Telegram Web Link
Азияның үздік мергендері Шымкентте бас қосады

16–30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы 🏆Азия чемпионаты өтеді. Додаға 26 елден 800-ден астам спортшы қатысады.

Жасөспірімдер, жастар және ересектер Shymkent Shooting Plaza кешенінде тапанша, винтовка, жылжымалы нысана және стенд ату бойынша жекелей және командалық сында бақ сынайды. Барлығы 700-ден астам медаль сарапқа салынады.

Чемпионатқа ISSF президенті Лучано Росси, ASC президенті шейх Салман әл-Сабах және басқа да халықаралық спорт ұйымдарының басшылары келеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👏1
Геннадий Головкин Сауд Арабиясымен спорттық ынтымақтастықты нығайту жөнінде келіссөздер жүргізді

Қазақстан ҰОК президенті Геннадий Головкин Сауд Арабиясы ҰОК вице-президенті, ханзада Әл Сауд Фахад бин Джалави бин Абдулазиз Әл Саудпен келіссөздер өткізді.

🤝Тараптар екіжақты спорттық ынтымақтастықты нығайту және алдағы ірі жарыстарға Қазақстан құрамасының қатысуын талқылады:

🔹7–21 қараша 2025 – VI жазғы Ислам ынтымақтастығы ойындары (Эр-Рияд)

🔹2026 жыл желтоқсан – Жабық ғимараттардағы және жауынгерлік өнер түрлері бойынша Азия ойындары (Эр-Рияд)

🔹2027 жыл – Олимпиадалық киберспорт ойындары (Сауд Арабиясы)

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥2👏1
«Селтик» неге «Қайраттан» сескенеді?

Шотландиялық Celtsarehere.com басылымы Чемпиондар Лигасына іріктеудің плей-офф кезеңіндегі «Селтик» пен «Қайрат» арасындағы алдағы ойын жайлы сөз қозғады.

Бұл қос клуб тарихындағы алғашқы ресми кездесу. «Селтикті» алда 7 мың мильге жуық алыс сапар күтіп тұр. Футболшылар 🏔Іле Алатауының етегінде орналасқан Алматыға қонаққа барады. Бірақ бұл сынақтың тек басы ғана.

Орталық стадион сыйымдылығы 24 мыңға жуық. Жанкүйердің қысымы мен қайнаған атмосферасы қарсыластардың зәресін ұшыратын алаң.

Жауапты матч Алматыда, шамамен +30°C ☀️ыстықта өтеді деп болжануда.

Биыл «Қайрат» Чемпиондар Лигасындағы өз алаңындағы барлық үш кездесуін аншлагпен өткізді. Орталық стадионда қызу қолдау әдеттегіден де жоғары болады. Сондықтан шотландиялықтар бірінші ойында-ақ «Селтик Парк» алаңында мәселені шешіп тастауға ұмтылуы тиіс, - деп жазады басылым.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👏31
🏆"Астана" камбэк жасай ала ма?

Бүгін "Астана" Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясында өз алаңында Швейцарияның "Лозанна" клубын қабылдайды. Матч Қазақстан уақыты бойынша 19:00-де басталады.

Швейцариядағы матч алаң иелерінің пайдасына 3:1 есебімен аяқталып, қазақстандықтардың еурокубоктың келесі кезеңіне шығу жоспарына едәуір соққы болды.

Бұл ойында "Астана" өзіне мүлдем ұқсамады. "Лозаннаның" жекелеген ойыншыларының шеберлігі жоғары болғанымен, аса қауіпті қарсылас емес. Оған қоса "астаналықтар" бұған дейін де әлдеқайда мықты клубтарды жолдан тайдырған…

Толығырақ https://www.inbusiness.kz/kz/news/astana-kambek-zhasaj-ala-ma

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤‍🔥2👏1
Екатерина Таранцева — Азия чемпионатының күміс 🥈жүлдегері!

🇨🇳Қытайдың Сиаси қаласында өтіп жатқан 🚣‍♀️слаломды есуден Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

Байдаркадан жекелей жарыста Екатерина Таранцева 104.82 нәтижесімен 2-орынға ие болды.

Чемпионат 17 тамызға дейін жалғасады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5👏3💋1
Дмитрий Баландин World Aquatics Спортшылар комитетінің мүшесі болып сайланды

Қазақстан су спорты федерациясының бас хатшысы, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин Азия атынан World Aquatics Спортшылар комитетіне сайланды. Бұл лауазымға 44 үміткердің ішінде 20 адам өтті.

Сондай-ақ, World Aquatics басшылығының шешімімен федерация комитеттеріне 🇰🇿қазақстандық мамандар Мират Өтепов (Аудиторлық комитеттің кеңесшісі), Илья Гусаков (Жүзу бойынша техникалық комитет) және Еңлік Ұлтаракова (Спорттық медицина комитеті) кірді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍74🔥1
🔵"Челси" футболшылары 500 мың доллар сыйақыларын Диогу Жотаның отбасына аударды

Лондондық "Челси" футболшылары 2025 жылғы клубтық әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алған барлық бонустарын бұрынғы 🔴"Ливерпуль" шабуылшысы Диогу Жотаның отбасына аударды.

💰Қайырымдылық сомасы 15,5 миллион долларды құрады. Қаражат футболшының әйелі мен балаларына берілді.

Алғашында турнирдегі жеңіс үшін берілген бонустар "Челси" ойыншылары арасында бөлініп, әрқайсысына шамамен 500 мың доллардан тиген. Кейін команда мен клуб басшылығы бірлесіп, дәл осы соманы Жотаның отбасына және апатта қаза тапқан оның бауыры Андре Силваның отбасына аудару туралы шешім қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, 3 шілдеде Испанияда 2020 жылдан бері "Ливерпуль" футбол клубының ойыншысы болған Диогу Жота қайғылы жағдайда қаза тапты. Сол күні португалиялық футболшы туған бауырымен бірге жол-көлік апатына түсіп, көз жұмды.

Испанияның батысындағы Самора провинциясында болған апатқа жылдамдықты арттыру мен дөңгелектің ақауы себеп болған.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥21👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
1🔥1👏1😱1
🥋 Бүгін Астанада таеквондодан (WT) «Kazakhstan Open G-1» халықаралық рейтингтік турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Ашылу рәсіміне Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин қатысты.

Турнир 14-16 тамыз аралығында өтеді. Жарысқа 22 елден келген 750-ден астам спортшы қатысады.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан ҰОК президенті таеквондо дәстүріне сай жаттығу тақтасын сындырды.
🔥32👏1
«Астана» Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңінде өз алаңында «Лозаннаға» 0:2 есебімен есе жіберді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣112🥰2🕊2👏1😢1🙈1
Шотландиялық клубтардың бірі 💚«Елімай» мен 🇰🇿Қазақстан құрамасының 22 жастағы шабуылшысы Ғалымжан Кенжебекке көз тікті.

Еуропаның солтүстік-батысында ❄️«Қайрат» түлегінің ойынына қызығушылық танытып отыр. Оған қоса бұл команданың шорт-парақшасында басқа да қазақстандық футболшылар бар.

Биыл жазда Кенжебек Словакияның «Кошице» клубынан кетіп, «Елімаймен» келісімшарт жасады. Футболшының агенті Мамука Ломидзенің айтуынша, маусым аяқталған соң қазақстандық шабуылшы тағы да команда ауыстыруы ықтимал.

Кенжебек «Елімай» сапында бес ойында төрт гол 🥅соғып үлгерді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥2🥰1
😀«Астана» Еурокубок ойындарында қанша табыс тапты?

Алғашқы ойында сырт алаңда «Лозаннадан» 1:3 есебімен ұтылған «Астана» өз алаңында да жақсы нәтиже көрсете алмады – 0:2. Осылайша екі матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық клуб еурокубоктағы жорығын аяқтады.

Биылғы еуромаусымда елордалықтар 900 мың еуро💶 (шамамен 566,6 миллион теңге) табыс тапты. Маусым аяқталған соң бұл сомаға теледидарлық және маркетингтік құқықтарды сатудан түсетін қаражат қосылады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😡4🔥2🥱1
«Барыс» бірқатар легионерлермен толықты

Бүгін «Барыс» хоккей клубы канадалық қорғаушы Джейк Массимен біржақты келісімшарт жасасты. Келісім бір маусымға есептеліп, 2026 жылғы 31 мамырға дейін күшінде болады.

Хоккейші ең сәтті маусымын «Вашингтон Кэпиталз» клубының жүйесінде өткізді. «Херши Беарс» сапында ол екі мәрте Колдер Кубогын жеңіп алды. Өткен маусымда Джейк АХЛ-дегі 23 матчта 2 шайба соғып, 2 нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ «Барыс» хоккей клубы канадалық қақпашы Оливье Родриг, америкалық қорғаушы Иэн Маккошен, ресейлік Эмиль Галимовты қатарға қосты.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯3👍2😱2
Ришад Хайбуллин XII Дүниежүзілік ойындарының 🥉қола жүлдегері атанды

Спорттық құзға өрмелеуден Чэндуда өткен жылдамдық сайысында (Speed 4) Ришад Хайбуллин 4,83 секунд көрсеткішімен үшінші орынға ие болды.

Бұл Қазақстанның осы спорттағы алғашқы жүлдесі. Ертең қазақстандықтар командалық эстафетаға қатысады.

Чэндудағы ойындар 17-тамызға дейін жалғасады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥2👏1
Балалар футболында төбелеске орын жоқ

Шымкентте 2011 жылы туған балалар арасындағы чемпионатта «Тұран» мен «Екібастұз» жасөспірім командаларының ойыны жаппай төбелеспен аяқталды.

Қазақстан футбол федерациясы мұндай әрекетті қатаң айыптап, оны спорт пен футбол қағидаттарына мүлде жат деп мәлімдеме жасады.

Оқиғаға қатысты төрешілердің хаттамасы мен бейнематериалдар ҚФФ-ның Бақылау-тәртіптік және этикалық комитетіне жіберілген. Құзырлы орган отырысы келесі аптада өтеді.

Кінәлілерге футболдан өмір бойына шеттетуге дейін қатаң жаза қолданылуы мүмкін.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7😱3👌1
🏛🏛🏛🏛💬💬

🇰🇿Мемлекет басшысы Халықаралық нысана көздеу федерациясының президенті Лучано Россимен және Азия конфедерациясының президенті шейх Салман Сабах әл-Салем ас-Сабахпен кездесті.

Қасым-Жомарт Тоқаев нысана көздеу спортына Қазақстанда ерекше мән берілетінін айтып, оны дамыту және шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін жеткізді.

Кездесуде спорт кешендерін жаңғырту, заманауи жаттығу әдістемесін енгізу және балалар мен жасөспірімдер клубтарының жұмысын кеңейту мәселелері талқыланды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/10/29 11:27:02
Back to Top
HTML Embed Code: