571 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا جَلَسَ قَوْمٌ مَحْلِسًا لَمْ يَذْكُرُوا اللّٰهَ تَعَالَىٰ فِيهِ، وَلَمْ يُصَلُّوا عَلَىٰ نَبِيِّهِمْ إِلَّا كَانَ عَلَيْهِمْ تِرَةً، فَإِنْ شَاءَ عَذَّبَهُمْ وَإِنْ شَاءَ غَفَرَ لَهُمْ

«Егер әлдебір қауым әлдебір мәжілісте бас қосып, сол жерде Аллаһ Тағаланы еске алмаса және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтпаса, бұл олар үшін зиян мен өкінішке айналады. Аллаһ қаласа - оларды жазалайды, ал қаласа - кешіреді».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5607.
Audio
Аллаһты зікір етпейтін және Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айтылмайтын мәжілістің зардабы
572 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا مِنْ قَوْمٍ يَقُومُونَ مِنْ مَجْلِسٍ لَا يَذْكُرُونَ اللّٰهَ تَعَالَىٰ فِيهِ إِلَّا قَامُوا عَنْ مِثْلِ جِيفَةِ حِمَارٍ، وَكَانَ ذَلِكَ المَجْلِسُ عَلَيْهِمْ حَسْرَةً يَوْمَ القِيَامَةِ

«Егер әлдебір қауым әлдебір мәжілісте отырып, сол жерде Аллаһ Тағала еске алмаса, онда олар есектің өлексенің айналасында отырып содан тұрып кеткендей болады, әрі бұл олар үшін Қиямет күні зиянға айналады».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5750.
Audio
Аллаһты еске алмайтын мәжілісте отыру - есектің өлексесінің айналасында отырып, содан тұру сияқты
573 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

مَا مِنْكُمْ مِنْ أَحَدٍ إِلَّا سَيُكَلِّمُهُ اللّٰهُ يَوْمَ القِيَامَةِ لَيْسَ بَيْنَهُ وَبَيْنَهُ تَرْجُمَانٍ، فَيَنْظُرُ أَيْمَنَ مِنْهُ، فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ أَشْأَمَ مِنْهُ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا مَا قَدَّمَ، وَيَنْظُرُ بَيْنَ يَدَيْهِ فَلَا يَرَىٰ إِلَّا النَّارَ تِلْقَاءَ وَجْهِهِ؛ فَاتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، وَلَوْ بِكَلمَةٍ طَيِّبَةٍ

«Сендердің әрбіріңмен Қиямет күні Аллаһ сөйлеседі, әрі Аллаһ пен оның арасында ешбір аудармашы (дәнекер) болмайды. Сол кезде ол өзінің оң жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, және сол жағына қарайды да, тек өзінің істегендерін ғана көреді, ал алдына қараса – бетінің алдында тек Отты көреді. Ендеше құрманың жартысымен болса да, бір жақсы сөзбен болса Тозақ пен өздеріңнің араларыңа бөгет жасаңдар».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 5798.
Audio
Қиямет күні әрбіріңмен Аллаһ Тағала тәржімансыз сөйлеседі
574 — Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені жеткізіледі:

إِنَّ فِي الجَنَّةِ مِائَةَ دَرَجَةٍ أَعَدَّهَا اللّٰهُ لِلمُجَاهِدِينَ فِي سَبِيلِ اللّٰهِ مَا بَيْنَ الدَّرَجَتَيْنِ كَمَا بَيْنَ السَّمَاءِ وَالأَرْضِ

«Расында, Жәннатта жүз дәреже бар, Аллаһ оларды Аллаһ жолында күресетін мужаһидтерге әзірледі әрі әр дәреженің арасындағы қашықтық жер мен көктің арасындай».

📚 Қ-з: «Сахих әл-Жәмиғ әс-Сағир», 2126.
Audio
Жәннатта жүз ұлы дәрежеге кімдер ие болады
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Оның мейірімімен игі істер соңына жететін Аллаһқа бүкіл мақтау.
Пайғамбарымыз Мухаммадқа және оның отбасына және сахабаларына Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын.

Осымен кітап аяқталды.
Аллаһ Тағала бізден және сізден қабыл етуін сұраймыз.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📖🎙🔈 Шейх, ғұлама Абдур-Рахман әс-Сиғдидің

"بهجة قلوب الأبرار"

"Ізгілер жүрегінің қуанышы"
атты хадистер мен олардың түсіндірмелерін қамтыған жинағын оқу

📌 Аудионы дайындаған шейх Хайсам Сархан басшылығындағы "Сунна" колледжі
🌴БІРІНШІ ХАДИС🌴
Әшкере және жасырын амалдар өлшемі
☘️Омар ибн әл-Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһ елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Расында, іс-амалдар ниетке байланысты және әрбір кісіге ниет еткені (ісі) тиесілі. Кімнің қоныс аударуы Аллаһ пен Оның елшісіне қарай болса, оның қоныс аударуы – Аллаһ пен Оның елшісіне қарай. Ал кімде-кім мал-дүние табу үшін немесе әйелге үйлену үшін қоныс аударса, ол сол қоныс аударған нәрсесіне қоныс аударған (болып саналады)» , – деп айтқанын естідім», – деген (әл-Бухари мен Муслим).
Audio
Әшкере және жасырын амалдардың өлшемі
🌴ЕКІНШІ ХАДИС🌴
Амалдарды Құран мен сүннетке негіздеу
☘️Айшадан (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім біздің осы ісімізге (яғни дініміз бен шариғатымызға) қатысы жоқ (яғни шариғатқа қарсы келетін немесе дұрыстығына ешқандай шариғи дәлел болмаған) бір жаңалы (яғни, ойдан шығарылған бір нәрсе) енгізсе, ол қабылданбайды (яғни жарамсыздығы себепті есепке алынбайды әрі өз иесіне қайтарылады)», – деді», – деген.
Келесі бір риуаятта Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кімде-кім біздің ісімізге сәйкес келмейтін бір амал істесе, ол қабылданбайды», – деп айтқан (әл-Бухари, Муслим).
Audio
ЕКІНШІ ХАДИС
Амалдарды Құран мен сүннетке негіздеу
🌴ҮШІНШІ ХАДИС🌴

Дін – бұл насихат

Тәмим әд-Дариден (Аллаһ оған разы болсын). Ол: «(Бірде) Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Дін – насихат», – деді. (Адамдар): «Кімге қатысты, уа, Аллаһтың елшісі?» – деп (сұраған еді): «Аллаһқа, Оның Кітабына, Оның елшісіне, мұсылмандардың басшыларына және барлық (мұсылмандарға) қатысты», – деп (жауап берді)», – деген (Муслим) .
Ал имам Ахмад келтірген риуаятта Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):
  الدِّينُ النَّصِيحَةُ الدِّينُ النَّصِيحَةُ الدِّينُ النَّصِيحَةُ.
Деп үш рет қайталап бекітіп айтқаны келтіріледі.
Audio
Дін - бұл насихат
🌴ТӨРТІНШІ ХАДИС🌴

Жаннатқа кіруге себеп болатын амалдар

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын), бірде бір бәдәуи, яғни шөл тұрғыны, Пайғамбарға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп: «Маған мен соны істесем, Жәннатқа кіретін амалға нұсқаңызшы», – дегені жеткізіледі. (Сонда Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)): «Аллаһқа ғана құлшылық ет әрі Оған ешкімді және ешнәрсені серік қоспа, парыз намаздарды оқы, парыз зекетті бер әрі рамазанда ораза ұста», – деді. (Сонда әлгі бәдәуи кісі): «Жаным Соның Қолында болған (Аллаһ)пен ант етемін, мен осыған еш нәрсе қоспаймын әрі одан ештеңені кемітпеймін», – деді. Ол кеткен соң Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Кім Жәннат тұрғындарынан болған адамды көріп қуанғысы келсе, осы адамға қарасын», – деді (Бухари және Муслим).
Audio
ТӨРТІНШІ ХАДИС
Жаннатқа кіруге себеп болатын амалдар
2024/05/15 17:30:37
Back to Top
HTML Embed Code: