Telegram Web Link
Бүгін 🇰🇿Қазақстанда спорт күні аталып өтуде! Бұл мереке 2004 жылы ресми күнтізбеге енгізілген. Дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісінде тойланады. Биылғы спорт күнінде еліміз бойынша 150-ден астам іс-шара өтуде.

Мереке құтты болсын! 👏👏👏

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥1🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥈Тарихи нәтиже!

Польшаның Висла қаласында өткен шаңғымен тұғырдан секіруден жазғы әлем кубогында қазақстандық Данил Васильев күміс жүлдегер атанды.

Ол финалда 119.3 ұпай жинап, Аустрия спортшысы Никлас Бахлингерден кейінгі 2-орынды иеленді. Үшінші орынды Болгария өкілі Владимир Зогфарски алды.

Бұл жетістік Васильевке 2026 жылғы Милан Олимпиадасының лицензиясына біртабан жақындай түсуге мүмкіндік берді. Бұған дейін ең жоғары нәтиже 2021 жылы Щучинскіде Сергей Такченконың 6-орны болған.

Жарысқа қатысқан тағы бір қазақстандық Илья Мизерных 24-сатыдан көрінді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍64👏3🥰1
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде ерлер мен әйелдер арасында темптік және спринтерлік бағдарлама бойынша ҚР ұлттық чемпионаты, сондай-ақ жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Ұлттық чемпионатқа 13 облыстан 75 спортшы қатысса, жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігінде 14 облыстан шамамен 120 спортшы бақ сынауда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан еркін күрес құрамасының өкілі Едіге Қасымбек 🇧🇬Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін таласады.

Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға жолдама алды.

Жартылай финалда қазақстандық балуан америкалық Коул Мирасоланы 11:0 есебімен айқын басымдықпен жеңді.

Шешуші белдесуде Қасымбекке ирандық Абольфазл Мохаммад Нежад қарсылас атанды.

Финалдық кездесу сағат 20:00-де басталады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏93🔥2
🥊🥊Әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық боксшылардың есімдері белгілі болды

Жер жаһанның кіл мықтылары сынға түсетін әлем чемпионатында 20 қазақстандық 🇰🇿былғары қолғап шебері ел намысын қорғайды.

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/lem-chempionatyna-atysatyn-azastandy-boksshylardy-esimderi-belgili-boldy-67323

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👏2🥰1
Insports.kz
Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шықты Қазақстан еркін күрес құрамасының өкілі Едіге Қасымбек 🇧🇬Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатында алтын медаль үшін таласады. Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға…
Едіге Қасымбек әлем чемпионы 🥇 атанды

Еркін күрестен Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалында Едіге Қасымбек Иран өкілі Абольфазл Мохаммад Нежадты жеңді.

Сондай-ақ 74 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Құл-Ғайып Досжан мен 97 кг салмақ дәрежесінде күрескен Дурсунов Самир қола медаль 🥉иегері атанды.

Тағы бір балуанымыз Камиль Кургулиев әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥155❤‍🔥2👏2
Қазақстандық гимнасттар Бразилияда 🇧🇷өтетін әлем чемпионатына қатысады

20 тамызда Рио-де-Жанейрода көркем гимнастикадан әлем чемпионаты басталады. Жекелей жарыста бұл додаға 100-ден аса спортшы қатысады.

Басты фавориттердің қатарында Париж Олимпиадасының чемпионы, неміс қызы Дарья Варфоломеева, бес дүркін әлем чемпионы италиялық София Раффаэли, украиналық жас дарын Таисия Онофрийчук, болгариялық Стилиана Николова және өзбекстандық Тахмина Икромова бар. Сондай-ақ Кипр, Германия, Израиль, Польша және АҚШ өкілдері де жүлде үшін таласпақ.

Қазақстан намысын жекелей сайыста Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова қорғайды. Айбота Азия чемпионатында қола, командалық сында күміс, ал Мейіржанова қола медаль алған.

Топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова бастаған құрама өнер көрсетеді. Халықаралық федерация Қазақстан командасын медальға үміткерлер қатарына қосып отыр. Топтық жаттығуларда өнер көрсететін спортшылар: Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай.

Фавориттер арасында Қытай, Жапония және Польша бар. Сондай-ақ жарыс қожайындары Бразилия да өз әлеуетін дәлелдеп қойған. Турнир 24 тамызға дейін жалғасады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6
🇺🇿Өзбекстан құрамасының жартылай қорғаушысы Шохбоз Умаров енді 💙«Ордабасы» сапында өнер көрсететін болады.

26 жастағы вингер бұған дейін де шымкенттік клубта 2023 жылдың қаңтарынан 2025 жылдың ақпанына дейін ойнаған. Осы кезеңде ол «Ордабасымен» бірге 🏆Қазақстан кубогы мен чемпионатын жеңіп алды.

Ағымдағы маусымды ол «💙Тұран» сапында бастап, бес матч өткізіп, бір гол соқты. Жазғы трансфер кезінде өзбек жартылай қорғаушысы түркістандық клубтан кетті. Сондай-ақ, Умаров мансабында АГМК, «Энергетик-БГУ» және БАТЭ клубтарында ойнаған.

Айта кетейік, футболшы Өзбекстан премьер-лигасының командасына ауысуға жақын болған еді. Алайда ол Қазақстанда қалып, шымкенттік клубқа оралуды жөн көрді.

💰Қазіргі таңда оның трансферлік құны 400 мың еуро (251,8 миллион теңге) деп бағалануда.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥1👏1
Еркін күрестен 🇰🇿Қазақстан құрамасының көшбасшысы 🇰🇿Ризабек Айтмұхан қыркүйекте Загребте өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастады.

Биыл ол Азия чемпионатында күміс жүлде иеленіп, кейін Яшар Догу-2025, Ақтөбедегі Wrestling Stars League турнирлерінде жеңімпаз атанды. Бұған дейін U20, U23 және 2023 жылғы әлем чемпионатында топ жарған Ризабек енді олимпиадалық 97 келі салмақта ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек аралығында Хорватия астанасы Загреб қаласында өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👏6🔥4🥰1
20-тамыздан 21 тамызға қараған түні алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде Шотландияның “Селтик” клубымен кездеседі. Ойын Глазгода өтіп, Астана уақытымен сағат 00:00-де басталады.

Тікелей эфирді Qazsport арнасы көрсетеді. Сондай-ақ трансляцияны арнаның ресми сайтынан да тамашалауға болады.

Жауапты кездесу 26 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥3👏1
Ел қоржыны күміс жүлдемен толықты

Қазақстандық Камиль Куруглиев (92 кг) Болгариядағы жастар арасындағы әлем чемпионатының финалында 🇺🇿өзбек балуаны Шерзод Поеновке 2:3 есебімен есе жіберіп, 🥈күміс жүлдегер атанды.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының қоржынында бір алтын, бір күміс және үш қола медаль бар.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👏21🥰1
Қазақстандық теннисші 🇰🇿Бейбіт Жұқаев 🇺🇸US Open турнирінің іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты.

Оның алғашқы айналымдағы қарсыласы британдық Джек Пиннингтон-Джонс болды. Қорытынды есеп – 3:6, 7:6, 7:6, қазақстандықтың пайдасына.

Бейбіттің келесі қарсыласы – 🇺🇸америкалық Закари Свайда.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7🥰1👏1
Қазақстан теннис федерациясы допинг 💊қолданған теннисшіге қатысты ресми мәлімдеме жасады

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/federaciya-doping-koldangan-tennisshige-katysty-resmi-malimdeme-zhasady

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3😱3💊1
Матч басталуға санаулы уақыт қалғанда❄️«Қайраттың» «Селтикке» қарсы алаңға шығатын негізгі құрамы белгілі болды.

📺Qazsport
📲 https://qazsporttv.kz/ru/
23:50
🏟 «Селтик-Парк»

📲 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😱3👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Қайраттың» «Селтик»қақпасына соққан алғашқы голы офсайдқа байланысты есепке алынбады
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6😭4🤯3👍1
❄️«Қайрат» пен «Селтик» тең түсті

Қос қарсылас бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Есеп 0:0. Енді ойын тағдыры Алматыда шешіледі.

Өкінішке қарай матчтың соңғы секундтарында сары қағаз🟡 алған 🇰🇿Дастан Сәтпаев келесі матчқа қатыса алмайды.

Қарымта матч 26-тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥7👏2👌1
Әлем чемпионаты алдында 🇺🇿Өзбекстан құрамасына жаңа бапкер келеді

Championat.asia хабарлағандай, ұлттық команданы португалиялық маман Паулу Бенту баптайтын болады. Айта кетейік, Өзбекстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алған еді.

“Өзбекстан құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем біріншілігінде португалиялық бапкер ұстауы ықтимал”, – деп жазады дереккөз.


61 жастағы маманның соңғы жұмыс орны – БАӘ құрамасы. Бенту командасы іріктеу кезеңінен өте алмағаннан кейін қызметінен босатылған болатын.

Бұған дейін ол “Спортинг”, “Крузейро”, “Олимпиакос”, “Чунцин Лифань” клубтарында, сондай-ақ Португалия, Оңтүстік Корея және БАӘ ұлттық құрамаларында еңбек еткен.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥2👏2
🏆Құрамамыз әлем чемпионатын командалық есепте екінші орынмен аяқтады

17–20 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен Әлем чемпионаты Қазақстан тарихында жарқын жетістікке айналды. Қазақ балуандары табандылық пен жігер танытып, ел намысын абыроймен қорғады.

92 келіде Камиль Куруглиев күміс медаль иеленді. Нұрданат Айтанов (57 келі), Самир Дурсунов (97 келі) және Досжан Құл-Ғайып (74 келі) қола жүлде алды. Едіге Қасымбек 125 келіде тарихи алтын медаль жеңіп, чемпион атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан жастар құрамасы екінші орынға тұрақтап, ел мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – жас балуандардың қайсарлығы мен бапкерлер еңбегінің айқын көрінісі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥1🥰1👏1
2025/10/28 05:29:40
Back to Top
HTML Embed Code: