Telegram Web Link
kind reminder [3]:

Петропавлоскқа кетті
Петропавлға кетті

Карагандада оқыды
Қарағандыда оқыды

Иртыш өзені
Ертіс өзені

Есиль ауданы
Есіл ауданы

Египетте демалды
Мысырда демалды

Арабскиэмиратыда жүр
Араб әмірлігінде жүр

Европаны аралайық
Еуропаны аралайық

ұқсас постар:
1-бөлім
2-бөлім
Дайджест любовных постов:

💌Махаббат деген не? Love is...

💌Важные фразы в отношениях

💌Учимся различать глаголы "сүю" и "жақсы көру"

💌"Жаным" и не только: обращаемся к любимым разными словами

💌Жылы сөздер

@qazaqlab
Сіз "саламки", "рахметули", "шаршағанский", "аташка/апашка" деп сөйлейсіз бе?
Anonymous Poll
35%
иә...😁
65%
жоқ, шүкір💁🏻‍♀️
Есть очень важная, но многим незаметная разница между "борьбой против русского" и "борьбой за казахский". Звучит как одно и то же, но разные мотивы. Мы знаем, что бороться против русского наивно, слишком много человек его используют по всему миру. Мы делаем всё это, чтобы вернуться к казахскому и восстановить то, кем мы были.

Все обиды и претензии в нашем обществе направлены не на сам русский язык, а на тех, кто выбирает русский вместо казахского. И если кому-то кажется, что все вдруг стали настроены против русского... Во-первых, это логично, учитывая войну. Во-вторых, русский "плохим" делает не он сам, а те, кто на нём говорят. У "них" ситуация посложнее, это их родной язык. А у нас с вами из ситуации есть выход - учить казахский и вспоминать, каково это - быть казахом.

@qazaqlab
Oxford Qazaq Dictionary, 2023

Эмотиконды да, смсті де қазір аса ешкім пайдаланбаса да, артық болмайды деп сөздікке қосыпты.

қабағын түю - нахмуриться
іші пысу - скучать (от безделья)
түңілу - терять надежду
абдырау - растеряться
ешкімге тіс жармау - держать язык за зубами

@qazaqlab
🙅‍♀️Шатастырма! Не путай!
рандомные пары этой недели, в которых слова отличаются одной буквой:

батпақ - болото, грязь
бетпақ - наглый

кепіл - гарантия
кекіл - чёлка

терең - глубокий
керең - глухой

кеден - таможня
кешен - комплекс

ажал - гибель
ажар - облик, вид

мадақ - восхваление
мазақ - издёвка

қоныс - стойбище/дом
қоқыс - мусор

ауыр - тяжёлый
айыр - раздвоенный

#шатастырма
Инстаграмға жаңа чеклист салдық. Белгілеп, бөліс🫰🏻
Арна авторы - әйел. Арнаға анда-санда комикс салатын иллюстратор да - әйел. ҚазақЛаб - алдымен адам, кейін әйел туындысы.

Қыздар, ханымдар, мерекені қалай атап өтсеңіздер де, көңілдеріңізден шығып жатыр деп үміттенемін. Адам мен адам, ана мен бала, әйел мен ер сыйласатын орта құрайық. Ол ортада мәнді, әдемі күндер көп болсын💫

🤍,
Хадиша
Что такое қанағаттандырылмағандықтарыңыздан?

Это слово почти никогда не используется в повседневной жизни, потому что самые длинные слова образуются не чтобы их использовать, а чтобы быть "самыми длинными". Разбираем:

қанағат - удовлетворение (барға қанағат - довольствоваться малым)

қанағаттан - удовлетворись (шабыттан - вдохновись)

қанағаттандыр - удовлетвори

До этого момента всё звучит довольно-таки прилично, дальше уже происходит читерство:

қанағаттандырылмаған - неудовлетворённый (хотя естественнее сказать "көңілі толмаған" или хотя бы "қанағаттанбаған")

қанағаттандырылмағандық - неудовлетворённость

қанағаттандырылмағандықтарыңыз - ваша неудовлетворённость

қанағаттандырылмағандықтарыңыздан - из-за вашей неудовлетворённости

Суффиксы и окончания казахские, и вроде бы у слова есть смысл, но звучит оно искусственно. Функция у этого слова лишь одна: зваться самым длинным словом. Ну или можно забрать его для ещё одной песни и сэкономить на словах😆

@qazaqlab
Біздің елде жүріп, тілімізді құрметтемей, "Мой персонал не обязан знать казахский" дейтін адамдар бар. Елде қатыгез, қорқынышты нәрсе болып жатқанда үндемей, күліп-ойнап жүретін блогерлер бар. Олардың неге өйтетіні көп сұрақ туғызуы мүмкін. Кәдімгідей жынға да, жүрекке де тиеді. Оларды біз түсінбейміз, жақтырмаймыз, тіпті жек көреміз. Сондықтан аузын жабамыз, жазалаймыз, кәнсілдейміз. Сөйтіп жатқан сәтте кімге айналып бара жатқанымызды білмейміз.

Ауыз жабу, жазалау, жоқ қылу - бізге өте таныс нәрселер. “Бізге қарсы бірдеңе айтсаң, саған күн бермейміз” деген ұстаным болған кеңес дәуірінде. Соның құрбаны болған қазақ енді өзі басқаларды талап жүр. “Насилие порождает насилие” деген осы. Жылдар бойы қиналған халық енді біреу тілге қарсы бірдеңе десе, жабылып, оны жоқ қылып жібермек. Блогерлер үндемесе, оларды да талап тастамақ. "Міндеттісің, сөйле". Әйтеуір шексіз бір-бірін қинау, жоқ ету. Шексіз зорлық.

Тілді айтатын болсақ, әзірше орысқұлдарды қазақша сөйлетудің, оларға қазақ тілін сыйлатудың басты амалдарының бірі қорқыту, күш көрсету, заңды бетке басу, намысына тию болып жатыр. Нәтижелі, “рабочий” әдіс. Бұл әдістің нәтижелі екенін біз жақсы білеміз, себебі орыс тілін кезінде бізге солай “үйреткен”.

У-шу, кәнсіл мәдениетінің арқасында біраз нәтижеге жетіп жатырмыз. Бірақ сол ма бізге керегі? Әлде басқа амалы бар ма?

“Не істесек болады?” делік. Жауабын бірге іздеуіміз керек. Зерттеу, талқы керек. Себебі бойдағы ашып, сыздап тұрған реніш пен қайғыны басу үшін біреуді зорласақ, зорлық жалғаса береді. Біреуді қорқытып, қинап, жоқ ету - өзімізге деген қастандық.

Адамдар қазақ тілін амал жоқтан, ұялғаннан, қорыққаннан емес, көзі ашылып, көкірегі оянғандықтан үйренсе екен дейміз. Себебі тілді жақсы көру мен тілден қорқу - екі түрлі нәрсе. Елдегі қайғыға ортақ болып, пікір білдіру мен халық алдында "міндетті" блогер болғандықтан амал жоқтан пост шығару - екі түрлі нәрсе.

@qazaqlab
2025/06/29 10:40:34
Back to Top
HTML Embed Code: