Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркістанда дәрігерлер 7 жастағы балаға күрделі ота жасады

Түркістан облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері күрделі операция жасап, 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты. Биылғы 10 мамыр күні науқас бала Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына жедел түрде ауыстырылған

13 мамыр күні аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан 15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шыққан.

Бала 18 мамыр күні ауруханадан үйіне жіберілді. Қазіргі таңда жағдайы жақсы. Мамандардың айтуынша, аталмыш ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Германиядағы немістер жәрмеңкеде «Қазақстанда туғанмын» деп ән салды

Жәрмеңкеде Қазақстаннан көшіп барған немістер Отаны жайлы ән айтты. Әлеуметтік желіде олардың бұл видеосы кең таралған. «Достықты ұмытпайтын ел ғой» деп мақтайды Қазақстан азаматтары әлеуметтік желідегі пікірлерінде.

Жәрмеңке – ТМД елдерінен Германияға көшіп барған немістердің мәдениеті мен дәстүрін насихаттайтын жоба.

Германияда жыл сайын мереке күндері (сенбі және жексенбі) өткізіледі. Бұл күндері Германияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ басқа Еуропа елдерінен орыс тілділер жиналатын орын.

20 жыл ішінде «Жәрмеңке» Германияның өмірінде үлкен ауқым алды. Жыл сайын оған 20 мыңнан астам адам жиналады.

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
«Білім-Инновация» қоры қазақ тілінен шығармашылық байқауын биыл 12-рет өткізеді

«Жарқын болашақ» Республикалық қазақ тілінен өтетін шығармашылық байқауы ел көлемінде өткізіліп келе жатқанына биыл 12 жыл. Алғаш жалауын көтергеннен бастап білім бәйгесі сан мыңдаған талапты жастың шамшырағын жақты.

Олимпиаданы өткізудегі басты ұстаным - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамытуды мақсат тұту.

Кім ұйымдастырады
Елдің әр аймағында өткен білім бәйгесінен 2000 жуық оқушыдан қара үзіп шыққан 200 - ден астам үздіктер ақтық сайыста бақ сынайды. Республикалық маңызы бар әрбір облыс пен қалада өткен білім бәйгесіне 5 мыңнан астам жас өрендер қатысты. Оның 3 мыңға жуығы – этнос өкілдері. Жоба Қазақстан Республикасының Оқу - ағарту министрлігінің қолдауымен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ және «Дарын» РҒПО мұрындық болуымен өткізіліп отыр.

Толығырақ мақалада

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Павлодарда жасырын есірткі зертханасы жойылды

2024 жылғы 11 мамырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Бүркіт» ЖСН және прокуратура органдарының үйлестіруімен Павлодар қаласында синтетикалық есірткілердің жасырын өндірісін жою бойынша операция жүргізді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы мен үш шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.

Саяжай алабындағы үйді тінту кезінде 170 кг-нан астам «мефедрон», 2 тонна прекурсорлар, сондай-ақ зертханалық жабдықтар табылды және тәркіленді.

«Қара нарықта» алынған есірткінің құны 4,2 млрд теңге, ал көлемі 680 мың дозадан асады.

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Су тасқыны болған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылады

Бүгін үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланған өңірлердің оқушылары емтиханнан босатылатынын мәлім етті

Оның айтуынша, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 3800-ден астам бала сауықтыру орталықтарына жіберіледі.

Сонымен қатар «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен 20 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады.

Оның ішінде су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің оқушыларына, халықтың әлеуметтік осал топтарынан және көп балалы отбасынан шыққан ауыл балаларына басымдық беріледі.

Айта кетейік, биыл елімізде 10 мыңнан астам демалыс орнында 3 миллионға жуық бала жазғы демалысын өткізеді.

📢Qaz365kz - арнаға жазылыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2024/05/21 16:06:44
Back to Top
HTML Embed Code: