34) арасындағы матчтың жеңімпазы болмақ.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🥰1👏1
Жарыс
Қазақстан құрамасының сапында Тимур Хабибулин, Евгений Данилов, Родион Пак, Жақас Қозбақ, Жәнібек Үмбетов, Алдияр Мұздыбаев, Кирилл Колганов және Ян Брек өнер көрсетті.
17 қазанда Қазақстан құрамасы алғашқы матчын
18 қазанда қазақстандық спортшылар
19 қазанда команда
Топтық кезең қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы өз тобында екінші орын алды. Бірақ, келесі кезеңге өте алмады. Енді кубок үшін Азияның сегіз үздік құрамасы тартысты жалғастырады.
Жарысты ерте аяқтағанына қарамастан, ұлттық құраманың өнері Қазақстандағы падел спортының дамуына маңызды үлес қосты. Команда жоғары дайындық деңгейін және мықты командалық рух көрсетті.
— Біз ұлттық құрамамызбен және оның Қазақстанды халықаралық аренада танытып жүргенімен мақтанамыз. Бұл болашақ табыстарға негіз болатын құнды тәжірибе, — деп атап өтті Арслан Абулғазин.
Қазақстан Падел федерациясы спортшыларға, бапкерлер құрамына және командаға жанкүйер болған барша жанкүйерлерге алғыс білдіреді.
📸 Суретте: Қазақстанның ұлттық падел құрамасы, Падел федерациясының басшылығы және Халықаралық Падел федерациясының президенті Луиджи Карраро.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👏2🔥1🏆1
Бүгін, 21 қазанда, «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші туры аясында «Пафоспен» кездеседі.
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Айта кетейік, бұл матчтың билет бағалары жанкүйерлер арасында наразылық туғызды. Билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді.
🇰🇿 «Қайрат» - «Пафос» 🇨🇾
🏆 УЕФА Чемпиондар лигасы
⌚️21:45
🏟 «Орталық» стадион, Алматы
🌞 +10 °C
🏁 😗 Бас төреші: Крис Кэванах (Англия 🏴)
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.
Айта кетейік, бұл матчтың билет бағалары жанкүйерлер арасында наразылық туғызды. Билеттердің құны 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін жетеді.
⌚️21:45
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👏2🥰1
Сенегалды қаралы хабар дүр сілкіндірді
Сенегалдық 18 жастағы қақпашы Шейх Туре жалған скауттардың арбауына түсіп, Ганада қаза тапты.
Сенегалдың Африка істері және сыртқы байланыстар министрлігі ресми түрде растағандай, жас спортшыны өзін футбол скауттар ретінде таныстырған алаяқтар алдап, кәсіби клубқа қаралым ұйымдастырамыз деп Ганаға шақырған.
Өкінішке қарай, бұл сапар трагедиямен аяқталды. Турені ұрлап, кейін қылмыскерлер оның отбасынан қомақты төлем талап еткен. Бірақ, отбасы талап етілген соманы төлей алмаған.
Осыдан кейін қандықол қылмыскерлер Шейх Турені өлтіріп, оның денесі Гананың Ашанти аймағынан табылған.

🕊6😱3🤯2❤1
Бүгін 🥊 бокстан ел чемпиондарының есімдері анықталады
Бүгін, 21 қазанда Семей қаласында жанкүйерлер асыға күткен маңызды спорттық оқиға - Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Бұл күні еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасып, ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салады.
Финалдық жекпе-жектер екі сессияда ұйымдастырылған: алғашқысы — сағат 12:00-де, екіншісі — 16:00-де басталады.
Барлығы 20 кездесу (40 боксшы) өтеді.
🔴 🟥 📹 Жарыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Рингке ел құрамасының үздіктері — Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Сағындық Тоғамбай, Валентина Хальзова, Жайна Шекербекова сияқты танымал спортшылар шығады. Олар өз салмақ дәрежесінде жеңіс үшін және ұлттық құрама сапында халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі үшін бақ сынайды.
Боксшылардың әрқайсысы бұл финалға дейін бірнеше қарсыласын жеңіп, жоғары дайындық пен табандылық танытты. Енді шешуші сәт -🇰🇿 Қазақстан чемпионы🏆 атағын иелену.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Бүгін, 21 қазанда Семей қаласында жанкүйерлер асыға күткен маңызды спорттық оқиға - Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Бұл күні еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасып, ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салады.
Финалдық жекпе-жектер екі сессияда ұйымдастырылған: алғашқысы — сағат 12:00-де, екіншісі — 16:00-де басталады.
Барлығы 20 кездесу (40 боксшы) өтеді.
Рингке ел құрамасының үздіктері — Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Сағындық Тоғамбай, Валентина Хальзова, Жайна Шекербекова сияқты танымал спортшылар шығады. Олар өз салмақ дәрежесінде жеңіс үшін және ұлттық құрама сапында халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі үшін бақ сынайды.
Боксшылардың әрқайсысы бұл финалға дейін бірнеше қарсыласын жеңіп, жоғары дайындық пен табандылық танытты. Енді шешуші сәт -
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🔥1👏1
Даниял Сәбит - Қазақстан чемпионы🥇
50 келі финалында Даниял (БҚО) Бекзат Алдамжаровты (Ақтөбе облысы) 5:0 есебімен жеңді.
Сондай-ақ Серік Теміржанов та ел чемпионы🥇атағына қол жеткізді.
Ақтық сында павлодарлық боксшы Бибарыс Жексенді (Жамбыл облысы) 4:1 есебімен жеңді.
Аса ауыр салмақтағы финалист Аслан Елдібайұлының (Қызылорда облысы) жарақатына байланысты, жекпе жек өтпейтін болды. Осылайша, Түркістан облысының боксшысы Нұрлан Сапарбай жеңімпаз атанды.
Абылайхан Жүсіпов - Қазақстан чемпионы атанды. 70 келідегі финалда қарағандылық боксшы 5:0 есебімен Фарух Тоқтасыновты (Алматы) жеңді.

🔥5❤2🏆2
Әйгерім Сәттібаева - Қазақстан чемпионы🥇
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Жамбыл облысының боксшысы жетісулық Әнел Құдайбергеннен 5:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ Элина Базарова да Қазақстан чемпионы🥇
атарды. Финалда Элина Жайна Шекербековадан 4:1 нәтижесімен айласын асырды. Қос боксшы да Шымкенттен.
Римма Волосенко Қазақстан чемпиоы атанды. 60 келідегі ақтық сында астаналық спортшы 4:1 есебімен Анар Тұрсынбекті (Жетісу обл) жеңді.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Жамбыл облысының боксшысы жетісулық Әнел Құдайбергеннен 5:0 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ Элина Базарова да Қазақстан чемпионы

❤4👏2🥰1