Telegram Web Link
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат «Е»-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

• 2025 жылғы 29 қыркүйек сағат 11:50 шамасында азамат «Е» жүргізуші куәлігінсіз, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде Жезқазған қаласы, Байқоңырова көшесінде автокөлік басқарған.

• Сот отырысында ол кінәсін мойындап, құқықбұзушылық жасағанын растады. Полиция инспекторының түсінігі мен медициналық куәландыру қорытындысы да оның жеңіл дәрежелі масаң күйде болғанын дәлелдеді.

• Анықталғандай, азамат «Е» 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөлігі бойынша ол жауапқа тартылып, жаза мерзімі 2024 жылғы 5 қазанда аяқталған. Алайда бір жыл өтпей жатып құқықбұзушылықты қайталап жасаған.

• Сот қаулысымен азамат «Е» ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном суде по административным правонарушениям города Жезказган рассмотрено административное дело в отношении гражданина «Е».

• 29 сентября 2025 года около 11:50 гражданин «Е», не имея водительского удостоверения, управлял автомобилем по улице Байконурова города Жезказган в состоянии легкого алкогольного опьянения.

• В судебном заседании он признал вину и подтвердил совершение правонарушения. Пояснения инспектора полиции и заключение медицинского освидетельствования также подтвердили факт нахождения его в состоянии легкого алкогольного опьянения.

• Установлено, что 5 сентября 2024 года постановлением Сатпаевского городского суда области Ұлытау, гражданин «Е» уже привлекался к административной ответственности по части 7 статьи 608 КоАП РК, срок наказания по которому истек 5 октября 2024 года. Однако, не прошло и года, как он вновь совершил аналогичное правонарушение.

• Постановлением суда гражданин «Е» признан виновным по части 7 статьи 608 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях и подвергнут административному аресту сроком на 30 суток.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Бакуде Гаага конвенцияларын жүзеге асыру жөнінде халықаралық семинар өтті
 
◾️ Қазақстанның судьялар делегациясы Бакуде (Әзербайжан) Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конвенциясына (ХЖҚГК) конвенциядан кейінгі көмек көрсету бағдарламасы аясында семинарға қатысты.

◾️ Делегация құрамында Астана қалалық сотының судьясы Ақмарал Көшербаева, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Анара Тәнекенова, Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы Динара Мұтубаева және Сот әкімшілігінің қызметкерлері Римма Жауарова мен Нұрай Молдатай болды.

◾️ Семинарға халықаралық сарапшылар, Әзірбайжан Әділет министрлігінің қызметкерлері, судьялар, нотариустар және осы конвенцияларды жүзеге асыру бойынша орталық орган ретінде қызмет ететін заңгерлер қатысты.

◾️ Семинар барысында ХЖҚГК-ның сарапшылары Филипп Лортье мен Жан-Марк Пеллет балаларды және отбасын асыраудың басқа түрлері бойынша алимент өндіру халықаралық конвенцияларды қолдану, сондай-ақ азаматтық немесе коммерциялық істер бойынша шетелде сот және соттан тыс құжаттарды ұсыну мәселелерін талқылады.

◾️ Сұрау салушы мемлекеттерде алимент өндіру туралы шешімдерді тану және орындау, соның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушыларға құжаттарды тапсыру, соның ішінде практикалық есептер бойынша таныстырылым ұсынылды.

◾️ Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар ынтымақтастықты дамыту халықаралық жеке құқық саласындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

◾️ Іс-шараны Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының Хатшылығы Әзербайжан Әділет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
В Баку состоялся международный семинар по реализации Гаагских конвенций

◾️ Делегация казахстанских судей приняла участие в работе семинара в рамках программы постконвенционной помощи Гаагской конвенции по международному частному праву (ГКМЧП) в Баку (Азербайджан).

◾️ В составе делегации – судьи суда г.Астаны Акмарал Кушербаева, Восточно-Казахстанского областного суда Анара Танекенова, председатель ювенального суда Карагандинской области Динара Мутубаева, а также сотрудники Судебной администрации Римма Жауарова и Нурай Молдатай.

◾️ В работе приняли участие международные эксперты, сотрудники Министерства юстиции Азербайджана, судьи, нотариусы и юристы, выполняющие функции центрального органа по исполнению указанных конвенций.

◾️ Эксперты ГКМЧП Филлип Лортье и Жан-Марк Пеллет в ходе семинара рассказали о применении международных конвенций – о взыскании алиментов на содержание детей и других видов семейного содержания, а также о вручении за границей судебных и внесудебных документов по гражданским или торговым делам.

◾️ Обсудили вопросы признания и исполнения решений о выплате алиментов в запрашиваемых государствах, включая применение современных информационных технологий. Участникам представлена презентация по подаче документов с разбором конкретных практических кейсов.

◾️ Участники семинара в завершение высказали уверенность в том, что развитие сотрудничества способствует развитию взаимодействия между странами в сфере международного частного права.

◾️ Мероприятие организовано Секретариатом Гаагской конференции по международному частному праву совместно с Министерством юстиции Азербайджана.
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат «Ч»-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

• 2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 00:40 шамасында ол Mercedes-Benz 250 маркалы автокөлікті басқара отырып, бетон қоршауларға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер болмаған, алайда Жезқазған қаласының ТКШ бөліміне материалдық шығын келтірілген. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

• Сот отырысында азамат «Ч» өз кінәсін мойындады.

• Сот қаулысымен азамат «Ч» кінәлі деп танылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды: ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл және 611-бабы 2-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном суде по административным правонарушениям города Жезказган рассмотрено административное дело в отношении гражданина «Ч».

• 17 сентября 2025 года около 00:40 он, управляя автомобилем Mercedes-Benz 250, допустил столкновение с бетонными ограждениями. Пострадавших в ДТП не было, однако причинен материальный ущерб отделу ЖКХ города Жезказган. После происшествия водитель покинул место аварии.

• В судебном заседании гражданин «Ч» признал свою вину.

• Постановлением суда гражданин «Ч» признан виновным и подвергнут административным взысканиям: штраф в размере 78 640 тенге по части 1 статьи 610 КоАП и лишение права управления транспортными средствами сроком на один год по части 2 статьи 611 КоАП.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
ХАБАРЛАНДЫРУ!

2025 жылдың 10 қазанында сағат 11.00-де Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адрановпен Сәтбаев қалалық сотының ғимаратында халыққа құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың сотқа деген сенімін арттыру мақсатында Сәтбаев қаласының тұрғындарын қабылдауды жүргізу үшін "Ашық есік күні" өткізіледі.

Қабылдауға жазылу үшін мына байланыс нөміріне хабарласуға болады: 8-771-535-72-60.

Ұлытау облыстық сотының баспасөз қызметі.

****************

ОБЪЯВЛЕНИЕ!

10 октября 2025 года в 11.00 часов председателем суда области Ұлытау Адрановым К.Т. в здании Сатпаевского городского суда будет проводиться «День открытых дверей» для жителей города Сатпаев с целью оказания правовой помощи населению, поднятия правовой культуры, повышения доверия граждан к судебной системе.

Для записи на прием граждан можно обратиться по телефону: 8-771-535-72-60.

Пресс-служба суда области Ұлытау.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Ұлытау облыстық сотының төрағасы азаматтарды жеке қабылдады

🔰Ұлытау облыстық сотының төрағасы Қ.Т.Адранов Сәтбаев қалалық сотына барып, қала тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.

🔰Қабылдау барысында азаматтарға өздерін толғандырған құқықтық мәселелер бойынша кеңес беріліп, сот жүйесінің қызметіне қатысты сұрақтарына түсініктемелер ұсынылды.

🔰 Қабылдауға келген тұрғындармен азаматтық және әкімшілік істердің қаралу тәртібі, сот актілерінің орындалуы, мемлекеттік баж төлеу туралы сұрақтар қойылды.

🔰 Сот төрағасы әрбір өтінішті мұқият қарап, нақты түсініктемелер берді. Сонымен қатар, сот жүйесінде цифрландыру процесінің маңызы мен оның азаматтар үшін қолайлылығына тоқталды.

🔰Басты міндет – азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғау, әділ және ашық сот төрелігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта азаматтарды қабылдау тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

🔰 Кездесу соңында тұрғындар өздеріне көрсетілген ашықтық пен түсіністік үшін алғыстарын білдіріп, сот төрағасының қабылдауы қоғам мен сот арасындағы сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Председатель суда области Ұлытау провёл личный приём граждан

🔰Председатель суда области Ұлытау Адранов К.Т. посетил здание Сатпаевского городского суда и провёл личный приём жителей города.

🔰В ходе приёма гражданам были даны разъяснения по волнующим их правовым вопросам, а также предоставлены ответы на интересующие их темы, касающиеся деятельности судебной системы.

🔰Жители, пришедшие на приём, задавали вопросы, связанные с порядком рассмотрения гражданских и административных дел, исполнением судебных актов и уплатой государственной пошлины.

🔰Председатель суда внимательно выслушал каждое обращение, дал подробные разъяснения и подчеркнул важность процесса цифровизации судебной системы, направленного на повышение удобства и доступности для граждан.

🔰Главной задачей судебной системы является эффективная защита прав и законных интересов граждан, обеспечение справедливого и открытого правосудия. С этой целью личные приёмы граждан проводятся на регулярной основе.

🔰В завершение встречи жители выразили благодарность за открытость и внимательное отношение, отметив, что подобные приёмы способствуют укреплению доверия между обществом и судебной системы.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
1
Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында семинар өтті

🔹 Ұлытау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының сот әкімшісі басшысы Д.С.Қошжанова сот мамандарының қатысуымен «Электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі жұмыс істеу қағидалары» тақырыбында семинар өткізді.

🔹Іс-шара барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеде электрондық құжаттармен жұмыс істеу қағидаларының техникалық талаптары талқыланып, электрондық істерді қалыптастыру қағаз жүзіндегі іс жүргізу қағидаларымен қатар жүзеге асырылатыны атап өтілді.

🔹 Сонымен қатар, аудандық және оған теңестірілген соттарда іс жүргізу қағидаларының 6-тарауына сәйкес, есепке алу құжаттарында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына байланысты міндетті деректемелерді толтыру, сондай-ақ электрондық сот актілері мен өзге де құжаттарды қоса тіркеу қажеттігі түсіндірілді.

🔹 Іс-шара соңында қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдардың қозғалысына сәйкес міндетті деректемелердің уақытылы толтырылуы және электрондық сот актілері мен өзге де құжаттардың тіркелуі тұрақты бақылауда болатыны атап өтілді.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном суде по делам несовершеннолетних области Ұлытау состоялся семинар

🔹 Руководитель администратора специализированного межрайонного суда по делам несовершеннолетних области Ұлытау Кошжанова Д.С. провела семинар с участием сотрудников суда на тему: «Правила формирования электронных дел и ведения работы в бумажном формате».

🔹 В ходе мероприятия были рассмотрены технические требования правил работы с электронными документами в автоматизированной информационной системе. Отмечено, что формирование электронных дел осуществляется параллельно с ведением работы в бумажном формате.

🔹 Также разъяснено, что в соответствии с главой 6 Правил делопроизводства в районных и приравненных к ним судах необходимо заполнять обязательные реквизиты в учетных документах по уголовным, гражданским, административным делам и материалам об административных правонарушениях, а также прикладывать электронные судебные акты и иные документы.

🔹 В завершение подчеркнуто, что своевременное заполнение обязательных реквизитов и прикрепление электронных судебных актов и других документов будут находиться на постоянном контроле.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
2025/10/19 00:29:45
Back to Top
HTML Embed Code: