Telegram Web Link
Ұлытау облыстық сотында азаматтық істер бойынша семинар өтті

🔹 Ұлытау облыстық сотында азаматтық істер жөніндегі сот алқасының ұйымдастыруымен семинар өтті. Іс-шараға аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.

🔹 Семинар барысында мұрагерлік істер санатындағы азаматтық істерді қарау ерекшеліктері, сондай-ақ заңдық маңызы бар фактілерді анықтау туралы істерді қарау тәртібі талқыланды.

🔹 Қатысушылар сот тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелерді ортаға салып, практикалық мысалдар негізінде пікір алмасты. Сонымен қатар, азаматтық істерді қарауда заң талаптарын дұрыс қолдану, біркелкі сот тәжірибесін қалыптастыру және сот төрелігінің сапасын арттыруға қатысты ұсыныстар қарастырылды.

🔹 Семинардың негізгі мақсаты – азаматтық сот ісін жүргізу саласындағы өзекті мәселелер бойынша судьялардың кәсіби деңгейін арттыру және тәжірибе алмасу болды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В суде области Ұлытау прошёл семинар по гражданским делам

🔹 В суде области Ұлытау по инициативе судебной коллегии по гражданским делам состоялся семинар. В мероприятии приняли участие председатели и судьи районных и приравненных к ним судов.

🔹 В ходе семинара были рассмотрены особенности рассмотрения гражданских дел категории наследственных споров, а также порядок рассмотрения дел об установлении юридически значимых фактов.

🔹 Участники обсудили актуальные вопросы, возникающие в судебной практике, обменялись мнениями на основе практических примеров. Кроме того, были рассмотрены предложения, касающиеся правильного применения норм законодательства при рассмотрении гражданских дел, формирования единообразной судебной практики и повышения качества отправления правосудия.

🔹 Основной целью семинара стало повышение профессионального уровня судей и обмен опытом по актуальным вопросам гражданского судопроизводства.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезқазған қалалық сотымен азаматтар А. мен Б.-ға қатысты «марихуана» есірткі затын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде иемденіп, дайындап, сақтағаны және тасымалдағаны бойынша, сонымен қатар Б. ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағаны бойынша қылмыстық іс қаралды ( ҚК 297 б. 3-б. 1),3) т., 296 б. 3-б.).

Сотпен анықталғаны:
2024 жылдың қазан айында сотталушы А. Жезқазған қаласынан Алматы қаласына барып, сотталушы Б.-ға Ұлытау облысының аумағында өткізу мақсатында кептірілген «марихуана»есірткі затының аса ірі мөлшерін тауып беру туралы өтінішпен жүгінген. Өз кезегінде Б. келісімін беріп, аса ірі мөлшердегі кептірілген «марихуана» есірткі затын тауып берген. А. өз көлігімен Алматыдан Жезқазғанға аса ірі мөлшердегі есірткі затын өткізу мақсатында тасымалдап, тұрғылықты мекенжайында заңсыз сақтаған, полиэтилендік пакеттерге салып, ұсақ бөліктерге бөліп, өткізуге дайындаған. Одан әрі ол Жезқазған қаласында ұсталып, ҰҚК-нің қызметкерлерімен тінту кезінде жалпы салмағы – 14 кг. 225 грамм кептірілген «марихуана» есірткі заты тәркіленген.

• Сонымен қатар, 2024 жылғы қарашасында ҰҚК Ұлытау облысы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобымен Алматы облысының  тұрғыны Б.-ның автокөлігінен 4 дана полимерлік пакеттерге буып-түйілген 138, 66 грамм құрайтын кептірілген «марихуана» есірткі заты табылған, яғни Б. ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтаған.
 
 • Дәлелдемелер бойынша:
Сот тергеуінде сотталушылар А. мен Б. кінәсін мойындамай, оларды тек өздерінің пайдалануы үшін сақтағанын, өткізу ниеттері болмағанын көрсетті. Сотталушы Б. автокөлігінен табылған ірі мөлшердегі есірткі заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз иемденіп, сақтағанын толығымен мойындады.

Жаза түріндегі соттың уәждері мен шешімі:
Сот жаза тағайындау кезінде сотталушылар А. пен Б-ның қылмыстық жауаптылық пен жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде жас балаларының болуын таныды, жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай ретінде А.да анықталған жоқ, ал Б.-да қылмыстардың қайталануын таныды.

• Сот үкімімен «А».-ға ҚК-тің 297-б. 3-б. 1),3)-т.-мен 8 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Осы үкіммен «Б.» кінәлі деп танылып, оған ҚК-нің 297-б. 3-б. 1),3) т., 296-б. 3-б. бойынша түпкілікті 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В Жезказганском городском суде рассмотрено уголовное дело в отношении «А.» и «Б. по факту приобретения, изготовления, хранения и перевозки в целях сбыта в особо крупном размере наркотического средства «марихуана», а также в отношении Б. по факту незаконного приобретения и хранения наркотического средства в крупном размере без цели сбыта (ст.ст.297 ч.3 п.1),3); 296 ч.3УК).
 
 • Судом установлено:
Подсудимый А. в октябре 2024 года, выехав из г.Жезказган в г. Алматы, обратился к подсудимому Б. с предложением найти наркотическое средство – высушенную «марихуану» в особо крупном размере для последующей реализации на территории области Ұлытау. В соответствии с договоренностью Б. передал высушенную «марихуану» в особо крупном размере подсудимому А., который на своем автотранспорте перевозил с целью сбыта с г.Алматы в г.Жезказган наркотические средства и незаконно хранил их по месту своего жительства, расфасовав в полиэтиленовые пакеты и подготовив мелкими дозами к реализации на территории области Ұлытау. В ходе обыска, проведенного сотрудниками КНБ в г.Жезказган по месту жительства А. у последнего было изъято наркотическое средство «марихуана» в высушенном виде общим весом 14 кг. 225 грамм.

• Кроме того, в ноябре 2024 года при проведении оперативно-следственных мероприятий сотрудниками Департамента КНБ по области Ұлытау в автомобиле жителя Алматинской области Б. было обнаружено и изъято наркотическое средство «марихуана» в высушенном виде, упакованное в полимерные пакеты, общим весом 138,66 грамм. То есть Б. незаконно приобрел и хранил наркотическое средство в крупном размере без цели сбыта.
 
По доказательствам:
На судебном следствии подсудимые А. и Б. по предъявленному обвинению вину не признали, утверждая, что изъятые у них вещества  незаконно приобрели, хранили и перевозили для личного употребления, однако цели сбыта у них не было. Вместе с тем, Б. полностью признал вину в части незаконного приобретения и хранения у себя наркотического средства в крупном размере без цели сбыта.
         
 • При назначении наказания суд признал обстоятельствами смягчающие уголовную ответственность и наказание наличие малолетних детей у подсудимых А. и Б., обстоятельств, отягчающих  ответственность и наказание у подсудимого А. судом не установлено. В то же время в действиях Б. признан рецидив преступлений, что является отягчающим обстоятельством.  

•Приговором суда А. признан виновным  в совершении уголовного  правонарушения по ст.297 ч.3 п.п.1),3) УК и ему назначено наказание в виде лишения свободы сроком на 8 лет.
Б. признан виновным по ст.ст. 296 ч.3, 297 ч.3 п.п.1),3) УК и ему назначено окончательное наказание в виде лишения свободы сроком 9 лет.
 

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу

🔰 Ұлытау облысы Жезқазған қалалық сотында «Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу» тақырыбына семинар сабақ өткізілді.

🔰 Іс-шараға аудандық сот әкімшісінің басшысы С.С. Сәлім, сот кеңсесінің мамандары мен кеңсе қызметкерлері қатысты.

🔰 Семинар барысында мемлекеттік тілде іс-қағаздарын сапалы әрі дұрыс жүргізудің ерекшеліктері, құжаттарды ресімдеудің негізгі талаптары, сондай-ақ іс жүргізу кезінде жиі кездесетін қателіктерді болдырмау жолдары талқыланды.

🔰 Баяндаушы сот өндірісіне келіп түсетін электронды құжаттарды тіркеу тәртібімен таныстырып, тәжірибеде қолдануға арналған нақты нұсқамаларды ұсынды. Өз сөзінде ол сот ісін жүргізуде қазақ тілінің рөлін айқындай отырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтерудің маңыздылығына тоқталды.

🔰 Сонымен қатар қатысушылар мемлекеттік тілде құжат айналымын жүргізудің құқықтық негіздері, сот өндірісіндегі іс-қағаздарының бірыңғай үлгілері және оларды рәсімдеудің заманауи талаптары бойынша пікір алмасты.

🔰 Семинар соңында аудандық сот әкімшісі мемлекеттік тілді іс жүзінде қолдануды күшейту әрбір қызметкердің басты міндеті екендігін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдірудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Делопроизводство на государственном языке

🔰 В Жезказганском городском суде области Ұлытау состоялся семинар на тему «Делопроизводство на государственном языке».

🔰 В мероприятии приняли участие руководитель районного суда С.С.Сәлім, специалисты канцелярии и сотрудники суда.

🔰 В ходе семинара были рассмотрены особенности качественного и правильного ведения делопроизводства на государственном языке, основные требования к оформлению документов, а также пути предотвращения наиболее часто встречающихся ошибок в процессе работы.

🔰 Докладчик ознакомил участников с порядком регистрации поступающих в суд электронных документов и представил практические рекомендации по их применению. В своем выступлении она подчеркнула роль казахского языка в судебном производстве и отметила важность повышения статуса государственного языка.

🔰 Кроме того, участники обменялись мнениями по вопросам правовых основ ведения документооборота на государственном языке, единых образцов процессуальных документов, а также современных требований к их оформлению.

🔰 В завершение семинара руководитель аппарата районного суда отметила, что укрепление практического применения государственного языка является главным обязанностью каждого сотрудника, подчеркнув необходимость совершенствования работы в данном направлении.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат «Е»-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

• 2025 жылғы 29 қыркүйек сағат 11:50 шамасында азамат «Е» жүргізуші куәлігінсіз, жеңіл дәрежелі алкогольдік масаң күйде Жезқазған қаласы, Байқоңырова көшесінде автокөлік басқарған.

• Сот отырысында ол кінәсін мойындап, құқықбұзушылық жасағанын растады. Полиция инспекторының түсінігі мен медициналық куәландыру қорытындысы да оның жеңіл дәрежелі масаң күйде болғанын дәлелдеді.

• Анықталғандай, азамат «Е» 2024 жылғы 5 қыркүйекте Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық сотының қаулысымен ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөлігі бойынша ол жауапқа тартылып, жаза мерзімі 2024 жылғы 5 қазанда аяқталған. Алайда бір жыл өтпей жатып құқықбұзушылықты қайталап жасаған.

• Сот қаулысымен азамат «Е» ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 7-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
В специализированном межрайонном суде по административным правонарушениям города Жезказган рассмотрено административное дело в отношении гражданина «Е».

• 29 сентября 2025 года около 11:50 гражданин «Е», не имея водительского удостоверения, управлял автомобилем по улице Байконурова города Жезказган в состоянии легкого алкогольного опьянения.

• В судебном заседании он признал вину и подтвердил совершение правонарушения. Пояснения инспектора полиции и заключение медицинского освидетельствования также подтвердили факт нахождения его в состоянии легкого алкогольного опьянения.

• Установлено, что 5 сентября 2024 года постановлением Сатпаевского городского суда области Ұлытау, гражданин «Е» уже привлекался к административной ответственности по части 7 статьи 608 КоАП РК, срок наказания по которому истек 5 октября 2024 года. Однако, не прошло и года, как он вновь совершил аналогичное правонарушение.

• Постановлением суда гражданин «Е» признан виновным по части 7 статьи 608 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях и подвергнут административному аресту сроком на 30 суток.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
Бакуде Гаага конвенцияларын жүзеге асыру жөнінде халықаралық семинар өтті
 
◾️ Қазақстанның судьялар делегациясы Бакуде (Әзербайжан) Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конвенциясына (ХЖҚГК) конвенциядан кейінгі көмек көрсету бағдарламасы аясында семинарға қатысты.

◾️ Делегация құрамында Астана қалалық сотының судьясы Ақмарал Көшербаева, Шығыс Қазақстан облыстық сотының судьясы Анара Тәнекенова, Қарағанды облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотының төрағасы Динара Мұтубаева және Сот әкімшілігінің қызметкерлері Римма Жауарова мен Нұрай Молдатай болды.

◾️ Семинарға халықаралық сарапшылар, Әзірбайжан Әділет министрлігінің қызметкерлері, судьялар, нотариустар және осы конвенцияларды жүзеге асыру бойынша орталық орган ретінде қызмет ететін заңгерлер қатысты.

◾️ Семинар барысында ХЖҚГК-ның сарапшылары Филипп Лортье мен Жан-Марк Пеллет балаларды және отбасын асыраудың басқа түрлері бойынша алимент өндіру халықаралық конвенцияларды қолдану, сондай-ақ азаматтық немесе коммерциялық істер бойынша шетелде сот және соттан тыс құжаттарды ұсыну мәселелерін талқылады.

◾️ Сұрау салушы мемлекеттерде алимент өндіру туралы шешімдерді тану және орындау, соның ішінде заманауи ақпараттық технологияларды қолдану мәселелері талқыланды. Қатысушыларға құжаттарды тапсыру, соның ішінде практикалық есептер бойынша таныстырылым ұсынылды.

◾️ Қорытындылай келе, семинарға қатысушылар ынтымақтастықты дамыту халықаралық жеке құқық саласындағы елдер арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

◾️ Іс-шараны Халықаралық жеке құқық бойынша Гаага конференциясының Хатшылығы Әзербайжан Әділет министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
В Баку состоялся международный семинар по реализации Гаагских конвенций

◾️ Делегация казахстанских судей приняла участие в работе семинара в рамках программы постконвенционной помощи Гаагской конвенции по международному частному праву (ГКМЧП) в Баку (Азербайджан).

◾️ В составе делегации – судьи суда г.Астаны Акмарал Кушербаева, Восточно-Казахстанского областного суда Анара Танекенова, председатель ювенального суда Карагандинской области Динара Мутубаева, а также сотрудники Судебной администрации Римма Жауарова и Нурай Молдатай.

◾️ В работе приняли участие международные эксперты, сотрудники Министерства юстиции Азербайджана, судьи, нотариусы и юристы, выполняющие функции центрального органа по исполнению указанных конвенций.

◾️ Эксперты ГКМЧП Филлип Лортье и Жан-Марк Пеллет в ходе семинара рассказали о применении международных конвенций – о взыскании алиментов на содержание детей и других видов семейного содержания, а также о вручении за границей судебных и внесудебных документов по гражданским или торговым делам.

◾️ Обсудили вопросы признания и исполнения решений о выплате алиментов в запрашиваемых государствах, включая применение современных информационных технологий. Участникам представлена презентация по подаче документов с разбором конкретных практических кейсов.

◾️ Участники семинара в завершение высказали уверенность в том, что развитие сотрудничества способствует развитию взаимодействия между странами в сфере международного частного права.

◾️ Мероприятие организовано Секретариатом Гаагской конференции по международному частному праву совместно с Министерством юстиции Азербайджана.
Жезқазған қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында азамат «Ч»-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

• 2025 жылғы 17 қыркүйек сағат 00:40 шамасында ол Mercedes-Benz 250 маркалы автокөлікті басқара отырып, бетон қоршауларға соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер болмаған, алайда Жезқазған қаласының ТКШ бөліміне материалдық шығын келтірілген. Оқиғадан кейін жүргізуші оқиға орнынан кетіп қалған.

• Сот отырысында азамат «Ч» өз кінәсін мойындады.

• Сот қаулысымен азамат «Ч» кінәлі деп танылып, әкімшілік жауаптылыққа тартылды: ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл және 611-бабы 2-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды.

https://www.tg-me.com/ulytaysud
2025/10/19 21:07:43
Back to Top
HTML Embed Code: