Telegram Web Link
❄️“Қайраттың” 👑“Реалмен” қашан кездесетіні белгілі болды

Алматылықтар жалпы кезеңді сырт алаңдағы “Спортингке” қарсы матчтан бастайды да, соңғы ойынын сыртта “Арсеналға” қарсы өткізеді.

❄️Желтоқсан мен қаңтар айларында “Қайрат” өз алаңындағы қалған ойындарын өткізеді.

📆“Қайраттың” толық күнтізбесі, 🇰🇿Қазақстан уақытымен:

19 қыркүйек, 00:00
“Спортинг” – “Қайрат”

30 қыркүйек, 21:45
“Қайрат” – “Реал”

21 қазан, 21:45
“Қайрат” – “Пафос”

6 қараша, 01:00
“Интер” – “Қайрат”

26 қараша, 22:45
“Копенгаген” – “Қайрат”

9 желтоқсан, 20:30
“Қайрат” – “Олимпиакос”

20 қаңтар, 20:30
“Қайрат” – “Брюгге”

29 қаңтар, 01:00
“Арсенал” – “Қайрат”

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥3👏2
🏆Чемпиондыққа талас қыза түсті

Көкшетаудағы Оқжетпес стадионында ине шаншар орын болмады. Чемпиондар лигасында өнер көрсететін команданың ойынын тамашалауға жиналған халықтың қарасы қалың болды.

❄️"Қайрат" Қазақстан премьер-лигасының 22-туры аясында 🐴 "Оқжетпесті" 1:0 есебімен жеңіп, турнирлік кестеде "Астананы" қуып жетті. Жалғыз голды 8-минутта португалиялық Жоржиньо соқты. Бұл оның биылғы чемпионаттағы 8-голы. Осылайша ол сұрмергендер арасынан 🇰🇿Дастан Сәтпаевты қуып жетті.

https://inbusiness.kz/kz/news/chempiondykka-talas-kyza-tusti
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💘3
Спорттық құзға өрмелеуден Алматыдағы Азия кубогы кезеңінде қазақстандық Ришат Хайбуллин «жылдамдық» санатында жеңімпаз 🥇 атанды. Финалда ол жапониялық Цукики Онишиден басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бақтиер Зайнутдинов Уэльс пен Бельгияға қарсы өтетін матчтарға қатыспайды

Бақтиер ЦСКА – «Динамо» ойынында жарақат алған. Медициналық тексерістің қорытындысына сәйкес бапкерлік штаб алдағы кездесулерге шақырмау туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚФФ баспасөз қызметі хабарлады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😨43🔥1
🎾Александр Бублик 🇺🇸US Open турнирін 1/8 финалда аяқтады. Қазақстандық теннисші әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнерден 1:6, 1:6, 1:6 есебімен ұтылды.

Нью-Йоркте Бублик мансабындағы ең үздік нәтижесін тіркеп, алғаш рет турнирдің төртінші кезеңіне шықты. Дүйсенбіде ол ATP рейтингінде 19-орынға көтеріледі.

US Open-де соңғы қазақстандық болған Бублик енді Кореяға аттанып, Дэвис кубогында ұлттық құрамамыз сапында өнер көрсетеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4
4–14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында 🥊World Boxing ұйымы өткізетін алғашқы тарихи әлем чемпионаты өтеді.

Жалпыкомандалық есептегі басты фавориттер турнир басталмай тұрып-ақ белгілі. Бұл Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары.

🇺🇿Өзбекстан құрамасынан мықты боксшылардан 🇫🇷Париж Олимпиадасының-2024 чемпиондары Абдумалик Халоков (57 кг) пен Асадхужа Муйдинхужаев қатысады.

🇰🇿Ал, Қазақстан ерлер құрамасының әлем чемпионатына қатысатын құрамы мынадай:
🔹Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🔹Махмұд Сабырхан (55 кг)
🔹Бейбарыс Жексен (60 кг)
🔹Ертуған Зейнулинов (65 кг)
🔹Төрехан Сабырхан (70 кг)
🔹Сабыржан Аққалықов (75 кг)
🔹Нұрбек Оралбай (80 кг)
🔹Бекзад Нұрдәулетов (85 кг)
🔹Сағындық Тоғамбай (90 кг)
🔹Айбек Оралбай (90+ кг)

Бейбарыс Жексен мен Ертуған Зейнулиновке Олимпиада чемпиондарына қарсыласу оңай болмайды. Бірақ Ертуғанның өзі беделді Eindhoven Box Cup-2025 жарысында және әсіресе «Странджа» кубогында жарқын өнер көрсеткенін ұмытпау керек.

Қазақстан құрамасының да мықты тұстары жеткілікті. Құрамда –Олимпиаданың күміс жүлдегері, команда көшбасшысы Нұрбек Оралбай, оның бауыры Айбек және ағайынды Сабырхандар бар. Махмұд соңғы уақытта едәуір жақсы өнер көрсетіп жүр. Ал Төрехан үшін бұл ұлттық құрамадағы алғашқы ірі сын. Сондықтан одан үлкен үміт күтеміз.
Айтпақшы, Төреханның ықтимал қарсыласы Шавкатжон Болтаев биылғы жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық Аман Қонысбекпен жекпе-жегінде төрешілер дауына іліккен еді. Өте тартысты айқаста жеңісті өзбек боксшысына беріп, қазақстандық тарап ресми қарсылық білдірді. Бұл оқиға үлкен резонанс тудырды. Сол себепті, бұл жағдай Төрехан үшін қосымша жігер берері анық.

Ал Нұрбек Оралбайдың ықтимал қарсыласы өзбек Жавохир Умматалиев әзірге аса үлкен жетістіктерімен танылған жоқ. Ересектер деңгейінде оның ең елеулі табысы – «Странджа» кубогының қола жүлдесі. Сондықтан Нұрбек үшін бұл чемпионатта барын салып, Астанада өткен Әлем кубогындағы күтпеген финалдық жеңілісі үшін реванш алу аса маңызды.

Дәл осындай жағдайды Бекзад Нұрдәулетовке де қатысты деуге болады. 2019 жылғы әлем чемпионының ықтимал қарсыласы Акмалжон Исроилов өте қауіпті боксшы саналады. Ол Польшадағы Әлем кубогында жақсы өнер көрсетті. Дегенмен тәжірибе мен шеберлік жағынан Бекзадтың артықшылығы айқын.
Супер ауыр салмақтағы айқас та айрықша қызығушылық тудырады. Өзбекстан сапынан Баходир Жалоловтың ізбасары саналатын Жахонгир Зокиров шаршы алаңға шығады. Ол – 22 жасқа дейінгі Азияның екі дүркін чемпионы әрі жастар арасындағы әлем чемпионы.

Оның Айбек Оралбаймен ықтимал жекпе-жегі әлем чемпионатының басты оқиғасына айналуы әбден мүмкін. Чемпионат қарсаңындағы сұхбатында Зокиров Өзбекстан құрамасының турнирде барлық 10 алтын медальді алуды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді. Дегенмен біздің жігіттер намысты қолдан бермей, әлем чемпионатынан олжалы оралады деп үміттенеміз.

Боксшыларымызға сәттілік тілейміз

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👏6🔥2😁1
Алматыда үстел теннисінен жүлде қоры 💰100 000 АҚШ долларын құрайтын халықаралық «WTT Contender Almaty» турнирі өтуде.

Жарыстың алғашқы күні 🏓 ADD Ustel Tennis Ortalygy үстел теннисі орталығының корттарында ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сынның іріктеу кезеңіндегі тартысты кездесулер өтті.

Жанкүйерлерді жарқын ойынымен қуантқан қазақстандық спортшылар арасынан үшінші іріктеу кезеңіне сенімді түрде жолдама алғандар:
🇰🇿 Абдулла Мамай (Алматы)
🇰🇿 Владислав Захаров (Қарағанды)
🇰🇿 Искендер Харки (Жамбыл облысы)

Бүгін олар негізгі кезеңге шығу үшін шешуші кездесулерін өткізеді:
Абдулла Мамай — Флориан Буррассоға (Франция 🇫🇷) қарсы
Владислав Захаров — Юань Лиценге (Қытай 🇨🇳) қарсы
Искендер Харки — Лев Кацманға (Ресей 🇷🇺) қарсы

📅 Сондай-ақ бүгін:
11:00 – әйелдер арасында жұптыөтсында іріктеу жарыстары басталды.
11:35 – ерлер арасында жұптық сында іріктеу өтеді.
12:45 – әйелдер арасындағы жекелей бәсекелер.
13:20 – ерлер арасындағы жекелей жарыстар.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🇰🇿 17 жастағы қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open жасөспірімдер турнирінде екінші жеңісіне жетті.

ITF Juniors рейтингінде №54 тұрған Заңғар әлемнің жасөспірімдер арасындағы №13 ракеткасы, польшалық🇵🇱 Алан Важныны 6:4, 6:4 есебімен жеңіп, сенсация жасады.

Енді ол ширек финалға шығу үшін финляндиялық 🇫🇮 Оскари Полданиуспен кездеседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥2👏1
👑«Реал Мадрид» қақпашысы жарақат алды

Енді ол алматылық клубқа қарсы өтетін матчқа қатыса ала ма, жоқ па, белгісіз.

Мадридтік «Реалдың» қақпашысы Андрей Лунин жарақат алып, Украина құрамасына 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтарда көмектесе алмайды.

AS.com мәліметінше, қақпашы ұлттық құраманың базасынан шығып, Мадридке оралды. Оның орнына Украина құрамасының бапкерлер штабы Сауд Арабиясының «Аль-Шабаб» клубында ойнайтын Георгий Бущанды шақырды.

Лунин «Реалдың» «Мальоркаға» қарсы соңғы матчы алдында жаттығу кезінде өзін жайсыз сезінген. Ол толықтай қалпына келмегендіктен, Украина құрамасының бас бапкері Сергей Ребров оны Испанияға қайта жіберіп, емін жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Осылайша Лунин 5 және 9 қыркүйекте өтетін Украина құрамасының Франция және Әзербайжанға қарсы матчтарына қатыспайтын болды.

Украиналық қақпашының 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында өтетін алматылық ❄️«Қайратқа» қарсы сырт алаңдағы ойынға дейін қатарға оралу-оралмауы әзірге белгісіз. Мадридтік клубтың негізгі қақпашысы әлі де Тибо Куртуа екенін айта кетейік.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝5👍31👏1
Ертең Қазақстан – Уэльс матчы тек футбол мерекесі емес, жанкүйерлер үшін ерекше сәтке айналмақ.

Алғашқы тайм аяқталған соң ұлттық құраманың бұрынғы ойыншылары Асхат Тағыберген мен Александр Марочкинге жанкүйерлердің көзінше шапан жабылып, ерекше қошемет көрсетіледі. Бұл – ел намысын қорғаған қос аяқдопшыға деген алғыс пен құрметтің айғағы.

Асхат өзінің соңғы матчын Солтүстік Македонияға қарсы өткізсе, Александр Лихтенштейнмен болған кездесуде құрама сапымен қоштасты. Енді олар жас буынға жол берді.
🔥103👏3
Қазақстандық 17 жастағы теннисші Заңғар Нұрланұлы 🇺🇸US Open жасөспірімдер арасындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды.

Алматылық спортшы үшінші айналымда әлемнің 8-ракеткасы, финляндиялық Оскари Палданиусты (ATP №991) 3:6, 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Келесі кезеңде Нұрланұлы ресейлік Тимофей Дерепаскомен кездеседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8🥰31👏1
Боксшыларымыздың әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды

4–14 қыркүйек, Ливерпуль

🥊50 кг
Санжар Тәшкенбай – 1/8 финалда Хузайфа Ешиш (Иордания) – Луис Руни (Ирландия, 23 жасқа дейінгі Еуропа чемпионы) жұбының жеңгенімен кездеседі.

🥊55 кг
Махмұд Сабырхан – 1/16 финалда Амир Мохаммади (Бельгия) – Ортиз (Мексика) жұбының мықтысымен жолығады.

🥊60 кг
Бейбарыс Жексен – 1/16 финалда Лей (Тайпей) – Жунмилардо Огайре (Филиппин) жұбының жеңімпазымен күш сынасады.

🥊65 кг
Ертуған Зейнуллинов – 1/16 финалда Хуго Грау (Франция).
Еске сала кетсек, Астанада өткен Әлем Кубогында Ертуған қарсыласын жеңген болатын.

🥊70 кг
Төрехан Сабырхан – 1/16 финалда Яче Юсуф Ислам (Алжир).
1/8 финалда Астанадағы Әлем Кубогының финалисі Хитеш Хитешпен (Үндістан) кездесуі ықтимал.

🥊75 кг
Сабыржан Аққалықов – 1/8 финалда Павел Илюша (Украина, Азия чемпионатының жартылай финалисі) – Мохаммад Ноурани (Иран) жұбының жеңімпазымен айқасады.

🥊80 кг
Нұрбек Оралбай – 1/16 финалда Матвей Ражба (Украина) – Бен Носа Эхис (Германия) жұбының мықтысымен жұдырықтасады.
Финалға дейінгі ықтимал қарсыластары: Тоқтарбек Таңатқан (Қытай), Жавохир Умматалиев (Өзбекстан), Робби Гонзалес (АҚШ, әлем чемпионы), Куба боксшысы.

🥊85 кг
Бекзад Нұрдәулетов – 1/8 финалда Георгий Кушиташвили (Грузия, 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері) – Лескур (Хорватия) жұбының жеңімпазымен жұдырықтасады.

🥊90 кг
Сағындық Тоғамбай – 1/16 финалда Айзек Око (Шотландия).

🥊+90 кг
Айбек Оралбай – 1/8 финалда Илияс (Түркия) – Исламов (Түркіменстан) жұбының жеңімпазымен кездеседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥3🥰1👏1
Сонау Уэльстен Астанаға ат терлетіп Қазақстан – Уэльс ойынын тамашалауға шамамен 1200 жанкүйер келді.

Шетелдік қонақтардың келуі халықаралық матчтарға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді. Ұлыбританиядан келген жанкүйерлер Астананың экономикасына қосымша серпін берді.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 2026-жылғы 🌍 әлем чемпионатына іріктеу аясында Қазақстан құрамасы «Астана-Аренада» Уэльс құрамасымен кездеседі. Матч 19:00-де басталады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍64🔥2👏1
❄️«Қайрат» футбол клубының 2025/26 маусымындағы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсететін ойыншылардың есімдері белгілі болды.

«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин алматылық клубтан 25 ойыншыны іріктеп алды.

🧤Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков;

Қорғаушылар: Луиш Мата (Португалия), Дамир Касабулат, Лев Кургин, Александр Мартынович (Беларусь), Офри Арад (Израиль), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани (Грузия), Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин (Ресей);

Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа (Грузия), Олжас Байбек, Дэн Глэйзер (Израиль), Еркін Тапалов, Юг Станоев (Сербия), Валерий Громыко (Беларусь);

Шабуылшылар: Жоржиньо (Португалия), Дастан Сәтпаев, Эдмилсон (Бразилия), Исмаил Бекболат, Рамазан Бағдат, Рикардиньо (Бразилия).

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🥰3👏3🔥2
🎾Елена Рыбакина бапкерімен қош айтысты

Елена Рыбакина өзін қорлаған бапкермен жұмысын әрі қарай жалғастырып, ал италиялық маманмен қош айтысуды жөн санады.

👉👉👉👉https://inbusiness.kz/kz/news/elena-rybakina-bapkerimen-kosh-ajtysty

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43🔥2🤣1
👑"Реал Мадридтің" чемпиондар лигасында өнер көрсететін құрамы ресми жарияланды

Сарапшылардың пікірінше топ-клубтың жұлдызды ойыншылары да Алматыға келеді деп күтілуде. Себебі команданың басты мақсаты - 3 ұпай еншілеу.

👉👉👉👉https://inbusiness.kz/kz/news/real-madridtin-chempiondar-ligasynda-oner-korsetetin-kuramy-resmi-zhariyalandy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥1👏1
🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасының Уэльске қарсы матчта алаңға шығатын ойыншылар тізімі

Матчтың басталуы:
19:00
📺Тікелей эфир Qazsport

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥31👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥32👍1
2026 жылғы ӘЧ іріктеуде Қазақстан құрамасы үшінші ойында да жеңіліс тапты. Құрамамыз Уэльске 0:1 есебімен жол берді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱4😢21
2025/10/24 03:12:12
Back to Top
HTML Embed Code: