Telegram Web Link
Insports.kz
Сенсация. Алуа Балқыбекова бір жылда екі дүркін әлем чемпионы 🏆 атанды Бүгін 51 келі салмақта бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа түрік қызы Бусиназ Чакироглудан басым түсті. Есеп – 5:0. 📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алуа Балқыбекова мен Бусиназ Чакироглу арасындағы жекпе-жектен кейін түркиялық былғары қолғап шеберінің бапкері нәтижеге наразылық білдірді.


📹Бейнежазба авторы: Аян Төлеген

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱7🤯2🔥1🤣1🙈1
Ел қоржынына төртінші 🥇алтын медаль түсті

Аида Әбікеева бір жылда екі дүркін әлем чемпионы атанды

Финалда Аида 🇺🇿өзбек боксшысы Навбахор Хамидовадан басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏43💋1
19 жасар Төрехан Сабырхан ересектер арасында әлем чемпионы 🏆атанды

70 келіде финалда өнер көрсеткен Төрехан жапониялық Севон Оказаваны тізе бүктірді.

Осылайша Төрехан Сабырхан ел тарихында әлем чемпионы атанған ең жас боксшы ретінде тіркелді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16🔥8👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жас Әлем чемпионын Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті 🇰🇿Геннадий Головкиннің өзі құттықтады 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👏41🤝1
Алтыншы алтын 🥇

Ливерпульдегі әлем чемпионатында 70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова финалда аустралиялық Лекейша Перголитиді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Наталья әлем чемпионы атанды.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥17🔥10🥰2
🏆 “Астана” мен 💚“Елімай” тең тарқасты

Португал төрешісі Гонсалвештің шешімімен “Астананың” екінші голы есепке алынбады. Елордалық команда ҚПЛ тарихында алғаш рет төрешіден теперіш көрді.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында “Астана” мен семейлік “Елімай” арасындағы тартысты ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.

Есепті елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Назми Грипши 14-минутта ашты. Ал 27-минутта қорғаушы Алекс Аманович алаң иелерінің басымдығын еселеді. “Елімайдың” қарымта голы көп күттірмеді. 32-минутта Кевин Ролон айырмашылықты қысқартты.

Кездесудің екінші бөлігінде семейлік команда есепті теңестірді. 57-минутта шабуылшы Ғалымжан Кенжебек мергендігімен көзге түсті. Алайда 61-минутта Назми Грипши тағы бір дәл соққысымен “Астананы” қайтадан алға шығарды. Бірақ үш минуттан кейін қонақтар сапынан Иван Свиридов нәтижені қайта теңестірді.

Осылайша “Астана” “Қайратты” қуып жетіп, бірінші орынды иелену мүмкіндігін жіберіп алды. Елордалық клубта 47 ұпай, ал көшбасшы “Қайратта” 49 ұпай бар. 39 ұпай жинаған семейлік “Елімай” бесінші орынды “Ақтөбемен” бөлісіп тұр. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ақтөбеліктер жоғары орналасқан.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4😁3🔥2
Айбек Оралбай әлем 🏆чемпионы атанды

Аса ауыр салмақтағы финалдық айқаста Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокироты 3:2 есебімен жеңді.
👏15🔥93💋1
Ливерпульдегі әлем чемпионаты осымен тәмәм. 🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 7 алтын🥇, 1 күміс🥈, 2 қола 🥉медальмен 1 - орынға ие болды.

🥇 Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇 Аида Әбікеева (65 кг)
🥇 Наталья Богданова (70 кг)

🥈 Назым Қызайбай (48 кг)

🥉 Виктория Графеева (60 кг)
🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)


Екінші орынды 🇺🇿Өзбекстан құрамасы еншілесе, үздік үштікті 🇮🇳үндістандық былғары қолғап шеберлері түйіндеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥305👏51🎉1🆒1
🇰🇿Қазақстандық желаяқ әлем чемпионатының финалына шықты

13-21 қыркүйек аралығында Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Жарыста 200 елден 2000-нан аса спортшы сынға түсуде.

Қазақстандық жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Токио төрінде өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нора Джеруто өзінің шеберлігін тағы бір дәлелдеп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру сайысының іріктеу жарыстары өтті. Қазақстан намысын бұл сында Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қорғаған еді. Нора алғашқы жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиып, финалға тікелей жолдама алды.

Өкінішке қарай, Дейзи Джепкемей өз тобында тоғызыншы орыннан әрі аса алмады. Регламентке сай тек үздік бестік қана шешуші сынға өтті.

Енді бар үміт Нора Джерутода. 17 қыркүйекте өтетін финалда ол әлемнің мықтыларымен қатар жүлде үшін бақ сынайды. Бұл бәсекеде Нораның жеңісті жолын жалғастыратынына сенім зор.

Айта кетейік, аталған спортшылармен қатар әлем чемпионатында тағы үш спортшымыз - Полина Репина (35 км спорттық жүріс), Ясмина Тоқсанбаева (20 км спорттық жүріс), Галина Якушева (35 км спорттық жүріс) ел намысын қорғайды.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏32
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

❄️«Қайрат» – 👑«Реал» матчының билеттері 23 қыркүйекте сатылымға шығады.

Матч билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Ticketon және клубтың ресми сайтында сатылады.

💰Билет бағасы: 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.

Бір ЖСН-ға 2 билеттен артық сатып алуға болмайды

Абонемент иелері өз орындарын алдын ала рәсімдей алады. Ал әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлек билеттер қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Алматылық ❄️"Қайрат" Лиссабонға тарихи матчқа жол тартты

Лиссабонда қазақстандық команда 🇪🇺УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің алғашқы кездесуін өткізеді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын алматылықтар "Спортингке" қарсы алаңға шығады.

Ойын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні 🏟 "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. 50 мыңнан аса жанкүйер сыятын аренадағы матч Қазақстан уақытымен түнгі00:00-де басталады. Бұл "Қайрат" тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Қарсылас – Португалия футболының алыптарының бірі, 21 мәрте ел чемпионы атанған, 18 рет Кубок жеңіп алған, 8 мәрте Суперкубок иеленген және 4 мәрте Лига кубогында топ жарған "Спортинг".

Жалпы кезеңде "Қайрат" 8 ойын өткізеді – төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Плей-оффқа жалпы кестедегі алғашқы сегіз команда тікелей жолдама алады. Ал 9–24 орындардағы клубтар өзара қосымша кездесу өткізіп, келесі кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Осы матчтарда жеңілген ұжымдар, сондай-ақ 25–36 орынға тұрақтаған клубтар еурокубоктағы маусымын аяқтайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥62👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлем чемпиондары елге аман-есен оралды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласынан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері:

🥇Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇Аида Әбікеева (65 кг)
🥇Наталья Богданова (70 кг)

🥈Назым Қызайбай (48 кг)

🥉Виктория Графеева (60 кг)
🥉Елдана Тәліпова (+80 кг)

📹 ҚР туризм және спорт министрлігі

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9👏7🔥4
Бүгін Талдықорғанда Қазақстан Премьер-Лигасының 23-туры аясында 💙«Жетісу» мен қызылордалық 🐺«Қайсар» арасында кездесу өтеді.

Матч сағат 15:00-де басталады.
Командалар турнирлік кестеде қатарлас тұр. «Жетісу» 20 ұпаймен оныншы орынға жайғасса, ал «Қайсар» 19 ұпаймен 11-орында орналасқан.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Бүгін, 16 қыркүйекте Түркияда (Каппадокия) 🏓үстел теннисінен халықаралық «WTT Feeder Cappadocia II» турнирі басталады.

Оған Аустрия 🇦🇹, Әзербайжан 🇦🇿, Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿, Бельгия 🇧🇪, Бразилия 🇧🇷, Венгрия 🇭🇺, Венесуэла 🇻🇪, Грекия 🇬🇷, Дания 🇩🇰, Египет 🇪🇬, Иран 🇮🇷, Үндістан 🇮🇳, Испания 🇪🇸, Қазақстан 🇰🇿, Корея 🇰🇷, Колумбия 🇨🇴, Румыния 🇷🇴, Словакия 🇸🇰, Словения 🇸🇮, Сингапур 🇸🇬, Түркия 🇹🇷, Тайбэй 🇹🇼, Өзбекстан 🇺🇿, Чили 🇨🇱, Швейцария 🇨🇭 және Жапония 🇯🇵 спортшылары қатысады.

Еліміздің намысын Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Жанерке Қошқымбаева, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жұбанов, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Бақдәулет Акимали, Владислав Захаров және Ирисбек Артықметов қорғайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍2👏1
Өткен демалыс күндері Парижде спорттық гимнастикадан «World Challenge Cup 2025» кубогының төртінші кезеңінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 🥇алтын медаль жеңіп алды.

Финалда Құрбанов төрешілерден 15,066 ұпай жинап, сенімді түрде қарсыластарын артта қалдырды. 🥈Күміс жүлдені армениялық Гамлет Манукян (14,800) иеленсе, 🥉қола медаль италиялық Габриэлле Таргеттаға (14,733) бұйырды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Зейнолла Идрисов (14,633) осы жарыста төртінші орынға тұрақтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.

Айта кетейік, 27 жастағы Нариман Құрбанов – 🇫🇷Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы (2023, 2024, 2025).

Құттықтаймыз👏👏👏

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥94👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥53😱2
👑Мадридтің «Реалы» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алғашқы турда Францияның «Марселін» тізе бүктірді. «Сантьяго Бернабеу» стадионындағы тартысты кездесу 2:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 22-минутында қонақтар сапынан Тимоти Веа есеп ашып, «Марсельді» алға шығарды. Бірақ «корольдік клуб» көп ұзамай қарымта қайтарды. Килиан Мбаппе 29-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал шешуші соққысын тағы да 81-минутта дәл орындап, дубль авторы атанды.

72-минутта Даниэль Карвахаль алаңнан қуылып, «Реал» кездесуді он ойыншымен жалғастырды. Соған қарамастан мадридтіктер жеңісті уысынан шығарған жоқ.

Келесі турда, 30 қыркүйекте, «Реал» Алматыда❄️ «Қайратпен» жолығады. Ал «Марсель» өз алаңында Амстердамның «Аяксын» қабылдайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥2👏1😎1
Теннистен 🇰🇿Қазақстан құрамасы 🇺🇸АҚШ-пен кездеседі

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтуде.

Қазақстан әйелдер құрамасы 18 қыркүйекте командалық әлем чемпионатында ширек финалда АҚШ командасына қарсы кортқа шығады. Бұл екі құрама тарихта алғаш рет бетпе-бет кездеседі.

Әлемдік додада 18 мәрте жеңімпаз атанған АҚШ құрамасы турнир тарихындағы ең табысты командалардың бірі. Әсіресе 1976-1982 жылдары қатарынан жеті рет жеңімпаз атануы олардың айқын үстемдігін дәлелдейді.

Қазақстандықтар болса бүгінгі таңда әлемдік командалық рейтингте алтыншы орында тұр. Бұл еліміздің теннис тарихындағы ең жоғары жетістік. Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сынды алпауыттарды артта қалдыру — үлкен сенсация.

Әлем чемпионатында Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Анна Данилина қорғайды.

Осы орайда ұлттық құраманың көшбасшысы 🇰🇿Елена Рыбакина алдағы матч алдында өз ойымен бөлісті:

🎙— АҚШ құрамасы әлемдегі ең мықтылардың бірі. Пегуламен талай рет кездескенмін, Наварроға қарсы ойнау да оңай емес. Дегенмен командалық жарыстың өз атмосферасы бар, мұнда қысым да, психология да өзгеше. Біз де бар күшімізді саламыз, жеңіске деген мүмкіндік бізде де бар, — деді Елена Рыбакина.


Ұлттық құрамамызға сәттілік тілейміз

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥31👏1
Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі бағдарламада әйелдер арасындағы бес салмақ дәрежесінде – 50, 53, 62, 68 және 72 келі бойынша кездесулер өтеді.

🇰🇿 Боз кілемге шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары:

53 кг. Зейнеп Баянова 🆚 Сейон Пак (🇰🇷)
62 кг. Тыныс Дүбек 🆚 Алисия Новосад (🇵🇱)
68 кг. Бейбіт Сейдуалы 🆚 Хеньйен Пак (🇰🇷)
72 кг. Жәмилә Бақбергенова 🆚 Нұрзат Нұртаева (🇰🇬)
50 кг. Элизавета Смиронова , жұбаныш белдесуі.

Іріктеу кезеңдері мен жартылай финалға дейінгі белдесулер таңғы сессияда өтеді. Басталуы 13:30 (Астана уақыты).

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥61👏1
21 жастағы қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Самарқандта өткен FIDE Grand Swiss 2025 турнирінде 🥉қола жүлдеге ие болды.

🔹 Бибісара 7½ ұпай жинап, 25 000 АҚШ долларын иеленді.
🔹 Жеңімпаз – Ваишали Рамешбабу (Үндістан, 8 ұпай), күміс – Екатерина Лагно (FIDE, 8 ұпай).

Сондай-ақ турнирге қатысқан бірқатар қазақстандық шахматшылар тамаша нәтиже көрсетті :

– Меруерт Камалиденова – 19-орын (6 ұпай, $3 000)
– Елназ Қалиахмет 15 жаста гроссмейстер нормасын орындады (5 ұпай)
– Ксения Балабаева – 5 ұпай

Бибісараның жеңісі – Қазақстан шахматындағы тарихи жетістік!

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥5🔥51
2025/10/23 04:08:29
Back to Top
HTML Embed Code: