Telegram Web Link
Ұлытау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарында дөңгелек үстел өтті

🔸
Ұлытау облысының аудандық және оған теңестірілген соттарының ұйымдастыруымен  Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 210-VIII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын талқылау бойынша дөңгелек үстел өтті.

🔸 Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың сот төрағалары мен судьялары, Ұлытау облысының және Жезқазған қаласының прокуратурасы, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті,  Ұлытау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Ұлытау облысының ПД, Жезқазған қаласының ПБ, Көлiктегi полиция департаментiнiң Жезқазған станциясындағы желiлiк полиция бөлiмiнің өкілдері қатысты.

🔸 Іс-шара барысында қатысушылар жаңа заңнаманы қолдану бойынша туындаған мәселелерді талқылады.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В районных и приравненных к ним судах области Ұлытау состоялся круглый стол
 
🔸 По инициативе районных и приравненных к ним судов области Ұлытау был организован круглый стол по обсуждению Закона Республики Казахстан от 16 июля 2025 года № 210-VIII «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства Республики Казахстан».

🔸 В мероприятии приняли участие председатели и судьи районных и приравненных к ним судов, прокуратура области Ұлытау и города Жезказгана, Департамент Комитета национальной безопасности по области Ұлытау, Департамент экономических расследований по области Ұлытау, Департамент полиции области Ұлытау, полиция города Жезказгана, а также представители линейного отдела полиции станции Жезказган Департамента полиции на транспорте.

🔸 В ходе мероприятия участники обсудили вопросы, возникающие при применении нового законодательства.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Сотта студенттерге арналған ашық есік күні
 
🔹 Қаражал қалалық сотында, судья Сауле Дюсембинаның  төрағалық етуімен Қаражал  қалалық тау-кен колледжінің оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өткізілді. 
Ашық есік күнінде кәмелетке толмағандар  арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, жасөспірімдерді зиянды заттардан аулақ болуға шақыру және нашақорлыққа, алаяқтыққа жол бермеу мәселелерін түсіндіру туралы айтылды.

🔹Төрағалық етуші, судья С.Дюсембина қазіргі таңда белең алып жатқан әр түрлі қылмыстарға тоқтала келіп, әсіресе қоғам дерті нашақорлық, оқушылар арасындағы буллинг, кибербуллинг және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық, әкімшілік кодекстердің баптарына түсіндірме жүргізіп, оқушылардың ойында жүрген құқықтық сипаттағы сауалдарына жауап берді.  

🔹 Оқушылардың болашақта осы салада еңбек етуге қызығушылықтары артып, тартымды пікірлермен ашық есік күнінде өз ойларымен бөлісті. Кездесу соңында студенттер үлгі ретінде ашық сот отырысына қатысты.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
День открытых дверей в суде для студентов
 
🔹 В Каражалском городском суде под председательством судьи Сауле Дюсембиной прошел день открытых дверей с участием студентов Каражалского городского горного колледжа. День открытых дверей был посвящен профилактике правонарушений и преступлений среди несовершеннолетних, призывам к подросткам избегать употребления вредных веществ и разъяснению проблем наркомании и мошенничества.

🔹 Председательствующий судья С.Дюсембина затронула различные виды преступлений, которые в настоящее время распространены, в особенности социальные болезни наркомании, травли среди студентов, кибербуллинга и правонарушений, а также разъяснила статьи уголовного и административного кодексов, ответила на вопросы студентов.

🔹Студенты проявили интерес к юриспруденции, работе в этой области в будущем и поделились своими мнениями и комментариями на данном мероприятии.  В заключении встречи в качестве примера студенты приняли участие в открытом судебном процессе.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Асламбек Мерғалиев Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі
 
◾️ Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыныңТөрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудағы әкімшілік іс жүргізудің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде әкімшілік әділет жұмыс істеген төрт жыл ішінде мемлекеттік басқару деңгейі айтарлықтай жақсарып, әкімшілік практика тұрақтанғанын атап өтті.

◾️ Баяндамашы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) негізгі қағидаттарына тоқталып, әкімшілік талап қоюлар санының өсуі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің артқанын айғақтайтынын атап айтты.

◾️ Кодекс қолданысқа енгізілгеннен бері соттарға 124 мыңнан астам талап қоюлар келіп түскен. ӘРПК енгізілгенге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен дауларының 15%-ға жуығында ғана ұтқан.

◾️ Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 60%-ға дейін өсті, бұл соттардың мемлекет пайдасына бейтарап болуы туралы тұрақты теріс стереотипті жоюдың маңызды факторына айналды.

◾️ 15 000-нан астам іс тараптардың татуласуы арқылы шешілді, ал 29 000 іс бойынша талапқоюшылар өз талаптарын қайтарып алды, бұл – даулардың сәтті шешілгенінің айқын дәлелі.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы жетістіктерге де тоқталды. ӘРПК енгізілгеннен бері Астана соттары инвестициялық қызметке қатысты 1000-нан астамталап қоюларды қарады. Өткен жылдың өзінде мұндай істер бойынша қабылданған шешімдердің 83 % инвесторлардың 100 миллиард теңгеден астам құқықтарын қорғаған.

◾️ Бұдан басқа, А.Мерғалиев әкімшілік әділетті, оның ішінде аумақтан тыс соттылықты нығайтудың жаңа құралдарын енгізу, «Әкімшілік істер бойынша сот шешімдері туралы» нормативтік қаулыны қабылдау, сондай-ақ үш дербес кассациялық соттың іске қосылуы туралы баяндады.

◾️ Соңында Жоғарғы Сот Төрағасы:
«Жүргізіліп жатқан барлық реформалар мемлекетпен соттағы даулар бойынша азаматтар мен бизнес үшін тең жағдайды қамтамасыз ету және әділ сот төрелігі бойынша негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған», – деп атап өтті.
Асламбек Мергалиев выступил на заседании Комиссии по правам человека
 
◾️ Председатель Верховного Суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев принял участие в заседании Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан, где выступил с докладом о роли административного судопроизводства в обеспечении и защите конституционных прав граждан.

◾️ В своем выступлении А.Мергалиев отметил, что за четыре года функционирования административной юстиции удалось существенно повысить уровень государственного управления и обеспечить стабильность административной практики.

◾️ Особое внимание спикер уделил ключевым принципам Административно-процессуального процедурного кодекса (АППК), подчеркнув, что рост числа административных исков свидетельствует о повышении доверия граждан к судебной системе.

◾️ С момента введения кодекса в действие в суды поступило свыше 124 тыс. исков. До внедрения АППК граждане и предприниматели выигрывали лишь около 15% споров с государственными органами.

◾️ В настоящее время этот показатель увеличился до 60%, что стало важным фактором в разрушении устойчивого негативного стереотипа о предвзятости судов в пользу государства.

◾️ Более 15 тыс.дел были завершены путем примирения сторон, а по 29 тыс. исков заявители отказались от требований, что также свидетельствует о достижении разрешении споров.

◾️ Председатель Верховного Суда отметил и успехи в защите прав инвесторов. Так, с начала действия АППК судами г.Астаны рассмотрено более 1 тыс.исков, касающихся инвестиционной деятельности. Только за прошлый год 83% решений по таким делам были вынесены в пользу инвесторов, что позволило обеспечить защиту их прав на сумму более 100 млрд тенге.

◾️ Кроме того, А.Мергалиев сообщил о внедрении новых инструментов для укрепления административной юстиции, включая экстерриториальную подсудность, принятие нормативного постановления «О судебном решении по административным делам», а также начало работы трех самостоятельных кассационных судов.

В завершение Председатель Верховного Суда подчеркнул:
«Все предпринимаемые реформы направлены на достижение главной цели – обеспечение равных условий для граждан и бизнеса в судебных спорах с государством и справедливого правосудия».
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Асламбек Мерғалиев Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі

🎥 “24kz” телеарнасы
🎥 Назарларыңызға Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бейнеролигін ұсынамыз.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Ұлытау облысының мамандандырылған экономикалық сотында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті.

🔹 Іс-шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы Д.Джумагалиева және сот кеңсесінің мамандары қатысты.Семинар барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оны сот ісін жүргізуде кеңінен қолдану және мемлекеттік қызметте қазақ тілінің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

🔹 Қатысушылар сот ісіндегі құжат айналымын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру, мамандардың тілдік біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша ұсыныстар айтты.

🔹 Сондай-ақ, жиын барысында сот ісін қазақ тілінде жүргізудің артықшылықтары мен тәжірибеде кездесетін қиындықтар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.

🔹 Семинар қорытындысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу және оны қолдану аясын кеңейту бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
2025/10/23 16:30:54
Back to Top
HTML Embed Code: