Telegram Web Link
Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ❄️«Қайрат» бірінші себеттегі Реал Мадрид, Манчестер Сити, Мюнхен, Ливерпуль, ПСЖ, Интер, Челси, Боруссия Дортмунд, Барселона командаларының арасынан екі топ-клубпен кездеседі.

📱https://inbusiness.kz/kz/news/kajrat-kansha-tabys-tapty
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍104🔥3😁2
🎾Александр Бублик АҚШ чемпионын жарыс жолынан шығарды

Александр Бублик (ATP №24) US Open-2025 турнирін жеңіспен бастады. Ол хорват Марин Чиличті (ATP №62) 6:4, 6:1, 6:4 есебімен ұтты.

🎾Бірінші партияда Бублик 6:4 есебімен басым түсті. Екіншісінде қарқынын одан сайын үдетті – 6:1. Үшінші сет те Бубликтің пайдасына шешілді – 6:4.

Бір сағат 50 минутқа созылған бәсекеде Бублик 16 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.

👉Келесі айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы италиялық Лоренцо Сонегоға (ATP №46) немесе аустралиялық Тристан Скулкейтке (ATP №96) қарсы ойнайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏65🔥2
❄️"Қайраттың" Чемпиондар лигасындағы қарсыластары қашан анықталады?

Ертең, 28 тамыз Монакода жеребе тарту рәсімі өтеді.

2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінде Еуропаның ең мықты 36 клубы бақ сынайды.

Бұл кезеңде әр команда 8 ойын өткізеді: төртеуін өз алаңында, төртеуін сырт алаңда.

👉👉👉👉👉https://inbusiness.kz/kz/news/kajrattyn-chempiondar-ligasyndagy-karsylastary-kashan-anyktalady
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8👏31👌1
❗️‼️🔺

🔊Асу Алмабаев пен Алекс Перес 22 қараша күні Дохада өтетін 🥊 Fight Night турнирінде кездесетін болды.

Бұл – Катардағы алғашқы UFC турнирі болмақ.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍82🔥1👌1
⚽️Эрлинг Холанд тегін ауыстырды

⛵️«Манчестер Сити» шабуылшысы Эрлинг Холанд Норвегия құрамасының ойын жейдесіне өзгеріс енгізді. Енді оның жейдесінде Braut Haaland – Браут Холанд деген толық тегі жазылады.

Бұл туралы ұлттық команданың ресми әлеуметтік желілерінде хабарланып, №9 нөмірлі жаңа жейдені көрсеткен бейнежазба жарияланды.

«Жаңа бейне. Енді Эрлинг құраманың жейдесінде толық тегімен ойнайды», – делінген Норвегия құрамасының парақшасындағы хабарламада.

Бұған дейін ол тек әкесінің тегін қолданып келген. Ал, енді 25 жастағы норвегиялық анасына – бұрынғы жеңіл атлетші Грю Марите Браутқа да құрмет көрсету үшін осындай шешім қабылдады.

Осылайша, ол құрамада екі ата-анасының тегі бірге жазылған жейдемен ойнайтын болады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍3👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Елена Рыбакина 🇺🇸US Open турнирінің үшінші кезеңіне шықты

Екінші ойында қазақстандық теннисші Чехия өкілі Тереза Валентованы 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

👉Үшінші айналымда Рыбакина Ұлыбритания өкілі Эмма Радуканумен кездеседі.

Сондай-ақ бүгін 28 тамыз, бейсенбі күні US Open додасында қазақстандықтардан Александр Бублик, Анна Данилина және Юлия Путинцева жарыс жолына шығады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥42❤‍🔥1
Софияда өтіп жатқан кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Арман Мыса қола медаль 🥉иегері атанды.

Жас балуан үшінші орын үшін өткен шешуші белдесуде венгриялық Милан Сабоны мерзімінен бұрын жеңді.

Айта кетейік, кадеттер арасындағы әлем чемпионаты 30 тамызға дейін жалғасады. Дүбірлі додада 71 елден келген 500-ден астам дзюдошы бақ сынап жатыр.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6😍2🥰1
Бүгін, 28 тамыз күні Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жеребесі тартылады.

🔄Жеребе тарту рәсімі Қазақстан уақытымен 21:00-де басталады. Чемпиондар лигасының жеребесін онлайн УЕФА-ның ресми сайтынан тамашалауға болады.

🔴🟥📹 https://www.uefa.com/uefachampionsleague/draws/

Жалпы кезеңнің жеребесіне арналған себеттер келесідей:
🔶1-себет
«ПСЖ»
«Реал»
«Манчестер Сити»
«Бавария»
«Ливерпуль»
«Интер»
«Челси»
«Боруссия» Дортмунд
«Барселона»

🔶2-себет
«Арсенал»
«Байер»
«Атлетико»
«Бенфика»
«Аталанта»
«Вильярреал»
«Ювентус»
«Айнтрахт» Франкфурт
«Брюгге»

🔶3-себет
«Тоттенхэм»
«Аякс»
«Наполи»
«Спортинг» Лиссабон
«Олимпиакос»
«Славия» Прага
«Буде-Глимт»
«Марсель»

🔶4-себет
«Копенгаген»
«Монако»
«Галатасарай»
«Юнион»
«Қарабах»
«Атлетик»
«Ньюкасл»
«Пафос»
❄️«Қайрат»

👉Жеребе тарту 1-себеттен басталады. Бір шар алынғаннан кейін, былтыр қолданылған автоматтандырылған бағдарламалық жүйе тиісті клубқа қарсылас болатын сегіз команданы кездейсоқ таңдап береді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆7👏4👌2
Алматыға «Реал Мадрид» келеді

❄️Қайрат- Реал Мадрид, Алматы

❄️Қайрат - Интер сырт алаңда

❄️Қайрат - Арсенал, сырт алаңда

❄️Қайрат- Брюгге, Алматы

❄️Қайрат - Спортинг, сырт алаңда

❄️Қайрат- Олимпиакос, Алматы

❄️Қайрат- Брюгге, Алматы

❄️Қайрат- Копенгаген, сырт алаңда

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
12🔥6👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❄️«Қайрат» ойыншыларының реакциясы 🤩🤩🤩

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8👍5🔥1👏1
«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин өз командасының Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңіндегі жеребесінің қорытындысына 🎙пікір білдірді.

— «Реалмен» ойнайтынымыз қуантады. Қазақстанға мұндай клубтың келуі өмірде жиі бола бермейді. Бұл хабарды естігенде қатты қуандық. Қарсылас ретінде жеребеде мүмкіндігінше көбірек топ-клубтардың түскенін қаладық. Қазірдің өзінде «Реал», «Интер», «Арсенал» бар. Керемет командалар. Олардың бәрімен кездесуге мүмкіндік туатынына ризамыз.

Жеребе қорытындысына көңіліміз толады. «Реал» — түсіндіруді қажет етпейтін клуб. «Интер» соңғы жылдары Чемпиондар Лигасында ойнап жүр. Сол «Арсенал» жартылай финалда ойнады әрі Англияда чемпиондық үшін тұрақты түрде күреседі. «Брюгге», «Спортинг», «Олимпиакос», «Пафос» және «Копенгаген» — өз елдерінің чемпиондары атанған топ-клубтар. Деңгейі өте жоғары.

Әрине, біз олардың қасында кішкентай болып көрінуіміз мүмкін. Бірақ футболда бәрі мүмкін екенін ұмытпайық. Үй матчтарында өз алаңымызға, жанкүйерлерімізге сенеміз. Қай уақытта ойнайтынымыз бен ауа райы да маңызды. Тағы бір жайт — оларға Еуропадан бізге ұзақ жол жүріп келуге тура келеді. Мұндай факторлар аз емес. Дегенмен қарсылас футболшыларының деңгейі өте жоғары. Сондықтан ұшып келу оларға қиындық тудырады деп ойламаймын. Біз алаңда бар күшімізді салып, соңына дейін күресеміз, — деді Уразбахтин.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥15👏96
Astana Motors компаниясы Рафаэль Уразбахтинге Hyundai автокөлігін сыйлапты.

Ал, 🇰🇿Темірлан Анарбековке Apple MacBook сыйға тартты.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
17❤‍🔥3👍3🥰2😱1
Sport+ Падел федерациясымен меморандумға қол қойды

Меморандум аясында телеканал федерацияның негізгі турнирлері мен іс-шараларынан хабар тарататын болады.


SPORT+ телеарнасы мен 🇰🇿Қазақстанның ұлттық падел федерациясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды insports.kz.

Ынтымақтастықтың басты мақсаты – Қазақстан үшін жаңа спорт түрінің дамуы мен танымалдығын арттыру, трансляциялар аясын кеңейту және жанкүйерлерге сапалы спорттық контент ұсыну.

Кездесу Алматыда, еліміздегі ең жаңа падел орталығында өтті. Мұнда 4 корт жабдықталған және күніне 200-ден астам ойыншыны қабылдауға мүмкіндік бар.

Маңыздысы – федерация балалар мен жасөспірімдер арасында паделдің дамуына ерекше назар аударып отыр. Орталықтың базасында падел мектебі құрылып, ол жас ұрпақтың физикалық әрі рухани дамуына оң ықпал етеді.

Меморандум аясында SPORT+ федерацияның негізгі турнирлері мен іс-шараларын жариялап қана қоймай, қазақстандық спортшылар жайлы да баяндайды.
Өз кезегінде Федерация медиалық қолдауға ие болып, паделдің құндылықтарын кең аудиторияға жеткізу мүмкіндігіне қол жеткізеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
52🔥2👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Елена Рыбакина 1 сағат 3 минутта Эмма Радукануды 6:1, 6:2 есебімен ойсырата жеңіп, US Open турнирінің 1/8 финалына шықты.

Қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы — Жасмин Паолини мен Маркета Вондроушованың арасындағы текетірестің жеңімпазы. Матч жексенбіде өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👏31🥰1
"Торпедо" хоккейден 🏆Қазақстан кубогының иегері атанды

Қарағандыда өткен хоккей жанкүйерлерінің басты мерекесі – Қазақстан кубогының финалы нағыз шайқасқа айналды.

Финалға дейінгі жол әр команда үшін оңай болмады…

👉👉👉👉 https://inbusiness.kz/kz/news/torpedo-hokkejden-kazakstan-kubogynyn-iegeri-atandy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍2👏2
Бірқатар жас футболшылар ұлттық құрамаға шақырту алды

🇰🇿Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінің қыркүйектегі матчтарына дайындықты бастады.

Команда әзірге толық құрамда емес, бірақ Астанада жиналды. Сондай-ақ ұлттық құраманың сапына алғаш рет 💙«Ордабасы» жартылай қорғаушысы Муроджон Халматов шақырылды.

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Астанада Уэльс командасымен ойнайды, содан кейін 7-нен 8 қыркүйекке қараған түні Бельгия құрамасына қарсы сырт алаңда матч өткізеді.

Әзірге Қазақстанның қоржынында үш матчтан кейін үш ұпай бар. Әли Әлиевтің командасы жалғыз жеңісін сырт алаңда Лихтенштейн құрамасына қарсы (2:0) матчта тіркеген.

Сондай-ақ ❄️«Қайрат» сапынан Дамир Қасабулат та алғаш рет шақырту алды. Бұдан бөлек 🇰🇿Дастан Сәтпаев, 🇰🇿Темірлан Анарбеков, Еркін Тапалов құрама сапында өнер көрсетеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8👏6🔥3🍓1
❄️“Қайраттың” 👑“Реалмен” қашан кездесетіні белгілі болды

Алматылықтар жалпы кезеңді сырт алаңдағы “Спортингке” қарсы матчтан бастайды да, соңғы ойынын сыртта “Арсеналға” қарсы өткізеді.

❄️Желтоқсан мен қаңтар айларында “Қайрат” өз алаңындағы қалған ойындарын өткізеді.

📆“Қайраттың” толық күнтізбесі, 🇰🇿Қазақстан уақытымен:

19 қыркүйек, 00:00
“Спортинг” – “Қайрат”

30 қыркүйек, 21:45
“Қайрат” – “Реал”

21 қазан, 21:45
“Қайрат” – “Пафос”

6 қараша, 01:00
“Интер” – “Қайрат”

26 қараша, 22:45
“Копенгаген” – “Қайрат”

9 желтоқсан, 20:30
“Қайрат” – “Олимпиакос”

20 қаңтар, 20:30
“Қайрат” – “Брюгге”

29 қаңтар, 01:00
“Арсенал” – “Қайрат”

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥3👏2
🏆Чемпиондыққа талас қыза түсті

Көкшетаудағы Оқжетпес стадионында ине шаншар орын болмады. Чемпиондар лигасында өнер көрсететін команданың ойынын тамашалауға жиналған халықтың қарасы қалың болды.

❄️"Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясында 🐴 "Оқжетпесті" 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде "Астананы" қуып жетті. Жалғыз голды 8-минутта португалиялық Жоржиньо соқты. Бұл оның биылғы чемпионаттағы 8-голы. Осылайша ол сұрмергендер арасынан 🇰🇿Дастан Сәтпаевты қуып жетті.

https://inbusiness.kz/kz/news/chempiondykka-talas-kyza-tusti
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💘3
Спорттық құзға өрмелеуден Алматыдағы Азия кубогы кезеңінде қазақстандық Ришат Хайбуллин «жылдамдық» санатында жеңімпаз 🥇 атанды. Финалда ол жапониялық Цукики Онишиден басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бақтиер Зайнутдинов Уэльс пен Бельгияға қарсы өтетін матчтарға қатыспайды

Бақтиер ЦСКА – «Динамо» ойынында жарақат алған. Медициналық тексерістің қорытындысына сәйкес бапкерлік штаб алдағы кездесулерге шақырмау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨43🔥1
2025/10/26 16:09:08
Back to Top
HTML Embed Code: