Forwarded from Бірге тексерейік!
Реформа жасау тапсырмасын орындай алмаса, қормен бірге құрдымға кетеді (с)
Forwarded from Бірге тексерейік!
Апта шолуы🗓 | Балалар ұшақпен тегін ұша ала ма✈️?
Соңғы күндері Қазақстандық интернет кеңістікте «Кәмелет жасқа толмаған балалар ұшақпен тегін ұша алады» деген сарында ақпарат тарап кетті. Халық арасында түсініспеушіліктер мен түрлі қауесет есіп жүр. Осы орайда Factcheck.kz сайты Заң негізінде ақпаратты тексеріп көрді.
https://youtu.be/RVqC8l-3xwQ

YouTube
Балалардың ұшуы енді тегін бола ма?
Президент Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізіп, Қытай мен Қазақстанның сауда-саттық туралы статистикалық мәліметтері екі түрлі деді. Біз президент сөзін қаншалықты шындыққа сәйкес келетінін тексеріп көрдік. Желіде «Кәмелет…
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қаңтар оқиғасын «ұйымдастырған» кім?
Жүздеген адам қаза тапқан «Қаңтар оқиғасына» 1 ай толды. Билік «террористік шабуыл», «мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс» деп атаған оқиғаның артында кім тұрғанын әлі атамады. Ал Ресейдің НТВ арнасы наразылықты ұйымдастырушы ретінде қазақстандық екі блогер мен бір саясаттанушының атын атады.
@azattyq
Жүздеген адам қаза тапқан «Қаңтар оқиғасына» 1 ай толды. Билік «террористік шабуыл», «мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс» деп атаған оқиғаның артында кім тұрғанын әлі атамады. Ал Ресейдің НТВ арнасы наразылықты ұйымдастырушы ретінде қазақстандық екі блогер мен бір саясаттанушының атын атады.
@azattyq
Forwarded from Бірге тексерейік!
YouTube
Азапталған Талдықорған. Арнайы репортаж
Қаңтардағы дүрбелеңнен соң ұсталғандар жаппай азапталып жатыр. Талдықорған қаласында тергеу кезінде таяқ жегенін айтқандар көп. Арасында 18 жасқа толмаған балалар да бар. Азаттық Талдықорғандағы оқиғадан соң үстінен қылмыстық іс қозғалған азаматтардың туыстарымен…
American Space @factcheck_kz бірлесе отырып тегін онлайн фактчекинг курсына жазылу туралы хабарлайды.
⠀
Курсты аяқтап, тест тапсырмаларын орындағаннан кейін сіз үгіт-насихатты анықтау дағдыларын, ашық көздерден тексерілген деректерді жинау мүмкіндігін аласыз. Фотосуреттер мен бейнелердің дәлдігін сенімді түрде тексеруді, фреймдер бойынша геолокацияны анықтауды және әлеуметтік желілерден қажетті деректерді алуды үйреніңіз.
⠀
Курс Павел Банников пен Думан Смақовтың жетекшілігімен 14 ақпаннан 16 наурызға дейін аптасына екі рет өтеді.
⠀
Курстың басталуы: 14 ақпан.
Әр дүйсенбі және сәрсенбі, сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін.
⠀
Тіл: қазақ тілі
Орындар саны шектеулі - тек 20 адам таңдалады.
⠀
Бұл әсіресе жас журналистер мен блогерлер үшін пайдалы болмақ. Сондай-ақ елде және әлемде болып жатқан оқиғалар туралы сенімді ақпарат алуға ұмтылатындарға.
⠀
🧑🏻💻 Қосылу үшін Zoom сілтемесін сәтті алу үшін жарамды электрондық пошта/email енгізіңіз. Тіркелу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз - https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfabKujUCxod9uZrH9J72bbhPox0502B-ysVH0inmzBf7_csA/viewform

Google Docs
Фактчекинг онлайн курсы (қаз.) / @factcheck.kz
American Space @factcheck.kz бірлесе отырып тегін онлайн фактчекинг курсына жазылу туралы хабарлайды.
Курсты аяқтап, тест тапсырмаларын орындағаннан кейін сіз үгіт-насихатты анықтау дағдыларын, ашық көздерден тексерілген деректерді жинау мүмкіндігін аласыз.…

Forwarded from журфак (ayan kalmurat)
Тараз қаласында шығатын «Арай» газетінің бас редакторы Біржан Сартбекке ерекше риза боп отырмын. Ол газеттің меншік иесі қала әкімі туралы сыни мақала бар нөмірді баспаға жібермей қойғаны жұмыстан кеткелі жатыр екен.
Аймақтарда медиаорта тым тар, жұмыс та, басқа мүмкіндік те аз. Соған қарамастан осындай шешім қабылдап отырған әріптеске ризамын. Тілектеспін. Фейсбуктегі жазбасын осында көшіріп басайын.
Біржан Сартбектің жазғаны:
Құрметті облыс тұрғындары, «AR-AI» газетінің оқырмандары!
Бүгін сонау 2005 жылы оқырманға жол тартып, облыс жастарының жанашырына, үнпарағына айналған «AR-AI» газеті өз тарихында бірінші рет жарық көрмей қалды.
Арымның алдында ұятты болмау үшін осы постты жариялауды жөн көрдім.
Айтуға, ақталуға ыңғайсыз себептермен.
Газеттің бүгінгі, яғни 19 ақпан күні шығуы тиіс санында «Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаевтың назарына!» атты айдармен «Шөлдалада жағымды жаңалық емес, жаназа көбейді» деген сын мақала басылу керек болған. Бұл мақала шөлдалалық тұрғындардың өтініші, шақыртуы негізінде дайындалған болатын.
Өйткені тұрғын алқаптың дәл іргесінен ағып жатқан үлкен канал соңғы жылдары ажал ағынына айналып кеткен. Суға түсіп, қайтыс болғандар да аз емес көрінеді. Жуырда ғана бір келіншек құбыр үстімен өтемін деп, суға кетіп ажал құшыпты.
Міне осындай бүтін бір елді мекен тұрғындарының тағдыры, билікке деген базынасы баяндалған мақаланың жарыққа шығуын газеттің меншік иесі «Aulieata-media» ЖСШ бас директоры Нұрбек Бекен тоқтатып тұр. Газет макеті кеше түнде баспаханаға жіберілген, бірақ директор баспаханаға хабарласып жарыққа шығармай отыр.
Өйткені басты мақсат қала әкімінің жаман атын шығармау.
Қала әкімінің ықпалы жүріп, айтқаны болатын мұндай облыстық баспасөз ұжымында мен бұдан былай жұмыс істей алмаймын.
Бас редакторлық қызметімді өткізіп беремін. Өйткені оқырманға не деп ақталамын.
Жұрт «Еститін Үкімет» боламыз деп жүргенде қала әкімінің имиджіне жұмыс істейтін облыстық ұжымның мына тірлігіне не айтуға болады?
Құрметті шөлдалалықтар!
Сіздердің базыналарыңызды билікке жеткізуі тиіс проблемалық мақала жарияланатын бүгінгі санның баспаханадан басылмау себебінің ұзын-ырғасы осындай.
Құрметті шөлдалалықтар! Мен сіздерден кешірім сұраймын және сіздер жағында екенімді қоса ескертемін!
Журналистік принципіме жүгініп, мен мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынымды мәлімдеймін! Және ар ұятымның алдында бәріңізден басымды иіп кешірім сұраймын!
Журналистік антына адал болған менің орынбасырым Жасұлан Сейілхан мен жауапты хатшы Шолпан Бөгенбаеваға үлкен алғыс білдіремін.

Кейінгі апталарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жария түрде теңсіздікке қарсы сөз сөйлеп жүр.
АЛ ТОҚАЕВТЫҢ БІЗ БІЛМЕЙТІН ҚАНДАЙ СЫРЫ БАР?
https://vlast.kz/vlast-qazaqsha/48746-tokaevty-ofsor-kpialary.html

Власть
Тоқаевтың офшор құпиялары
Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың басым бөлігі халықтың табысы арасындағы теңсіздікке жауапты деп санайтын бірінші президенттен өзін аулақ ұстауға тырысады. Дегенмен Тоқаев отбасының да шетелдік құпиясы бар: көл жағасындағы таунхаустар, Мәскеудегі пәтерлер…
Forwarded from Бірге тексерейік!
Фактчекті🔍 бастаған әйелдер ме🕵️♀️?
Алғашқы фактчекерлердің интернетсіз қалай жұмыс істегені, гендерлік дискриминация және 100 жылда фактчекинг мақсаттарының қалай өзгергені туралы.
Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/faktchekti-bastagan-ajelder-me/.

Factcheck.kz
Фактчекті бастаған әйелдер ме? | Factcheck.kz
Алғашқы фактчекерлердің интернетсіз қалай жұмыс істегені, гендерлік дискриминация және 100 жылда фактчекинг мақсаттарының қалай өзгергені туралы. Фактчекті бастаған әйелдер ме? TIME мұрағатында бір…
Forwarded from Бірге тексерейік!
Қазақстанда құқық қорғаушылар сынаған заң жобасы сенатқа кетті. Бұған дейін құқық қорғаушылар мен медиа қауымдастығы "балаларды кибербуллингтен қорғайтын заң жобасын" сынап, цензураны күшейтетіндігін айтқан.
Әріптестер, қалдарыңыз жақсы ма?
Өздеріңізге белгілі *САРЫМ-ЗАКИЕВА ӨЗГЕРТУЛЕРІ қабылдандағалы* жатыр. Егер қабылданса, бәріміздің жағдайымыз қиын болары сөзсіз. Әлеуметтік желілер Ақпарат министрлігіннің пәрменімен өшірілетін болады. Бұл деген САРЫМ ЖЫЛДАР БОЙЫ ҚАРСЫ БОЛЫП КЕЛЕ ЖАТҚАН, жалпы ол ғана емес, барлығымыз үшін *АРТЫ ЖАҚСЫ БОЛМАЙТЫН РЕСЕЙ АҚПАРАТТЫҚ КЕҢІСТІГІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРІНЕ ЖЫҒЫП БЕРЕДІ* деген сөз.
Осы 4 пункке бәріміз болып қарсы тұрғанымыз жөн болар еді.
Мақалаға сілтеме: https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/kosh-bol-facebook-nemese-sarym-zakieva-tuzetulerinin-kauipi/
Ойларыңызды ЖЕКЕМЕ немесе ОСЫНДА айтсаңыздар жақсы болар.
Егер қаласаңыздар, зум арқылы байланысып, түсіндіріп берейін.

Қош бол, Facebook немесе Сарым-Закиева түзетулерінің қауіпі | Factcheck.kz
MediaNet Халықаралық журналистика орталығының директоры және Factcheck.kz сайтының негізін қалаушы Әділ Джалилов бірер күн бұрын Сенатқа кеткен заң жобасының түзетулері не себепті әр қазақстандыққа…
Forwarded from Бірге тексерейік!
Әлеуметтік желіні🌐 бұғаттауға❌ мүмкіндік беретін заңға📒 қарсы петицияға қол жинау🖋 басталды
Қазақстанда әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдаудан бас тарту жөнінде петицияға қол жинау басталды. Әзірге шамамен 2000 адам петицияға қол қойды.
Ұсынылған заң жобасының түзетулеріне сай, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер «заңды өкілдерін» тағайындауға, сонымен қатар, уәкілетті органның, яғни, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (АҚДМ) талап еткен кез келген контентті 24 сағаттың ішінде өшіруге міндеттеледі. Егер әлеуметтік желі уәкілетті орган талабын орындамаса, АҚДМ желінің «Қазақстан аумағында жұмысын шектеуге» құқылы.
Петиция авторларының мәлімдемесі
Петиция авторларының сөзінше, заңның артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні бақылауды арттыру көзделген.
Бұл заң жобасында қажет және маңызды түзетулер жазылғанымен, ел ішінде «Сарым мен Закиеваның түзетуі» деп танылған нормаларды да қамтиды. Заң жобасы елде әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қолдануға шектеу енгізуге мүмкіндік береді. Бұл түзетулер қабылданған жағдайда (заң жобасының 14-16 беті) Facebook, Instagram, Youtube, Telegram, Whatsapp және басқа да желілердің Қазақстан интернет кеңістігінде жұмыс істеуіне қауіп төнеді… Түзету авторларының айтуынша, мұндай қадам балаларды кибербуллингтен (кибербуллиңнен) қорғау үшін жасалып отыр. Бірақ бұл қадамдардың артында цензураны күшейту мен әлеуметтік желіні бақылауды арттыру тұрғаны анық.
Петиция авторлары
Сонымен қатар, петиция авторлары Сенаттан заң жобасын Мәжіліске қайтаруды, сонымен қатар, ҚР Құқық қорғау ұйымдарымен, мемлекеттік емес БАҚ өкілдерімен және қоғамдық ұйым өкілдерінің қатысуымен заң жобасын міндетті түрде қайта түзеуді талап етті.
Заң жобасы осы қалпында қабылданса – біздің қоғам ондаған жылға артқа кетері сөзсіз. Бұған қоса, саяси және экономикалық тұрғыдан шеттетілген мемлекеттермен бір қатарда болу қаупі бар.
Петиция авторлары
Осы сілтемеге өтіп, петицияға қол қойсаңыз болады: https://secure.avaaz.org/community_petitions/en/prezidentu_respubliki_kazakhstan_senatu_parlamenta_kazakstandyktar_tsenzuraga_karsy_kazakhstantsy_protiv_tsenzury/

Avaaz
Біз цензура мен желіні бұғаттауға қарсымыз - Мы против цензуры и блокировки соцсетей!
(Текст на русском ниже)Біз, Қазақстан азаматтары! ҚР Парламентінің Сенаты мен Президентін әлеуметтік желілер мен мессенджерлер жұмысын шектеуге мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдаудан бас тартуға шақырамыз! 2022 жылы наурызда Парламент Сенатына «Қазақстан…
Forwarded from Batyr Jamal / Батыр Жамал
ProGender тегін онлайн курсына тіркелу ашық
Курс БАҚ-тағы гендерлік стереотиптермен күресуге бағытталған.
Біріккен Ұлттар Ұйымының зерттеуі бойынша қазақстандықтардың 96%-інің әйел рөліне теріс көзқарасы бар.
Азаматтық қоғам мен журналистердің бұл тақырыптан хабардар болып, белсенді қатысуы гендерлік теңдікке қол жеткізу мен алалауды болдырмауға көп үлесін қосады.
Курста не үйренесіз:
▪️қазақстандық қоғамдағы гендерлік теңсіздік мәселелерін білу;
▪️гендерлік мәселелерді реттейтін халықаралық және қазақстандық заңдарды талдау;
▪️гендерлік теңдіктің мемлекет экономикасына әсерін бағалау;
▪️гендер тақырыбымен жұмыста аналитикалық дағдыларын үйрену;
▪️әртүрлі форматта гендерлік-нәзік тақырыптарды қамтудың практикалық дағдыларын үйрену;
▪️гендерлік стереотиптерді қалай өзгерту керегін түсіну.
Курс тренерлері:
▪️Молдияр Ергебеков, Қожа Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің қауымдастырылған профессоры;
▪️Айгерім Құссайынқызы, халықаралық құқық магистрі, гендерлік экономиканы зерттеуші, феминист
▪️Ая Өміртай, Азат Еуропа/Азаттық Радиосы халықаралық медиа компаниясының Қазақ қызметінде, «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінде, Ulysmedia.kz агенттігінде және өзге де медиа агенттіктерде жұмыс істеген. Журналист, гендер, адам құқықтары тақырыбын зерттеуші
▪️Аяжан Ойрат, халықаралық заңгер, «Құқықтық саясатты зерттеу орталығы» ҚҚ бағдарлама үйлестірушісі, «Қазақстандағы заңнамалық реформалар, жауапты бизнес және біліктілігін арттыру арқылы жұмыс орнында және қоғамдық орындарда жыныстық бопсалаумен күрес» жобасының сарапшысы.
Қатысуға Қазақстанның барлық аймағынан журналистер, блогерлер, сарапшылар, азаматтық белсенділер, студенттер шақырылады.
Қатысу үшін 29 сәуірге дейін сториста форманы толтыру керек.
Курс қазақ және орыс тілінде ұйымдастырылады. Курстың ұзақтығы 6 апта: 6 онлайн трениң және трениңнен кейінгі ментормен тәжірибелік жұмыс.
Трениңдер мамыр айында басталып, жұмыс күндері 18:30-дан 20:00-ге дейін аптасына екі рет өткізіледі.
Курс кезінде қатысушылар гендерлік тақырыптар бойынша мультимедиялық форматта медиа өнім жасауы қажет.
Курсты сәтті аяқтаған түлектер сертификат алады.

2017 жылы 11 мамырда Factcheck.kz редакциясы құрылды. Осы уақытқа дейін шенеуніктердің мәлімдемесін, уәделерін, мессенджерлерде тараған фейктерді, жалпы алғанда, әлеуметтік маңызы бар тақырыптарды тексердік.
Біз 5 жыл бойы қоғамда адам құқығын, гендерлік тендікті, азаматтық қоғамның дамуын, медиасауатты, мемлекеттің ашықтығын дәріптеп келеміз.
Біздің бүгінге дейін жеткен жетістектеріміз сіздердің қолдауларыңыздың арқасында!

Сәлем!
Бұл - Дүниежүзілік банктің ашық дерек қоры. Қызығы сол, мыннан Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қатысты біраз дерек табуға болады. Тіптен, кейбір ақпаратты біздің ашық қорлардан таппауыңыз мүмкін.
1. Сайттың Databases деген тарауынан соңғы есептер, метадата сөздігін табасыз. Сөздіктен әр елде қолданыллатын немесе ортақ терминдерді де кезднстіресіз.
2. Мемлекеттер деген бөлімнен әр елге қатысты жеке-жеке ақпарат табуға болады.
3. Егер де сізді дата каталог қызықтырса, осы жерді басыңыз. Дүниежүзілік банктің даталар каталогы шығады.
4. Түрлі индикаторларды мына жерден қарасаңыздар болады.
=БОНУС=
мына сілтемені бассаңыз тек Қазақстанға қатысты ақпарат шығады.
https://www.tg-me.com/the_Qman
#біл

World Bank Open Data
Free and open access to global development data
Forwarded from Azattyq - Азаттық
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Алматыдағы жаңа театрды Назарбаевтың "тоқалының" серігі басқарады
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев президент кезінде тапсырыс берген Алматыдағы балет театрының құрылысы аяқталды. Театрға екі ай бұрын тіркелген компания иелік етеді. Оны Назарбаевтың үшінші әйелі делінетін Әсел Құрманбаеваның "бизнес серігі" басқарады.
www.tg-me.com/azattyq

Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңды жетілдіру және толықтыру үшін министр Асқар Умаров мырза бастаған топ “Қазақ тілді БАҚ-ты қолдау” мәселелері бойынша жұмыс тобының отырысын өткізді. Жұмыс тобы барасында келесідей ұсыныстар (толықтырылып жазылған) жасадым:
1. Құрметті әріптестер, әуелі қазақ тілді БАҚ деп бөліп, оны не үшін маргенал еткендей болып отырғанымыз түсініксіз. Неге біз бір елде тұрып анандай тілде, мынандай тілде деп бөлуіміз керектігі миға қонбайды;
2. Екіншіден, егер де біз шынымен де мемлекеттік тілдегі ақпараттық ортаны дамытқымыз келсе тәуелсіз зерттеулерге назар аударайық. Мәселен, Demoscope сауалнамасына сай қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей пропагандасының жетегінде. Өздеріңіз де жақсы білесіздер, біздің елде терроризм мен соғысты, агрессияны насихаттау Заңмен қудаланады. Ал министрлік Ресейден келетін жүздеген медиаға уақытша болсын шектеу қоймау арқылы осыған жол ашып отыр, әрі сол арқылы жанама болсын қазақтілді медиаға тосқауыл болып отырғаны да сөзсіз.
3. Ақпарат ұсыну туралы сауал жайлы. Министрлік өкілі практик еместігі қатты байқалады. Пандемия уақытында және өзге де ТЖ-лар кезінде мемлекеттік органдар арнайы хабарламаларды әуелі орыс тілінде таратып, артынша 20-30 минуттан кейін ғана қазақ тілінде таратып жатады. Оның өзі көбіне техникалық аударма. Бұдан бөлек, кейбір жағдайларда ақпарат иеленушілер ақпарат ұсыну туралы сауал жолдағанда ақпаратты сауал жолдау тілінде емес, орысша беріп жататын кездер болады және бұл сәйкес маманның жоқтығымен түсіндіреді. Қазақша ақпарат тарататын әріптестерім қазір тек журналист емес, аудармашы да болып отыр. Егер қазақ тілді БАҚқа жанымыз ашыса осыны ьір жөнге келтірейік.
4. Мейлі мемлекеттен тапсырыс алсын, мейлі жеке меншік болсын, мейлік Азаттық радиосы секілді сырттан ашық қаржыландырылсын, “өзіміздідікі, өзгенікі” дегенді қойып, ел аумағында ақпарат таратын барлық медиаға “Сөз бостандығына кепілдік берілсін”. Алдындағы референдумдағыдай Азаттық радиосы немесе Ulysmedia.kz сырттан сығалап жүрмесін. Барлығымызға теңдей жағдай жасаңыздар. Бұл өңірлік, аймақтық медиаларға да қатысты.
5. Бұдан бөлек қазіргі кезде журналистердің жыны келетін “7 күн” деген сөз бар. Бұл ақпарат иеленушінің жауап беру уақыты - 7 жұмыс күні. Бұл норманы әр ұйым әртүрлі түсінеді: бірі 7 күнтізбелік күн, енді бірі 7 жұмыс күні, енді бірі 7 банк күні және тағысын тағы. Бұл Заңдағы бір ғана пункт. Барлығын бірізді және ортақ терминді ету керек. 7 жұмыс күні дегенді толығымен жойған жөн: жұмыс күні деп жұргенде 10 күнтізбелік күн өтеді, ақпарат ескіреді, хабар жарамсыз болады. Осы тұста ақпарат иеленушілердің ақпарат берудегі жауапкершілігін арттыру керек және оны Заңда нақты жазу керек.
6. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-де ”Журналистің қызметіне кедергі келтіру” деген аты бар, заты жоқ бап бар. Осыдан бірнеше жыл бұрын Бюро по правам человека офисінде журналистерге шабуыл жасалды, техника сынды. Іс әлі де қойыртпақтап келеді: бір тоқтайды, бір қозғалады, бір баяулайды. Біздің құқығымызды қорғап, мемлекет тарапынан кепіл болып отырған министрліктен де, министрден де еш реакция байқамадық. Демек, қолданыстағы Заңда мемлекеттің журналист алдындағы жауапкершілігі жоқтың қасы. Жазып жатқан Заңда мемлекет журналист қызметіне, оның еркін жұмыс істеуіне, жеке және ақпараттық қауіпсіздігіне, сөз бостандығына кепіл беруі керек.
7. Өткеннен бері айтып келе жатқан “Журналистің әлеуметтік мәртебесі туралы”. Иә, бұл жақсы да шығар. Бірақ, біз журналистерге бір-екі концертке билет беріп, музейлерге тегін кіргізіп, ұшақтар мен пойыздарға жеңілдік беру арқылы, тіпті тегін үй берсек те әлеуметтік жағдайды жақсарта алмаймыз. Бұл мәселені көптен бәрі Нұртөре аға көтеріп жүр ғой. Ағай талай елдің мысалын да зерттеген болар. Біз нарық пен заман талабына сай қаламақы, жалақы төлейтіндей болуымыз керек. Сонда әріптестерім концертке өздері де барып, өздері-ақ ұшады, үй де сатып ала алады. Нағыз бәсеге қабілетті орта болу керек. Мемлекет тегін дүние беру арқылы журналистерді ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Бұл өте қауіпті.
Қысқасы осы.

Пропаганданы талдау | Медведев жазбасының өтірігі мен манипуляциясы
Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/propagandany-taldau-medvedev-zhazbasynyn-otirigi-men-manipulyaciyasy

Пропаганданы талдау | Медведев жазбасының өтірігі мен манипуляциясы | Factcheck.kz
Тамыз айының басында Ресейдің Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары және экс-президенті Дмитрий Медведев «ВКонтактедегі» ресми парақшасында «Киевті азат ету» және «Грузияны Ресей…
Forwarded from Бірге тексерейік!
Community of Investigative Journalists — журналистік зерттеу мен фактчекиң дағдыларын жетілдіруге арналған курс.
Жобаны Factcheck.kz пен «Власть» редакциялары әзірлеген. Курс 6 трениң және тәлімгерлер командасының қолдауымен өтеді. Сабақтар гибрид форматта болады: Алматы қаласында тұратын қатысушылар Factcheck.kz редакциясында өтетін оффлайн сабақтарға қатыса алады. Өзге өңірлердегілер онлайн қатысады. Сабақтар орыс тілінде 2022 жылы қыркүйек-қазан аралығында кешкі уақытта өтеді. Курсқа Орталық Азия журналистері қатысады, сондықтан іс-шара өтетін тіл ретінде орыс тілі таңдалды.
Қатысушылар оқу барысында журналистік зерттеу жүргізіп, оны медиада жариялаға тиіс. Курсты өте жақсы тәмамдаған түлектерге сертификат беріледі және Factcheck.kz пен «Власть» редакцияларында тағылымдамадан өтуге шақырылады. Өзін жақсы қырынан көрсеткен мамандар жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие болады.
Курс тренерлері – халықаралық және қазақстандық беделді журналист-зерттеушілер мен фактчекерлер.
Курсқа қатысуға журналистік зерттеумен жүргізудің қыр-сырын меңгергісі келетін не одан әрі жетілдіргісі келетін Қазақстан және Орталық Азия журналистері шақырылады. Қатысушылар конкурстық негізде іріктеледі. Орын саны шектеулі.
Өтініштер 9 қыркүйекке дейін қабылданады: https://forms.gle/ST7fVjmKdemfiZcm9
Курс соңында түлектер тәжірбие алмасу мен коллаборация үшін кәсіби журналист зерттеушілердің қатысуымен өтетін жабық іс-шараға қатысуға шақырылады.
Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Орталық Азиядағы журналист зерттеушілер қауымдастығының дамуына ат салысу.
“Қазақстандағы және Орталық Азиядағы журналист-зерттеушілер қауымдастығын қолдау” жобасын MediaNet халықаралық журналистика орталығы мен «Власть» интернет-журналы жүзеге асырады. Жоба Internews USAID қаржылық қолдауымен жүзеге асырып жатқан Орталық Азияның MediaCAMP бағдарламасы аясында? америкалықтардың, АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен ұйымдастырылмақшы. MediaNet ХЖО курстық мазмұнына жауапты, ол USAID, АҚШ Үкіметі немесе Internews позициясын білдіруі міндетті емес.
Барлық сұрақтар бойынша жоба координаторы Снежана Цойға хабарласыңыз:
[email protected].