Telegram Web Link
Бүгін 🇰🇿Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында Кореямен кездеседі

Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчтары өтеді.
Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты:
🔹Александр Бублик
🔹Александр Шевченко
🔹Тимофей Скатов
🔹Дмитрий Попко
🔹Бейбіт Жұқаев

Бәсекелер 🏟Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік форматта өтеді.

🇷🇺Бүгін, 12 қыркүйек күні жарыс шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол Чон Хенмен ойнайды.

🇰🇿Содан кейін Александр Бублик Квон Сун Вумен кездеседі.

🇰🇿13 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев — Тимофей Скатов жұбы Нам Чжи Сун — Пак Уй Сунмен кездеседі.

Сосын Александр Шевченко — Чон Хен, Александр Бублик — Квон Су Вон бәсекелері жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👏2👌1
🇰🇿Қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 KO) осы демалыста, 13-нен 14-қыркүйекке қараған түні 🇺🇸Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Джермейн Франклин (23-2, 15 KO). Кездесу он раундқа жоспарланған.

🥊Бұл айқас екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы басты жекпе-жектің андеркартында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік. Иван Дычко соңғы рет шілде айында рингке шығып, америкалық Самуэль Кроссені (11-5-1, 7 KO) нокаутпен жеңген болатын.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10👍3🔥2
Дэвис кубогы. 🇰🇿Қазақстан құрамасы Кореяға қарсы матчта алға шықты

Кореяның Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының Әлемдік І тобы плей-офф кезеңі басталды.
Алғашқы матчта 🇷🇺Александр Шевченко Кореяның бұрынғы 19-ракеткасы Чон Хёнды 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстанға алғашқы ұпай әкелді.

👉Келесі ойынға құраманың көшбасшысы 🎾Александр Бублик шығады. Оның қарсыласы — 2021 жылғы Astana Open турнирінің чемпионы Квон Сун У.

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/aleksandr-shevchenko-devis-kubogyn-zhenispen-bastady


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👏1
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣ Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ресми түрде қызметінен кетті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝1
Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) атқарушы комитетінің отырысы өтіп жатыр.

Бізге келіп жеткен ақпараттарға сәйкес, 2026 жылы Қазақстан премьер-лигасында командалар саны артады.

Келесі маусымда ҚПЛ-де 16 клуб болады. Премьер-лигадан бір команда шығып, ал бірінші лигадағы үш клуб жоғары лигаға өтеді.

Ресми ақпарат күтеміз.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Ливерпульде бокстан өтіп жатқан әлем чемпионатында Назым Қызайбай украиналық Ханна Охотаны 5:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

13 қыркүйек жартылай финалдық жекпе жекте Қызайбай Өзбекстан-Италия кездесуінің жеңімпазымен кездеседі.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🔥11👏3🥰1
Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Санжар Тәшкенбай әлем чемпионатында Үндістан боксшысы Джадумани Сингх Манденгбамды 4:0 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.

Санжар 13 қыркүйекте Алехандро Кларо Физбен (Куба) жекпе жек өткізеді.
🔥14👏3🥰1
12 қыркүйек күні Ливерпульде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалында 65 келідегі Аида Әбікеева ирландиялық Грэйн Мари Уолшты 5:0 есебімен жеңіп, қазақстандық боксшылар арасынан алғашқы болып әлем чемпионатының финалына шықты.

Елдана Талипова Польша боксшысы Агата Кацмарскаға 0:5 есебімен жол берді. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржыны екінші 🥉қола жүлдемен толықты.

Аса ауыр салмақтағы әлем чемпионатының жартылай финалында Айбек Оралбай кубалық Хулио цезарь Ла Крузды 3:2 есебімен жеңді.

👉Енді финалда Айбек 🇺🇿өзбекстандық Жахонгир Зокировпен жұдырық түйістіреді.

Ал бүгін қазақстандық бокшылардың қатысуымен тағы бірнеше жартылай финалдық жекпе-жектер өтеді.

13 қыркүйек 1/2 ФИНАЛ

Күндізгі сессия, 16:00
48 келі. Назым Қызайбай vs Сабина Бобокулова🇺🇿
50 келі. Санжар Тәшкенбай vs Алехандро Кларо Физ🇨🇺
55 келі. Махмұд Сабырхан vs Лю Чуанг🇨🇳

Кешкі сессия, 22:00
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Ксиню Кю🇨🇳
70 келі. Наталья Богданова vs Шантель Рейд🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
70 келі. Төрехан Сабырхан vs Одель Камара🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿

🔴🟥📹Тікелей эфир: Qazsport

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥52🥰1👏1
Қазақстандық сегіз футбол клубы жеке меншікке өтеді

Жекешелендіру тізіміне мына клубтар енді: “Ақтөбе", “Астана", “Атырау", "Ордабасы", "Тұран", "Тараз", "Каспий", "Шахтёр".

Бұл шешім Қазақстан футболының даму бағытына үлкен өзгеріс әкелуі мүмкін.

💚Атырау облысының спорт басқармасы "Атырау” клубын жекешелендіруді 2025–2026 жылдары жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Инвесторлардан талап етілетін негізгі шарттар: балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, инфрақұрылымды жаңғырту, білікті мамандарды тарту, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.

💙Ал Шымкентте "Ордабасы" клубына қатысты жеке инвесторлармен келіссөздер әзірге жүргізілмеген.
Түркістан облысының әкімдігі

💙"Тұранды" дамыту жобасына "Қазатомпром" ұлттық компаниясын тарту бойынша келіссөз жүргізгенін мәлімдеді. Сонымен қатар, "Саутс-Ойл" компаниясына да ұсыныс жолданған.
Әлеуметтік желілерде осы төрт клубтың да жекешелендірілетіні туралы ақпарат тараған еді.

🦅"Қызылжар" баспасөз қызметі инвестор Сергей Канмен келіссөздер жүргізіліп жатқанын растады. 2026–2028 жылдары клубты қаржыландыру әкімшілік пен жеке капитал есебінен қатар жүргізілмек.

💛"Жеңіс" бұл мәселеге қатысты түсініктеме беруден бас тартты. Ал, "Қайсар” клубы әзірге жекешелендіруге шығарылмағанын айтты.

⛏️Қарағанды облысында
"Шахтёрды” жеке қолға беру туралы айту әлі ерте деп есептейді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін сегіз қазақстандық 🇰🇿боксшы алтын жүлдеге таласады.

🌞Күндізгі сессия,16:00

48 келіге дейін: Назым Қызайбай - Минакши (Үндістан)

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай - Алдарқхишиг Баттулга (Моңғолия)

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан - Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

🌛Кешкі сессия, 22:00

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова - Бусе Наз Чакыроглу (Түркия)

65 келіге дейін: Аида Әбікеева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Сэвон Окадзава (Жапония)

70 келіге дейін: Наталья Богданова - Лекеиша Перголити (Аустралия)

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51👏1
Чхунчхондағы Дэвис кубогы матчында 🇰🇿Қазақстан 🇰🇷Оңтүстік Кореядан 1:3 есебімен ұтылды.

Алғашқы ойында Александр Шевченко Чон Хёнді 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Алайда жарақат алған Александр Бублик құрамнан шығып қалды. Жұптық сында Шевченко – Скатов дуэті Пак Уй Сун – Нам Чжи Суннан 2:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Келесі кездесуде Дмитрий Попко Чон Хёнге қарсы 3:6, 5:7 нәтижесімен есе жіберді. Осылайша, Оңтүстік Корея жалпы есепте 3:1 есебімен басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3🤝2👌1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥊Иван Дычко мансабында алғаш рет жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Сауль «Канело» Альварес — Теренс Кроуфорд бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

Дычко америкалық Джермейн Франклинмен (23-2, 15 КО) жекпе-жек өткізді. Суперауыр салмақтағы бұл кездесу он раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде Франклин төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Теренс Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды

🇺🇸Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварес (63-3-2, 39 КО) пен жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (42-0, 31 КО) кездесті.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Кроуфорд ұпай санымен жеңіске жетті (115-113 екі мәрте және 116-112). Осылайша, америкалық боксшы Альварестің екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын тартып алды.

Жекпе-жек басталысымен Канело қарсыласына қысым көрсетіп отырды. Алайда Кроуфорд Канелоның шабуылдарынан шебер сытылып шығып, өткір қарымта соққылар жасады. Америкалық жылдамырақ, дәлірек соқымен түрлі әдіс көрсетті. Сонымен қатар соққыларды әлдеқайда көп жасады. Сол себепті қорытынды нәтиже осындай болды.

Альварес мансабында үшінші мәрте жеңіліс тапты. Оның еншісінде 63 жеңіс пен екі тең есеп бар. Ал Кроуфорд жеңіліссіз сериясын сақтап, мансабында 42-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, жекпе-жекке дейін сарапшылардың басым бөлігі мен жанкүйерлер жеңісті Канелодан күтсе де, Кроуфорд бәрін таңғалдырып, сенсация жасады.

Осылайша Кроуфорд екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды. Енді ол WBA, WBC, WBO, IBF және The Ring белбеулерінің иегері.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2👏1
Бүгін, 14 қыркүйек Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында екі матч өтеді.

Сағат 17:00-де Алматының орталық стадионында 🏆«Қайрат» — ❤️«Ақтөбе» кездесуі басталады.

Ал 19:00-де Астана-Аренада 🏆«Астана» — 💚«Елімай» матчы өтеді.

«Астана» мен «Қайрат» 21 матчтан кейін бірдей ұпай жинап отыр — 46. Дегенмен қосымша көрсеткіштер бойынша астаналық клуб көш бастап тұр. Алматылықтар екінші орында орналасқан. Ал қостанайлық 💚«Тобыл» үздік үштікте.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51🥰1
Назым Қызайбай әлем чемпионатының 🥈күміс жүлдегері атанды

48 келі финалында ол үндістандық Минакшиге 4:1 есебімен есе жіберді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥104👏3
Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы 🏆атанды

50 келіде финалда Санжар моңғолиялық Баттулга Алдаркишигті 5:0 есебімен жеңді.
19🔥6
Махмұд Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы 🏆

55 келі ақтық сынында Махмұд Рафаэль Лазано Сераноны (Испания) жеңді👏🏼 5:0.
🔥28💋2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Дастан Сәтпаевтың голы “Қайратқа” маңызды жеңіс сыйлады

23-тур аясында өткен Қазақстан премьер-лигасының матчында (ҚПЛ) алматылық “Қайрат” “Ақтөбені” 1:0 есебімен минималды айырмашылықпен жеңді. Ойынның 11-минутында “сары-қаралардың” қақпашысы Темірлан Анарбеков допқа шығу кезінде қарсылас ойыншысымен қақтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Қақпашыны алаңнан зембілмен алып шықты. Оның орнына қақпада Шерхан Қалмұрза тұрды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голы 52-минутта соғылды. 17 жастағы алматылық шабуылшы Дастан Сәтпаев Еркін Тапаловтың дәл пасынан кейін допты бір соққымен қонақтар қақпасына бағыттап, мүлт кеткен жоқ.

Бұл жеңіс “Қайратқа” ҚПЛ турнир кестесінде 49 ұпаймен бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

Олар 46 ұпайы бар “Астананы” басып озды. Дегенмен, елордалық клубтың бір ойыны бар. Бүгін, 14 қыркүйек, олар семейлік “Елімайға” қарсы алаңға шықты. Ойын нәтижесі матч аяқталған соң жарияланады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥93🥰2
🏛🏛🏛🏛Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады

🥇Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады.

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥72🤝1
2025/10/26 03:21:13
Back to Top
HTML Embed Code: