Telegram Web Link
Бақұл бол, Арон!

Ақтөбеде қайғылы оқиға орын алды.

«Ақтөбе U-16» жасөспірімдер командасының 15 жастағы футболшысы Арон Мұса өмірден өтті. Жас спортшы әжесі және бауырымен бірге қаза тапқан.

Қайғылы жағдайдың себебі әзірге ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда бейресми деректерге сүйенсек, отбасы ыс тиіп (угарный газ) улануы мүмкін.

Арон Мұса «Ақтөбе» U-16 командасы сапында биылғы маусымда алғаш рет 2 тамыз күні дебют жасаған. Ал соңғы ойынын 4 қазанда өткізген. Ол биылғы маусымда алты матчқа қатысып, бір нәтижелі пас берген.

Бұл соңғы бір ай ішіндегі қазақстандық футболдағы екінші ауыр қайғы.

Бұған дейін, 23 қыркүйекте елордалық «Жеңіс» клубының 19 жастағы ойыншысы Виктория Кайсаринова Павлодар – Астана тас жолында болған жол апатында қаза тапқан еді.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🕊7😭6💔2
😀«Елімай» футбол клубының жартылай қорғаушысы 🧠Рамазан Оразов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өтетін Солтүстік Македонияға қарсы ойында 🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасына көмектесе алмайтын болды.

Футболшы жаттығу барысында жарақат алған. Оразовтың орнына негізгі құрамда Дамир Касабулат шығуы мүмкін.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯4😱1😨1
Бүгін сағат 12:30-да Чемпиондар лигасы аясындағы «Қайрат» — «Пафос» матчының билеттері сатылымға шығады.

Кездесу 21 қазан күні сағат 21:45-те Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

Айта кетейік, топтық кезеңнің барлық ойындарына билеттердің бағасы УЕФА-мен келісілген және 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейінгі аралықта белгіленген.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4🥰1
Үндістанның Ахмедабад қаласында су спорт түрлерінен Азия чемпионаты аяқталды.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы жалпы 23 медаль жеңіп алды.

Отандастарымыздың қоржынында сегіз алтын, жеті күміс және сегіз қола жүлде бар.

Командалық есепте 🇰🇿Қазақстан екінші орынға ие болды. Бірінші орынды 🇨🇳Қытай құрамасы (40 алтын, 10 күміс, 4 қола) иеленсе, үшінші орын Жапонияға (5 алтын, 12 күміс, 4 қола) бұйырды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5🥰1👏1
Бүгін «Қайраттың» өз алаңында 21-қазан «Пафосқа» қарсы өтетін матчына билеттер сатылымға шықты.

Естеріңізде болса, «Қайрат» пен «Реал» арасындағы тартысты кездесудің билеттері небәрі 30 минутта түгел сатылып кеткен еді.

Бұл жолы көрініс өзгеше. Кипрлік «Пафосқа» қарсы өтетін ойынды көруге асыққан жанкүйер аз. Себебі баға шектен тыс жоғары. Билеттер 30 мыңнан бастап 150 мың теңгеге дейін бағаланған.

Жанкүйерлер мұндай шешімге бейжай қарамады. Әлеуметтік желілерде «Қайрат» басшылығына ашық наразылық білдіріп, клубтың баға саясатын сынға алған пікірлер қарша борауда.

Көпшілік билет құнын әділетсіз деп санап, тіпті алдағы матчқа жаппай бойкот жариялауға шақырып жатыр.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍72👏2
Қазақстан құрамасы ресми түрде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылды.

Құрамамыз сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнап (1:1), сенсация жасады. Алайда бұл нәтиже әлем чемпионатына жолдама алу үшін жеткіліксіз болды.

Жеті ойыннан кейін Қазақстан құрамасының қоржынында небәрі 7 ұпай бар. Соңғы турда Бельгияны жеңгеннің өзінде, Қазақстанның еншісінде 10 ұпай ғана болады. Бұл екінші орын үшін таласуға мүмкіндік бермейді.
Айта кетейік, екінші орын иегері де әлем чемпионатына іріктеу кезеңінен өту құқығына ие.

Қазіргі уақытта J тобының турнирлік кестесі төмендегідей:
🇩🇪Бельгия — 14 ұпай (6 ойын)
🇲🇰Солтүстік Македония — 13 ұпай (7 ойын)
🏴󠁧󠁢󠁷󠁬󠁳󠁿Уэльс — 10 ұпай (6 ойын)
🇰🇿Қазақстан — 7 ұпай (7 ойын)
🇱🇮Лихтенштейн — 0 ұпай (6 ойын)

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семейде 🥊бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді

14–21 қазан аралығында Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының бокстан чемпионаты өтеді.

Байрақты бәсекеге еліміздің 20 өңірінен 371 спортшы қатысады. Олардың ішінде 246 ер және 125 әйел боксшы бар.

Бүгін, 14 қазан күні жарыстың жеребесі тартылады. Ал салтанатты ашылу рәсімі 15 қазанға жоспарланған. Финалдық жекпе-жектер 21 қазанда өтеді.

Айта кетейік, чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

Салмақ дәрежелері:
Ерлер: 50 кг, 55 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг, 85 кг, 90 кг және 90 кг-нан жоғары.
Әйелдер: 48 кг, 51 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 65 кг, 70 кг, 75 кг, 80 кг және 80 кг-нан жоғары.

Чемпионаттың барлық жекпе-жектері QAZSPORT телеарнасында 🔴🟥📹тікелей эфирде көрсетіледі.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👏3🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Талғат Байсуфинов: Жігіттер жан аямай күресті

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/talgat-bajsufinov-zhigitter-zhan-ayamaj-kuresti
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍141🔥1
🇪🇬Мысыр астанасы Каирде өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фариза Толжан 298 келі нәтижемен әлем 🥇чемпионы атанды.

Ерлер арасында 88 келіге дейінгі салмақта Рахметжан Хамаев 592 келі көтеріп, 🥈күміс медальға қол жеткізді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8👏21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қазақстанға алғаш рет Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік президенті келді

Бүгін Астанаға WADA президенті Витольд Банька бастаған делегация келді. Қонақтарды Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Ұлттық допингке қарсы орталық директоры Майра Бақашева және министрлік өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында делегация спорт федерацияларының, Ұлттық Олимпиада комитетінің өкілдерімен, спортшылармен және студенттермен кездесіп, елордадағы спорт нысандарын аралайды. Мақсат – Қазақстандағы допингке қарсы саясатты талқылау.

Айта кетейік, WADA – спорттағы допингке қарсы күресті үйлестіретін тәуелсіз ұйым. Оның басты құжаты – Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс, ал негізгі міндеті – допингке қарсы саясатты насихаттау, үйлестіру және бақылау.

📹ҚР спорт және туризм министрлігі

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏1
Бүгін 14 қазан, Астанада Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында 🏒«Барыс» Новосібірдің «Сібір» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, елордалық ұжым соңғы 5 матч бойы жеңіске жете алмай келеді.

Кездесу сағат 19:00-де басталады.

📺Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан тамашалауға болады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті.

Кездесуде ҰОК басшысы спортшыны 2025 жылы Загребте өткен әлем чемпионатындағы алтын жүлдесімен құттықтап, оның жетістігін жоғары бағалады.

Айдос Сұлтанғали 60 келіге дейінгі салмақта топ жарып, 26 жылдан кейін Қазақстанға грек-рим күресінен алғашқы 🥇 алтынды сыйлады.

Головкин спортшының табандылығы мен еңбегін атап өтіп, алдағы Лос-Анджелес🏃Олимпиадасына тыңғылықты дайындық тіледі. ҰОК өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетуге дайын екенін жеткізді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏43🔥2
Алматылық ❄️ «Қайрат» өз ұясынан түлеп ұшқан ойыншыны қайта қатарға қосуға ниетті. Клуб басшылығы «Қайрат» академиясының тәрбиеленушісі Ғалымжан Кенжебекті команда қатарына қосу жоспарын қолға алған.

Белгілі дереккөздердің мәліметінше, нақты келіссөздер қысқы трансферлік кезеңде қарқын ала түспек.

Соңғы айларда алматылықтар шабуыл шебін күшейтудің түрлі нұсқаларын қарастырғанымен, ақыры өз түлегін қайта шақыру идеясын ең тиімді шешім деп тапқан секілді.

Кенжебек — жастығына қарамастан, жылдамдығы мен қырағылығымен көзге түскен ойыншы. Қазір «Қайраттың» дәл осындай форвардқа зәру екені жасырын емес.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍2🔥1🤝1
2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың саны 28-ге жетті

14 қазаннан 15 қазанға қараған түні Англия құрамасы Латвияны сырт алаңда 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, өз тобының жеңімпазы атанып, әлем чемпионатына жолдама алды. Осылайша ағылшындар мундиальға қатысуын ресми түрде қамтамасыз еткен 28-ші ұлттық құрама болды.

Бүгінгі күнге дейін 2026 жылғы әлем чемпионатына 👉келесі құрамалар жолдама иеленді:

Турнир қожайындары: 🇺🇸 АҚШ, 🇨🇦 Канада, 🇲🇽 Мексика.

🌏Азия (АФК): 🇦🇺 Аустралия, 🇮🇷 Иран, 🇯🇵 Жапония, 🇯🇴 Иордания, 🇶🇦 Катар, 🇸🇦 Сауд Арабиясы, 🇰🇷 Оңтүстік Корея, 🇺🇿 Өзбекстан.

🌍 Африка (АКФ): 🇩🇿 Алжир, 🇪🇬 Мысыр, 🇨🇻 Кабо-Верде, 🇬🇭 Гана, 🇨🇮 Кот-д’Ивуар, 🇲🇦 Марокко, 🇸🇳 Сенегал, 🇿🇦 Оңтүстік Африка Республикасы, 🇹🇳 Тунис.

🌎Оңтүстік Америка (КОНМЕБОЛ): 🇦🇷 Аргентина, 🇧🇷 Бразилия, 🇨🇴 Колумбия, 🇪🇨 Эквадор, 🇵🇾 Парагвай, 🇺🇾 Уругвай.

🌊 Океания (КФО): 🇳🇿 Жаңа Зеландия.

🇪🇺Еуропа (УЕФА): Англия.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏41🔥1
Давид Дегтярев үш дүркін әлем чемпионы 🥇атанды

9–18 қазан аралығында Каирде (Египет) пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл жарысқа 17 спортшымен қатысуда.

Давид Дегтярев 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 191 кг көтеріп, жалпы 567 кг нәтижемен жеңіске жетті және Азия рекордын 💪жаңартты.

Осылайша, Ақмола облысының спортшысы үш дүркін әлем чемпионы атанды. Давидты Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Юрий Колесников жаттықтырады.

Айта кету керек, Давид Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13🥰21
🤖Криштиану Роналду тағы да әлемдік рекорд жаңартты

Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының еуропалық іріктеу кезеңінің 4-турында Венгриямен тең түсті.

Лиссабондағы 🏟 "Жозе Алваладе" стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Португалия сапында 40 жастағы Криштиану Роналду дубль жасап, 22-минутта және қосымша уақытта (45+3) гол соқты. Бұл оның мансабындағы 947-ші және 948-ші голдары. Сондай-ақ Роналду әлем чемпионаттарының іріктеу кезеңдеріндегі ең көп гол соққан ойыншы атанды — 41 гол.

Венгрия құрамасынан Адам Салаи (8-минут) және Доминик Собослаи (90+1) көзге түсті.

⚽️Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантино Роналдудың тарихи жетістігіне пікір білдірді.

"👏Браво, Криштиану! 41 гол! Әлем чемпионатының іріктеу кезеңдеріндегі ең үздік сұрмерген атағымен құттықтаймын. Ұлы ойыншының тағы бір ғажайып рекорды", — деп жазды Инфантино әлеуметтік желіде.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏72🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🏛🏛🏛🏛💬💬Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) президенті Витольд Баньканы қабылдады.

Президент WADA-ның спорттағы допингпен күрестегі жаһандық рөлін атап өтіп, Витольд Баньканың Астанаға сапарын Қазақстан мен агенттік арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды қадамы ретінде бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев таза спорт қағидаттарын қолдаудағы және тәртіп бұзушыларға қарсы күрестегі агенттіктің ұстанымына жоғары баға берді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі жанындағы допингке қарсы зертхана Орталық Азиядағы жалғыз мекеме болып табылады. Оның базасында өңірлік допингке қарсы ұйым жұмыс істейді, оған аймақтың бірнеше елі кіреді.

Витольд Банька Қазақстанның WADA бастамаларын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті. Тараптар ұзақ мерзімді серіктестікті нығайтуға ниетті екенін растады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👏21
Бүгін Семей қаласындағы Abai Arena спорт кешенінде ерлер мен әйелдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталады.

Чемпионат қорытындысы бойынша 2026 жылға арналған ұлттық құрама жасақталады.

🌞Күндізгі сессия: 14:00
🌜Кешкі сессия: 18:00

📺🔴🟥📹Тікелей эфир: QAZSPORT телеарнасы

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥2🏆1
Футболдан Қазақстан жастар құрамасының бас бапкері өз еркімен қызметінен кетті

Денис Мамоновтың басшылығымен қазақстандық футболшылар (U 21)қатарынан төрт ойында жеңіліс тапты.

Атап айтқанда екеуі Еуропа чемпионаты – 2027 іріктеу кезеңінде Англиядан (0:2) және Андоррадан (0:1), сондай-ақ Өзбекстанға қарсы өткен екі жолдастық кездесуде (0:1, 1:3) есе жіберді.

🇰🇿Өзбекстан құрамасына қарсы ойындар Ташкент облысындағы "Дустлик" стадионында өтіп, қазан айындағы оқу-жаттығу жиынының қорытындысы болды.

Келесі Еуропа чемпионаты–2027 іріктеу матчтарында Словакия және Молдова құрамаларына қарсы ойында команданы отандық маман жаттықтырады деп күтілуде.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝31👍1🔥1
Спорттық гимнастикадан 🇰🇿ұлттық құрамамыз 19–25 қазан аралығында Индонезияның Джакарта қаласында өтетін 🌍әлем чемпионаты алдында дайындықтың соңғы кезеңінен өтуде.

Оқу-жаттығу жиыны Токиода өтіп жатыр және ол әлемнің ең мықты құрамаларының бірі – 🇯🇵Жапония құрамасымен бірлесіп ұйымдастырылған.

🇰🇿 Әлем чемпионатында өнер көрсететін Қазақстан құрамасы:

🔹Милад Карими
🔹Нариман Курбанов
🔹Ілияс Әзізов
🔹Диас Тойшыбек
🔹Зейнолла Ыдырысов
🔹Дмитрий Патанин

💪 Біздің жігіттерге сәттілік тілейміз!

🇰🇿https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏42🔥1
2025/10/16 01:28:08
Back to Top
HTML Embed Code: