Telegram Web Link
❄️«Қайрат» пен «Селтик» тең түсті

Қос қарсылас бір-бірінің осал тұсын таба алмады. Есеп 0:0. Енді ойын тағдыры Алматыда шешіледі.

Өкінішке қарай матчтың соңғы секундтарында сары қағаз🟡 алған 🇰🇿Дастан Сәтпаев келесі матчқа қатыса алмайды.

Қарымта матч 26-тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍14🔥7👏2👌1
Әлем чемпионаты алдында 🇺🇿Өзбекстан құрамасына жаңа бапкер келеді

Championat.asia хабарлағандай, ұлттық команданы португалиялық маман Паулу Бенту баптайтын болады. Айта кетейік, Өзбекстан тарихында тұңғыш рет әлем чемпионатына жолдама алған еді.

“Өзбекстан құрамасының тізгінін 2026 жылғы әлем біріншілігінде португалиялық бапкер ұстауы ықтимал”, – деп жазады дереккөз.


61 жастағы маманның соңғы жұмыс орны – БАӘ құрамасы. Бенту командасы іріктеу кезеңінен өте алмағаннан кейін қызметінен босатылған болатын.

Бұған дейін ол “Спортинг”, “Крузейро”, “Олимпиакос”, “Чунцин Лифань” клубтарында, сондай-ақ Португалия, Оңтүстік Корея және БАӘ ұлттық құрамаларында еңбек еткен.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥2👏2
🏆Құрамамыз әлем чемпионатын командалық есепте екінші орынмен аяқтады

17–20 тамыз аралығында Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы еркін күрестен Әлем чемпионаты Қазақстан тарихында жарқын жетістікке айналды. Қазақ балуандары табандылық пен жігер танытып, ел намысын абыроймен қорғады.

92 келіде Камиль Куруглиев күміс медаль иеленді. Нұрданат Айтанов (57 келі), Самир Дурсунов (97 келі) және Досжан Құл-Ғайып (74 келі) қола жүлде алды. Едіге Қасымбек 125 келіде тарихи алтын медаль жеңіп, чемпион атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан жастар құрамасы екінші орынға тұрақтап, ел мерейін үстем етті. Бұл жеңіс – жас балуандардың қайсарлығы мен бапкерлер еңбегінің айқын көрінісі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥1🥰1👏1
Қазақстандық 🥊 шебері 📢Шавкат Рахмонов америкалық ММА-промоушнның салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингінің үздік 15 спортшысы қатарына енді.

Жуырда өткен титулдық жекпе-жекте Хамзат Чимаев оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессимен кездесіп, жеңіске жеткеннен кейін UFC P4P рейтингіне өзгерістер енгізілді.

Чимаев бірден он сатыға көтеріліп, төртінші орынға жайғасты. Бұрын 15-орында тұрған бразилиялық Чарльз Оливейра үздіктер қатарынан шығып қалды, ал оның орнын жартылай орта салмақта әлі жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшы басты.

P4P рейтингінің көшін жеңіл салмақтағы чемпион, Илия Топурия бастап тұр. Ол бұған дейін UFC чемпиондық белбеуін дәл осы Оливейрадан тартып алған еді.

Шавкат Рахмонов өзінің соңғы айқасын 2024 жылдың желтоқсанында өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстаннан шыққан ешбір спортшы UFC-дің салмақ дәрежесіне қарамастан жасалатын рейтингтің үздік 15 спортшысы қатарына енбеген.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11🔥2👍1🥰1🤔1😱1
Insports.kz
Азияның үздік мергендері Шымкентте бас қосады 16–30 тамыз күндері Шымкентте нысана көздеу және стенд атудан 16-шы 🏆Азия чемпионаты өтеді. Додаға 26 елден 800-ден астам спортшы қатысады. Жасөспірімдер, жастар және ересектер Shymkent Shooting Plaza кешенінде…
Қазақстандық мерген Ислам Сәтпаев Шымкентте өтіп жатқан нысана көздеуден XVI Азия чемпионатында 10 метрге пневматикалық винтовкадан ату жарысында алтын 🥇медаль иеленіп, Азия чемпионы атанды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10👏6🥰1
🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠

🇰🇿Қазақстандық теннисші Анна Данилина Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шықты.

Жарыстың 1-ракеткалары болып тіркелген Анна Данилина – сербиялық Александра Крунич ширек финалда 🇺🇸америкалықтар Кармен Корли – Ивана Корлимен кездесті.

Қазақстандық-сербиялық жұп матчты жақсы бастады – 6:4. Екінші сетте тай-брейкте америкалықтар есе қайырды – 7:6 (7:2). Дегенмен супер тай-брейкте Анна мен Александра шеберліктерінің басым екендігін танытты – 10:8.

➡️Анна Данилина – Александра Крунич финалға шығу үшін чехиялықтар Анастасия Детюк – Мириам Скочпен кезедседі. Жартылай финалдық матч 22 тамыздан 23 тамызған қараған түні Қазақстан уақытымен 00:30-да басталады.

Айта кетейік, Кливлендтегі турнир аяқталысымен қазақстандық теннисші 🇺🇸US Open-2025 турниріне қатысады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏32👍2🥰1
Мергендеріміз құрлықтық біріншілікте 9 медаль жеңіп алды

16–30 тамыз аралығында Шымкентте өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 алтын🥇, 1 күміс 🥈және 6 қола 🥉медаль иеленді.

Алғашқы алтынды 10 метрлік пневматикалық винтовкада Ислам Сәтпаев жеңіп алса, жасөспірімдер арасындағы «скитте» Артём Седельников топ жарды.

Әйелдер арасында Анастасия Молчанова қола жүлде иегері атанып, командалық есепте Ольга Хайлова және Адель Садақбаевамен бірге күміс медаль алды.

Жасөспірімдер мен жастар құрамалары ПП-3 және ПП-микс жаттығуларында бірнеше қола медальді ел қоржынына салды.

Айта кетейік, чемпионатқа 27 елден 800-ден астам спортшы қатысып жатыр, жалпы 700-ден астам медаль сарапқа салынады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏52🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ертең, 23 тамыз күні Қытайдың Шанхай қаласында UFC Fight Night 257 турнирі өтеді. Жекпе-жектер Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады.

Бұл кеште қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-1) октагонға шығады. Ол 🇰🇬Қырғызстан спортшысы Уран Сатыбалдиевпен (8-1) кездеседі.

Сондай-ақ 🇨🇳Қытай атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Қайсар Махсат (10-4) америкалық Гейдж Янгқа (9-3) қарсы шығады.

Тағы бір қытайлық этникалық қазақ – Тайлақ Нұражы (11-1-0-1) промоушенде дебют жасайды. Ол жартылай орта салмақта өнер көрсетеді. Тайлақ бастапқыда жоспарланған қытайлық спортшы Кенан Сунның (22-9) орнына шықпақ. Оның қарсыласы ирландиялық Кифер Кросби (10-5) болады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🥰1
Астанада журналистерге арналған Dota 2 турнирі өтеді

2025 жылғы 21 қыркүйекте Астанада Atameken Media League атты алғашқы киберспорттық турнир ұйымдастырылады. Жарысқа тек БАҚ, медиа және жарнама агенттіктерінің қызметкерлері қатыса алады. Турнирді Atameken Business медиахолдингі өткізеді, деп хабарлайды insports.kz.

Турнир The Hood киберклубында өтеді. Барлығы 32 командаға дейін тіркелмек, әрқайсысы 5 негізгі және 1 қосалқы ойыншыдан құралады.

💰Жүлде қоры – 1 млн теңге:
🔹1-орын – 500 000 ₸
🔹2-орын – 250 000 ₸
🔹3-орын – 150 000 ₸
🔹4-орын – 100 000 ₸

Финал Atameken Business YouTube арнасында тікелей эфирде көрсетіледі. Қатысу жарнасы – 50 000 ₸.

📍 Өтетін орны: The Hood киберклубы, Астана, Сарыарқа даңғылы, 2
📆Күні: 21 қыркүйек 2025 жыл

👉👉👉👉: https://inbusiness.kz/kz/news/astanada-dota-2-ojynynan-zhurnalisterge-arnalgan-kibersporttyk-turnir-otedi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1🥰1👏1
Алматы облысында «Атлетико Мадрид» футбол академиясы ашылды

Алматыдан 40 шақырым жерде әйгілі испаниялық клубтың академиясы өз жұмысын бастады. Мұнда 🇰🇿Қазақстанның әр өңірінен іріктелген 120 жас футболшы испан футболының әдістемесі бойынша дайындалады. Оқушыларды таңдауда олардың физикалық дайындығымен қатар психологиялық қабілеттеріне де мән берілді.

Академия заманауи инфрақұрылыммен қамтылған: жаттығу алаңдары, дене шынықтыру залдары және теориялық сабақтарға арналған аудиториялар бар. Жасөспірімдердің бір бөлігі грант негізінде 📚білім алса, қалғандары ақылы түрде оқиды.

📈 2026 жылдан бастап академия тәрбиеленушілері ел чемпионаттарына, сондай-ақ QJ-лигасы мен халықаралық турнирлерге қатысады. Алдағы уақытта нысан аумағында қосымша бес футбол алаңын салу жоспарланған.

Сарапшылардың пікірінше, «Атлетико Мадрид» академиясының ашылуы Қазақстандағы жасөспірімдер футболының дамуына серпін береді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏102🔥2🥰2
Зәуреш Ақашева Болгарияда өткен жарыстың 🥉қола жүлдегері атанды

Болгарияның Панагюриште қаласында 🏓үстел теннисінен «WTT Feeder Panagyurishte 2025» турнирі өтті.

21–24 тамыз күндері өткен жарысқа 18 елдің спортшылары қатысып, 🇰🇿Қазақстаннан сегіз ойыншы өнер көрсетті.

Спортшыларымыздан ең үздік нәтижені Зәуреш Ақашева көрсетті. Ол Италия, Словакия және Ираннан келген қарсыластарын жеңіп, жартылай финалда Украина өкілі Анастасия Дмитриенкоға 1:3 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандық спортшы турнирдің қола жүлдегері атанды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏32🥰1👏1
🇰🇿Қазақстандық балуандар әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады

Самоковта өткен әлем чемпионатында қазақстандық жас балуандар 10 медаль жеңіп алды.

17–24 тамыз күндері Болгарияның Самоков қаласында жастар арасында (U20) өткен әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы дүбірлі додада табысты өнер көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс және 7 қола медаль иеленді.

Еркін күресте Едіге Қасымбек (125 кг) тарихи жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Бұған дейін екі мәрте күміс жүлдегер атанған қазақстандық балуан биыл алтынды қанжығасына байлады. Сонымен қатар Камиль Куруглиев (92 кг) күміс жүлде иеленсе, Нурданат Айтанов (57 кг), Самир Дурсунов (97 кг) және Құл Ғайып Досжан (74 кг) қола медаль алды. Қазақстан еркін күрестен командалық есепте екінші орынға тұрақтады.

Әйелдер күресінде Анна Стратан (57 кг) қола жүлде жеңіп алды.

Грек-рим күресінде үш балуан қола медаль иеленді: Арсен Жұма (55 кг), Юсуф Ашрапов (72 кг) және Темірлан Турдақын (87 кг). Ал Диас Сейткалиев (82 кг) финалға дейін жетіп, ресейлік қарсыласынан ұтылып, күміс жүлдегер атанды.

Осылайша, қазақстандық жас балуандар әлем чемпионатын 10 жүлдемен - 1 алтын🥇, 2 күміс🥈 және 7 қола🥉 медальмен қорытындылады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👏2🔥1
😀"Тобыл" жеке дара көш бастады

Қостанайлық ұжым😀 "Тұранға" қарсы ойында аса қиналған жоқ. Асхат Тағыберген соққан жылдам голдан кейін бір сәт жеңісті қолдан шығарып алатындай әсер қалдырды. Себебі қарсылас белсенді ойнады. Дегенмен, Александр Зуевтің голы барлық мәселені шешті – 2:0.

Қостанайлықтар көш бастады, ал "Тұран" Премьер-Лигадағы орнын сақтап қалу үшін күресуде…

👉👉👉👉https://inbusiness.kz/kz/news/tobyl-kazakstan-premer-ligasynda-zheke-dara-kosh-bastady
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан U-21 құрамасы Ақтөбеде Англиямен кездеседі

Қазақстан жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Англия U-21 құрамасына қарсы матч өткізеді.
Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматы қаласында басталады. Құрамға 24 ойыншы енді.

🇰🇿 Қазақстан – Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿
📆 08.09.2025 | 20:00
🏟️ Орталық стадион, Ақтөбе

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
8🔥2
Бүгін, 26 тамыз 🇱🇹Литваның Каунас қаласында қазіргі заманғы бес сайыстан маусымның басты жарысы - әлем чемпионаты басталады.

Бұл додада 🇰🇿Қазақстан құрамасынан жарыс жолына тек бір спортшы шығады. Ол - Кирилл Стадник.

Кирилл үшін де, көптеген қатысушылар үшін де 2025 жылғы әлем чемпионаты өзіндік сынақ алаңы болмақ.

Қазіргі заманғы бес сайыста буын алмасу процесі жүріп жатыр. Дегенмен тәжірибелі атлеттер де жас бессайысшылармен бәсекеге түсуге дайын.

Спортшымызға әлем чемпионатында сәттілік тілейміз!

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда 35 мың көрерменге арналған жаңа халықаралық 🏟стадион салынбақ

Арена 🇪🇺УЕФА-ның 4-санат талаптарына сай болады. Жобаға жаттығу алаңдары, демалыс аймақтары, заманауи қауіпсіздік жүйелері мен аумақты абаттандыру кіреді.

Стадион Құлжа мен Талғар тас жолдарының арасында, 15 гектар жерде бой көтермек.

Құрылыс-монтаж жұмыстары келер жылы басталады.

Сонымен қатар, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымымен жаңғыртылады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏72👍1🔥1
Бүгін, 26 тамыз ❄️«Қайрат» Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі жауапты ойында Шотландияның «Селтигіне» қарсы алаңға шығады.

Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесу Глазгода 0:0 есебімен тең аяқталған еді.

Бүгінгі жауапты ойында жеңіске жеткен жағдайда «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде ойнайды.

Ал, жеңілс тапса алматылықтар Еуропа лигасының негізгі кезеңінде бақ сынайды.

🇰🇿 «Қайрат» 🆚 «Селтик» 🏴󠁧󠁢󠁳󠁣󠁴󠁿
🏆 УЕФА Чемпиондар лигасы. Плей-офф кезеңі. 2-ші ойын.
⌚️ 21:45
📺Qazsport

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥82👏1
Алматылық клубта ойыншылар құрамына байланысты мәселелер туындады

"Қайрат" "Селтикке" қарсы жауапты матч қарсаңында негізгі құрамдағы тағы бір ойыншысынан айырылуы мүмкін. Бразилиялық шабуылшы Эдмилсон жаттығу кезінде жарақат алып, оның ойынға қатысуы екіталай.

Шабуылда Рафаэль Уразбахтин Рикардиньо мен 18 жастағы Рамазан Бағдатқа сенім артады
деп күтілуде.

Ал Луиш Мата алаңға шығуға дайын. Қорғаушы медициналық штабпен кеңесе отырып, алаңға шығу туралы шешім қабылдады. Бірақ ауырсынуды басатын дәрілер 💊қолданбақ.

Бұған дейін алматылықтар Александр Заруцкий мен Гиорги Зария ойынға қатыса алмайтынын мәлімдеген еді.

Ал, Дастан Сәтпаев дисквалификацияға байланысты кездесуге қатыспайды. Сарапшылар бүгінгі ойынға қатысты қос команданың да жеңіске деген мүмкіндігі 50/50 деп бағалап отыр.

Алматылық ұжым өз алаңында ойнайтынын ескерсек, жеңіске жетіп, тарихта алғаш рет чемпиодар лигасының негізгі кезеңінде өнер көрсету үшін барын салары анық.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱6🤯1💔1
🇰🇿Қазақстан ерлер құрамасы Ұлыбританияға аттанды🛫

Команда Шеффилд қаласындағы халықаралық жиынға қатысып, бір аптадан соң Ливерпульге жол жүреді.

WORLD BOXING әлем чемпионаты Ливерпульде (Ұлыбритания) 4-14 қыркүйек аралығында өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👏2👍1
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында рекорд орнатты

Шымкентте өтіп жатқан XVI Азия чемпионатында ерлер арасында 10 м аралас ырғақта жылжымалы нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы (Рамазан Хусаинов, Шахзод Ирназаров, Валат Мусаев) 1065 ұпай жинап, жаңа рекорд тіркеді.

🥈Күміс Қазақстан-2 командасына, 🥉қола Өзбекстан құрамасына бұйырды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍41🥰1
2025/10/27 15:29:26
Back to Top
HTML Embed Code: