💬 Қазақстан билігі "тасқыннан келген зардаптың бәрін өтейміз" деп уәде берді. Расымен бәрі өтеле ме?

🔸 Саяжайдағы үй ақысы қалай өтеледі?

Саяжайдағы үй сонда тұратын адамның жалғыз баспанасы болса, мемлекет қолдау көрсетеді. Оған басқа жерден үй салып беру не өтемақы беру мәселесін әкімдік шешеді.

Құрылыс министрі Қанат Шарлапаев саяжай тұрғындарына үй салынады деп уәде бере алмады. Тек "ол адамдар мемлекеттік қолдауынсыз қалмайды" деді. Ал саяжайдағы үйіне тек жазда келіп тұратын, қалада үйі бар адамдарға көмек берілмейді.

🔸 Мал шығыны қалай өтеледі?

Суда өлген әр малдың өтемақысын алу үшін ол түліктің тіркеуде тұрғаны, құлағында нөмері болуы міндетті. Төлем мөлшері өлген мал түріне, ұрғашы не еркек екеніне, жасына байланысты және нарықтағы ресми құны негізінде анықталады.

Әр түліктің орташа құнын Ақтөбе облысының мысалында анықтап көрдік. Бұл өңірде қой-ешкінің орташа құны үшін 52 мың теңге төленген, ірі қараның орташа бағасы — 306 мың теңге, жылқының орташа бағасы — 468 мың теңге.

🔸 Бизнес шығыны қалай өтеледі?

Бизнестің де шығынын әр өңірде арнайы құрылған комиссия есептеп жатыр. Үкімет бір апта бұрын шағын және орта бизнеске келтірілген мүліктік шығынға өтемақы төлеу қағидасын бекітті. Сол бойынша тауар шығыны көтерме бағадағы құны бойынша есептеледі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Azattyq - Азаттық
💬 БҚО-да тасқын кезіндегі шектеуді сынаған журналиске полиция әкімшілік іс қозғады 29 сәуірде Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында тұратын журналист Рауль Упоров өзін полиция әкетіп бара жатқанын хабарлады. Журналист мұны әлеуметтік…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Сот журналист Рауль Упоровқа айыппұл салды. Ол биліктің журналистерге су басқан жерлерден ақпарат таратуына тыйым салғанын сынаған еді

"Просто журналистика" жобасы авторларының бірі, журналист Рауль Упоров "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот оған 20 АЕК айыппұл салды. Бұл туралы Азаттыққа Упоровтың өзі хабарлады.

Әкімшілік іс бойынша сот бүгін сағат 15.00-де өтті.

Журналиске "БҚО төтенше жағдайлар департаментіне дөрекі сөйлегені үшін" айыппұл салған.

Бұған дейін Рауль Упоров биліктің БАҚ өкілдеріне су басқан жерлерден ақпарат таратуына тыйым салғанын сынап, Instagram-stories-те видео жариялаған. Ол "нағыз журналистер өздері болуы қажет жерде жұмыс істеуі керек" деп, боқтық сөз қолданған.

29 сәуірде журналисті полицияға алып кеткен, сол жерде оның үстінен әкімшілік іс қозғайтыны белгілі болды.

Упоровтың айтуынша, сот Орал полициясының басшылығына және осы іске қатысты барлық полицейге жеке қаулы шығарған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Ресейдің 2 қаңтарда Харьковқа шабуылынан соң табылған ракета Солтүстік Кореяда шығарылған. БҰҰ сарапшылары ракета сынықтарын зерттеп, осындай қорытынды жасады

Сарапшылар есебін көрген Reuters агенттігінің жазуынша, шабуылға "Хвасон-11" зымыранын қолданған. Құжатқа сәйкес, сарапшылар "зымыранның қайдан және оны кім ұшырғанын өз бетінше анықтай алмады".

"Украина билігі берген траектория туралы ақпаратқа сәйкес, ракета Ресей аумағынан жіберілген" делінген хабарламада.

Солтүстік Кореяның Ресейге ракета жеткізгені расталса, бұл - ядролық бағдарлама әзірлеп, баллистикалық ракета шығарғаны үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2006 жылы Пхеньянға енгізген санкциялары бұзылды деген сөз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратынша, Атырау облысы Құлсары қаласындағы 356 үйден су толық кетпеген

ТЖМ дерегінше, республика бойынша 7089 үй мен 2834 аула аумағынан су сорылған, тасқын кезінде көшкен 39 352 адам үйіне оралса, 6552 адам эвакуация орталықтарында қалған.

Атырау облысында төтенше жағдайлар министрлігі (ТЖМ) әскери бөлімдерінің қызметшілерін қоса алғанда, 10 өңірден барған құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

"ТЖМ қызметкерлері Жайық өзеніндегі су деңгейіне сағат сайын мониторинг жүргізеді. Су басқан аймақтардан суды сору жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр" делінген министрлік хабарламасында.

Тасқын су қиратқан Құлсары қаласының тұрғындары әкімдікке күнде барады. Олар үй шығынын өтеуді тездетуді, жаңа үй салуға бөлінетін үй ақшасын қолма-қол беруді сұрайды. Кейбірі ақшасы жоғын айтып, тамақ сұрап жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗣 Тәжікстан сыртқы істер министрлігі "Ресей аумағындағы тәжіктердің құқығы мен бостандығы жаппай бұзылғанына қатты алаңдаушылық білдіріп", Ресейдің Душанбедегі елшісі Семен Григорьевке наразылық нотасын жолдады

Ресей тарапы әзірше бұған реакция танытпады, бірақ екі күн бұрын Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова шетел азаматтарының Ресей шекарасында біраз тұрып қалғаны, атап айтқанда, Ресей–Қазақстан құрлық шекарасындағы мәселелерге "Крокус Сити Холл" концерт залындағы терактіден кейін қауіпсіздік шаралары күшейтілгені себеп деп мәлімдеді.

Қазір Ресей–Қазақстан шекарасында және Мәскеу әуежайларында Тәжікстанның жүздеген азаматы Ресейге өте алмай тұр.

26 сәуірде Тәжікстанның бірнеше азаматы Внуково әуежайына келген жүздеген тәжік азаматының әуежайда ұсталып, Ресейге кіре алмай жатқанын хабарлады. Оның себебін оларға ешкім түсіндірмеді дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💬 Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинді қызметінен босатты

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

41 жастағы Бағдат Мусин бұл қызметті 2020 жылғы қыркүйектен бері атқарып келген.

www.tg-me.com/azattyq
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
30 сәуірдегі негізгі жаңалықтар:

🔸 Қаңтардан соң ішкі істер министрі қызметінен босаған Ерлан Тұрғымбаев ұсталды

🔸 Ақсу қаласының белсендісі митинг қарсаңында 17 күнге қамалды

🔸 Орал қаласында сот журналист Рауль Упоровқа айыппұл салды

🔸 Ақ үй Ресей уранының импортына тыйым салуды қарастырып жатыр

Назарларыңызға сайтымыздағы жаңа мақаланы ұсынамыз 👇🏻

🔺 Тасқын зардабы. Үкімет шығынды қалай өтейді?

❤️Азаттыққа жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
"Сүйегін тауып жерлесек..." Төрт ай бұрын құтқарушылар топырақ астында қалған Майқайыңнан репортаж

Павлодар облысы Майқайың кентіндегі екі құтқарушының денесі шахтаның тазарту аймағындағы үйінді астында қалып қойғанына төрт ай болды. Төрт құтқарушы мінген автобус опырылған топырақтың астында қалған. Екеуінің сүйегі сол күні жер бетіне шығарылды, тағы екі құтқарушы ақыры табылмады. Қаза тапқандардың туыстары "Майқайыңалтын" алтын өндіруші компаниясын кінәлайды, ал компания құтқарушылар мен олардың жұмыс берушісіне кінә артып отыр.

ОҚУ
Мәскеудегі Внуково әуежайынан төрт күнде Тәжікстанның 643 азаматы депортацияланған. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі "Азия плюс" медиа тобына сілтеме жасап хабарлады.

Медиа топ Тәжікстан сыртқы істер министрлігінің мәліметіне сүйеніп, 26-30 сәуірде Мәскеуге келген 3101 тәжікстандықтың 643-ы бірнеше күн әуежайда жатып, депортацияланды деді. Тағы 117 тәжікстандықты депортациялау туралы шешім шыққан.

Ресей сыртқы істер министрлігі шекарадағы шетелдіктерді тексеру уақытша екенін, бұл тексеріс белгілі бір ұлтқа бағытталмағанын айтқан. Ведомство мұны Ресейдегі терроризмнің алдын алумен байланыстырған.

28 сәуірде Тәжікстан СІМ ресми сайтында "27 сәуірде Внуково әуежайындағы уақытша ұстау аймағында Тәжістанның 954 азаматы отыр, оларға ешқандай санитарлық жағдай жасалмаған" деп мәлімдеді. Министрліктің мәліметінше, әуежайда көп уақыт бойы тұрып қалған тәжікстандықтардың ішінен 322 адам Ресей аумағына өткен.

Тәжістан сыртқы істер министрлігі "Ресейде Тәжістан азаматтарына қатысты тексеріске және олардың құқығы, еркіндігі бұзылып жатқанына" алаңдаушылық білдірген. 29 сәуірде Душанбе Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьевке қарсылық нотасын тапсырған.

www.tg-me.com/azattyq
ТЖМ: 41 мыңнан аса адам үйіне оралды

Қазақстан төтенше жағдай министрлігі 1 мамыр таңертеңгі хабарламасында тасқынға байланысты эвакуацияланған 41 мың адам үйіне оралғанын мәлімдеді. Қазірге дейін 6405 адам эвакуациялық орталықта жатыр.

Елдегі тасқын кезінде 90 мыңнан аса адам эвакуацияланған еді. Олардың біразы туыстарының үйіне кеткен.

www.tg-me.com/azattyq
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Арменияның Алматыда бейбіт келіссөз жүргізу ниетін құптады.

"Алдағы кездесу әзербайжан-армян уағдаластығының нақты жүзеге асуына жол ашып, жуық арада Оңтүстік Кавказда тұрақты әрі ұзақмерзімді бейбітшіліктің орнауына ықпал етеді" деді Қазақстан президенті.

Осы аптада Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Алматыда екі елдің сыртқы істер министрлері келіссөз жүргізетінін мәлімдеген. Ал Қазақстан президенті кейінгі аптада екі елге барып, Әзербайжан мен Арменияны бейбіт келіссөзге шақырған.

Әзербайжан мен Армения 1980 жылдың соңынан бері қақтығысып келді. Екі ел арасындағы қақтығыс 1994 жылы аяқталғанымен, шекара мен Таулы Қарабақ мәселесі шешілмей қалған. Әзербайжан аумағындағы Таулы Қарабақта көбіне армяндар тұрған, соғыс кезінде бұл аймақ Бакуден тәуелсіздігін жариялап алған.

Бұл аймақ үшін екі ел арасында 1994 жылдан кейін де бірнеше рет қақтығыс болды. 2020 жылы күздегі әскери қақтығыстан соң Әзербайжан Таулы Қарабақтың бір бөлігін қайтарып алған. Ал 2023 жылы толық бағындырды. Қарабақта тұратын 100 мыңнан аса армян Арменияға көшкен.

www.tg-me.com/azattyq
Грузия ішкі істер министрлігі 30 сәуірде Тбилисиде "шетел агенті" заңына қарсы митинг кезінде 63 адам ұсталғанын хабарлады. Бұл күні парламент заң жобасын екінші оқылымда қарап жатқан еді. Тбилисидің орталық көшесіне және парламент ғимараты маңында мыңдаған адам (кейбір ақпараттарда 15 мың адам) наразылыққа шықты.

Қарулы күштері наразыларды сумен атқылап, резеңке оқ атып, көзден жас ағызатын газ шашып таратқан. Желіде тараған видеода арнайы жасақ митинг қатысушыларын ұрып жатқаны байқалады.

Ел президенті Саломе Зурабишвили наразыларды қолдап, бейбіт наразыларға күш қолдануды сынады. "Бұған үкімет жауапты. Грузия халқы бейбіт митингіге шығу құқығынан айырылды" деп жазды ол Х желісінде.

Таңға таман күштік құрылымдар парламентте кетті. Ал наразылар арнайы жасақтың күш қолдануына қарамастан көшеде қалып қоқыстарды тазалап кеткен.

www.tg-me.com/azattyq
Украина қарулы күштерінің спикері Илья Евлаш Live телеарнасының эфирінде «Украинада F-16 ұшағының алғашқы легі Пасхадан (5 мамырдан) соң келеді» деп мәлімдеді. Ол қанша ұшақ жеткізілетінін айтпады.

Украина америкалық F-16 әскери ұшағын соғыс басталғалы сұрап жүр. Бірақ АҚШ, НАТО және Еуропа елдері бұл ұшақты Украинаға беру жағын кейінге шегеріп келеді.

www.tg-me.com/azattyq
🎾Теннистен Мадридте (Испания) өтіп жатқан WTA-1000 турнирінің* ширек финалында қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева кездесіп, Рыбакина үш сетте жеңіске жетті – 4:6, 7:6, 7:5. Осылайша, Рыбакина турнирдің жартылай финалына шықты.

Ол жартылай финалда Арина Соболенко (Беларусь)/Мирра Андреева (Ресей) арасындағы матчтың жеңімпазымен ойнайды.
Рыбакина биыл алтыншы турнирдің жартылай финалына шықты. Ол биыл Брисбен (Австралия), Абу-Даби (БАӘ) және Штутгардтағы (Германия) турнирінде жеңіске жетті.

Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 4-орында, Путинцева 50-орында тұр.

*Жеңімпаз теннисшінің рейтингіне 1000 ұпай қосылады

www.tg-me.com/azattyq
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда суретші Асхат Ахмедьяровтың Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты "JAD" көрмесі ашылды. Көрме осы перформанстан басталды. Суретші сүйретілген сүйектерді 30 жылда елде ақиқаты ашылмаған қанды оқиғалардың көрінісі дейді. Оның сөзінше, қоғам сол қасіретті әлі арқалап келеді.

www.tg-me.com/azattyq
Azattyq - Азаттық
Алматыда суретші Асхат Ахмедьяровтың Алматыда Қаңтар оқиғасына байланысты "JAD" көрмесі ашылды. Көрме осы перформанстан басталды. Суретші сүйретілген сүйектерді 30 жылда елде ақиқаты ашылмаған қанды оқиғалардың көрінісі дейді. Оның сөзінше, қоғам сол қасіретті…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Көрме кезінде суретші Асхат Ахмедьяров үтікпен тағы бір перформанс ұсынды. Үтікті матаға, қағазға басқанда полицейлердің суреті бейнеленеді. Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталғандарды қамау орындарда азаптау фактілері, соның ішінде үтік басу оқиғалары болған. Суретші осы перформансы арқылы сол азаптауды бейнелеген.

www.tg-me.com/azattyq
2024/05/01 23:53:25
Back to Top
HTML Embed Code: