Telegram Web Link
Бүгін, 9 қазан күні Андорра-ла-Велье қаласында футболдан 2027 жылғы жастар арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында кездесу өтеді. Бұл ойында Андорра жастар құрамасы өз алаңында 🇰🇿Қазақстан құрамасын қабылдайды.

Екі матчтан кейін Қазақстан жастар құрамасының еншісінде үш ұпай бар. Команда іріктеудің алғашқы матчында Андорраны өз алаңында 1:0 есебімен жеңген еді. Алайда кейін Англия құрамасынан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

Ал Андорра құрамасы төрт ойын өткізіп, барлығында да жеңіліс тапты.

🖥Матчты 22:30-да тікелей эфирде Qazsport арнасынан тамашалауға болады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21
❗️‼️🔺«Хартс» клубы Ислам Чесноковтың қаңтар айында команда қатарына қосылатынын ресми түрде растады

Қазіргі таңда эдинбургтік ұжым Шотландия чемпионатының турнирлік кестесінде көш бастап тұр. Жеті тур қорытындысы бойынша «Хартс» 19 ұпай жинап, басты қарсыласы «Селтикті» екі ұпайға артта қалдырған.

Команданың бас бапкері Дерек МакИннес қаңтар айында қазақстандық шабуылшы Ислам Чесноковтың ресми түрде команда ойыншысы атанатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, «Тобылдың» үздік форварды маусымның екінші жартысында «Хартстың» шабуыл шебін айтарлықтай күшейтпек.

— Бізде жарақаттан оралатын бірнеше ойыншы бар. Рекордтық трансферіміз Эгеу «Килмарнокқа» қарсы матчқа дейін қатарға қосылуы мүмкін. Ал Фрэнки Кент — «Селтикке» қарсы ойынға дайын болады. Қаңтарда құрамды Ислам Чесноков толықтырады. Ол біздің шабуылымызға жылдамдық қосады, — деді МакИннес.


Чесноков «Хартс» сапында қысқы трансфер терезесі ашылғаннан кейін ғана алаңға шығады.

Биылғы маусымда Ислам Чесноков 💚«Тобыл» жейдесінде барлық жарыстарда 27 ойын өткізіп, 10 гол соғып және 4 нәтижелі пас берді.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👏21🔥1
Бүгін, 9 қазан күні 13:00-де қазақстандық теннисші 🇰🇿Елена Рыбакина (WTA рейтингінде 9-орын) 🇨🇳Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан турнирдің 1/8 финалында чехиялық Линда Носковамен (17-орын) кездеседі.

Айта кетейік, Елена Рыбакина Ухань турнирін сәтті бастап, алғашқы айналымда румыниялық Жаклин Кристианды (48-орын) 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥21👏1💋1
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған ІІ Шахмат олимпиадасы өтеді

2025 жылдың 20–25 қазаны аралығында Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған ІІ Шахмат олимпиадасы (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) ұйымдастырылады. Жарысқа әлемнің 32 елінен келген 35 команда қатысады.

Командалар үш санаттағы ойыншылардан құралады: есту, көру қабілеті бұзылған және тірек-қимыл аппараты зақымданған спортшылар.

Қатысушылар арасында Польша, Германия, Үндістан, АҚШ, Мысыр, Өзбекстан және басқа елдердің командалары бар. Қазақстан жарыс иесі ретінде екі командамен өнер көрсетеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👏1
FIFA 2034 жылғы Әлем чемпионатын 2035 жылдың қаңтарына ауыстыруы мүмкін

Сауд Арабиясында 2034 жылдың қараша-желтоқсан айларына сәйкес келетін Рамазан айы жарысты дәстүрлі маусымда өткізуге кедергі келтіреді.
Осыған байланысты FIFA әлем чемпионатының мерзімін қайта қарастыруда.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1😈1
Елена Рыбакина Уханьдағы WTA 1000 турнирінің ширек финалына шықты

1/8 финалда Елена Чехия өкілі, әлемнің 17-ракеткасы Линда Носкованы 6:3, 6:4 есебімен жеңді.

Еленаның келесі қарсыласы әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1🥰1
ГОООООООЛ! КЕНЖЕБЕЕЕК

Бүгін Қазақстан құрамасы сапынан Ғалымжан Кенжебек ойынның басты қаһарманы екені сөзсіз.

Қазақстан - Лихтенштейн
🇰🇿 3:0 🇱🇮

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥51👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Футболдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеу аясында «Астана Аренада» Лихтенштейнді 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

🇰🇿 Қазақстан 4:0 Лихтенштейн🇱🇮
26’ Кенжебек (1:0)
28’ Зайнутдинов (2:0)
59’ Кенжебек (3:0)
81’ Қасым (4:0)

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі!👏👏👏

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏103🔥3
Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы 🇰🇿Дастан Сәтпаев бүгін түнде Дохаға (Катар) 🛫ұшады. Ол жерде футболшы қосымша медициналық тексеруден өтеді.

Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, футболшыны Катарға жіберу туралы шешім дәрігерлердің ұсынысы бойынша, диагнозды нақтылау және денсаулық жағдайын тереңірек талдау мақсатында қабылданған.

Медициналық тексеру Катардың жетекші клиникаларының бірінде өтеді. Оның қорытындысынан кейін ойыншының қалпына келу жоспары анықталмақ.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯5😢41😱1🕊1
Оңтүстік астанада ATP 250 Almaty Open турнирінің іріктеу кезеңіндегі алғашқы матч өтті.

Қазақстандық теннистің аңыз ойыншысы Михаил Кукушкин (ATP рейтингінде – 295-орын) іріктеудің бірінші айналымында әлемнің 164-ракеткасы, жапониялық Таро Даниэлді 7:6 (7:3), 6:1 есебімен жеңді.

Іріктеудің финалында Кукушкин 2021 жылғы ATP 250 Astana Open турнирінің финалисі, аустралиялық Джеймс Даквортпен кездеседі.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👏2🔥1
Танымал кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов ❄️«Қайрат» футбол клубына автобус сыйға тартты.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝123🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Орта салмақта IBF және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы 🇰🇿Жәнібек Әлімханұлы (17-0, 12 KO) WBA белбеуінің иегері, кубалық Эрисланди Ларамен (31-3-3, 19 KO) жекпе-жек өткізуге біртабан жақын.

Қазақстандық боксшының өкілі Берік Сұлтанның айтуынша, Әлімханұлы жекпе-жек өткізуге келісімшартқа ✍️қол қойды. Енді кезек 42 жастағы Ларада.

"Тарихи жекпе-жек, орта салмақтың додасын қайнататын жекпе-жек, күллі қазақ жұрты асыға күткен жекпе-жектің келісімшартына қол қойдық. Жақында промоутерлік компаниялар ресми жариялайтын болады. Алдымызда үлкен шоу күтіп тұр. Біздің төрт титулды жинаймыз деген мақсатымыздың бел ортасынан астық. Тарих жасаймыз. Осы жолда еңбек етіп жатырмыз. Еңбектің де жемісін көретін күн алыс емес. Осы қуанышты жаңалықпен сіздермен алдын ала бөлісуді жөн көрдім!", — деді Берік Сұлтан әлеуметтік желіде.


https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👏311💋1
Қазақстан құрамасы Скопьеге аман-есен жетті

🇰🇿Ұлттық құраманың жоспарына сәйкес бүгін ойын алдындағы баспасөз мәслихаты мен ресми жаттығу өтеді.

📅 Матч күні: 13 қазан
Басталуы: 23:45 (Қазақстан уақытымен)
🏟Қарсылас: Солтүстік Македония

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазан күні құрамамыз әлем чемпионатына іріктеу аясында Лихтенштейнды 4:0 есебімен жеңген болатын.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5🙏31
«Астана» командасының 🚴‍♂️велошабандозы Маттео Малучелли 🇨🇳Қытайда өткен «Тайху көлі турының» соңғы кезеңінде және көпкүндік жарыстың жалпы есебінде жеңіске жетті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥111🥰1
Футболдан 🇰🇿Қазақстан құрамасы U21 Өзбекстан жастарына 0:1 есебімен есе жіберді.

Қарымта ойын 14 қазан күні өтеді.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👏2🥰1😡1
🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠

13 қазаннан 14 қазанға қараған түні Скопьеде Солтүстік Македония құрамасы мен Қазақстан құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында кездеседі.

Алты ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында алты ұпай бар және J тобында төртінші орында тұр. Соңғы ойында қазақстандық футболшылар Астанада Лихтенштейн құрамасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты.

Айта кету керек, бұл іріктеу цикліндегі алғашқы жеңіс те дәл осы Лихтенштейнмен сырт алаңда өткен кездесуде тіркелген (2:0).

Ал Солтүстік Македония құрамасы алты матчта 12 ұпай жинап, топта көш бастап тұр. Соңғы ойында македониялықтар күтпеген нәтиже көрсетіп, сырт алаңда Бельгия құрамасымен тең түсті — 0:0.

Солтүстік Македония — Қазақстан матчының тікелей трансляциясы 🔴🟥📹Қазақстан уақытымен 23:45-те басталады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🥰1👏1
Кореяның Вонджу қаласында 18 жасқа дейінгі теннисшілер арасындағы беделді ITF Juniors (J300) турнирі аяқталды.

Бұл жарыста 🇰🇿қазақстандық жас теннисші Заңғар Нұрланұлы тағы да 🏆топ жарды.

Әлемдік рейтингте 23-орында тұрған Нұрланұлы финалда Қытай Тайбэйінің өкілі Куан Чеу Ченді (41-орын) 6:2, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Өткен аптада ол Кореяның Чхунчхон қаласында өткен J200 турнирінде де чемпион атанған еді. Осылайша, қазақстандық теннисшінің жеңісті сериясы 11 матчқа жетті.

📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥3🔥2💯2
«Ақтөбе» — 2025 жылғы Қазақстан чемпионы🏆

Әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының 2025 жылғы маусымында «Ақтөбе» клубы жеңімпаз атанды. Шешуші ойында ақтөбелік арулар «Астананы» 6:0 есебімен ойсырата ұтты.

Маусым бойы «Ақтөбе» қарсыластарына еш мүмкіндік бермей, 24 жеңіс, 2 тең нәтиже және бірде-бір жеңіліссіз маусымды 74 ұпаймен бірінші орында аяқтады.

Негізгі бәсекелес «БИИК-Шымкент» 71 ұпаймен екінші орында қалды.

Томирис-Тұран маусымды үздік үштікте аяқтады. Ал «Астана» 29 ұпаймен тоғызыншы орынға тұрақтады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥62👏2🥰1
2025/10/18 23:02:51
Back to Top
HTML Embed Code: