Telegram Web Link
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🏅«Ерен еңбегі үшін» медалі:

1. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Виктория Графееваға;

2. Алматы қаласы спорт басқармасы
№ 6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа;

3. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Елдана Тәліповаға берілді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
4👏2🔥1
🏛🏛🏛🏛

ҚР Президентiнiң Алғысы:

🔹Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа;
🔹Дирекцияның нұсқаушы-спортшысы Назым Қызайбайға;
🔹Бокстан жаттықтырушысы Долкунжан Камековке.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥4🔥1💋1
Демеу Жадыраев 🥉қола үшін күреседі

Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында (-77 кг) отандасымыз Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде украиналық Игорь Бычковпен кездесетін болды.

Белдесу ертең, Астана уақытымен 13:30-да басталады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥91👏1
«Қайраттың» «Спортингке» қарсы алаңға шығатын ойыншылар құрамы

🇪🇺 Чемпиондар Лигасы. 1-тур

🇵🇹 Спортинг – Қайрат❄️

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥73🥰1
Шерхан Қалмұрза пенальтиді қайтарды ⚽️🧤

Жарайсың, Шерхан👏👏👏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👏2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥41👏1
Гол⚽️

🇵🇹 Спортинг 1:0 Қайрат 🇰🇿

Тринкау 44'

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Италиядан 1:2 есебімен жеңілді. Кездесу Фазано қаласында өтті.

15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашса, 29-минутта Жулио Де Оливейра айырманы ұлғайтты. 32-минутта Шыңғыс Есенаманов гол соқты.

Қазақстан құрамасы гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал Италия қақпашысы Юрий Беллобуоно сенімді ойнады. Сарапшылардың пікірінше, шабуылдағы дәлдік артса, екі ойын қорытындысы бойынша ұлттық құрама пайдасына шешілуі ықтимал.

Еуро-2026 финалы 2026 жылдың 20 қаңтары – 7 ақпаны аралығында Словения, Латвия және Литвада өтеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
👍3🥰1👌1
"Барыс" сырт алаңдағы алғашқы кездесуде жеңіліс тапты

Әдеттегідей, бұл ойында да төбелес орын алды. Әлихан Әсетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді.

Толығырақ https://www.inbusiness.kz/kz/news/barys-syrt-alandagy-algashky-matchta-zhenilis-tapty
🤣2
18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының ✍️тарихына енді

Алматылық клуб сырт алаңда «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңіліс тапты.


18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы турында «Спортингке» қарсы ойында пенальти қайтарды.

Жас голкипер турнир тарихына 11 метрлікті тойтарған екінші ең жас қақпашы ретінде енді.

Қалмұрза бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде қол жеткізді. Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек 2017 жылы «Бенфика» сапында 18 жас 65 күнінде Миле Свилар көрсеткен болатын. Қазір ол Римнің «Ромасында» ойнайды.

Айта кетейік, алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы алғашқы ойында жарақат алған еді.

Ал іріктеу кезеңінің басты қаһарманы, жауапты ойында «Селтикке» қарсы серияда үш пенальти қайтара білген 🇰🇿Темірлан Анарбеков 14 қыркүйекте өткен ҚПЛ-2025 турындағы «Ақтөбеге» қарсы кездесуде жақ сүйегін сындырып алған.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👏2
Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Загребте өткен додада 77 келіде ол қола медаль үшін Мажарстан балуаны Роберт Аттила Фричпен белдесіп, 5:6 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Жадыраев финляндиялық Йонни Сарккинен мен сербиялық Алекса Иличті ұтты. Бірақ ширек финалда олимпиада чемпионы Нао Кусакадан жеңілді. Жұбаныш белдесуінде украиналық Игорь Бычковты тізе бүктірді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥1
Астанаға сумо аңызы Хакухо Сё келе жатыр

23 қыркүйекте елордада бірегей спорттық шара өтеді. Әлемдік сумо жұлдызы Хакухо Сё мастер-класс өткізіп, 🇰🇿қазақстандық спортшылармен кездеседі.

Айта кетейік, Хакухо Сё – сумо тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Ол макуути дивизионында 45 рет бас жүлде жеңіп алып, рекорд орнатқан.

2007 жылы ёкодзуна атағын иеленіп, 14 жыл бойы жоғары дәрежеде белдесті. Кәсіби мансабында 1187 ресми жеңіске қол жеткізді.

Моңғолияда туған спортшы кейін Жапония азаматтығын алып, сумо тарихындағы ең мықты балуандардың бірі ретінде танылды.

📍 Кездесу:
🗓 23 қыркүйек
🕐 13:00
🏨 Radisson Astana қонақүйі

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥82🥰2😁2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
XXI ғасырда Қазақстан алғаш рет грек-рим күресінен әлем чемпионатының 🥇алтын жүлдесіне қол жеткізді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті.

60 келіге дейінгі салмақта күрескен Сұлтанғали қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ақтық сында ол Өзбекстан өкілі Алишер Ганиевті айқын басымдықпен – 9:0 есебімен мерзімінен бұрын тізе бүктірді.

Бұл қазақстандық балуанның әлем чемпионатындағы ең ірі жетістігі. Айта кетейік, ол бұған дейін екі мәрте (2018, 2022) әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді.

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасынан соңғы рет 1999 жылы Мхитар Манукян 63 келіде алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏123🏆3💘1
Батумиден сүйінші жаңалық

🏓Үстел теннисінен Батуми қаласында «WTT Youth Contender» турнирі өтіп жатыр.

Жарысқа Әзербайжан, Англия, Болгария, Нидерланды, Грузия, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары қатысуда.

Бүгін қазақстандық үстел теннисінің шеберлері тамаша нәтиже көрсетті:
🥇Жәния Бекмұхамбетова – жекелей сын, 13 жасқа дейін
🥇Нұрдәулет Азаматұлы – жекелей сын, 13 жасқа дейін
🥉Дарья Фу – жекелей сын, 17 жасқа дейін
🥉Абдулла Мамай / Ноила Ханиязова – аралас сайыс, 19 жасқа дейін
🥉Алексей Маркин / Анколика Чакраборти (Қазақстан/Үндістан) – аралас сайыс, 15 жасқа дейін
🥇Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша), 19 жасқа дейін
🥇Асылхан Мақзұмбеков / Мария Лукьянова (Қазақстан), 15 жасқа дейін

Ертең 19, 15 және 11 жасқа дейінгі жас санаттарында өтетін жекелей жарыстарда да спортшыларымыз сәтті өнер көрсетеді деп үміттенеміз.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👍51🥰1
Кәсіпкер «Қайрат» футболшыларына «Реалды» жеңген жағдайда автокөлік сыйлауға уәде етті

Қазақстандық кәсіпкер Турсен Алагузов «Қайрат» футбол клубына және оның ойыншыларына үндеу жариялады. Ол мадридтік «Реалды» жеңген жағдайда әрбір футболшыға автокөлік сыйлауға уәде етті.
«Қымбатты қазақстандықтар, бүгін Алматы күні. Мен де барлық патриоттар секілді 10 күннен кейін біздің сүйікті «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтетінін білемін. Сондықтан мен республика патриоты ретінде «Қайрат» командасы жеңіске жеткен жағдайда ойнаған барлық ойыншыға автокөлік сыйлаймын деп уәде беремін, - деді кәсіпкер.

Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4🔥3😱1
2025/10/23 17:49:30
Back to Top
HTML Embed Code: