Telegram Web Link
Channel created
Сәлем!

Бұл жерде критикалық ойлайтындар мен ойлағысы келетіндер жиналады деген оймен каналды бастадым. Барынша ашық, нейтрал және сапалы ақпарат ұсынуға тырысамын. Ұнаса жазылыңыз, таратыңыз!

Айтпақшы, каналдың атауындағы “Q” әрпінінің гонголардың көп айтатын сөздері мен сөз тіркестеріне еш қатысы жоқ.
The Qman pinned «Сәлем! Бұл жерде критикалық ойлайтындар мен ойлағысы келетіндер жиналады деген оймен каналды бастадым. Барынша ашық, нейтрал және сапалы ақпарат ұсынуға тырысамын. Ұнаса жазылыңыз, таратыңыз! Айтпақшы, каналдың атауындағы “Q” әрпінінің гонголардың көп…»
Сәлем!

Бүгінгі таңды ашық деректерден бастайық.

Бұл - Дүниежүзілік банктің ашық дерек қоры. Қызығы сол, мыннан Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне қатысты біраз дерек табуға болады. Тіптен, кейбір ақпаратты біздің ашық қорлардан таппауыңыз мүмкін.

1. Сайттың Databases деген тарауынан соңғы есептер, метадата сөздігін табасыз. Сөздіктен әр елде қолданыллатын немесе ортақ терминдерді де кезднстіресіз.

2. Мемлекеттер деген бөлімнен әр елге қатысты жеке-жеке ақпарат табуға болады.

3. Егер де сізді дата каталог қызықтырса, осы жерді басыңыз. Дүниежүзілік банктің даталар каталогы шығады.

4. Түрлі индикаторларды мына жерден қарасаңыздар болады.


=БОНУС=

мына сілтемені бассаңыз тек Қазақстанға қатысты ақпарат шығады.

https://www.tg-me.com/the_Qman

#біл
2021 жылдың 30 шілдесінде MediaNet Халықаралық журналистика орталығы және Factcheck.kz базасында “Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?” деген тақырыпта журналистерге арналған ашық дәріс өтеді.

Дәріс барысында Қазақстандағы алғашқы Open Base тегін бірыңғай ашық деректер базасының презентация болады. Жаңа құрал мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алу, квазифискалдық шығындар, қаржылық есептілік саласында іздеу жүргізуге мүмкіндік береді, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық деректер базасын талдаудың басқа да қолданыстағы құралдарымен жұмыс істеу дағдылары көрсетіледі. Open Base ақпараттық порталы USAID және Internews қолдауымен жасалды.

Вебинар бағдарламасы🗓

🕒15:00 - 17:00 — орыс тілінде
🕧18:00 - 20:00 — қазақ тілінде

1️⃣ Ашық деректер базасы негізінде зерттеу жүргізу: сатып алу, бюджеттер – журналистің қандай мүмкіндіктері бар?
2️⃣ OpenBase: қазақстандық ашық деректер базасындағы ақпаратты жинақтайтын негізгі құрал: құрылымы, мүмкіндіктері, жұмыс істеу қағидаты.
3️⃣ Жиналған деректерді сұрыптап, егжей-тегжейлі талдайтын базалар мен сервистерге шолу: KASE, Kompra, Uchet.kz.
4️⃣ Халықаралық ақпарат базасы

Тренерлер: Павел Банников, Думан Смақов

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdeR8j1ymhfzpSKsi5_FZVx84AJJB-vK5Jw5NiLPTv03h63yA/formResponse
сілтеме бойынша қосылыңыз!
InVID қосымшасын білесіз бе?

GOOGLE CHROME және FIREFOX браузерлеріне ғана орнатуға болатын бұл қосымша (плагин) ғаламтордағы және өзге де тасымалдағыштардағы фейк видеоларды іздейді. Қолдану қарапайым әрі оңтайлы.
Сәлем!

Бүгін жұма. Демек екі күн бойы кино көрсе болады.

Қуманнан Лайфхак.

Кинопоисктан ақылы киноларды сапалы әрі тегін қалай көруге болады?

1. Көргіміз келетін кино атауын іздеу жолағына жазыңыз. (Google немесе Яндекс);
2. Нәтижелер арасынан kinopoisk.ru сайтын таңдаймыз; 3, “ru” дегеннің орнына “gg” деп жазамыз. Мысалы, www.kinopoisk.gg….
4. Ашылған терезеден ыңғайлы сапа мен тілді таңдаймыз.

Уоля кино дайын.

Демалысыңыз жақсы өтсін!
Өтемұратов, Әблязов. Зерттеу тобы "телефоны тыңдалған" қазақстандық олигархтардың аты-жөнін жариялады

Pegasus бағдарламасының көмегімен қазақстандық бірқатар олигархтардың телефоны тыңдалған болуы мүмкін. Жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) бастаған журналистер тобының кезекті зерттеу мақаласында осындай тұжырым жасалады.

Телефоны тыңдалған болуы мүмкін олигархтар мен ықпалды кәсіпкерлердің арасында Болат Өтемұратов, қуғында жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязов, бірінші президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың жиені мен екі көмекшісі бар.

https://www.azattyq.org/a/31373268.html
🔴🟡🟢Бала құқығын қорғаңыз! Медиадағы бала құқығы туралы

🔹Кез келген баланың суретін рұқсатсыз түсіріп, интернетке жариялауға болмайды
🔹Баланың жазбасын немесе естелік күнделігін интернетке жариялау дұрыс емес
🔹Баламен сұхбат жазу үшін ата-анасынан рұқсат сұрау керек
🔹Зорлық-зомбылық көрген баланың фото немесе видеосын БАҚ-та жариялауға болмайды
🔹Қылмыстық, заңбұзушылық әрекетке барған баланың жеке мәліметін (аты-жөні, мекен-жайы, т.б.) ақпарат құралдарында әшкерелу заңға қайшы
🔹Кәмелет жасына толмағандар үшін «көруге болмайтын» ақпаратты «біле тұра тарататын» кез-келген адам жауапқа тартылады
🟣Контекст
🔴🟡🟢 Кибербуллинг құрбаны — балалар

Толығырақ - https://factcheck.kz/kaz/basty-bet1/bala-kukygyn-korganyz-mediadagy-bala-kukygy-turaly/.
@currenttimeasia олимпиада ойындарында алтын медаль алған спортшыларға қанша төлейтінін анықтады.

Қазақстан тізімде екінші орында. Жеңімпаздарға $250 мың төлемек. Сыйақы мөлшері көршілес Ресейден 4 есе, Тәжікстаннан 9 есе көп.

Бұл жерде қандай гәп бар?
Forwarded from Azattyq - Азаттық
🤸 Германияның төрт гимнастшысы жарысқа жабық киіммен қатысып, спортты сексуалдандыруға қарсылық білдірді. Атлеттер жабық киімде өнер көрсету ыңғайлы дейді. Олимпиаданың үш дүркін чемпионы Элизабет Зейтц өзін жайлы сезінгенін айтады.

Ақ-қызыл форма спортшы денесін тобыққа дейін жабады. Гимнастшылардың көбі жарысқа әдетте ашық киіммен шығады. Осыған дейін жағажай гандболының Еуропа чемпионатында бикини орнына шолақ шалбар киген Норвегия әйелдер құрамасына 1500 евро айыппұл салған.
Бопса, зорлау, жеке деректі жариялау. Вебкам-студиялар қалай жұмыс істейді?

Бішкектегі университеттің бірінші курс студенттері Мейірім мен Ажар (қыздардың аты-жөні өзгертілді) ақша табу мақсатымен жұмыс іздеген. Бір күні Ажар Instagram әлеуметтік желісінен түр-сымбаты келісті қыздарға жұмыс бары жайлы хабарландыру көреді.

Толығырақ: https://www.azattyq.org/a/inside-the-webcam-studios-of-kyrgyzstan/31380785.html

https://www.tg-me.com/the_Qman

#оқы
Қадірлі әріптестер,
спикеріміз Думан Смақовтың денсаулығына байланысты “Open Base: Қазақстанда ашық дереккөздермен қалай зерттеу жүргізуге болады?” деген тақырыпта журналистерге арналған қазақша дәріс 10 тамыз сағат 15:00-ге ауысты.

Дәріске тіркелу 10 тамызға дейін жалғасады.
2025/10/01 20:58:33
Back to Top
HTML Embed Code: