Telegram Web Link
Асламбек Мерғалиев Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі
 
◾️ Қазақстан Республикасы Жоғарғы СотыныңТөрағасы Асламбек Мерғалиев Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның отырысына қатысып, «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету мен қорғаудағы әкімшілік іс жүргізудің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

◾️ А.Мерғалиев өз сөзінде әкімшілік әділет жұмыс істеген төрт жыл ішінде мемлекеттік басқару деңгейі айтарлықтай жақсарып, әкімшілік практика тұрақтанғанын атап өтті.

◾️ Баяндамашы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) негізгі қағидаттарына тоқталып, әкімшілік талап қоюлар санының өсуі азаматтардың сот жүйесіне деген сенімінің артқанын айғақтайтынын атап айтты.

◾️ Кодекс қолданысқа енгізілгеннен бері соттарға 124 мыңнан астам талап қоюлар келіп түскен. ӘРПК енгізілгенге дейін азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдармен дауларының 15%-ға жуығында ғана ұтқан.

◾️ Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 60%-ға дейін өсті, бұл соттардың мемлекет пайдасына бейтарап болуы туралы тұрақты теріс стереотипті жоюдың маңызды факторына айналды.

◾️ 15 000-нан астам іс тараптардың татуласуы арқылы шешілді, ал 29 000 іс бойынша талапқоюшылар өз талаптарын қайтарып алды, бұл – даулардың сәтті шешілгенінің айқын дәлелі.

◾️ Жоғарғы Сот Төрағасы инвесторлардың құқықтарын қорғаудағы жетістіктерге де тоқталды. ӘРПК енгізілгеннен бері Астана соттары инвестициялық қызметке қатысты 1000-нан астамталап қоюларды қарады. Өткен жылдың өзінде мұндай істер бойынша қабылданған шешімдердің 83 % инвесторлардың 100 миллиард теңгеден астам құқықтарын қорғаған.

◾️ Бұдан басқа, А.Мерғалиев әкімшілік әділетті, оның ішінде аумақтан тыс соттылықты нығайтудың жаңа құралдарын енгізу, «Әкімшілік істер бойынша сот шешімдері туралы» нормативтік қаулыны қабылдау, сондай-ақ үш дербес кассациялық соттың іске қосылуы туралы баяндады.

◾️ Соңында Жоғарғы Сот Төрағасы:
«Жүргізіліп жатқан барлық реформалар мемлекетпен соттағы даулар бойынша азаматтар мен бизнес үшін тең жағдайды қамтамасыз ету және әділ сот төрелігі бойынша негізгі мақсатқа қол жеткізуге бағытталған», – деп атап өтті.
Асламбек Мергалиев выступил на заседании Комиссии по правам человека
 
◾️ Председатель Верховного Суда Республики Казахстан Асламбек Мергалиев принял участие в заседании Комиссии по правам человека при Президенте Республики Казахстан, где выступил с докладом о роли административного судопроизводства в обеспечении и защите конституционных прав граждан.

◾️ В своем выступлении А.Мергалиев отметил, что за четыре года функционирования административной юстиции удалось существенно повысить уровень государственного управления и обеспечить стабильность административной практики.

◾️ Особое внимание спикер уделил ключевым принципам Административно-процессуального процедурного кодекса (АППК), подчеркнув, что рост числа административных исков свидетельствует о повышении доверия граждан к судебной системе.

◾️ С момента введения кодекса в действие в суды поступило свыше 124 тыс. исков. До внедрения АППК граждане и предприниматели выигрывали лишь около 15% споров с государственными органами.

◾️ В настоящее время этот показатель увеличился до 60%, что стало важным фактором в разрушении устойчивого негативного стереотипа о предвзятости судов в пользу государства.

◾️ Более 15 тыс.дел были завершены путем примирения сторон, а по 29 тыс. исков заявители отказались от требований, что также свидетельствует о достижении разрешении споров.

◾️ Председатель Верховного Суда отметил и успехи в защите прав инвесторов. Так, с начала действия АППК судами г.Астаны рассмотрено более 1 тыс.исков, касающихся инвестиционной деятельности. Только за прошлый год 83% решений по таким делам были вынесены в пользу инвесторов, что позволило обеспечить защиту их прав на сумму более 100 млрд тенге.

◾️ Кроме того, А.Мергалиев сообщил о внедрении новых инструментов для укрепления административной юстиции, включая экстерриториальную подсудность, принятие нормативного постановления «О судебном решении по административным делам», а также начало работы трех самостоятельных кассационных судов.

В завершение Председатель Верховного Суда подчеркнул:
«Все предпринимаемые реформы направлены на достижение главной цели – обеспечение равных условий для граждан и бизнеса в судебных спорах с государством и справедливого правосудия».
1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ Асламбек Мерғалиев Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында сөз сөйледі

🎥 “24kz” телеарнасы
🎥 Назарларыңызға Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының бейнеролигін ұсынамыз.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Ұлытау облысының мамандандырылған экономикалық сотында мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және оны дамыту мәселелеріне арналған семинар өтті.

🔹 Іс-шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы Д.Джумагалиева және сот кеңсесінің мамандары қатысты.Семинар барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту, оны сот ісін жүргізуде кеңінен қолдану және мемлекеттік қызметте қазақ тілінің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

🔹 Қатысушылар сот ісіндегі құжат айналымын қазақ тілінде жүргізуді жетілдіру, мамандардың тілдік біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді насихаттау бойынша ұсыныстар айтты.

🔹 Сондай-ақ, жиын барысында сот ісін қазақ тілінде жүргізудің артықшылықтары мен тәжірибеде кездесетін қиындықтар талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды. Қатысушылар мемлекеттік тілдің қолданылуын арттыру бағытында бірлескен жұмыстарды күшейтуге дайын екендіктерін білдірді.

🔹 Семинар қорытындысында мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосу және оны қолдану аясын кеңейту бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном экономическом суде области Ұлытау проведен семинар по вопросам расширения сферы использования государственного языка и его развития.

🔹 В семинаре участвовали руководитель районного суда Д.Джумагалиева и специалисты суда.В ходе семинара обсуждены вопросы укрепления статуса государственного языка, его широкого использования в судебном процессе, повышения роли казахского языка на государственной службе.

🔹 Участники высказали предложения по совершенствованию документооборота на казахском языке, совершенствованию языковых навыков специалистов и популяризации государственного языка.

🔹 Также в ходе семинара обсуждены преимущества ведения судопроизводства на казахском языке и трудности, возникающие на практике, рассмотрены пути их решения. Участники выразили готовность усилить совместную работу в направлении увеличения использования государственного языка.

🔹 В завершение мероприятия была отмечена необходимость внести вклад в развитие государственного языка и продолжить совместную работу по расширению сферы его использования.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды
 
🔹 Ұлытау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2025 жылғы 16 шiлдедегi № 210-VIII Заңымен ҚР Қылмыстық Кодексіне және қылмыстық процестік кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

🔹 Іс шараға төраға м.а. Н.Кендирбаева, судья А.Киянбекова, Ұлытау облысының прокуратурасының, Жезқазған қалалық прокуратурасының прокурорлары және сот мамандары қатысты.

🔹 Дөңгелек үстел барысында Қылмыстық кодекске жаңадан баптар енгізіліп адамды заңсыз аңдыған, адамның еркіне  қайшы байланыс орнатуға тырысқан, елеулі зиян келтіруге әкеп соққан байланыс орнату және оның ізіне түсу арқылы қудалағаны үшін (Сталкинг), адамды еркінен тыс некеге мәжбүрлеген, материалдық сыйақы және (немесе) мүліктік сипаттағы пайда үшін не оларды алу мақсатында үшінші тұлғаға өзінің банктік шотына не төлем құралына не сәйкестендіру құралына қолжетімділікті заңсыз ұсыну не оларды үшінші тұлғаға пайдалануға заңсыз бергені «Дропперлік» үшін  тұлғаға қылмыстық жауаптылық көзделгені, сондай-ақ қылмыстық процестік кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

🔹 Төраға м.а. Н.Кендирбаева бұл өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, азаматтардың жеке құқықтарымен бостандықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті жақсартуға, азаматтардың қаржылық жүйеге сенімін арттыруға бағытталғанын атап өтті. Аталған өзгерістер талқыланып, қатысушылар пікір алмасты.
 
https://www.tg-me.com/ulytaysud
Обсуждены изменения и дополнения в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства
 

🔹 В Специализированном межрайонном суде по уголовным делам области Ұлытау в целях обсуждения изменений и дополнений в Уголовный кодекс и Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан Законом РК от 16 июля 2025 года № 210-VIII «О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам оптимизации уголовного законодательства» проведен круглый стол.

🔹 В мероприятии приняли участие и.о. председателя Н.Кендирбаева, судья А.Киянбекова, прокуроры прокуратуры области Ұлытау, города Жезказган, а также специалисты суда.

🔹В ходе круглого стола были отмечены, что в Уголовный кодекс введены новые статьи, теперь за незаконное преследование лица, попытки установить контакт вопреки его воле, причинение существенного вреда посредством навязывания общения и слежки («Сталкинг»), за принуждение к вступлению в брак против воли, за незаконное предоставление доступа к своему банковскому счету либо платежному инструменту, либо идентификационному средству третьему лицу либо их незаконная передача в пользование третьему лицу за материальное вознаграждение и (или) выгоды имущественного характера либо с целью их получения («Дропперство») предусмотрена уголовная ответственность, а также были обсуждены изменения и дополнения внесённые в Уголовно-процессуальный кодекс.

🔹 И.о. председателя Н.Кендирбаева подчеркнула важность данных изменений, отметив, что они направлены на усиление защиты личных прав и свобод граждан, укрепление общественного порядка и безопасности, а также на повышение доверия граждан к финансовой системе. Были обсуждены указанные изменения, также участники обменялись мнениями.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезқазған қаласында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқарған азамат «К.»-ға қатысты қылмыстық іс қаралды
         
• Сотта анықталғаны:
Сотталушы «К.» 2025 жылғы 02 тамызда сағат 02:20 шамасында көлік құралын басқару құқығынан айырылған тұлға бола тұра, «MERSEDES-BENZ» маркалы автокөлігін Жезқазған қаласында алкогольдік масаң күйде басқарып, Холмецкий көшесі 34 үй бойында жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін патрульдік полиция ротасының қызметкерлерімен тоқтатылған.

Сот талқылауы барысында сотталушының кінәсі өзінің мойындау жауаптарымен қатар сотқа ұсынылған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденді.

Жаза тағайындау кезінде сот жасалған қылмыстың сипаты және қоғамға қауіптілік дәрежесін, сотталушының жеке басына қатысты деректерді, өзінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын біле тұра, алкогольдік масаң күйде автокөлікті қайта басқарғанын, оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлардың болуы - сотталушының жасаған ісіне шын жүректен өкінуін, жас балаларының болуын, ауырлататын мән-жайлардың болмауын ескеріп, оның түзелуі тек қоғамнан оқшаулау арқылы мүмкін екендігі туралы, бұл жаза түрінің сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатына қол жеткізетіндігі туралы тұжырымға келді.

• Жезқазған қалалық сотының үкімімен «К.» ҚК-нің 346-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танылды, оған өмір бойына көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезказганским городским судом рассмотрено уголовное дело в отношении К. по обвинению в управлении транспортным средством, лицом, лишенным права управления транспортными средствами и находящимся в состоянии алкогольного опьянения.
 
Установлено судом
02 августа 2025 года около 02:20 часов подсудимый «К.», будучи лишённым права управления транспортными средствами и находясь в состоянии алкогольного опьянения, управлял автомобилем марки «Mercedes-Benz» по территории города Жезказган. На улице Холмецкого, 34 он был остановлен сотрудниками роты патрульной полиции за нарушение правил дорожного движения.

В ходе судебного разбирательства вина подсудимого была подтверждена не только его признательными показаниями, но и совокупностью исследованных в судебном заседании доказательств.

При назначении наказания суд учёл характер и степень общественной опасности совершённого деяния, данные о личности подсудимого, который, достоверно зная о лишении его права управления транспортными средствами, вновь сел за руль в состоянии алкогольного опьянения. Также были учтены смягчающие обстоятельства – чистосердечное раскаяние, наличие малолетних детей, отсутствие отягчающих обстоятельств. Суд пришёл к выводу, что исправление подсудимого возможно лишь в условиях изоляции от общества, а назначенное наказание будет способствовать его исправлению и предупреждению совершения новых преступлений как им самим, так и другими лицами.

• Приговором суда «К.» признан виновным по ст. 346 ч. 1 УК с назначением ему наказания в виде 6 месяцев лишения свободы, с пожизненным лишением права управления транспортными средствами.  

https://www.tg-me.com/ulytaysud
2025/10/22 10:03:07
Back to Top
HTML Embed Code: