Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
“Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев елордалық “Жеңіспен” өтіп жатқан ойында дубль жасап, ҚПЛ-дағы (2025ж) голдар санын 11-ге жеткізді.
Осы нәтижеден кейін ол “Астана” ойыншысы, хорватиялық Марин Томасовты қуып жетіп, бомбардирлер тізімінде көш басына шықты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤11👏2🔥1😭1
Ханчжоудағы (Қытай) ATP-250 санатындағы турнирдің жартылай финалында Бублик қытайлық У Ибинді 6:3, 6:3 есебімен жеңді.
Бұл Александр үшін мансабындағы 15-ші финал болмақ. Шешуші ойында қазақстандық теннисші француз Валентен Руаемен чемпиондық атаққа таласады. Кездесу 23 қыркүйек, 16:30 да өтеді.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥4❤1👏1
Мемлекет басшысы ⚽️ FIFA президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президенті Джанни Инфантиномен кездесті. Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға бағытталған FIFA Arena бағдарламасы үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның футболды аймақта қарқынды дамытатынына сенімді екенін айтты.
Джанни Инфантино да футболға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ұлттық деңгейде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президенті Джанни Инфантиномен кездесті. Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға бағытталған FIFA Arena бағдарламасы үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның футболды аймақта қарқынды дамытатынына сенімді екенін айтты.
Джанни Инфантино да футболға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ұлттық деңгейде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3👏2
Olimpbet Астанада өткен киберспорт турнирінің серіктесі болды
Atameken Media League Dota 2 ойынына 14 команданы жинап, бұл индустрия үшін маңызды оқиғаға айналды.
Астанада Atameken Business медиахолдингі ұйымдастырған турнир өтті. Жарысқа қатысушылар 1 млн теңге көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салды. Іс-шараның бас серіктесі Қазақстанда киберспортты дамытуға үлес қосып отырған Olimpbet компаниясы болды, деп хабарлайды insports.kz.
Doteri2 командасы турнир жеңімпазы атанып, бас жүлде 500 мың теңге иеленді. Games of Future Astana екінші орынға (250 мың теңге), Salem- үшінші орынға (150 мың теңге) табан тіреді. Warpzone Astana төртінші нәтиже көрсетіп, 100 мың теңге ұтып алды.
Atameken Business бас директоры Қанат Сахарияновтың айтуынша, турнирге қызығушылық күткеннен асып түсті.
Турнир серіктестері де пікір білдірді. Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий
Шемраев былай деді:
Турнир қонақтарының арасында киберспорт блогері Айгерім Дунамис те болды. Ол мұндай бастамалардың қауымдастықты нығайтып, болашақ чемпиондарға жол ашатынын атап өтті:
Турнир YouTube-тегі Atameken Business арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, мыңдаған көрермен жинады. Сарапшылардың пікірінше, Atameken Business пен Olimpbet арасындағы серіктестік Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымын дамытудың үлгісіне айналуы ықтимал.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport

🎙 «Форматты кеңейтіп, барынша ашық етуге тура келді. Бұл Қазақстанда киберспорттың қаншалықты жылдам дамып жатқанын көрсетеді», – деді ол.
Турнир серіктестері де пікір білдірді. Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий
Шемраев былай деді:
🎙
«Киберспорт қазірдің өзінде ойын-сауық шеңберінен шығып, ойыншыларды, жанкүйерлерді және бизнесті біріктіретін маңызды индустрияға айналды. Осындай жобаларды қолдау арқылы біз Қазақстанның халықаралық аренада өз орнын алуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырамыз», - деді Геннадий Шемраев.
Турнир қонақтарының арасында киберспорт блогері Айгерім Дунамис те болды. Ол мұндай бастамалардың қауымдастықты нығайтып, болашақ чемпиондарға жол ашатынын атап өтті:
🎙
«Мұндай жарыстардың ең үлкен маңызы – ойыншылар мен жанкүйерлерді бір аренада тоғысуында. Көпшілік үшін бұл үлкен сахнаның бір бөлігі екенін сезінудің тамаша мүмкіндігі», - дейді Айгерім Дунамис.
Турнир YouTube-тегі Atameken Business арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, мыңдаған көрермен жинады. Сарапшылардың пікірінше, Atameken Business пен Olimpbet арасындағы серіктестік Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымын дамытудың үлгісіне айналуы ықтимал.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰3🔥1👏1🌚1
Маңызды матч
Бүгін, 23 қыркүйек Астанада футзалдан Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін🇰🇿 Қазақстан мен 🇮🇹 Италия құрамалары арасындағы қарымта плей-офф матчы өтеді.
📺 Қазақстан – Италия кездесуінің тікелей эфирі 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.
Естеріңізге сала кетейік, құрамалардың алғашқы ойыны 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында 2:1 есебімен, алаң иелерінің жеңісімен аяқталған болатын.
Құрамамызға сәттілік тілейміз✊
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Бүгін, 23 қыркүйек Астанада футзалдан Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін
Естеріңізге сала кетейік, құрамалардың алғашқы ойыны 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында 2:1 есебімен, алаң иелерінің жеңісімен аяқталған болатын.
Құрамамызға сәттілік тілейміз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4💘4🔥1
Шымкент әкімдігі бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары ағайынды Төрехан және Махмұд Сабырхандарға алғыс айтып, демеушілер есебінен 🏢 пәтер мен 🚗 автокөлік кілтін табыстады.
Ал олардың бапкері Ильяс Оралбековке пәтер кілті🔑 берілді.
Сондай-ақ қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке, бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Санжар-Әли Бегалиевке, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевқа бағалы сыйлықтар🎁 мен 🚗 автокөлік табысталды.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ал олардың бапкері Ильяс Оралбековке пәтер кілті
Сондай-ақ қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке, бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Санжар-Әли Бегалиевке, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевқа бағалы сыйлықтар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🔥2👏2
Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен күн. Бүгін, 23 қыркүйек, 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матчқа билеттер 17:00-де сатылымға шығады.
Алматының❄️ “Қайраты” мен Мадридтің👑 “Реалы” арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Алматының
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық велошабандоз қыздар әлем чемпионатында өнер көрсетті
🇷🇼 Руанда астанасы Кигалиде тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты – UCI Road World Championships турнирі өтіп жатыр.
Жарыс 21–28 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтуде. Чемпионат аясында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда: әйелдер және ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер және ерлер топтық жарыстары, сондай-ақ аралас эстафета.
Биылғы турнирдің басты жаңалығы – 23 жасқа дейінгі қыздар үшін жеке уақытқа бөлек жарыстың енгізілуі.
🚴♀️Әйелдер арасындағы элита санатындағы "жекелей жарыста" Швейцария спортшысы Марлен Ройссер 31,2 км қашықтықты 43:09,34 уақытпен еңсеріп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланды өкілі Анна Ван Дер Брегген, қола жүлдені тағы бір нидерландылық спортшы Деми Воллеринг иеленді.
🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.
🚴♂️Ерлер арасында жекелей жарыста (Elite Men ITT) әлем чемпионы атағын бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіп алды. Ол бұл дисциплинада қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Күміс жүлде аустралиялық Джей Вайнға бұйырса, қола жүлдені тағы бір бельгиялық Илан ван Вилдер алды. Әлем чемпионатының басиы фавориттерінің бірі Словения өкілі Тадей Погачар төртінші орынмен шектелді.
Айта кетейік, бүгін 23 қыркүйек жасөспірімдер арасында жекелей жарыстар өтуде. Қыздар 18,3 шақырымдық, ұлдар 22,6 шақырымдық сайыста сынға түсуде. Әлем чемпионаты 28 қыркүйек күні 267,5 шақырымдық топтық жарыспен аяқталады.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Жарыс 21–28 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтуде. Чемпионат аясында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда: әйелдер және ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер және ерлер топтық жарыстары, сондай-ақ аралас эстафета.
Биылғы турнирдің басты жаңалығы – 23 жасқа дейінгі қыздар үшін жеке уақытқа бөлек жарыстың енгізілуі.
🚴♀️Әйелдер арасындағы элита санатындағы "жекелей жарыста" Швейцария спортшысы Марлен Ройссер 31,2 км қашықтықты 43:09,34 уақытпен еңсеріп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланды өкілі Анна Ван Дер Брегген, қола жүлдені тағы бір нидерландылық спортшы Деми Воллеринг иеленді.
🚴♂️Ерлер арасында жекелей жарыста (Elite Men ITT) әлем чемпионы атағын бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіп алды. Ол бұл дисциплинада қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Күміс жүлде аустралиялық Джей Вайнға бұйырса, қола жүлдені тағы бір бельгиялық Илан ван Вилдер алды. Әлем чемпионатының басиы фавориттерінің бірі Словения өкілі Тадей Погачар төртінші орынмен шектелді.
Айта кетейік, бүгін 23 қыркүйек жасөспірімдер арасында жекелей жарыстар өтуде. Қыздар 18,3 шақырымдық, ұлдар 22,6 шақырымдық сайыста сынға түсуде. Әлем чемпионаты 28 қыркүйек күні 267,5 шақырымдық топтық жарыспен аяқталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1🥰1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемнің 19-ракеткасы
Финалда қазақстандық теннисші рейтингте 88-орында тұрған француз спортшысы Валентен Руайені 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Ханчжоудағы бұл титул 28 жастағы Александр Бубликтің 2025 жылғы бесінші жеңісі болды.
Финалға шыққаны үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай мен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👏3💘1
Италия ЕУРО-2026 додасына жолдама алды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға пенальти сериясында ұтылып, Еуро-2026 жолдамасынан қағылды.
Алғашқы матч Италияда өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін Астанада өткен қарымта ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен басым түсті. Ойын овертаймға ұласты, бірақ қосымша уақытта гол соғылған жоқ.
Пенальти сериясында Қазақстан төрт мүмкіндікті де мүлт жіберді. Альберт Ақбалықов, Арнольд Кнауб, Дуглас және Эдсон гол соға алмады. Ал Италия екі гол соғып, Еуро-2026-ға жолдама алды.

🥱5😭2❤1
23 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде әйгілі сумо балуаны Хакухо Сёмен кездесу өтті.
Тараптар мәдени-спорттық байланыстың, сондай-ақ дәстүрлі спорт түрлерінің, соның ішінде сумоның халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызын атап өтті. Әңгіме барысында сумоның заманауи спорт қозғалысындағы орны сөз болды. Бұл спорт түрі Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына енгізілген және алдағы уақытта Олимпиада ойындарына қосылуы мүмкін екені айтылды.
Қазіргі таңда сумомен 85 ұлттық федерация айналысады, жанкүйерлер қатары да артып келеді. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, Хакухо Сё (шын есімі — Мунхбатын Даваажаргал) — тарихтағы ең атақты сумо балуаны, 69-шы ёкодзуна, 45 дүркін чемпион. 2021 жылы мансабын аяқтап, Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» мектебін басқаруды бастады.

❤2👍2
19 жасар қазақстандық футболшы жол апатынан қаза тапты
«Тобыл» – «Ордабасы» арасындағы ҚПЛ ойыны бір минут үнсіздікпен басталды.
23 қыркүйек күні «Жеңіс» әйелдер клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты.
23 қыркүйекте Виктория Павлодар – Қызылорда тас жолындағы Байет ауылынан бес шақырым жерде болған сұмдық жол апатында қаза тапты. Жасы небәрі 19-да еді.
Toyota Lucida көлігі қашықтықты сақтамаудың салдарынан Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан. Машинада болған бес адамның барлығы өртеніп кетті.
Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала деректер бойынша, Toyota Lucida жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамай, Sitrak көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен.
Виктория – Павлодар тумасы, «Ертіс» пен «Ақсу» балалар мектептерінің тәрбиеленушісі. Қорғаушы позициясында ойнады. Үлкен футболдағы жалғыз маусымында 17 матч өткізді, оның 14-інде негізгі құрамда алаңға шықты.
Соңғы матчын Виктория 8 қыркүйекте «Астанаға» қарсы дербида өткізді. Қолы ауыр жарақат алғандықтан, 30-минутта алаңнан алмастырылды. Келесі ойында «Жеңіс» футболшы қыздары алаңға Викторияның жейдесімен шығып, қолдау білдірді.

😭9🕊4🤯1😱1