Telegram Web Link
🥊IBA алдағы әлем чемпионатында жеңімпаздарға рекордтық 💰сыйақы ұсынып отыр

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) 2025 жылғы ерлер арасындағы элита санатындағы әлем чемпионаты жайлы ақпараттармен бөлісті.

Жарыс 2–13 желтоқсан аралығында Дубайда (БАӘ) өтеді. Турнирдің жүлде қоры рекордтық 8 миллион АҚШ долларын құрайды. Әр салмақ дәрежесінің жеңімпазына 300 мың доллардан беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көлемдегі сыйақы бұған дейін мұндай деңгейдегі жарыстарда болмаған.
"Бұл әлем чемпионаты тек рекордтар мен ақшаның көрсеткіші емес. Бұл әрбір боксшы, әрбір бапкер мен әрбір ұлттық федерацияның лайықты құрметке әрі марапатқа ие болуы үшін ұйымдастырылып отыр", – деп атап өтті IBA президенті Умар Кремлёв.

Алдағы турнирдің афишасы да ерекше назар аудартты. Онда 🇫🇷2024 жылғы Париж Олимпиадасының жүлдегері, 🇰🇿Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай бейнеленген. Бұл қазақстандық команданың алдағы әлем біріншілігіндегі рөлінің маңыздылығын айқындайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤔21🤯1
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты аясындағы жүзу жарыстары аяқталды

🇰🇿Қазақстан құрамасы бұл бәсекеде жалпы он медаль жеңіп алды.

🥇Алтын жүлдені ел қоржынына Әділбек Мусин (50 метр баттерфляй) салды.

🥈Күміс жүлдегерлер:
Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй),
София Әбубәкірова (50 метр арқамен жүзу),
Глеб Коваленя (50 метр еркін жүзу),
Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс),
София Әбубәкірова (50 метр баттерфляй).

🥉Қола жүлде иегерлері:
Софья Сподаренко (100 метр баттерфляй),
Максим Сказобцов (50 метр баттерфляй),
Софья Сподаренко (50 метр баттерфляй),
Қазақстанның аралас командасы (эстафета 4х100 метр еркін жүзу).

Су спорты түрлерінен 28-қыркүйек басталған Азия чемпионаты 10 қазанға дейін жалғасады. Алда ұлттық құрамаларымыз су добынан және көркем жүзуден сынға түседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥1👏1
🏒"Барыс" өз айдынында "Локомотивтен" ірі есеппен ұтылды

Қазан айындағы алғашқы ойында астаналық "Барыс" қазіргі Гагарин кубогының иегері – ярославльдік "Локомотивті" қабылдады.

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/barys-oz-ajdynynda-lokomotivten-iri-eseppen-utyldy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😐1
🇰🇿Қазақстанның Үстел теннисі федерациясының президенті Данияр Абулгазин Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) бас директоры Стив Дейнтонмен кездесті🤝.

Кездесу барысында 2027 жылы Астанада өтетін 🏓әлем чемпионатына дайындықтың негізгі мәселелері талқыланды.

Стив Дейнтон соңғы жылдары елімізде үстел теннисінің дамуы, 2024 жылғы Азия чемпионатының жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілуі, халықаралық турнирлер және инфрақұрылымның кеңеюін ерекше атап өтті.

Стив Дейнтон спорттық ареналар мен қонақүйлерді аралау барысында аталмыш нысандарға көңілі толатынын айтты және Астананың әлемдік біріншілікке дайындығын жоғары бағалады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍31👏1🙈1
🐢Мбаппе жаңа рекорд орнатты

Мадридтік 👑“Реалдың” шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасының екінші турында алматылық ❄️“Қайраттың” қақпасына хет-трик жасап, нағыз шоу көрсетті. Бұл жетістік франциялық ойыншының есімін клуб тарихында қалдырды. Мбаппе бір маусымдағы турнирде “корольдік клубтың” алғашқы үш голын соққан тұңғыш футболшы атанды.

2025/26 маусымын Мбаппе тамаша бастады. “Реал” сапында тоғыз ойында 13 гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Чемпиондар лигасында Килиан бомбардирлер жарысында бес голмен көш бастап тұр.

Ең жақын қарсыластары – “Бавариядан” Харри Кейн мен Майкл Олисе, сондай-ақ “Айнтрахттан” Жонатан Буркард.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Атақты боксшы 🥊🇰🇿Геннадий Головкин 2026 жылы Халықаралық бокс даңқ залына енуге үміткер атанды.

Головкин “Қазіргі заманғы ерлер” санатында Вернон Форрест пен Стив Коллинзбен бірге тізімге енді.

Дауыс беру нәтижесі желтоқсанда жарияланады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👏31
Insports.kz
1–4 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі халықаралық турнир – ISU Challenger сериясындағы Денис Тенді еске алу турнирі өтеді. Биылғы жарыстың қатысушылар құрамы өте мықты. Олардың арасында 2026 жылғы 🏃Олимпиада жүлдесіне үміткерлер де бар.…
Алматыда Денис Тенді еске алу турнирінде әйелдер арасындағы жарыста спортшылар қысқа бағдарламада өнер көрсетті.

Аралық нәтижелер бойынша бірінші орынды Оңтүстік Корея өкілі Ли Хэ Ин иеленді – 64.78 ұпай. Екінші орында – канадалық Маделин Щижас (55.55), ал үшінші сатыға АҚШ спортшысы Джозефин Ли (54.15) көтерілді.

Қазақстандық Амира Ирматова алтыншы орынға табан тіреді – 47.22. Нурия Сүлеймен жетінші нәтиже көрсетті – 44.95, София Фарафонова сегізінші (42.47). Вероника Коваленко оныншы орынға тұрақтады – 39.57, ал Русалина Шакрова 11-орында аяқтады – 30.59.

Айта кетейік, бүгін, 2 қазан күні, ерлер арасындағы қысқа бағдарлама да өтеді. Басталуы – 18:30.

Турнир 4 қазанға дейін жалғасады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1👏1
🎾Зарина Дияс Шымкентте шеберлік сабағын өткізді

Теннистен Қазақстан құрамасының ойыншысы, әлемдік рейтингтің бұрынғы 31-ракеткасы Зарина Дияс жас теннисшілермен кездесіп, оларға қызықты шеберлік сабағын өткізді.

Сабақ керемет атмосферада өтті. Балалар спортшының кеңестерін ынтамен тыңдап, жаттығуларды орындап, оның жетекшілігімен өз күштерін сынап көрді.

Зарина дұрыс техника құпияларымен бөлісіп, өзіңе сенудің және арманға жету үшін табанды еңбектенудің маңызын айтты. Шеберлік сабағынан кейін ол балалармен сөйлесіп, қолтаңба беріп, бірге суретке түсті. Жас спортшылар өз кумирімен жеке жүздесіп, сұрақтарын қоя алғандарына ерекше қуанды.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👏2🔥1
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров Алматыда өтіп жатқан Денис Тенді еске алу турнирінде қысқа бағдарламада бірінші орын иеленді.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері өз қойылымы үшін 95.01 ұпай жинап, жарыстың аралық көшбасшысы атанды.

Екінші орынды Грузия спортшысы Ника Егадзе иеленді – 87.58 ұпай. АҚШ өкілі Джейсон Браун үшінші нәтиже көрсетті – 86.61 ұпай.

Диас Жиренбаев жетінші орынға жайғасты (77.14), Никита Кривошеев – 16-шы (59.33), ал Олег Мельников – 17-ші (54.19) нәтиже көрсетті.

Айта кетейік, еркін бағдарлама 4 қазанда өтеді.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍1💋1🤝1💘1
3–5 қазан аралығында Қытайдың Бейжің қаласында «China Youth Smash 2025» халықаралық турнирі өтеді.

19 жасқа дейінгі жас санатында әлем және Азия жастар чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері сынға түседі: Ким Гаон (Корея, жастар арасындағы халықаралық рейтингте №3), Ли Сынсу (Корея, №4), Рюсей Каваки (Жапония, №5), Ли Хэчэн (Қытай, №7), Алан Құрманғалиев (Қазақстан, №9), Чан Ю-Ань (Тайбэй, №10), Вен Жуйбо (Қытай, №11), Шунто Иваида (Жапония, №15).

Алан Құрманғалиев өз тобында Тайбэй, Сингапур және Гонконг спортшыларымен кездеседі.

Сәттілік тілейміз

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Қазақстандық маман Еуропа чемпионатының матчтарында 🏁төрелік етуі мүмкін

⚽️ФИФА төрешісі, қазақстандық Аслан Галаев 2026 жылдың қаңтар-ақпанында Латвия, Литва және Словенияда өтетін футзалдан Еуропа чемпионатына төрелік ететін үміткерлер қатарына қосылды.

2022 жылы Аслан Галаев Испанияда өткен футзалдан жасөспірімдер Еуропа чемпионаты матчтарына төрелік етіп, жоғары кәсіби шеберлігін көрсетті.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
🇰🇿Жәнібек Әлімханұлы жыл соңында үш титулды біріктіруі мүмкін

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) жыл соңына дейін WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) титулдарды біріктіру үшін 🥊жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Бұл оқиға 6 желтоқсанда АҚШ-та PBC ұйымының PPV шоуы аясында Айзек Круз — Ламонт Роуч-кіші арасындағы жекпе-жекпен бірге өтеді деп күтілуде.

Қазақстан уақытымен бұл 7 желтоқсан таңғы уақытқа сәйкес келеді.
Менің басты мақсатым - Әлемнің абсолютті чемпионы атану! Маған атақ-даңқ, ақша маңызды емес. Мен тарихта қалғым келеді. Қазақстаннан шыққан тұңғыш абсолютті чемпион болуым керек. Бұл менің халқым үшін орасан зор мәнге ие!, - деп жазды Әлімханұлы өзінің парақшасында.

Айта кетейік, әзірге қазақстандық былғары қолғап шеберінің командасы алдағы жекпе-жек жайлы ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥83👏1
Қазақстандық зілтеміршілер әлем чемпионатына🛫 аттанды

2025 жылғы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2–11 қазан аралығында 🇳🇴Норвегияның Фёрде қаласында өтуде. Дүбірлі додаға әлемнің 87 мемлекетінен 477 спортшы қатысуда.

Жарысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Норвегия ауыр атлетика федерациясымен және жергілікті ұйымдастыру комитетімен бірлесіп өткізуде.

Әлемдік біріншілікте 🇰🇿Қазақстан құрамасы да бақ сынайды.

➡️6 қазанда 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алматылық Пётр Хребтов пен астаналық Едіге Емберді жарыс жолына шығады.

➡️7 қазанда 88 келі санатында алматылық Әлібек Рахымберді өнер көрсетсе, 10 қазанда 110 келіге дейінгі салмақта Сұлтан Мейрам ел намысын қорғайды.

Фёрдеде өтіп жатқан әлем чемпионаты ұлттық құрама үшін халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтап, жоғары нәтижелер көрсетуге айрықша мүмкіндік болмақ. Қазақстан құрамасын тәжірибелі маман, бас бапкер Дәурен Бекмұханбетов бастап барды.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆7🔥2👏1
🇺🇿Өзбекстан ұлттық құрамасы атақты италиялық маманмен келіссөздер жүргізуде

Өзбекстан құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына апаратын бас бапкерін тапқан сыңайлы.

Белгілі ✍️инсайдер Фабрицио Романоның мәліметінше, жергілікті федерация аты аңызға айналған Фабио Каннаваромен келісімшартқа қол қояды...

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/ozbekstan-ulttyk-kuramasy-atakty-italiyalyk-mamanmen-kelissozder-zhurgizude
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏7🔥21👍1
Пекинде 🏓үстел теннисінен «China Youth Smash» турнирі басталды. Алғашқы ойын күнінде қазақстандық Алан Құрманғалиев сингапурлық Тана Николасты 4:1 есебімен жеңді.

👉Келесі қарсыласы – Қытай Тайбэйінің өкілі Куо Гуан-Хонг.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍2🔥1👏1
Бүгін, 4 қазан 2025 жылғы маусымдағы Қазақстан 🏆Кубогының финалдық матчы өтеді. Финалда шымкенттік 😀"Ордабасы" мен қостанайлық 😀"Тобыл" кездеседі.

Тарихи ойын сағат 19:00-де Қызылордадағы жаңа
🏟 "Қайсар Арена" стадионында өтпек. Бұл аренадағы алғашқы ресми матч. Ал жанкүйерлерге арналған матч алдындағы іс-шаралар сағат 18:00-де басталады.

Шымкенттіктер үшін де, қостанайлықтар үшін де бұл Қазақстан Кубогы тарихындағы бесінші финал. Екі клубтың еншісінде де екі жеңіс пен екі финалдан бар. Айта кетерлігі, үш финалда олар бір-бірімен кездескен.

📺"Ордабасы" – "Тобыл" кездесуінің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан тамашалай аласыздар.

Ел кубогының иегері келесі маусымда Конференциялар лигасының екінші іріктеу кезеңіне жолдама алады.

🏁Ойынды Швейцариядан келген төрешілер бригадасы бас төреші Свен Вольфенсбергердің жетекшілігімен жүргізеді.

Биыл ел Кубогының ойындары 33-ші мәрте ұйымдастырылып отыр. Бұған дейінгі 32 финал бес қалада – Алматы, Астана, Тараз, Шымкент және Ақтөбеде өткен.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥2🏆1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық спортшы 🥊-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді

4-қазаннан 5-қазанға қараған түні 🇺🇸АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында UFC ұйымының кезекті турнирі – UFC 320 өтеді. Турнир аясында барлығы 14 жекпе-жек жоспарланған. Оның бесеуі – басты кард.

Кездесулер Қазақстан уақытымен 03:00-де басталады. Негізгі жекпе-жектер 05:00-де, ал басты кард 07:00-де өтеді.

Аталған турнирде қазақстандық жартылай орта салмақтағы спортшы Николай Веретенников (13-6) UFC-дегі төртінші жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – 32 жастағы америкалық Пунахеле Сориано (11-4).

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/kazakstandyk-sportshy-ufc-degi-songy-zhekpe-zhegin-otkizedi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан кубогының финалдық матчында шымкенттік
😀«Ордабасы» мен қостанайлық 😀«Тобыл» кездесті. Ойын «Қайсар Арена» стадионында өтіп, Швейцариядан келген Свен Вольфенсбергер бастаған төрешілер тобы басқарды.

Алғашқы тайм толықтай қостанайлықтардың еншісінде болды. Есепті Асхат Тағыбергеннің айып соққысынан кейін Николай Сигневич ашты. Артынша Ахмед Эль-Мессаудидің алыстан жасаған соққысы бағанадан қайтып, допты Ислам Чесноков қақпаға дәл бағыттады.

Екінші таймда «Ордабасы» футболшылары белсенді шабуылға шыққанымен, олардың әрекеті нәтижесіз аяқталды. Қорытынды есеп «Тобылдың» пайдасына - 0:2 .
Осылайша, «Тобыл» үшінші рет Қазақстан кубогын иеленсе, «Ордабасы» үшінші рет финалда жеңіліс тапты.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👏2🔥1
Алан Құрманғалиев 🏓үстел теннисінен Қытайда өтіп жатқан «China Youth Smash 2025» турнирінің ширек финалында тамаша ойын көрсетіп, әлем және Азия чемпионы, жекелей әрі жұптық сында жастар арасындағы үздік спортшы Ли Хеченді (Қытай) 4:3 есебімен жеңді💪.

Осылайша Алан жартылай финалға шықты

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏9🔥41👍1
Insports.kz
Қазақстандық спортшы 🥊-дегі соңғы жекпе-жегін өткізеді 4-қазаннан 5-қазанға қараған түні 🇺🇸АҚШ-тың Невада штаты, Лас-Вегас қаласында UFC ұйымының кезекті турнирі – UFC 320 өтеді. Турнир аясында барлығы 14 жекпе-жек жоспарланған. Оның бесеуі – басты кард.…
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық Николай Веретенников АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен 🥊 320 турнирінде Пунахеле Сорианодан 30-27 есебімен жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл қазақстандық спортшының UFC-дегі соңғы жекпе-жегі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2025/10/18 16:03:40
Back to Top
HTML Embed Code: