Telegram Web Link
ХАБАРЛАНДЫРУ!

2025 жылдың 10 қазанында сағат 11.00-де Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адрановпен Сәтбаев қалалық сотының ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында Сәтбаев қаласының тұрғындарын қабылдауды жүргізу үшін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Қабылдауға жазылу үшін мына байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8-771-535-72-60.

Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі.

****************

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

10 октября 2025 года в 11.00 часов председателем суда области Ұлытау Адрановым К.Т. в здании Сатпаевского городского суда будет проводиться «День открытых дверей» для жителей города Сатпаев с целью оказания правовой помощи населению, поднятия правовой культуры, повышения доверия граждан к судебной системе.

Для записи на прием граждан можно обратиться по телефону: 8-771-535-72-60.

Пресс-служба суда области Ұлытау.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Ұлытау облыстық сотының төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

🔰Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адранов Сәтбаев қалалық сотына барып, қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

🔰Қабылдау барысында азаматтарға өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, сот жүйесінің қызметіне қатысты сұрақтарына түсініктемелер ұсынылды.

🔰 Қабылдауға келген тұрғындармен азаматтық және әкімшілік істердің қаралу тәртібі, сот актілерінің орындалуы, мемлекеттік баж төлеу туралы сұрақтар қойылды.

🔰 Сот төрағасы әрбір өтінішті мұқият қарап, нақты түсініктемелер берді. Сонымен қатар, сот жүйесінде цифрландыру процесінің маңызы мен оның азаматтар үшін қолайлылығына тоқталды.

🔰Басты міндет – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау, әділ және ашық сот төрелігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта азаматтарды қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

🔰 Кездесу соңында тұрғындар өздеріне көрсетілген ашықтық пен түсіністік үшін алғыстарын білдіріп, сот төрағасының қабылдауы қоғам мен сот арасындағы сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Председатель суда области Ұлытау провёл личный приём граждан

🔰Председатель суда области Ұлытау Адранов К.Т. посетил здание Сатпаевского городского суда и провёл личный приём жителей города.

🔰В ходе приёма гражданам были даны разъяснения по волнующим их правовым вопросам, а также предоставлены ответы на интересующие их темы, касающиеся деятельности судебной системы.

🔰Жители, пришедшие на приём, задавали вопросы, связанные с порядком рассмотрения гражданских и административных дел, исполнением судебных актов и уплатой государственной пошлины.

🔰Председатель суда внимательно выслушал каждое обращение, дал подробные разъяснения и подчеркнул важность процесса цифровизации судебной системы, направленного на повышение удобства и доступности для граждан.

🔰Главной задачей судебной системы является эффективная защита прав и законных интересов граждан, обеспечение справедливого и открытого правосудия. С этой целью личные приёмы граждан проводятся на регулярной основе.

🔰В завершение встречи жители выразили благодарность за открытость и внимательное отношение, отметив, что подобные приёмы способствуют укреплению доверия между обществом и судебной системы.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
1
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

🔹 Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі басшысы Д.С.Қошжанова сот мамандарының қатысуымен «Электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында семинар өткізді.

🔹Іс-шара барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеде электрондық құжаттармен жұмыс істеу қағидаларының техникалық талаптары талқыланып, электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі іс жүргізу қағидаларымен қатар жүзеге асырылатыны атап өтілді.

🔹 Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу қағидаларының 6-тарауына сәйкес, есепке алу құжаттарында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына байланысты міндетті деректемелерді толтыру, сондай-ақ электрондық сот актілері мен өзге де құжаттарды қоса тіркеу қажеттігі түсіндірілді.

🔹 Іс-шара соңында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына сәйкес міндетті деректемелердің уақытылы толтырылуы және электрондық сот актілері мен өзге де құжаттардың тіркелуі тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном суде по делам несовершеннолетних области Ұлытау состоялся семинар

🔹 Руководитель администратора специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних области Ұлытау Кошжанова Д.С. провела семинар с участием сотрудников суда на тему: «Правила формирования электронных дел и ведения работы в бумажном формате».

🔹 В ходе мероприятия были рассмотрены технические требования правил работы с электронными документами в автоматизированной информационной системе. Отмечено, что формирование электронных дел осуществляется параллельно с ведением работы в бумажном формате.

🔹 Также разъяснено, что в соответствии с главой 6 Правил делопроизводства в районных и приравненных к ним судах необходимо заполнять обязательные реквизиты в учетных документах по уголовным, гражданским, административным делам и материалам об административных правонарушениях, а также прикладывать электронные судебные акты и иные документы.

🔹 В завершение подчеркнуто, что своевременное заполнение обязательных реквизитов и прикрепление электронных судебных актов и других документов будут находиться на постоянном контроле.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
⚡️ Жоғарғы Соттың “Qazaqstan» телеарнасымен бірлескен жаңа тележобасының кезекті шығарылымы эфирге шықты
 
◾️ “Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты «Qazaqstan» ұлттық телеарнасымен бірлесіп, «Заң алдында» атты жаңа тележобаны іске қосты.
 
◾️ Жоба халықтың құқықтық мәдениетін арттыруға және сот жүйесіне сенімін нығайтуға бағытталған.
 
◾️ Басты назарда – нақты сот процестері, сот жұмысының мәнін ашатын шынайы оқиғалар.
 
◾️ Әрбір істе – адам тағдыры. Әрбір сот шешімі адамның жандүниесіне ықпал етеді: жәбірленушінің жандауысы, сотталушының ұстанымы, тараптардың дәлелдері.

◾️ Арнайы тележобаның кезекті шығарылымы тұрғындарға жарты миллиард теңгеге несие алдырған ақтөбелік емшінің сотына арналды.
 
📅 “Заң алдында” әр жұмада
⏱️ 15:45
📺 "Qazaqstan” телеарнасы

***

⚡️ Вышел в эфир очередной выпуск совместного телепроекта Верховного Суда и телеканала «Qazaqstan»

◾️ В рамках реализации концепции «Закон и порядок» Верховный Суд Республики Казахстан и национальный телеканал «Qazaqstan» запустили новый телепроект – «Заң алдында».

◾️ Проект направлен на повышение правовой культуры населения и укрепление доверия к судебной системе.

◾️ В центре внимания - реальные судебные процессы и истории, которые раскрывают суть работы суда.

◾️ В каждом деле - судьба человека. Каждое судебное решение оказывает глубокое влияние на душевное состояние всех участников: страдания потерпевших, позиция обвиняемых, доказательства сторон.

◾️ В этом выпуске – судебный процесс по делу актюбинской целительницы, оформившей на жителей кредиты на полмиллиарда тенге.

📅Заң алдында” - в каждую пятницу
⏱️ 15:45
📺 Телеканал «Qazaqstan»

Полная версия:
https://youtu.be/rBbS3BdCEhc?si=6ADOsrFG86qwhOo4
Жаңаарқа аудандық сотымен құқықбұзушы К.-ға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабының 1- бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

• Құқықбұзушы К., 2025 жылғы 12 қазанда Жаңаарқа кенті, С.Сейфуллин көшесінің жанындағы жол үстінде темекі шегіп тұрып, темекі қалдығын жерге тастап, ортақ пайдаланатын орнын ластаған.

• Сот отырысында К. кінәсін мойындап, темекі қалдығын жерге тастағанын, алдағы уақытта осындай іс-әрекет қайталанбайтынын көрсетті.

• Істегі анықталған мән-жайларды, құқықбұзушы К-ның жеке басын, оның материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын, оның қоғамдық жұмыстарға тарту жазасына келісімін назарға алып, сот оған ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1-бөлігінің санкциясында көзделген 40 (қырық) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту жазасы тағайындалуға жатады деп табады.

• Жоғарыдағылардың негізінде сот, құқықбұзушы К-ны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, ол 40 (қырық) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылсын – деп қаулы етті.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жанааркинским районным судом рассмотрено дело об административном правонарушении в отношении К. по статье 434-2 части 1  КоАП РК.

• Правонарушитель К. 12 октября 2025 года на проезжей части в районе дома  по улице С.Сейфуллина в поселке Жанаарка курил и бросал окурки на землю, загрязняя тем самым место общего пользования.

• На судебном заседании правонарушитель К. признал свою вину и пообещал впредь не повторять подобных действий.

• Учитывая установленные обстоятельства дела, личность правонарушителя К., его имущественное положение, характер совершенного правонарушения, а также его согласие на наказание в виде привлечение к общественным работам, суд посчитал, что подлежит наказанию в виде привлечения к общественным работам сроком на 40 (сорок) часов, предусмотренное санкцией части 1 статьи 434-2 об административном правонарушении Республики Казахстан.

• На основании изложенного суд признал правонарушителя К., виновным по части 1 статьи 434-2 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях и назначил ему наказание в виде 40 (сорока) часов общественных работ.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотында Қылмыстық-процестік кодекстің жаңартылған нормаларын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті

🔰 Жезқазған қаласының мамандандырылған тергеу сотының төрағасы Ж.Е.Исабаева Ұлытау облыстық адвокаттар алқасының адвокаттарымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шілдедегі №210-VIII «Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы күшіне енуіне байланысты қашықтықтан бейнебайланыс арқылы дөңгелек үстел өткізді.

🔰 Кездесудің негізгі мақсаты – Қылмыстық - процестік кодекстің жаңартылған нормаларын қолданудың практикалық аспектілерін талқылау болды.

🔰 Сот төрағасы енгізілген өзгерістер сот төрелігінің тиімділігін арттыруға, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін нығайтуға, қылмыстық іс жүргізудің ашықтығын қамтамасыз етуге және сот бақылауын күшейтуге бағытталғанына қатысушылардың назарын аударып, мұндай іс-шараларды өткізу заңнаманы біркелкі түсіну мен тәжірибеде қолдануды қамтамасыз ету үшін маңыздылығын атап өтті.

🔰Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша қатысушылар Қылмыстық-процестік кодекстің жаңа талаптарын іс жүзінде қолдануға арналған ұсынымдар әзірлеп, судьялар корпусы мен қылмыстық іс жүргізуге қатысушылар арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттілігі туралы қорытындыға келді.
 
https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном следственном суде города Жезказган состоялся круглый стол, посвящённый обсуждению обновлённых норм Уголовно-процессуального кодекса.

🔰 Председатель специализированного следственного суда города Жезказган Исабаева Ж.Е. совместно с адвокатами Адвокатской палаты области Ұлытау в дистанционном формате посредством видеосвязи провела круглый стол, в связи со вступлением в силу Закона Республики Казахстан от 16 июля 2025 года №210-VIII «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства».

🔰 Основной целью встречи стало обсуждение практических аспектов применения обновлённых норм Уголовно-процессуального кодекса.

🔰 Председатель суда обратила внимание участников на то, что внесённые изменения направлены на повышение эффективности отправления правосудия, укрепление доверия граждан к судебной системе, обеспечение прозрачности уголовного судопроизводства и усиление судебного контроля. Она подчеркнула важность проведения подобных мероприятий для обеспечения единообразного понимания и практического применения законодательства.

🔰 По итогам круглого стола участники выработали рекомендации по применению новых требований Уголовно-процессуального кодекса и пришли к выводу о необходимости продолжения системной разъяснительной работы среди судейского корпуса и участников уголовного процесса.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Ресей Федерациясының азаматы «Б»-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

• Сотта анықталғандай, ол 2024 жылғы 21 қыркүйекте Қазақстан Республикасының аумағына кіріп, 2025 жылғы 20 маусымға дейін жұмыс істеуге және уақытша тұруға рұқсат алған. Алайда, «Б» көрсетілген мерзім өткеннен кейін ел аумағынан шықпаған және заңсыз түрде үш айдан астам уақыт тұрған.

• Сот отырысында ол өз кінәсін мойындап, құқық бұзушылықты жұмысбастылық себебінен байқамай жасағанын түсіндірді. Сот оның жауаптылығын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды анықтамады.

• Сот азаматтың әрекетін ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша саралап, ұзақ мерзім бойы заңсыз жүргенін ескере отырып, оны Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару туралы шешім қабылдады.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В Специализированном межрайонном суде по административным правонарушениям города Жезказган рассмотрено административное дело в отношении гражданина Российской Федерации «Б».

• Установлено, что он въехал на территорию Республики Казахстан 21 сентября 2024 года, получив разрешение на работу и временное проживание до 20 июня 2025 года. После истечения указанного срока иностранный гражданин не покинул страну и незаконно пребывал на её территории более трёх месяцев.

• В судебном заседании «Б» признал вину, пояснив, что нарушение допустил по невнимательности, так как был занят работой. Смягчающих или отягчающих ответственность обстоятельств суд не установил.

• Суд квалифицировал действия гражданина по части 4 статьи 517 КоАП и, учитывая длительный срок незаконного пребывания, назначил административное взыскание в виде выдворения за пределы Республики Казахстан.
 
https://www.tg-me.com/ulytaysud
1
2025/10/17 01:54:53
Back to Top
HTML Embed Code: