Audio
✍️ شرح القواعد الأربع للشيخ ابن باز
بللغة القازاقية
✍️ "Төрт ереже" жолдауына шейх Ибн Баздың түсіндірмесі
٢. القاعدة الثالثة والرابعة
4. Үшінші ереже
Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) түрлі құдайларға құлшылық ететін адамдардың үстінен жеңіске жетті. Олардың арасында періштелерге құлшылық ететіндер, пайғамбарлар мен әулиелерге (ізгілерге) құлшылық ететіндер, ағаштар мен тастарға құлшылық ететіндер және күн мен айға құлшылық ететіндер де бар еді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) олармен соғысты және олардың арасында айырмашылық жасаған жоқ...
5. Төртінші ереже
Қазіргі замандағы құпқұдайшылық Исламға дейінгі көпқұдайшылықтан қорқыныштырақ. Өйткені ерте замандағы көпқұдайшылар аман-есен кездерінде Аллаһқа теңдес (серік) қосатын, бірақ бақытсыз (қайғы) кездерінде олар Оның алдында өз діндерін тазартатын. Біздің кезіміздің көпқұдайшылары үнемі: есендікте де, бақытсыздықта да – Аллаһқа теңдес (серік) қосады...

📜 Аллаһ Тағала былай деді:
إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللَّهِ مَنْ آمَنَ بِاللَّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَأَقَامَ الصَّلاةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلا اللَّهَ فَعَسَى أُولَئِكَ أَنْ يَكُونُوا مِنَ الْمُهْتَدِينَ (١٨)
«Аллаһтың мешіттерін шынайы түрде Аллаһқа, Ақырет күніне иман келтірген, намазды толық орындайтын, зекет беретін және Аллаһтан ғана қорыққан адамдар ғана жандандырады. Міне, солар тура жол табушылар»
📖 «әт-Тауба» сүресі, 18-аят

ABUHANIFA.KZ
✍ Абу Саид, оған Аллаһ разы болсын, бірде Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған былай деп айтқанын баяндаған: «Расында, (Аллаһқа деген) айқын сенімнің әлсіздігінен Аллаһты ашуландыру арқылы адамдардың ризашылығын іздеуің әрі Аллаһ саған берген ризық үшін оларды мадақтауың, сондай-ақ Аллаһ саған бермеген нәрсе үшін оларды сөгуің. Расында, қалаушының қатты дәметуі Аллаһтың ризығын алып келмейді, ал қаламаушының жек көруі оны (ризықты) кері қайтара алмайды»
📚 Абу Нуайм «әл-Хилия» 106/5, 41/10; әл-Бәйһақи «Шуғаби-л-иманда» 203
📚 Абу Нуайм «әл-Хилия» 106/5, 41/10; әл-Бәйһақи «Шуғаби-л-иманда» 203
Audio
ABUHANIFA.KZ
✍ Аиша, Аллаһ оған разы болсын, Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін баяндаған: «Кімде-кім адамдарды ызаландырып болса да, Аллаһтың разылығын іздесе, Аллаһ оған Өзінің разылығын әрі адамдардың да разылығын сыйлайды. Ал кім Аллаһты ашуландырып, адамдардың разылығын іздесе, Аллаһ оған Өзінің ашуын төгеді әрі адамдардың да ызасын бағыттайды»
📚 Ибн Хиббан 1542, 1541, әт-Тирмизи 2416
📚 Ибн Хиббан 1542, 1541, әт-Тирмизи 2416
Audio
ABUHANIFA.KZ
📍 ОТЫЗ ҮШІНШІ ТАРАУ:
🌒 Аллаһ Тағаланың: «Егер мүмин болсаңдар, Аллаһқа тауекел етіңдер», - деген сөздері туралы
📜 Аллаһ Тағала былай деді:
وَعَلَى ٱللَّهِ فَتَوَكَّلُوۤا۟ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِینَ
«Егер мүмин болсаңдар, Аллаһқа ғана тауекел етіңдер»
📖 «әл-Мәида» сүресі, 23-аят
Audio
ABUHANIFA.KZ
📜 Аллаһ Тағала былай деді:
{ إِنَّمَا ٱلۡمُؤۡمِنُونَ ٱلَّذِینَ إِذَا ذُكِرَ ٱللَّهُ وَجِلَتۡ قُلُوبُهُمۡ وَإِذَا تُلِیَتۡ عَلَیۡهِمۡ ءَایَـٰتُهُۥ زَادَتۡهُمۡ إِیمَـٰنࣰا وَعَلَىٰ رَبِّهِمۡ یَتَوَكَّلُونَ }
«Сөзсіз, мүминдер – бұл Аллаһ еске алынған кезде жүректері (Аллаһтан) қорқыныш сезетіндер, Оның аяттары оқылса, имандары артатындар, әрі Раббыларына тәуекел ететіндер»
📖 «әл-Әнфәл» сүресі, 2-аят

📜 Аллаһ Тағала сондай-ақ былай деді:
{ یَـٰۤأَیُّهَا ٱلنَّبِیُّ حَسۡبُكَ ٱللَّهُ وَمَنِ ٱتَّبَعَكَ مِنَ ٱلۡمُؤۡمِنِینَ }
«Әй пайғамбар! Саған және мүминдерден болған сенің ізбасарларыңа Аллаһ жетіп асады» («әл-Әнфал», 64-аят).
Ол сондай-ақ былай деді:
وَمَن یَتَوَكَّلۡ عَلَى ٱللَّهِ فَهُوَ حَسۡبُهُۥ
«Ал кім Аллаһқа тәуекел етсе, онда Ол оған жетіп асады» («әт-Толәқ» сүресі, 3-аят).

✍ Ибн Аббас, Аллаһ оған және оның әкесіне разы болсын, былай деді: Құранда былай деп айтылған:)
حَسْبُنَا اللَّهُ وَنِعْمَ الْوَكِيلُ (١٧٣)
«Бізге Аллаһ жетіп асады, Ол нендей жақсы Қамқоршы Ие» «Әли Имран» сүресі, 173-аят Бұл сөздерді Ибраһим, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, отқа тасталған кезінде айтқан еді. Тура осыны Мухаммад Пайғамбар да (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар оларға: «Сендерге қарсы ел жиналды, сондықтан олардан қорқыңдар», - дегенде айтқан болатын. Алайда (бұл сөз) олардың иманын арттырды”
📚 әл-Бухари, 4563

📖🎙 Имам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірдегі сұрақтар" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
🎙 Аударған және аудио нұсқасын дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі
1. Кіріспе.
2. Әрбір адамға міндетті төрт нәрсе.
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/412
3. Әрбір мұсылман түсініп, соларға амал етуге міндетті болған үш мәселе:
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/413
4. Әл-Ханифия дегеннің мағынасы
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/416
5. "Раббың кім? Сен раббыңды қалай таныдың?" деген сұрақтардың жауабы
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/429
6. Ғибадаттың мағынасы мен кейбір түрлері әрі шапағат туралы
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/431
7. Ғибадаттың кейбір түрлері туралы
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/432
8. Екінші негіз: Пенденің өз дінін білуі.
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/435
9. Екінші негіз: Пенденің өз дінін білуі. Иман мен ихсанның түсіндірмесі.
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/437
10. Үшінші негіз:
Пайғамбарды (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) тану
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/440
11. Хижра
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/443
12. Аллаһ Тағала Елшілерді не нәрсемен жібергенін баяндау
https://www.tg-me.com/rabbyn_kim/446
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
1. Шейх, имам Мухаммад әт-Тамими (Аллаһ оны рахымына бөлесін) туралы қысқаша мәлімет
2. Кіріспе: әрбір адам білуге міндетті төрт мәселе:
- Аллаһты, Оның дінін, Оның пайғамбарын білу;
- Осы білімге сәйкес амал ету;
- Осы білімді өзгелерге насихаттау;
- Осы жолда сабыр ету.
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
3. Бірінші негізге кіріспе
📌 Әрбір мұсылман түсініп, соларға амал етуге міндетті болған үш мәселе:
Біріншісі: Аллаһ бізді жаратты, ризықтандырды, және бізді өздерімізге тапсырып тастап қойған жоқ. Ол бізге елші жіберді. Елшіге бағынғанның әрбірі Жәннатқа кіреді, ал кім оған мойынсұнбаса – Тозаққа түседі.
Екіншісі: Аллаһ құлшылықта Өзіне серік қосқанға разы болмайды. Тіпті ол (Аллаһқа) жақын періште, не елшілілікпен жіберілген пайғамбар болса да.
Үшіншісі: Елшіге бағынатын және құлшылығын жалғыз Аллаһқа ықыласты түрде арнаған адамның Аллаһ пен Оның Елшісіне дұшпандық көрсететіндерге достық пен сүйіспеншілік танытуына тыйым салынған.
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
4. Әл-Ханифия дегеннің мағынасы
Біліңіз, Аллаһ сізді Өзіне мойынсұнуға бағыттасын, Ибраһим ұстанған «әл-ханифия» (бірқұдайшылық) діні – бұл дінді ықыласты түрде жалғыз Аллаһқа арған күйде Оған ғана құлшылық ету. Аллаһ барлық адамдарға осыны бұйырды, өйткені Ол оларды осы үшін жаратты. Аллаһ Тағала бұл туралы:
﴿وَمَا خَلَقۡتُ ٱلۡجِنَّ وَٱلۡإِنسَ إِلَّا لِيَعۡبُدُونِ٥٦﴾
«Мен жындар мен адамдарды тек Маған құлшылық етулері үшін ғана жараттым», - деп айтқанындай («әз-Зәрият» сүресі, 56-аят).
«яғбудуни» (Маған ғибадат-құлшылық етулері) сөзінің мағынасы - «юуаххидуни» (яғни Мені құлшылықта жалғыз ету). Әрі Аллаһ әмір еткен нәрселердің ең ұлығы – бұл бірқұдайшылық(таухид). Ал бұл құлшылық-ғибадатты тек жалғыз Аллаһқа ғана арнау дегенді білдіреді.
Ал Аллаһтың тыйым салған амалдардың ең ұлысы – ширк, яғни Аллаһпен бірге өзгеге дұға-құлшылық ету. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың келесі сөздері:
﴿۞ وَٱعۡبُدُواْ ٱللَّهَ وَلَا تُشۡرِكُواْ بِهِۦ شَيۡـٔٗاۖ ﴾
«Аллаһқа ғана құлшылық етіңдер, әрі Оған ешкімді серік қоспаңдар» («ән-Ниса» сүресі, 36-аят).
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 04-05.rabbyn' kim
Жаңадан жазылған сабақ
📖🎙🔈 Раббың кім?
❓6-7 - сұрақтар:
☄Аллаһтың алдында амалдардың қабыл болуының шарттары қандай?
☄Мүшриктердің (көпқұдайшылдардың) Пайғамбарымыз Мухаммадқа қойған «Раббың кім?» деген сұрағына оның берген жауабы қандай болды?

🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
✅ 5-сабақ:
❓8-сұрақ: Аллаһ несімен жалғыз?
❓9-сұрақ: Таухид әр-рубубия дегеніміз не?
❓10-сұрақ: Таухид әл-улюхия дегеніміз не?
Қайта жазылған жаңа нұсқа
✅ 5-сабақ:
❓8-сұрақ: Аллаһ несімен жалғыз?
❓9-сұрақ: Таухид әр-рубубия дегеніміз не?
❓10-сұрақ: Таухид әл-улюхия дегеніміз не?
Қайта жазылған жаңа нұсқа
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
5. "Раббың кім? Сен раббыңды қалай таныдың?" деген сұрақтардың жауабы
Егер сізге: «Адам білуі парыз болған үш негіз қандай?» - деп сұрақ қойылса, онда: «Пенденің өз Раббысын, дінін және пайғамбары Мухаммадты (оған Аллаһтың иігілігі мен сәлемі болсын) тануы», - деп жауап беріңіз.
Әрі егер сізден: «Раббың кім?» - деп сұраса, сіз: «Менің Раббым – Аллаһ. Ол мені тәрбиелеп-өсірді (Раббылық етті) және бүкіл әлемдерді де Өз нығметімен тәрбиелеп-өсірді. Мен Оған ғана құлшылық етемін және мен үшін Одан басқа құлшылық етер ешбір құдай жоқ!»
Аллаһ Тағаланың келесі сөздері бұған дәлел болады:
﴿ٱلۡحَمۡدُ لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٢﴾
«Бүкіл мақтау әлемдердің Раббысы – Аллаһқа тән» («әл-Фатиха» сүресі, 2-аят).
Аллаһтан өзгенің барлығы - әлем, әрі мен де сол әлемнің бірімін.
Егер де сізге: «Сен Раббыңды не арқылы таныдың?» - деген сұрақ қойылса, сіз: «Оның аят-белгілері мен жаратылыстары арқылы таныдым», - деп жауап беріңіз. Түн мен күндіз, күн мен ай Оның аят-белгілерінен. Ал жеті қабат аспан мен жеті қабат жер және ондағылар мен олардың арасындағылар - Аллаһтың жаратылыстарынан. Бұған дәлел - Аллаһтың мына сөздері:
﴿وَمِنۡ ءَايَٰتِهِ ٱلَّيۡلُ وَٱلنَّهَارُ وَٱلشَّمۡسُ وَٱلۡقَمَرُۚ لَا تَسۡجُدُواْ لِلشَّمۡسِ وَلَا لِلۡقَمَرِ وَٱسۡجُدُواْۤ لِلَّهِۤ ٱلَّذِي خَلَقَهُنَّ إِن كُنتُمۡ إِيَّاهُ تَعۡبُدُونَ٣٧﴾
«Оның аят-белгілерінен — түн мен күндіз әрі күн мен ай. Күнге де, айға да сәжде етпеңдер, оларды жаратқан Аллаһқа ғана сәжде қылыңдар, егер Оған құлшылық етпек болсаңдар» («әл-Фуссиләт» сүресі, 37-аят).
Сондай-ақ Оның мына сөздері де:
﴿إِنَّ رَبَّكُمُ ٱللَّهُ ٱلَّذِي خَلَقَ ٱلسَّمَٰوَٰتِ وَٱلۡأَرۡضَ فِي سِتَّةِ أَيَّامٖ ثُمَّ ٱسۡتَوَىٰ عَلَى ٱلۡعَرۡشِۖ يُغۡشِي ٱلَّيۡلَ ٱلنَّهَارَ يَطۡلُبُهُۥ حَثِيثٗا وَٱلشَّمۡسَ وَٱلۡقَمَرَ وَٱلنُّجُومَ مُسَخَّرَٰتِۭ بِأَمۡرِهِۦٓۗ أَلَا لَهُ ٱلۡخَلۡقُ وَٱلۡأَمۡرُۗ تَبَارَكَ ٱللَّهُ رَبُّ ٱلۡعَٰلَمِينَ ٥٤﴾
«Күдіксіз, Раббыларың сондай Аллаһ, көктер мен жерді алты күнде жаратқан. Содан кейін Аршыға көтерілген. Бірін-бірі қуалап, күндізді бүркеген түнді және күн мен айды, сондай-ақ жұлдыздарды да әміріне бағындырған. Күмән жоқ, жарату және бұйрық беру Оған тән. Бүкіл әлемдердің Раббысы – Аллаһ Игі-Берекелі (Тәбарак)» («әл-Әғраф» сүресі, 54-аят).
Раббы – ол Оған құлшылық арналатын Құдай (Мағбуд). Бұған дәлел:
﴿يَٰٓأَيُّهَا ٱلنَّاسُ ٱعۡبُدُواْ رَبَّكُمُ ٱلَّذِي خَلَقَكُمۡ وَٱلَّذِينَ مِن قَبۡلِكُمۡ لَعَلَّكُمۡ تَتَّقُونَ٢١ ٱلَّذِي جَعَلَ لَكُمُ ٱلۡأَرۡضَ فِرَٰشٗا وَٱلسَّمَآءَ بِنَآءٗ وَأَنزَلَ مِنَ ٱلسَّمَآءِ مَآءٗ فَأَخۡرَجَ بِهِۦ مِنَ ٱلثَّمَرَٰتِ رِزۡقٗا لَّكُمۡۖ فَلَا تَجۡعَلُواْ لِلَّهِ أَندَادٗا وَأَنتُمۡ تَعۡلَمُونَ٢٢﴾
«Әй адамдар! Сендерді және сендерден бұрыңғыларды жаратқан Раббыларыңа ғана құлшылық етіңдер, сонда сақтанған боласыңдар. Ол сендер үшін жерді төсеніш, көкті шатыр етіп жаратты. Көктен жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге әртүрлі өсімдіктерден ризық шығарды. Ендеше, біле тұра Аллаһқа ешкімді теңдес етпеңдер!» («әл-Бақара» сүресі, 21-22-аяттар).
Ибн Кәсир (Аллаһ Тағала оны рахым етсін): «Осылардың барлығының Жаратушысы, сол ғана Оған құлшылық-ғибадат етуге лайық!» - деп айтқан.
РАББЫҢ КІМ?!!
<unknown> – 06.rabbyn' kim
Жаңадан қайта жазылған сабақ
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓ 11-сұрақ: Таухид әл-әсмәи уәс-сыфат дегеніміз не?
🎤📚 Аудиокітап: Махмуд Абдур-Разиқ "Раббың кім? Немесе қабірде қойылатын алғашқы сұрақ"
❓ 11-сұрақ: Таухид әл-әсмәи уәс-сыфат дегеніміз не?
Audio
📖🎙🔈 Шейху-ль-ислам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірде қойылатын үш сұрақ" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
6. Ғибадаттың мағынасы әрі оның түрлері туралы
✍🏼 Аллаһ бұйырған құлшылықтардың түрлеріне Ислам, Иман, Ихсан және солардың ішінде: дұға, қауіптеніп қорқу, үміт, тәуекел, сауап күту (роғба), азапталудан қорқу (роһба), үрейлену (хошийя), мойынсұну (хушуғ), күнәлардан бойұсынушылыққа қайту (инәәбә), көмек тілеу (истиғана), пана тілеу (истиғаза), қиын жағдайда құтқару тілеп жалбарыну (истиғоса), мал (құрбан) шалу, нәзір және Аллаһ бұйырған басқа да құлшылық түрлері кіреді. Осылардың барлығы тек Аллаһ Тағала үшін орындалуы міндетті. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿وَأَنَّ ٱلۡمَسَٰجِدَ لِلَّهِ فَلَا تَدۡعُواْ مَعَ ٱللَّهِ أَحَدٗا١٨﴾
«Расында, мешіттер Аллаһтікі. Сондықтан Аллаһпен бірге ешкімге дұға (құлшылық) етпеңдер» («әл-Жинн» сүресі, 18-аят).
Егер адам осылардың қайсысын болса да Аллаһтан басқа біреуге арнайтын болса, ол Аллаһқа серік қосушы (мушрик) және кәпір болады. Бұған дәлел – Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿وَمَن يَدۡعُ مَعَ ٱللَّهِ إِلَٰهًا ءَاخَرَ لَا بُرۡهَٰنَ لَهُۥ بِهِۦ فَإِنَّمَا حِسَابُهُۥ عِندَ رَبِّهِۦٓۚ إِنَّهُۥ لَا يُفۡلِحُ ٱلۡكَٰفِرُونَ ١١٧﴾
«Кім ешбір дәлелсіз Аллаһпен бірге басқа құдайға дұға (құлшылық) етсе, рас, оның есебі Раббысының қасында. Расында, кәпірлер құтылмайды!» («әл-Муъминун» сүресі, 117-аят).
Хадистердің бірінде: «Дұға – құлшылықтың өзегі», - деп айтылады (әт-Тирмизи, Абу Дауд).
Бұған дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿وَقَالَ رَبُّكُمُ ٱدۡعُونِيٓ أَسۡتَجِبۡ لَكُمۡۚ إِنَّ ٱلَّذِينَ يَسۡتَكۡبِرُونَ عَنۡ عِبَادَتِي سَيَدۡخُلُونَ جَهَنَّمَ دَاخِرِينَ٦٠﴾
«Раббыларың: «Маған дұға етіңдер, (тілектеріңе) жауап беремін. Ал маған құлшылық етуге менменсінгендер Тозаққа қор болған күйде кіреді», - деді» («Ғафир» сүресі, 60-аят).
5a_qabirdegi_suraqtar
<unknown>
📖🎙 Имам Мухаммад ибн Сулейман әт-Тәмимидің "Қабірдегі сұрақтар" жолдауына шейх Абдул-Азиз ибн Баздың жасаған түсіндірмесі
7. Ғибадаттың кейбір түрлері туралы
«Қауіптеніп қорқу да (әл-хоуф) құлшылық екеніне Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:
﴿ فَلَا تَخَافُوهُمۡ وَخَافُونِ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ ١٧٥﴾
«Олардан қорықпаңдар, Менен қорқыңдар, егер мумин болсаңдар!» («Әли Имран» сүресі, 75-аят).
Үміттің (әр-рожәның) (құлшылық екеніне) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿ فَمَن كَانَ يَرۡجُواْ لِقَآءَ رَبِّهِۦ فَلۡيَعۡمَلۡ عَمَلٗا صَٰلِحٗا وَلَا يُشۡرِكۡ بِعِبَادَةِ رَبِّهِۦٓ أَحَدَۢا١١٠﴾
«Ал кім өз Раббысына жолығуды үміт етсе, ізгі амал жасап, құлшылығында Раббысына ешкімді серік қоспасын» («әл-Кәһф» сүресі, 110-аят).
Тәуекелге дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿ وَعَلَى ٱللَّهِ فَتَوَكَّلُوٓاْ إِن كُنتُم مُّؤۡمِنِينَ ٢٣﴾
«Егер мүмин болсаңдар, Аллаһқа ғана тәуекел етіңдер!» («әл-Мәида» сүресі, 23-аят). ...
Ұмтылу (қалау) (әр-роғба), азапталудан қорқу (әр-роһба) және мойынсұнушылықпен тағзым-иғат ету (әл-хушуғ) (құлшылық екеніне) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿ إِنَّهُمۡ كَانُواْ يُسَٰرِعُونَ فِي ٱلۡخَيۡرَٰتِ وَيَدۡعُونَنَا رَغَبٗا وَرَهَبٗاۖ وَكَانُواْ لَنَا خَٰشِعِينَ ٩٠﴾
«Расында, олар (елшілер мен пайғамбарлар) игі істерді істеуге асығатын әрі Бізге қызығу және қорқумен дұға етіп жалбарынатын, және Бізге (мойынсұнушылықпен) тағзым-итағат етуші еді» («әл-Әнбия» сүресі, 90-аят).
Біліммен болатын қорқуға (әл-хошия) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿ فَلَا تَخۡشَوُاْ ٱلنَّاسَ وَٱخۡشَوۡنِ ﴾
«Адамдардан қорқпаңдар да, Менен қорқыңдар!» («әл-Мәида» сүресі, 44-аят).
Аллаһқа қайтудың (әл-инәбә) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿وَأَنِيبُوٓاْ إِلَىٰ رَبِّكُمۡ وَأَسۡلِمُواْ لَهُۥ ﴾
«Раббыларыңа қайтыңдар және Оған бойұсыныңдар» («әз-Зүмәр» сүресі, 54-аят).
Көмек сұрауға (әл-истиғана) Аллаһ Тағаланың мына сөздері нұсқайды:
﴿إِيَّاكَ نَعۡبُدُ وَإِيَّاكَ نَسۡتَعِينُ٥﴾
«Саған ғана құлшылық етеміз, Сенен ғана жәрдем сұраймыз» («әл-Фатиха» сүресі, 5-аят).
Аллаһтың Пайғамбары (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер көмек сұрайтын болсаң, Аллаһтан сұра!» - деп айтқан.
Пана сұрауға (әл-истиғаза) дәлел - Аллаһ Тағаланың мына сөзі:
﴿قُلۡ أَعُوذُ بِرَبِّ ٱلۡفَلَقِ١﴾
«Таңның Раббысынан пана сұраймын», - деп айт!» («әл-Фәләқ» сүресі, 1-аят). ...
Қиын жағдайда құтқаруды сұрап жалбарынудың (әл-истиғоса) дәлелі - Аллаһ Тағаланың мына сөздері:
﴿إِذۡ تَسۡتَغِيثُونَ رَبَّكُمۡ فَٱسۡتَجَابَ لَكُمۡ ﴾
«Сол уақытта Раббыларыңа жалбарынған едіңдер, Ол сендерге жауап берді» («әл-Әнфәл» сүресі, 9-аят).
Құрбандық шалудың (әз-зәбх) дәлелі – Аллаһ Тағаланың мына сөзі:
﴿ قُلۡ إِنَّ صَلَاتِي وَنُسُكِي وَمَحۡيَايَ وَمَمَاتِي لِلَّهِ رَبِّ ٱلۡعَٰلَمِينَ١٦٢ لَا شَرِيكَ لَهُۥۖ وَبِذَٰلِكَ أُمِرۡتُ وَأَنَا۠ أَوَّلُ ٱلۡمُسۡلِمِينَ ١٦٣﴾
«Расында, менің намазым және құрбандығым, өмірім және өлімім әлемдердің Раббысы Аллаһқа тән! Оның серігі жоқ. Мен осыған бұйырылғанмын және мен - мұсылмандардың алғашқысымын», - деп айт» («әл-Әнғам» сүресі, 161-163-аяттар). ...
Нәзірге Аллаһ Тағаланың мына сөздері дәлел болады:
﴿يُوفُونَ بِٱلنَّذۡرِ وَيَخَافُونَ يَوۡمٗا كَانَ شَرُّهُۥ مُسۡتَطِيرٗا٧﴾
«Олар нәзірлерін орындайды әрі жамандығы етек алатын күннен қорқады» («әл-Инсан» сүресі, 7-аят).