Telegram Web Link
Audio
📖🎙🔈 الدروس المهمة لعامة الأمة للعللامة عبد العزيز بن باز باشرح شيخ هيثم سرحان
المترجم طلعت أبو علي
١. المقدمة

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Кіріспе:
- Біз не үшін бұл жолдауды оқып үйренеміз
- Бұл кітап өзіне қандай мәселерді қамтиды
- Автор не себепті бұл жолдауды "басмаләмен" бастады.
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

☘️Әл-Бухаридің «Сахих» жинағында Әнастың (Аллаһ оған разы болсын) былай дегені жеткізіледі: ”Ухуд шайқасында Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) беті жарақаттанып, тісі сынғанда, ол: «Өзінің пайғамбарын жарақаттаған қауым қалай жетістікке жетпек?» - деп айтқан болатын. Әрі сол кезде:

لَيْسَ لَكَ مِنَ الأمْرِ شَيْءٌ

«Ешбір іс сенің еркіңде емес» («Әли-Имран» сүресі, 128-аят), - деген аят түсті” («Сахих» әл-Бухари, 772).
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

🍃 Әл-Бухари сондай-ақ Ибн Умардан, ол Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) таң намазының соңғы ракағатындағы рукуғтан кейін бойын түзеп: «Аллаһ Оны мақтағанды естіді. Раббымыз, Саған мадақ!» - деп айтқанын естігені туралы жеткізеді. Кейін ол: «Уа Аллаһ! Пәленді және пәленді лағынет ет!», - деді. Сол кезде Аллаһ: «Ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ не олардың тәубесін қабыл етеді, не оларды қинайды. Өйткені олар залымдар», - деген аятты түсірді («Әли Имран» сүресі, 128-аят).
Басқа бір риуаятта: «Ол Сафуан ибн Умайяны, Суһайл ибн Амрды және әл-Харис ибн Хишамды лағынеттеді. Әрі сол кезде: «Ешбір іс сенің еркіңде емес. Аллаһ не олардың тәубесін қабыл етеді, не оларды қинайды. Өйткені олар залымдар», - деп уахи түсті («Әли Имран», 128-аят)» (әл-Бухари 4069, 4070).
Audio
📖🎙🔈 الدروس المهمة لعامة الأمة للعللامة عبد العزيز بن باز باشرح شيخ هيثم سرحان
المترجم طلحة أبو علي
٢. تفسير سورة الفاتحة

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Бірінші сабақ.
- Біз Құранды үйренуді неден бастауымыз керек?
- Адамдамдардың Құранға қатысты үш тобы.
- "әл-Фатиха" сүресінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН БЕСІНШІ ТАРАУ:

🍃 Абу Хурайра былай баяндайтын: “Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Жақын туыстарыңды ескерт» («әш-Шуара» сүресі, 214-аят), - деп аят түскенде, ол орнынан тұрды да: «Уа құрайштықтар! Жандарыңды сатып алыңдар, өйткені мен сендерді Аллаһтан еш нәрсемен құтқара алмаймын! Уа Аббас ибн Абд әл-Мутталиб, мен сені Аллаһтан құтқара алмаймын! Уа Аллаһ Елшісінің апасы Софийя! Мен сені Аллаһтан еш нәрсемен құтқара алмаймын! Уа Мухаммадтың қызы Фатыма! Менің мал-мүлкімнен қанша қаласаң сұра, бірақ мен сені Аллаһтан еш нәрсемен құтқара алмаймын!», - деді” (әл-Бухари 2753, Муслим 206, әт-Тирмизи 3184).
Audio
📖🎙🔈 الدروس المهمة لعامة الأمة للعللامة عبد العزيز بن باز باشرح شيخ هيثم سرحان
المترجم طلحة أبو علي
٣. تفسير آية الكرسي

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Екінші сабақ.
- "әл-Курси" аятының тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

Аллаһ Тағаланың:

وَلا تَنْفَعُ الشَّفَاعَةُ عِنْدَهُ إِلا لِمَنْ أَذِنَ لَهُ حَتَّى إِذَا فُزِّعَ عَنْ قُلُوبِهِمْ قَالُوا مَاذَا قَالَ رَبُّكُمْ قَالُوا الْحَقَّ وَهُوَ الْعَلِيُّ الْكَبِيرُ (٢٣)
«Аллаһтың қасында рұқсат берілген біреуден басқа ешкімнің шапағаты пайда бермейді. Ақыр жүректерінен шошыну кеткен кезде, олар өзара: «Раббыларың не айтты?», - десе: «Хақты айтты. Ол Аллаһ – аса Жоғары, тым Үлкен», - деседі», - деген сөздері туралы» («әс-Саба» сүресі, 23-аят).
04_manyzdy_sabaqtar
<unknown>
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم طلحة أبو علي

4. تفسير السورة : "الزلزلة"، "العاديات" "القارعة"

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Үшінші сабақ.
- "Әз-Зәлзәла" "әл-Ғадият", "әл-Қориға" сүрелерінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
📌Жалпы пайда үшін:

Имам әл-Ләләкәи өзінің «Шарх усул иғтиқад әһли-Сунна» кітабында, бірде жахмилер АбдуЛлаһ ибн әл-Мубаракка: «Біз Қиямет күні Раббымызды қалай көреміз?», - деген сұрақ қою үшін бір адамды жіберген асарды келтірген (кітапта сұрақ парсы тілінде келген және Раббы "خدا" «Худа» деп жазылған). Бұған АбдуЛлаһ ибн әл-Мубарак: «Көзбен», - деп жауап берді. (691)
Шейх Хайсам Сарханнан (Аллаһ оған есендік берсін) бұл асар туралы, Худах немесе Худай сөздерін (Азия елдерінде Раббы сөзі осылай аталады) қолдануға болады ма деп сұралды. Өйткені АбдуЛлаһ ибн әл-Мубарак әлгі адамды ол бұл сөзді пайдаланғаны үшін сөкпеді.
Бұған шейх былай деп жауап берді (жалпы мағынасы): «Аллаһқа (мұндай сөздермен) жүгіну – рұқсат етілмейді, өйткені Оған тек Оның есімдерімен жүгіну керек.
Аллаһ туралы хабарларға, келсек, адамдар өз тілдеріндегі сөздерді қолдануларында еш қиындық жоқ» (шейхтың сөзінің соңы).

Қорытынды:
1) Біз Аллаһ Тағала дұғалармызда жүгінгенімізде: «Уа Раббы!», «Уа Құдай!», «Уа Естуші!», «Oh My God!» және осы секілді сөздерді қолдануымызға болмайды. Өйткені Аллаһ Тағала былай деген:
وَلِلّهِ الأَسْمَاء الْحُسْنَى فَادْعُوهُ بِهَا
«Ең жақсы есімдер Аллаһқа тән. Оған сол есімдерімен жалбарыныңдар» («әл-Әғраф» сүресі, 180-аят).
Яғни Аллаһ Тағалаға Құран Кәрімде және сенімді Сүннетте келген араб тіліндегі есімдер арқылы ғана жүгіну керек.
2) Егер біз бұл аудармаларды Аллаһ туралы хабарлағанда қолданатын болсақ, онда Аллаһтың есімдерінің әртүрлі тілдердегі мағыналарының аудармаларын пайдаланудың еш қиындығы жоқ. Яғни: «Раббым маған рахым танытты», «Құдайымыз бізге қамқорлық жасайды» және басқа да сөздерді қолдануға болады.
Ал Аллаһ бұл жайлы жақсырақ біледі.
Audio
📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

🌿 Пайғамбар ﷺ былай деді: “Аллаһ көктердегі әлдебір істі шешсе, періштелер өздеріне тастарға ұрылған шынжырдың күркіреуіндей тиетін Оның Сөздерінің алдында мойынсынушылық-тағзыммен қанаттарын жинайды. Ал олардың жүректерінен қорқыныш кеткен кезде олар: «Раббыларың не айтты?», - дейді. Әрі олардың өздері: «Ақиқатты, өйткені Ол – аса Жоғары, тым Үлкен!» – деп айтады. Ал шайтандар бірінің үстіне бірі мінгесіп (Суфиян ибн Уяйна саусақтарының арасын ашып көрсетті), Аллаһтың сөздерін ұрланып естиді. Бір сөзді естіп, әрқайсысы оны өзінен төмендегісіне жеткізеді, әрі ең соңында осы сөзді сиқыршы немесе сәуегей айтпайынша, жоғарыдан төменге қарай түсе береді. Жалындаған жұлдыз бұл шайтанды ол естігенін жеткізіп үлгермейінше немесе осыдан кейін қағып түсіруі мүмкін, әрі сол кезде ол осы шын сөзге жүз өтірікті қосады. Ал адамдар болса: «Ол бізге пәлен күні пәлен нәрсені және пәлен нәрсені айтпап па еді?», - деп жатады. Әрі көктерден естілген шын сөз адамдарды оған нануға сендіреді” (Бухари 4701).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم طلحة أبو علي

5. تفسير السورة : "التكاثر"، "العصر" "الهمزة"

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Төртінші сабақ.
- "Әт-Такасур", "әл-Аср", "әл-Хумаза" сүрелерінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН АЛТЫНШЫ ТАРАУ:

🍃 Нәууас ибн Симған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқанын баяндағаны туралы жеткізіледі: «Аллаһ бұйрықты уахи арқылы жеткізуді қаласа, сол уахиді айтады, әрі сол кезде көктер Ұлы әрі Құдіретті Аллаһтың алдындағы қорқынышынан сілкіне түседі (немесе ол: «күркірей түседі», - деді). Мұны естіген көктің бүкіл мекендеушілері естерінен танады әрі Аллаһтың алдында сәждеге жығылады. Ең бірінші болып басын Жәбірейіл көтереді, әрі Аллаһ оған Өзі қалаған уахиін хабарлайды. Кейін Жәбірейіл періштелерге барады. Ол әрбір аспаннан өткен кезінде, сол аспанның періштелері одан: «Уа Жәбірейіл, Раббымыз не айтты?» - деп сұрайды. Жәбірейіл: “Ол ақиқатты айтты, өйткені Ол – аса Жоғары, тым Үлкен!", - дейді. Әрі олардың барлығы Жәбірейілдің айтқанын қайталайды. Осылайша, Жәбірейіл уахиді Ұлы және Құдіретті Аллаһ жеткізуді бұйырған жерге жеткізеді»» (Ибн Хазм «Таухидте» 206, Ибн Аби Ғасым «Сунанда» 515).
Абу Зарр былай баяндаған:
«Түндердің бірінде  мен сыртқа шығып, Аллаһ Елшісінің ﷺ кетіп бара жатқанын әрі оның жанында ешкім жоқ екенін көрдім. Мен: «Ол біреудің өзімен жүргенін ұнатпаған (яғни ол жалғыз болғысы келген) шығар», - деп ойладым да, (оның ізімен) айдың көлеңкесінде жүре бердім. Ол бұрылып, менен: «Бұл кім?», - деп сұрады, мен: «Абу Зарр, Аллаһ мені сен үшін төлем етсін», - деп жауап бердім. (Пайғамбарымыз) ﷺ: «Уа, Абу Зарр, бері келші», - деді. Кейін мен онымен бірге біраз жүрдім.  (Пайғамбарымыз ﷺ) : «Расында, (мал-мүлікті) көбейту ісімен айналысатындар Қиямет күні ең аз (сый-сауапқа ие) болады. Тек Аллаһ оған жақсылық (мал-мүлік) сыйлап, ол соны оң және сол жағына, алдына және артына  (Аллаһ разы болатын істерге) жұмсаған және онымен  игі амал еткеннен басқа», - деді. Біз тағы біраз уақыт жүрдік, содан кейін ол мені айналасында тастар бар бір сайға отырғызып: «Мен қайтып келгенше осында отыр», - деді де, содан кейін тасты алқап жаққа кетті.  Ол маған көрінбей қалды, содан кейін ұзақ уақытқа жоғалып кетті.  Кейін мен оның мен жаққа келе жатып: «Ол ұрлық немесе тіпті зинақорлық жасаған болса да ма?», - деп жатқанын естідім. Ол келіп жеткенде, мен шыдамдылығым жетпей: «Уа, Аллаһтың Пайғамбары ﷺ ! Аллаһ мені сіз үшін төлем етсін. Үлкен тастың жанында кіммен сөйлестіңіз, мен сізге ешкім жауап бергенін естімедім ғой?» - деп сұрадым. Сонда ол ﷺ былай деді: «Бұл Жәбірейіл еді, ол маған сол тастың қасына келіп: «Үмметіңді : «Кім Аллаһқа серік қоспай қайтыс болса, сол Жәннатқа кіреді», - деп сүйіншіле!», - деді. Мен: «Уа Жәбірейіл, тіпті ол ұрлық жасаса да, және тіпті зинақорлық жасаса да ма?» - деп сұрадым. Ол: «Иә», - деді. Мен: «Тіпті ол ұрлық жасаса да, әрі тіпті зинақорлық жасаса да ма?» - деп айттым. Ол: «Иә», - деді.  Мен тағы да:  «Тіпті ол ұрлық жасаса да, әрі тіпті зинақорлық жасаса да ма!?» - деп сұрадым.  Ол: «Иә, тіпті шарап ішсе де», - деді»»  («әс-Сахиха»,  826).
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم طلحة أبو علي

6. تفسير السورة : "الفيل"، "القريش" "الماعون"

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Бесінші сабақ.
- "Әл-Фил", "әл-Қурайш", "әл-Мәғун" сүрелерінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
Ұлы сөздер

📝 Ибн әл-Қайим былай деген:

«Ол [яғни "Лә иләһа иллә-Ллаһ – Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты хақ құдай жоқ" бірқұдайшылық куәлігі] үшін:

[Қиямет Күні әділеттің] Мизан Таразысы орнатылады;
[Адам баласының осы дүниелік өмірде жасаған амалдары жазылған] амал кітаптары таратылады;
Жәннат пен Тозақ жаратылды;
соның себебімен жаратылыстар мүминдер мен кәпірлерге, ізгілер мен пасықтарға бөлінді;
ол жаратудың, бұйырудың, сый немесе жаза берудің қайнар көзі;
бұл - жаратылыс сол үшін жаратылған ақиқат;
ол [таухид] және оның қақысы жөнінде сұрақ-жауап және есеп болады;
сол арқылы сый және жаза болады;
соның себебімен Қыбла орнатылды;
соның арқасында дін негіз салды;
сол үшін жиһадтың қылыштары қындарынан шығарылды;
ол – Аллаһтың Өз құлдарының барлығындағы қақысы;
ол Исламның куәлік сөзі;
ол Дар-ус-Сәләм/ Есендік пен Бақыт Мекені [Жәннаттың кілті],
әрі сол жөнінде әуелгілер де, ақырғылар да [Қиямет күні] сұралатын болады».

📚 ["Зад ул-мәғад", 1/34]
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

🍃Ұлы әрі Құдіретті Аллаһ былай деді:
وَأَنْذِرْ بِهِ الَّذِينَ يَخَافُونَ أَنْ يُحْشَرُوا إِلَى رَبِّهِمْ لَيْسَ لَهُمْ مِنْ دُونِهِ وَلِيٌّ وَلا شَفِيعٌ لَعَلَّهُمْ يَتَّقُونَ (٥١)

«Раббыларының алдына жиналудан қорыққандарға, олар тақуалық етудері үшін, Құранмен ескерт. Олар үшін Аллаһтан өзге бір қамқоршы да, шапағатшы да жоқ» ( «әл-Әнғам» сүресі, 51-аят)».
📖 Имам Абу Ханифа әһлю-Суннаның ақидасын ұстанып, Аллаһ Тағала бүкіл жаратылыстан жоғары көтеріліп, Аршыға орныққан деп есептегені бәрімізге белгілі.

Сондықтан ол былай деді:
«Кімде-кім: “Мен Раббымның қайда екенін білмеймін: аспанда ма әлде жерде ме”, - десе, күпірлік  жасады. Бұл: “Аллаһ Аршыға көтерілген, алайда мен Аршының қайда екенін білмеймін: аспанда ма әлде жерде ме ”, - деп айтқан адамға да қатысты».
✏️Қараңыз: «әл-Фиқһ әл-әбсат» 46.

Бір әйелдің: “Сен құлшылық Қылатының (Аллаһ) қайда?”, - деп сұраған кезде, Абу Ханифа былай жауап берді:

«Шынында, Пәк және Ең  Жоғары Аллаһ жерде емес, аспанда». Ал одан бір адам: “Ал сен Аллаһтың мына Сөздері туралы не дейсің: «Қайда болсаңдар да, Ол (Аллаһ) сендермен бірге»?”, - деп сұраған кезде, Абу Ханифа былай деді: «Бұл сенің қасыңда болмаған бір адамға: “Мен сенімен біргемін”, - деп хат жазғаның секілді».
✏️
Қараңыз: «әл-Әсма уа әс-сыфат» 429.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Кіріспе:
- Біз не үшін бұл жолдауды оқып үйренеміз
- Бұл кітап өзіне қандай мәселерді қамтиды
- Автор не себепті бұл жолдауды "басмаләмен" бастады.

📖🎙🔈 الدروس المهمة لعامة الأمة للعللامة عبد العزيز بن باز باشرح شيخ هيثم سرحان
المترجم طلحة أبو علي
١. المقدمة
اللغة الكازاخية
https://youtu.be/20UOlO-y0Z8

🇰🇿 Қазақ тіліндегі Сунна институты арнасы
https://www.youtube.com/playlist?list=PLBFEt29we81TJNd5C2HL_3XuOOC_Rp7r4

Исламдағы төрт ереже жолдауы
https://youtube.com/playlist?list=PLlX7JJd8WgcEJx_0_uSl2ql1Idnq-iji0&feature=shared
Audio
🎙📖🔈 АЛЛАҺТЫҢ ҚҰЛДАРЫНДАҒЫ ҚАҚЫСЫ:

📚 ОН ЖЕТІНШІ ТАРАУ:

Шапағат туралы

🍃«Әз-Зүмәр» сүресі, 44-аят:
قُلْ لِلَّهِ الشَّفَاعَةُ جَمِيعًا لَهُ مُلْكُ السَّمَاوَاتِ وَالأرْضِ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ (٤٤)
«(Мухаммад): "Шапағат тұтасымен Аллаһтың иелігінде", - де».

«Әл-Бақара» сүресі, 255-аят:
مَنْ ذَا الَّذِي يَشْفَعُ عِنْدَهُ إِلا بِإِذْنِهِ
«Оның құзырында Оның рұқсатынсыз кім шапағат етеді?»
Audio
📖🎙🔈 دروس المهمة لعامة الأمة للعلامة عبد العزيز بن باز بشرح الشيخ هيثم سرحان

المترجم طلحة أبو علي

7. تفسير السورة : "الكوثر"، "الكافرون"، "النصر"، "المسد"

Ғұлама, шейх Абдул-Азиз ибн
Баздың (Аллаһ оны рахым етсін)
"Бүкіл үмметке арналған маңызды сабақтар"
жолдауына
шейх Хайсам Сарханның (Аллаһ оны есендікте сақтасын) жасаған түсіндірмесі

📝 Дайындаған шейх басшылығындағы "Сунна" колледжі

📌 Алтыншы сабақ.
- "әл-Кәусар", "әл-Кәфирун", "ән-Наср", "әл-Мәсад" сүрелерінің тәпсірі (имам Абдуррахман әс-Сиғди (Аллаһ оны рахым етсін)).
2025/10/25 11:51:40
Back to Top
HTML Embed Code: