Алматылық ❄️ «Қайрат» өз ұясынан түлеп ұшқан ойыншыны қайта қатарға қосуға ниетті. Клуб басшылығы «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі Ғалымжан Кенжебекті команда қатарына қосу жоспарын қолға алған.

Белгілі дереккөздердің мәліметінше, нақты келіссөздер қысқы трансферлік кезеңде қарқын ала түспек.

Соңғы айларда алматылықтар шабуыл шебін күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастырғанымен, ақыры өз түлегін қайта шақыру идеясын ең тиімді шешім деп тапқан секілді.

Кенжебек — жастығына қарамастан, жылдамдығы мен қырағылығымен көзге түскен ойыншы. Қазір «Қайраттың» дәл осындай форвардқа зәру екені жасырын емес.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍2🔥1🤝1
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың саны 28-ге жетті

14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Англия құрамасы Латвияны сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, өз тобының жеңімпазы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды. Осылайша ағылшындар мундиальға қатысуын ресми түрде қамтамасыз еткен 28-ші ұлттық құрама болды.

Бүгінгі күнге дейін 2026 жылғы әлем чемпионатына 👉келесі құрамалар жолдама иеленді:

Турнир қожайындары: 🇺🇸 АҚШ, 🇨🇦 Канада, 🇲🇽 Мексика.

🌏Азия (АФК): 🇦🇺 Аустралия, 🇮🇷 Иран, 🇯🇵 Жапония, 🇯🇴 Иордания, 🇶🇦 Катар, 🇸🇦 Сауд Арабиясы, 🇰🇷 Оңтүстік Корея, 🇺🇿 Өзбекстан.

🌍 Африка (АКФ): 🇩🇿 Алжир, 🇪🇬 Мысыр, 🇨🇻 Кабо-Верде, 🇬🇭 Гана, 🇨🇮 Кот-д’Ивуар, 🇲🇦 Марокко, 🇸🇳 Сенегал, 🇿🇦 Оңтүстік Африка Республикасы, 🇹🇳 Тунис.

🌎Оңтүстік Америка (КОНМЕБОЛ): 🇦🇷 Аргентина, 🇧🇷 Бразилия, 🇨🇴 Колумбия, 🇪🇨 Эквадор, 🇵🇾 Парагвай, 🇺🇾 Уругвай.

🌊 Океания (КФО): 🇳🇿 Жаңа Зеландия.

🇪🇺Еуропа (УЕФА): Англия.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏41🔥1
Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы 🥇атанды

9–18 қазан аралығында Каирде (Египет) пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарысқа 17 спортшымен қатысуда.

Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 191 кг көтеріп, жалпы 567 кг нәтижемен жеңіске жетті және Азия рекордын 💪жаңартты.

Осылайша, Ақмола облысының спортшысы үш дүркін әлем чемпионы атанды. Давидты Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников жаттықтырады.

Айта кету керек, Давид Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥14🥰21
🤖Криштиану Роналду тағы да әлемдік рекорд жаңартты

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің 4-турында Венгриямен тең түсті.

Лиссабондағы 🏟 "Жозе Алваладе" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Португалия сапында 40 жастағы Криштиану Роналду дубль жасап, 22-минутта және қосымша уақытта (45+3) гол соқты. Бұл оның мансабындағы 947-ші және 948-ші голдары. Сондай-ақ Роналду әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдеріндегі ең көп гол соққан ойыншы атанды — 41 гол.

Венгрия құрамасынан Адам Салаи (8-минут) және Доминик Собослаи (90+1) көзге түсті.

⚽️Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино Роналдудың тарихи жетістігіне пікір білдірді.

"👏Браво, Криштиану! 41 гол! Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріндегі ең үздік сұрмерген атағымен құттықтаймын. Ұлы ойыншының тағы бір ғажайып рекорды", — деп жазды Инфантино әлеуметтік желіде.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏72🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛💬💬Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады.

Президент WADA-ның спорттағы допингпен күрестегі жаһандық рөлін атап өтіп, Витольд Баньканың Астанаға сапарын Қазақстан мен агенттік арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды қадамы ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев таза спорт қағидаттарын қолдаудағы және тәртіп бұзушыларға қарсы күрестегі агенттіктің ұстанымына жоғары баға берді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанындағы допингке қарсы зертхана Орталық Азиядағы жалғыз мекеме болып табылады. Оның базасында өңірлік допингке қарсы ұйым жұмыс істейді, оған аймақтың бірнеше елі кіреді.

Витольд Банька Қазақстанның WADA бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👏21
Бүгін Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

🌞Күндізгі сессия: 14:00
🌜Кешкі сессия: 18:00

📺🔴🟥📹Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥2🏆2
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері өз еркімен қызметінен кетті

Денис Мамоновтың басшылығымен қазақстандық футболшылар (U 21)қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты.

Атап айтқанда екеуі Еуропа чемпионаты – 2027 іріктеу кезеңінде Англиядан (0:2) және Андоррадан (0:1), сондай-ақ Өзбекстанға қарсы өткен екі жолдастық кездесуде (0:1, 1:3) есе жіберді.

🇰🇿Өзбекстан құрамасына қарсы ойындар Ташкент облысындағы "Дустлик" стадионында өтіп, қазан айындағы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы болды.

Келесі Еуропа чемпионаты–2027 іріктеу матчтарында Словакия және Молдова құрамаларына қарсы ойында команданы отандық маман жаттықтырады деп күтілуде.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🤝41🔥1
Спорттық гимнастикадан 🇰🇿ұлттық құрамамыз 19–25 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 🌍әлем чемпионаты алдында дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде.

Оқу-жаттығу жиыны Токиода өтіп жатыр және ол әлемнің ең мықты құрамаларының бірі – 🇯🇵Жапония құрамасымен бірлесіп ұйымдастырылған.

🇰🇿 Әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы:

🔹Милад Карими
🔹Нариман Курбанов
🔹Ілияс Әзізов
🔹Диас Тойшыбек
🔹Зейнолла Ыдырысов
🔹Дмитрий Патанин

💪 Біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

🇰🇿https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏52🔥2
🇪🇺УЕФА Қазақстанға айыппұл салды

УЕФА талаптарының қатаң сақталуы — ел футболының беделі мен имиджі үшін маңызды.

Еуропалық футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) Қазақстан футбол федерациясына қыркүйек айындағы ойындардың нәтижесі бойынша айыппұл салды.

Тәртіптік шешім Қазақстан жастар құрамасы (U-21) мен Англия командасы арасындағы Еуропа чемпионаты-2027 іріктеу кезеңіндегі матчқа қатысты шығарылған. Айта кетейік, бұл кездесу 8 қыркүйекте Ақтөбе қаласында өткен болатын.

УЕФА-ның тәртіптік комитеті ҚФФ-ны екі тармақ бойынша кінәлі деп таныды. Біріншісі – 🏃жанкүйерлердің алаңға шығуы (1 250 еуро айыппұл), екіншісі – матчтың уақытында басталмауы (7 500 еуро айыппұл). Нәтижесінде, жалпы айыппұл көлемі 8 750 еуро немесе шамамен 5,5 миллион теңгені құрады.

Естеріңізге сала кетсек, Ақтөбеде өткен ойын 2:0 есебімен Англия құрамасының жеңісімен аяқталды. Қонақтар сапында Итан Нванери мен Джоб Беллингем көзге түсті. Джоб Мадридтің әйгілі «Реал» клубында және Англия ұлттық құрамасында ойнайтын Джуд Беллингемнің інісі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥1🥰1👏1
🔠🔠🔠🔠🔠🔠

🔠🔠🔠🔠

🇰🇿Елена Рыбакина 🇨🇳Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан турнирде өнер көрсетеді. Екінші айналымда ол украиналық Даяна Ястремскаямен (30-орын) кездеседі.

Матч бүгін сағат 16:00-де басталады.

Қазақстандық спортшы рейтингі жоғары болғандықтан жарысты бірден екінші айналымнан бастаса, Ястремская бірінші кезеңде канадалық Виктория Мбоконы (23-орын) 6:3, 7:6 есебімен жеңді.

Нинбо турнирі 13–19 қазан аралығында өтуде. Жарыстың жалпы жүлде 💰қоры – 1 064 510 доллар. Әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаз 164 000 доллар және 500 рейтингтік ұпай иеленеді.

Айта кетсек, турнирдің қазіргі чемпионы – Аустралия атынан өнер көрсететін Дарья Касаткина.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2🔥1👏1
🇫🇷2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Нұрбек Оралбай Семейде өтіп жатқан бокстан Қазақстан чемпионатына қатыспайды.

Бұл туралы ұлттық құраманың аға жаттықтырушысы Асқар Еркебаев мәлімдеді.

Маманның айтуынша, спортшы жарақат алған.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱1😢1
Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан кубогы аяқталды. Жарыс нәтижесі бойынша бапкерлер құрамасы әлем кубогының іріктеу кезеңдеріне қатысатын 🇰🇿ұлттық құраманы жасақтады.

👨Ерлер құрамасы:
Евгений Кошкин, Алтай Жәрдембекұлы, Артур Ғалиев, Роман Биназаров, Вадим Якубовский, Виталий Щиголев, Андрей Зуев, Нұралы Ақжол.

👩‍🦰Әйелдер құрамасы:
Надежда Морозова, Кристина Шүмекова, Елизавета Голубева, Кристина Силаева, Арина Ильященко, Мария Деген.

🏃2026 жылғы Олимпиадаға жолдамалар төрт Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша бөлінеді.

Бірінші кезең 14–16 қарашада Солт-Лейк-Ситиде, екінші – 21–23 қарашада Калгариде, үшінші – 5–7 желтоқсанда Херенвенде, төртінші – 12–14 желтоқсанда Хамарда өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍21🔥1
Үндістанда үстел теннисінен XXVIII Азия чемпионаты аяқталды

Жарыста құрлық көшбасшылары мықтылығын тағы да дәлелдеді.

🇨🇳Қытайдың ерлер және әйелдер құрамалары финалда қарсыластарын 3:0 есебімен айқын жеңіп, алтын медаль иегерлері атанды. Ерлер Гонконг командасын, ал әйелдер Жапония құрамасын ұтты.

Өкінішке қарай, Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарынан табылмады.

🏓Ерлер:
🥇Қытай
🥈Гонконг
🥉Жапония
🥉Тайбэй
🇰🇿 Қазақстан — 10-орын

🏓Әйелдер:
🥇Қытай
🥈Жапония
🥉Сингапур
🥉Корея
🇰🇿 Қазақстан — 13-орын

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥1🥰1
♟️ 🇰🇿Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында екі алтын, бір күміс медаль жеңіп алды

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асып жатқан Шахматты дамытудың кешенді жоспары өз жемісін беруде.

4–15 қазан аралығында Албанияның Дуррес қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жас шахматшыларымыз керемет нәтижеге қол жеткізді.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша Марк Смирнов пен Эдгар Мамедов әлем чемпиондары атанса, Сауат Нұрғалиев күміс медаль жеңіп алды.

🌍Әлем біріншілігіне 84 елден 700-ден астам шахматшы қатысып, 11 турдан тұратын тартысты бәсекеде өз мүмкіндіктерін сынады. Қазақстан намысын 14, 16 және 18 жасқа дейінгі 44 спортшы қорғады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🥰1👏1
Тибо Куртуа 👑«Реалдан» кетеді

33 жастағы қақпашы келісімшартын ұзартпау туралы шешім қабылдады Келесі маусым оның мадридтік клубтағы соңғы маусымы болмақ.

Ал спорттық мансабын Куртуа Сауд Арабиясында аяқтауды көздеп отыр.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Азамат Айтхожин жаңа қызметке тағайындалды

«Қазақстанның хоккей федерациясы» РҚБ-ның кезектен тыс конференциясы шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының Бас директоры болып сайланды.

Оның спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Айтхожин Астана қаласы спорт басқармасында, «Астана» футбол клубында және Қазақстан футбол федерациясында жетекші қызметтер атқарған.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
👍2🥰1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎾Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

🇰🇿Қазақстандық теннисші 1/8 финалда Даяна Ястремскаяны 6:4, 6:7, 6:3 есебімен жеңді.

Осы жеңісінен кейін Рыбакина 108 ұпай және 28 695 доллар сыйақыға ие болды.

Еленаның келесі қарсыласы – Айлa Томлянович (№104).

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥31💋1
Көкшетауда жаңа футбол алаңы ашылды

Көкшетауда халықаралық ⚽️FIFA Arena бағдарламасы аясында салынған алғашқы футбол алаңының ресми ашылу салтанаты өтті.

Бұл ФИФА-ның балалар футболын дамытуға және заманауи спорттық инфрақұрылымның қолжетімділігін арттыруға бағытталған бастамасы.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥2👍1
Insports.kz
Бақұл бол, Арон! Ақтөбеде қайғылы оқиға орын алды. «Ақтөбе U-16» жасөспірімдер командасының 15 жастағы футболшысы Арон Мұса өмірден өтті. Жас спортшы әжесі және бауырымен бірге қаза тапқан. Қайғылы жағдайдың себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.…
Тағы бір жас қазақстандық футболшының жұлдызы сөнді

19 жастағы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті.

Диас Төлеу – алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі пас берген.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
😢8😱2🕊2
Insports.kz
Тағы бір жас қазақстандық футболшының жұлдызы сөнді … 19 жастағы «Хан-Тәңірі» клубының шабуылшысы Диас Төлеу өмірден өтті. Диас Төлеу – алматылық «Қайрат» клубының түлегі. Биылғы маусымда ол «Хан-Тәңірі» сапында 25 матч өткізіп, 3 гол соғып және 4 нәтижелі…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жас футболшы Диас Төлеудің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Алматы қаласына шұғыл аттанды.

Бүгін Диас Төлеу Алматының «Хан-Тәңірі» клубы сапында бірінші лигадағы «Екібастұзға» қарсы ойында (4:0) алаңға шықты.

62-минутта команда шабуылы кезінде Төлеу кенеттен көгалға жатып қалды. Дереу дәрігер шақырылды. Біраз уақыттан кейін ойыншыны зембілмен алып шықты. Телетрансляцияда оның есін жоғалтпағанын көруге болады.

Ойын сағат 18:00-де басталды. Ал үш сағат өткен соң Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) Диас Төлеудің қайтыс болғанын хабарлады.

Өкінішке қарай, бұл соңғы бір айдағы қазақстандық футболдағы үшінші қайғылы оқиға.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
4🕊3😢1
2025/10/17 04:08:45
Back to Top
HTML Embed Code: