Telegram Web Link
Астана халықаралық форумының басталуына 2 сағаттай уақыт бар. Бірақ Конгресс-орталығына жиналғандардың қарасы өте көп. Қонақтар халықаралық делегациялардың басшыларын күтіп тұр.

Astana International Forum – әлемнің жетекші ақпарат құралдары назарға алған іс-шара. Ал америкалық медиа алпауыт CNN елордадағы бұл форумның стратегиялық серіктесі саналады.
До начала Астанинского международного форума еще 2 часа, а Конгресс-центр уже полон людей. Гости в ожидании глав международных делегаций.

Astana International Forum – в объективе ведущих мировых СМИ. Американский медиа-гигант CNN – стратегический партнер проходящего в столице мероприятия.
Халықаралық диалог пленарлық отырыстарда ғана емес, форум дәліздерінде де қалыптасады. Бүгін Қазақстан астанасы әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алып жатыр.

Международный диалог – это не только пленарные сессии, но и кулуары Astana International Forum. Сегодня столица Казахстана принимает гостей из разных уголков мира.
☕️ Пленарлық отырыстардағы жаһандық саясат мәселелерін талқылауларға дейін бір шыны кофе ішуге уақыт бар.

☕️ Впереди пленарные сессии и обсуждение вопросов глобальной политики, а пока – есть время на чашечку кофе.
🔹 Бүгінгі форумға қатысатын елдер мен халықаралық ұйымдардың тулары. Іс-шараның географиясы кең, талқыланатын тақырыптары ауқымды.

🔸 Флаги стран-участниц сегодняшнего форума. География мероприятия широка, как и разнообразие тем, которые будут обсуждаться.
Отандық және шетелдік БАҚ өкілдерінің бүгінгі жұмыс істейтін орны. Әзірше журналистер форум делегаттары мен қонақтарынан сұхбат алып жатыр.

Сегодняшнее рабочее место представителей отечественных и зарубежных СМИ. Пока журналисты записывают интервью с делегатами и гостями.
«Айбын» Президент полкі мәртебелі меймандарды қарсы алуға дайын.

Президентский полк «Айбын» готов к встрече почетных гостей.
Форум қатысушылары отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат беріп жатыр. Бүгін Астана халықаралық форумы қазақстандық және әлемдік ақпарат құралдарының назарында болмақ.

Участники форума активно дают интервью местным и иностранным СМИ. Astana International Forum сегодня в центре внимания казахстанских и мировых медиа.
AIF қонақтарының отыратын орны

Бүгін форумда Руанда Президенті Поль Кагаме мен Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун сөз сөйледі.


Вот так выглядят таблички с именами сегодняшних гостей AIF

Сегодня в качестве спикеров на форуме выступят Президент Руанды Поль Кагаме и Председатель глобального института зеленого роста Пан Ги Мун.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
БҰҰ-ның бұрынғы Бас хатшысы және Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мун Астана халықаралық форумына қатысушылармен «Қайырлы таң!» деп қазақша амандасты.

«Қайырлы таң!»
Бывший Генеральный секретарь ООН и Председатель Глобального института зеленого роста Пан Ги Мун поприветствовал участников Astana International Forum на казахском языке.
🔹 Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони Астанаға ұшып келе жатыр. Мотоциклдер кортежі әуежайда күтіп тұр.

🔸 В Астану прилетает Премьер-министр Италии Джорджа Мелони. Кортеж мотоциклистов уже в аэропорту.
Италиядан келген мәртебелі мейманға сыйланған гүл шоғы.

Высокую гостью из Италии сегодня встретили с пионами.
Джорджа Мелони Қазақстанға келді. Италия Премьер-министрін алып жүрген кортеждің кешкі астана көшелерімен жүрген сәті.

Джорджа Мелони прибыла в Казахстан. Кортеж, сопровождающий Премьер-министра Италии, проехал по улицам вечерней столицы.
🇰🇿 Президенттің жұмыс күні қарбаласқа толы болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына келген шетелдік қонақтармен екіжақты 11 кездесу өткізді.

Делегаттар географиясы Ауғанстаннан Францияға дейінгі аралықты қамтиды. Келіссөздер барысында инвестиция тарту, өзара ынтымақтастықты нығайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және экспортты дамыту секілді әртүрлі мәселелер көтерілді.

Іс-шарадан кейін Президент Қазақстанға ресми сапармен келген Джорджа Мелониді күтіп алды. Күннің қорытынды кездесуін әуежайда Италия Премьер-министрімен өткізді.

Ертеңгі жұмыс кестесінде де маңызды жиындар қарастырылған.
2025/06/28 10:26:32
Back to Top
HTML Embed Code: