Telegram Web Link
Бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін сегіз қазақстандық 🇰🇿боксшы алтын жүлдеге таласады.

🌞Күндізгі сессия,16:00

48 келіге дейін: Назым Қызайбай - Минакши (Үндістан)

50 келіге дейін: Санжар Тәшкенбай - Алдарқхишиг Баттулга (Моңғолия)

55 келіге дейін: Махмұд Сабырхан - Рафаэль Лосано Серрано (Испания)

🌛Кешкі сессия, 22:00

51 келіге дейін: Алуа Балқыбекова - Бусе Наз Чакыроглу (Түркия)

65 келіге дейін: Аида Әбікеева - Навбахор Хамидова (Өзбекстан)

70 келіге дейін: Төрехан Сабырхан - Сэвон Окадзава (Жапония)

70 келіге дейін: Наталья Богданова - Лекеиша Перголити (Аустралия)

90 келіден жоғары: Айбек Оралбай - Жахонгир Зокиров (Өзбекстан)

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51👏1
Чхунчхондағы Дэвис кубогы матчында 🇰🇿Қазақстан 🇰🇷Оңтүстік Кореядан 1:3 есебімен ұтылды.

Алғашқы ойында Александр Шевченко Чон Хёнді 6:4, 6:3 есебімен жеңді. Алайда жарақат алған Александр Бублик құрамнан шығып қалды. Жұптық сында Шевченко – Скатов дуэті Пак Уй Сун – Нам Чжи Суннан 2:6, 3:6 есебімен ұтылды.

Келесі кездесуде Дмитрий Попко Чон Хёнге қарсы 3:6, 5:7 нәтижесімен есе жіберді. Осылайша, Оңтүстік Корея жалпы есепте 3:1 есебімен басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢3🤝2👌1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🥊Иван Дычко мансабында алғаш рет жеңіліс тапты

Қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 КО) Лас-Вегаста (АҚШ) өткен Сауль «Канело» Альварес — Теренс Кроуфорд бокс кешінде шаршы алаңға шықты.

Дычко америкалық Джермейн Франклинмен (23-2, 15 КО) жекпе-жек өткізді. Суперауыр салмақтағы бұл кездесу он раундқа жоспарланған болатын. Нәтижесінде Франклин төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔2🥰1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Теренс Кроуфорд абсолютті әлем чемпионы атанды

🇺🇸Лас-Вегаста өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде мексикалық Сауль Канело Альварес (63-3-2, 39 КО) пен жеңіліп көрмеген америкалық Теренс Кроуфорд (42-0, 31 КО) кездесті.

Жекпе-жек толық 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен Кроуфорд ұпай санымен жеңіске жетті (115-113 екі мәрте және 116-112). Осылайша, америкалық боксшы Альварестің екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын тартып алды.

Жекпе-жек басталысымен Канело қарсыласына қысым көрсетіп отырды. Алайда Кроуфорд Канелоның шабуылдарынан шебер сытылып шығып, өткір қарымта соққылар жасады. Америкалық жылдамырақ, дәлірек соқымен түрлі әдіс көрсетті. Сонымен қатар соққыларды әлдеқайда көп жасады. Сол себепті қорытынды нәтиже осындай болды.

Альварес мансабында үшінші мәрте жеңіліс тапты. Оның еншісінде 63 жеңіс пен екі тең есеп бар. Ал Кроуфорд жеңіліссіз сериясын сақтап, мансабында 42-ші жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетерлігі, жекпе-жекке дейін сарапшылардың басым бөлігі мен жанкүйерлер жеңісті Канелодан күтсе де, Кроуфорд бәрін таңғалдырып, сенсация жасады.

Осылайша Кроуфорд екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды. Енді ол WBA, WBC, WBO, IBF және The Ring белбеулерінің иегері.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥2👏1
Бүгін, 14 қыркүйек Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында екі матч өтеді.

Сағат 17:00-де Алматының орталық стадионында 🏆«Қайрат» — ❤️«Ақтөбе» кездесуі басталады.

Ал 19:00-де Астана-Аренада 🏆«Астана» — 💚«Елімай» матчы өтеді.

«Астана» мен «Қайрат» 21 матчтан кейін бірдей ұпай жинап отыр — 46. Дегенмен қосымша көрсеткіштер бойынша астаналық клуб көш бастап тұр. Алматылықтар екінші орында орналасқан. Ал қостанайлық 💚«Тобыл» үздік үштікте.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51🥰1
Назым Қызайбай әлем чемпионатының 🥈күміс жүлдегері атанды

48 келі финалында ол үндістандық Минакшиге 4:1 есебімен есе жіберді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥104👏3
Санжар Тәшкенбай екі дүркін әлем чемпионы 🏆атанды

50 келіде финалда Санжар моңғолиялық Баттулга Алдаркишигті 5:0 есебімен жеңді.
19🔥6
Махмұд Сабырхан - екі дүркін әлем чемпионы 🏆

55 келі ақтық сынында Махмұд Рафаэль Лазано Сераноны (Испания) жеңді👏🏼 5:0.
🔥28💋2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Дастан Сәтпаевтың голы “Қайратқа” маңызды жеңіс сыйлады

23-тур аясында өткен Қазақстан премьер-лигасының матчында (ҚПЛ) алматылық “Қайрат” “Ақтөбені” 1:0 есебімен минималды айырмашылықпен жеңді. Ойынның 11-минутында “сары-қаралардың” қақпашысы Темірлан Анарбеков допқа шығу кезінде қарсылас ойыншысымен қақтығысып, ойынды жалғастыра алмады. Қақпашыны алаңнан зембілмен алып шықты. Оның орнына қақпада Шерхан Қалмұрза тұрды.

Матчтағы жалғыз әрі жеңіс голы 52-минутта соғылды. 17 жастағы алматылық шабуылшы Дастан Сәтпаев Еркін Тапаловтың дәл пасынан кейін допты бір соққымен қонақтар қақпасына бағыттап, мүлт кеткен жоқ.

Бұл жеңіс “Қайратқа” ҚПЛ турнир кестесінде 49 ұпаймен бірінші орынға шығуға мүмкіндік берді.

Олар 46 ұпайы бар “Астананы” басып озды. Дегенмен, елордалық клубтың бір ойыны бар. Бүгін, 14 қыркүйек, олар семейлік “Елімайға” қарсы алаңға шықты. Ойын нәтижесі матч аяқталған соң жарияланады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥93🥰2
🏛🏛🏛🏛Президент қазақстандық боксшыларды құттықтады

🥇Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханды бокстан Әлем чемпионы атануымен, сондай-ақ Назым Қызайбайды күміс жүлде, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпованы қола жүлде иеленуімен құттықтады.

Президент спортшыларымыздың алдағы финалдық жекпе-жектеріне сәттілік тіледі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥72🤝1
🚴‍♂️Велоспорттан Қазақстан чемпионы Евгений Фёдоров Францияда өткен беделді біркүндік «Фурми Гран-приі» жарысында жүлделі үшінші 🥉орынға ие болды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🥰1👏1💘1
Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 сериялы турнирінде жұптық сайыстың 🏆чемпионы атанды.

Финалда Жібек словениялық Вероника Эрьявецпен (Словения) бірге жапониялық Аяно Шимицу/Момоко Кобори дуэтін бір сағаттан сәл астам уақытта 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Бұл атақ 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы алғашқы жеңісі болды. Сонымен қатар, қазақстандық теннисші жұптық сында ITF турнирлерінде 35 мәрте топ жарған.

Құттықтаймыз👏👏👏

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥111💘1
Қазақстандық балуан Асылжан Есенгелді еркін күрестен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде 🥉қола жүлдеге ие болды!

Ал, Нұрқожа Қайпанов Қазақстанға екінші 🥉медаль әкелді. Әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 70 килограмм салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Үшінші орын үшін белдесуде Нұрқожа Молдова балуаны Василий Дьяконнан басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥6👏2
Сенсация. Алуа Балқыбекова бір жылда екі дүркін әлем чемпионы 🏆 атанды

Бүгін 51 келі салмақта бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа түрік қызы Бусиназ Чакироглудан басым түсті. Есеп – 5:0.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16👍10🔥4
Insports.kz
Сенсация. Алуа Балқыбекова бір жылда екі дүркін әлем чемпионы 🏆 атанды Бүгін 51 келі салмақта бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа түрік қызы Бусиназ Чакироглудан басым түсті. Есеп – 5:0. 📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алуа Балқыбекова мен Бусиназ Чакироглу арасындағы жекпе-жектен кейін түркиялық былғары қолғап шеберінің бапкері нәтижеге наразылық білдірді.


📹Бейнежазба авторы: Аян Төлеген

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱7🤯2🔥1🤣1🙈1
Ел қоржынына төртінші 🥇алтын медаль түсті

Аида Әбікеева бір жылда екі дүркін әлем чемпионы атанды

Финалда Аида 🇺🇿өзбек боксшысы Навбахор Хамидовадан басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏43💋1
19 жасар Төрехан Сабырхан ересектер арасында әлем чемпионы 🏆атанды

70 келіде финалда өнер көрсеткен Төрехан жапониялық Севон Оказаваны тізе бүктірді.

Осылайша Төрехан Сабырхан ел тарихында әлем чемпионы атанған ең жас боксшы ретінде тіркелді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16🔥8👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жас Әлем чемпионын Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті 🇰🇿Геннадий Головкиннің өзі құттықтады 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👏41🤝1
2025/10/25 05:04:12
Back to Top
HTML Embed Code: