Telegram Web Link
Сенегалды қаралы хабар дүр сілкіндірді

Сенегалдық 18 жастағы қақпашы Шейх Туре жалған скауттардың арбауына түсіп, Ганада қаза тапты.

Сенегалдың Африка істері және сыртқы байланыстар министрлігі ресми түрде растағандай, жас спортшыны өзін футбол скауттар ретінде таныстырған алаяқтар алдап, кәсіби клубқа қаралым ұйымдастырамыз деп Ганаға шақырған.

Өкінішке қарай, бұл сапар трагедиямен аяқталды. Турені ұрлап, кейін қылмыскерлер оның отбасынан қомақты төлем талап еткен. Бірақ, отбасы талап етілген соманы төлей алмаған.

Осыдан кейін қандықол қылмыскерлер Шейх Турені өлтіріп, оның денесі Гананың Ашанти аймағынан табылған.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🕊6😱3🤯21
Бүгін 🥊бокстан ел чемпиондарының есімдері анықталады

Бүгін, 21 қазанда Семей қаласында жанкүйерлер асыға күткен маңызды спорттық оқиға - Қазақстан чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Бұл күні еліміздің ең мықты былғары қолғап шеберлері өзара күш сынасып, ерлер мен әйелдер арасында он салмақ дәрежесінде чемпион атағын сарапқа салады.

Финалдық жекпе-жектер екі сессияда ұйымдастырылған: алғашқысы — сағат 12:00-де, екіншісі — 16:00-де басталады.

Барлығы 20 кездесу (40 боксшы) өтеді.

🔴🟥📹Жарыс Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Рингке ел құрамасының үздіктері — Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Сағындық Тоғамбай, Валентина Хальзова, Жайна Шекербекова сияқты танымал спортшылар шығады. Олар өз салмақ дәрежесінде жеңіс үшін және ұлттық құрама сапында халықаралық аренаға шығу мүмкіндігі үшін бақ сынайды.

Боксшылардың әрқайсысы бұл финалға дейін бірнеше қарсыласын жеңіп, жоғары дайындық пен табандылық танытты. Енді шешуші сәт - 🇰🇿Қазақстан чемпионы🏆 атағын иелену.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1👏1
Даниял Сәбит - Қазақстан чемпионы🥇

50 келі финалында Даниял (БҚО) Бекзат Алдамжаровты (Ақтөбе облысы) 5:0 есебімен жеңді.

Сондай-ақ Серік Теміржанов та ел чемпионы🥇атағына қол жеткізді.

Ақтық сында павлодарлық боксшы Бибарыс Жексенді (Жамбыл облысы) 4:1 есебімен жеңді.

Аса ауыр салмақтағы финалист Аслан Елдібайұлының (Қызылорда облысы) жарақатына байланысты, жекпе жек өтпейтін болды. Осылайша, Түркістан облысының боксшысы Нұрлан Сапарбай жеңімпаз атанды.

Абылайхан Жүсіпов - Қазақстан чемпионы атанды. 70 келідегі финалда қарағандылық боксшы 5:0 есебімен Фарух Тоқтасыновты (Алматы) жеңді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🔥52🏆2
Әйгерім Сәттібаева - Қазақстан чемпионы🥇

Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Жамбыл облысының боксшысы жетісулық Әнел Құдайбергеннен 5:0 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ Элина Базарова да Қазақстан чемпионы🥇
атарды. Финалда Элина Жайна Шекербековадан 4:1 нәтижесімен айласын асырды. Қос боксшы да Шымкенттен.

Римма Волосенко Қазақстан чемпиоы атанды. 60 келідегі ақтық сында астаналық спортшы 4:1 есебімен Анар Тұрсынбекті (Жетісу обл) жеңді.


https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👏2🥰1
«Қайрат» жастары кипрлік командадан жеңіліс тапты

Бүгін Алматының «Қайрат» U-19 командасы УЕФА жасөспірімдер лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші тур аясында кипрлік «Пафос» командасымен кездесті.

Матчтың алғашқы таймында қонақтар басымдыққа ие болды. 8-минутта Георгиос Михаэл, ал 43-минутта Давид Феррер Терронес көзге түсті.

Екінші таймда Абылай Төлеухан 51-минутта бір гол соғып, есепті қысқартты. Алайда ойынның соңғы кезеңінде, 82-минутта Марсело Алвес ойынның нүктесін қойды. Осылайша кездесу 3:1 есебімен «Пафостың» пайдасына аяқталды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👌1🤝1
Ерасыл Жақпеков 🏆Қазақстан чемпионы атанды

80 келі финалында бірінші раундта нокаут тіркеліп, Ерасыл Жақпеков Диас Молжігітовты жеңді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1👏1
Сәкен Бибосынов - Қазақстан чемпионы🥇

Ақтық сында (55кг) Сәкен Нұрсұлтан Алтынбекті 5:0 есебімен жеңді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🔥41👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қайрат» фанаттары матч алдында

🇰🇿 «Қайрат» - «Пафос» 🇨🇾
🏆УЕФА Чемпиондар лигасы
⌚️21:45
🏟 «Орталық» стадион, Алматы

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👏21
Келіп жеткен ақпараттарға сәйкес «Қайрат» Чемпиондар лигасы аясындағы «Пафоспен» өтетін матчқа арналған билеттердің біраз бөлігін сата алмаған.

Сондықтан, стадионды толтыру үшін билеттерді ірі қазақстандық компанияларға тегін таратқан.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱21🤔1😢1
Бокстан Қазақстан чемпионаты аяқталды

14-21 қазан аралығында Семейдегі Абай-Арена спорт кешенінде өткен ел біріншілігі тәмам. Енді бокстан ұлттық құрама қайта жасақталады.

🏆Қазақстан чемпионатының ерлер арасындағы үздік боксшысы - Сабыржан Аққалықов (Қарағанды облысы)

🏆Қазақстан чемпионатының әйелдер арасындағы үздік боксшысы - Жазира Орақбаева (Алматы қаласы)

🏆Қазақстан чемпионатының үздік төрешісі - Арман Бүркітбаев

Топ-3 команда:
🥇І. Түркістан облысы
🥈ІІ. Алматы қаласы
🥉ІІІ. Шымкент қаласы

Чемпионатта топ жарған былғары қолғап шеберлері:

🥊🥇Ерлер:
50 кг. Даниял Сәбит
55 кг. Сәкен Бибосынов
60 кг. Серік Теміржанов
65 кг. Санатәлі Төлтаев
70 кг. Абылайхан Жүсіпов
75 кг. Сабыржан Аққалықов
80 кг. Ерасыл Жақпеков
85 кг. Дәулет Төлемісов
90 кг. Сағындық Тоғамбай
90+ кг. Нұрлан Сапарбай.

🥊🥇Әйелдер:
48 кг. Әйгерім Сәттібаева
51 кг. Жазира Орақбаева
54 кг. Элина Базарова
57 кг. Ұлжан Сәрсенбек
60 кг. Римма Волосенко
65 кг. Лаура Есенгелді
70 кг. Бақыт Сейдіш
75 кг. Валентина Хальзова
80 кг. Надежда Рябец
80+ кг. Валерия Аксенова

Құттықтаймыз👏👏👏

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1👏1
Ойынның 4-минутында-ақ кипрлік команда ойыншысы Коррейя 🔴қызыл қағаз алып кетті.

🇰🇿Қайрат 0:0 Пафос 🇨🇾

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1👌1
«Қайрат» тарихи ұпайға қол жеткізді

Матч аяқталды. «Қайрат» кипрлік командадан айласын асыра алмады.


Кездесу төртінші минутта-ақ драмалық сәтпен басталды. Қонақтар шабуылшысы Жуан Коррейя «сары-қаралардың» қорғаушысы Луиш Матаға қарсы аяғын тым жоғары көтеріп жіберді. Бас төреші, англиялық Крис Кавана еш ойланбастан кипрліктердің шабуылшысына тікелей 🔴қызыл қағаз көрсетті.

Сан басымдығына қарамастан, «Қайрат» өз шабуылдарын нәтижеге айналдыра алмады. Команда допты көбірек бақылап, белсенді шабуылдағанымен, жиі қарсыластың тығыз қорғанысына тірелді. Тіпті «Пафостың» бірнеше қауіпті қарсы шабуылдары голмен аяқталуы мүмкін еді. Бірақ 🇰🇿Темірлан Анарбеков бірнеше рет алматылықтардың қақпасын құтқарып қалды.

Ең қауіпті сәт 72-минутта орын алды. Кипрліктердің соққысынан кейін доп айып алаңынан бағана арқылы Анарбековтың арқасына тиіп, қақпаға енді🥅. Алайда төреші 💻 офсайд тіркелгенін айтып, голды есепке алмады.

Статистика бойынша «Қайрат» толықтай басым болды. 22 соққы жасаған. Ал қарсыластың еншісінде небәрі 9 соққы. Дегенмен олардың тек екеуі ғана қақпаға дәл бағытталған.

Алматылықтар қарсыластың ерте алған қызыл қағазын өз пайдасына жарата алмаса да, Чемпиондар лигасындағы дебюттік маусымында алғашқы ұпайына қол жеткізді.

🇰🇿Қайрат 0:0 Пафос 🇨🇾

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👏1👌1
2025/10/21 19:46:03
Back to Top
HTML Embed Code: