Telegram Web Link
Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының ширек финалына шықты

55 келіде Махмұд Сабырхан Косово боксшысы Башким Бажокуды бірінші раундтың 30-секундында нокаутқа жіберді. Соққының жойқын болғаны соншалық, Бажоку өздігінен аяққа тұра алмай, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды. Осылайша қазақстандық былғары қолғап шебері әлем чемпионатының 1/4 финалына шықты.

Ендігі қарсылас Нидерланд-Жапония кездесуінде анықталады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥104👏3
🏒«Барыс» маусымдағы екінші ойында «Амурды» буллит сериясында жеңді – 4:3Б.

Екінші кезеңде шабуылшылар Тайс Томпсон мен Кирилл Ураковтың төбелесі де ойынға біраз серпін берді.

Кирилл Савицкий мен Дінмұхаммед Қайыржан екі ұпайдан еншіледі. Буллиттер сериясында шешуші соққыны Кирилл Савицкий орындап, ал Андрей Шутов қарсыластың үш соққысын да қайтарды.

«Барыс» өз алаңындағы ойындар сериясын жалғастырып, 13 қыркүйекте Астанада «Динамоға» қарсы ойнайды.

🛫https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6🥰2👏21
Санаулы уақыттан соң Ливерпульде бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектер басталады.

Бүгін шаршы алаңға 13 қазақстандық былғары қолғап шебері шығады.

16:00, күндізгі сессия

60 келі. 🇰🇿Виктория Графеева vs Ситора Турдыбекова🇺🇿
55 келі. 🇰🇿Махмұд Сабырхан vs Руи Ямагучи🇯🇵
80 келі. 🇰🇿Нұрбек Оралбай vs Джавохир Умматалиев🇺🇿
+80 келі. 🇰🇿Елдана Талипова vs Селин Даниэль🇳🇿
70 келі. 🇰🇿Төрехан Сабырхан vs Макан Траоре🇫🇷
90 келі. 🇰🇿Сағындық Тоғамбай vs Турабек Хабибулаев🇺🇿

22:00, кешкі сессия

51 келі. 🇰🇿Алуа Балқыбекова vs И-ксуан Гуо (Тайпей)
57 келі. 🇰🇿Карина Ибрагимова vs Джулия Серемета🇵🇱
65 келі. 🇰🇿Аида Әбікеева vs Бусеназ Сурменели🇹🇷
80 келі. 🇰🇿Гүлсая Ержан vs Есета Флинт🇦🇹
60 келі. 🇰🇿Бибарыс Жексен vs Абдумалик Халоков🇺🇿
65 келі. 🇰🇿Ертуған Зейнулинов vs Асахуджа Муидинхуджаев🇺🇿
+90 келі. 🇰🇿Айбек Оралбай vs Лука Пратлажачич🇭🇷

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21
13-21 қыркүйек аралығында
🇯🇵Токиода жеңіл атлетикадан 🌍 әлем чемпионаты өтеді. Жарысқа 200 елден 2000-нан аса спортшы қатысады.

🇰🇿 Әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар:

🔹Нора Джеруто (3000 м кедергілер)
🔹Дейзи Джепкемей (3000 м кедергілер, 10000 м)
🔹Полина Репина (35 км спорттық жүріс)
🔹Ясмина Тоқсанбаева (20 км спорттық жүріс)
🔹Галина Якушева (35 км спорттық жүріс)

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21
Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында ширек финалдық жекпе-жектерден кейін 6 қазақстандық боксшы жарыс жолын аяқтады. Ағайынды Сабырхандар қарсылас шақ келтірмей, 1/2 финалға еш қиындықсыз өтсе, ал Нұрбек Оралбай күтпеген жерден өзбек боксшысына жол берді.

1/4 финал. Жекпе-жек нәтижелері:

55 келіде Махмұд Сабырхан Жапония боксшысы Руи Ямагучиді 5:0 есебімен жеңіп, 1/2 финалға шықты.
70 келіде Төрехан Сабырхан Макан Траореден (Франция) басым түсті. Есеп - 5:0. Осылайша ол 13 қыркүйек күні өтетін 1/2 финалға жолдама алды.
+80 келіде Елдана Талипова алғашқы жекпе жегінде Селин Даниэльден (Жаңа Зеландия) 4:1 есебімен басым түсті. 12 қыркүйек Елдана 1/2 финалда Польша боксшысы Агата Кацмарскамен кездеседі.
51 келіде бүгін Алуа Балқыбекова тайпейлік Иксуан Гуоны жеңді. Есеп - 5:0
65 келі. Аида Әбікеева Олимпиада чемпионы Бусеназ Сурменелиді🇹🇷 5:0 есебімен жеңіп, 1/2 финалға шықты. 13 қыркүйектегі қарсылас Қытай-Испания кездесуінде анықталады.
60 келіде Виктория Графеева бүгін өзбекстандық Ситора Турдыбекованы жеңді. Есеп - 4:1.
Аса ауыр салмақтағы Қазақстан боксшысы Айбек Оралбай хорват Лука Пратлажачичті 5:0 есебімен жеңді. Осылайша әлем чемпионатының жартылай финалына өтті.

Карина Ибрагимова (57 келі) әлем чемпионатының ширек финалында Польша боксшысы Джулия Сереметаға 3:2 есебімен жол берді
80 келіде Гүлсая Ержан әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Ол аустралиялық Есета Флинтке жол берді. Есеп - 5:0
Сағындық Тоғамбай (90 келі) әлем чемпионатының ширек финалында Өзбекстан боксшысы Турабек Хабибулаевқа есе жіберді. Жекпе жек нәтижесі - 5:0.
Әлем чемпионатының ширек финалында Нұрбек Оралбай (80 келі) өзбекстандық Джавохир Умматалиевке жол берді. Есеп - 5:0.
60 келіде Бибарыс Жексен Олимпиада чемпионы өзбекстандық Абдумалик Халоковқа жол берді. Есеп - 5:0.
65 келіде Ертуған Зейнулинов Ливерпульде 5:0 есебімен Олимпиада чемпионы Асахуджа Муидинхуджаевқа жол берді.


https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔75👏4🤯1
Insports.kz pinned a photo
🇰🇿Әли Әлиев Қазақстан чемпионатында Еуропа күнтізбесі бойынша өнер көрсетуді ұсынды

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Қазақстан чемпионатын еуропалық күнтізбе бойынша өткізу туралы ұсыныс білдірді.

🎙«Инфрақұрылым қалыптасқан кезде, бірден жарыс жүйесін өзгерткен дұрыс болар еді. Біз екі күнде бір рет ойнауымыз керек, ал клубтар ойындарын кейінге қалдырмауы тиіс. Клубтар әрқашан осындай қарқында чемпионатта ойнауы керек. Өйткені біз бәрібір осыған келеміз: егер біз Еуропаның бір бөлігі болсақ, онда еуропалық күнтізбе бойынша ойнауымыз қажет. Біз үнемі кейінге қалдыра бермеуіміз керек, өйткені ақыр соңында оның бәрі ұлттық құрамаға әсер етеді де, „өздерің шешіңдер“ деген жағдайға тап боламыз. Ойыншылар дағдыланбағандықтан, мұндай режимде қиналады. Ал егер біз аптасына үш ойын өткізетін болсақ, онда әркім өзіне қарайды. Мен келісемін, мұны біз 23 жыл бұрын қабылдауымыз керек еді, сондықтан қазір біз бұған сынақ пен қателік арқылы келеміз», — деді бапкер.


Айта кетейік, Әли Әлиев Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кететінін Бельгиядан 0:6 есебімен жеңілгеннен кейін мәлімдеді. Алайда оның отставкасы туралы ресми мәлімдеме әлі жасалған жоқ.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Бек Нұрмағанбет 🇺🇸Лас-Вегаста өткен бокс кешінде жеңіске жетті

Супер орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Лас-Вегаста Fontainebleau қонақүйінде өткен бес жекпе-жектен тұратын шоуда өнер көрсетті. Бұл кеш Канело мен Теренс Кроуфорд арасындағы супержекпе-жек алдындағы шаралардың бірі болды.

Нұрмағанбет 31 жастағы америкалық Стивен Самптерге (11-2-1, 9 КО) қарсы шаршы алаңға шықты. Он раундқа жоспарланған жекпе-жек бар болғаны үш раундқа созылды. Екінші раундта Нұрмағанбет нокдаун жасады. Ал үшінші раундтан кейін қарсылас жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

27 жастағы қазақстандық былғары қолғап шеберінің еншісінде енді 15 жеңіс (13-і нокаутпен), бірде-бір жеңіліс жоқ.

Айта кетейік, Бек 🥊Канелоның тұрақты спарринг-серіктесі, ал оның мүддесін Канелоның бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо қорғайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥2👏2💋1
2027 жылғы Чемпиондар лигасының финалы өтетін орын белгілі болды

Мадридтің «Атлетико» клубының басты 🏟стадионы 2026/27 маусымындағы Чемпиондар лигасының финалдық ойынын қабылдайды. 🇪🇺УЕФА басшылығы екі кандидат қала арасынан соңғы шешімін қабылдады. Бұған дейін матчты өткізуге Мадрид пен Баку таласқан еді.

Мадридтегі «Рияд Эйр Метрополитано» стадионы – «Атлетико» футбол клубының алаңы. 2024 жылы аяқталған қайта жөндеуден кейін аренаның сыйымдылығы 70 692 орынға дейін артты.

УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтетін орынды ресми түрде бүгін, 11 қыркүйекте, Тиранада ұйым президенті Александер Чефериннің қатысуымен, Атқарушы комитеттің кезекті отырысынан кейін жариялайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8👏2🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлем чемпионы елге оралды

Қазақстандық спортшы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов ушудан Бразилияда өткен 17-ші Әлем чемпионатында (Wushu World Championships) Саньда бойынша 100 кг-нан жоғары салмақта 🥇әлем чемпионы атанды. 
Финалда ол Мысыр спортшысы Ахмед Шалабиді жеңді. 

Сондай-ақ 70 келіде өнер көрсеткен Алижан Аблагатов Әлем чемпионатының 🥈күміс жүлдегері атанды. Бүгін спортшылар елге оралып, оларды Алматының әуе жайында сән-салтанатпен қарсы алды.

📹Қазақстан ушу федерациясы

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏10🔥42🥰1
Астанада футзалдан жасөспірімдер арасындағы Еуро-2027 өтеді

Албания астанасы Тиранада өткен УЕФА Атқарушы комитетінің жиынында бірқатар халықаралық және клубтық турнирлердің шешуші ойындарын қабылдайтын қалалар анықталды.

Соның ішінде 🇰🇿Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан футзал қауымдастығының 19 жасқа дейінгі командалар арасындағы футзалдан Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін елімізде өткізу туралы өтінімі мақұлданды✍️.

Осы шешімге сәйкес, 🇰🇿Қазақстан жасөспірімдер құрамасы қабылдаушы ел ретінде автоматты түрде финалдық кезеңге жолдама алады. Жарысқа барлығы сегіз команда қатысады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5👏2🔥1
Бүгін 12 қыркүйек Ливерпульде бокстан әлем чемпионатында 1/4 және 1/2 финалдық жекпе жектер өтеді.

16:00
48 келі. 1/4 финал
Назым Қызайбай vs Ханна Охота (Украина)
50 келі. 1/4 финал
Санжар Тәшкенбай vs Жадумани Сингх Манденгбам (Үндістан)
60 келі. 1/2 финал
Виктория Графеева vs Ребека де Лима Сантос (Бразилия)

22:00
65 келі. 1/2 финал
Аида Әбікеева vs Грейн Мари Уолш (Ирландия)
+80 келі. 1/2 финал
Елдана Талипова vs Агата Кацмарска (Польша)
+90 келі. 1/2 финал
Айбек Оралбай vs Хулио цезарь Ла круз (Куба)

Тікелей эфир 🔴🟥📹Qazsport

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
5🔥3
Бүгін 🇰🇿Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы аясында Кореямен кездеседі

Чхунчхон қаласында 12-13 қыркүйекте Оңтүстік Корея мен Қазақстан құрамасы арасында Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобындағы плей-офф матчтары өтеді.
Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларға сенім артты:
🔹Александр Бублик
🔹Александр Шевченко
🔹Тимофей Скатов
🔹Дмитрий Попко
🔹Бейбіт Жұқаев

Бәсекелер 🏟Songam Sport Town стадионында хард төсенішіндегі корттарда өтеді. Дэвис кубогының іріктеу матчтары төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады. Ойын үш сеттік форматта өтеді.

🇷🇺Бүгін, 12 қыркүйек күні жарыс шымылдығын Александр Шевченко ашады. Ол Чон Хенмен ойнайды.

🇰🇿Содан кейін Александр Бублик Квон Сун Вумен кездеседі.

🇰🇿13 қыркүйек күні Бейбіт Жұқаев — Тимофей Скатов жұбы Нам Чжи Сун — Пак Уй Сунмен кездеседі.

Сосын Александр Шевченко — Чон Хен, Александр Бублик — Квон Су Вон бәсекелері жоспарланған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6👏2👌1
🇰🇿Қазақстандық боксшы Иван Дычко (15-0, 14 KO) осы демалыста, 13-нен 14-қыркүйекке қараған түні 🇺🇸Лас-Вегаста (АҚШ) кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық Джермейн Франклин (23-2, 15 KO). Кездесу он раундқа жоспарланған.

🥊Бұл айқас екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (63-2-2, 39 KO) пен америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 31 KO) арасындағы басты жекпе-жектің андеркартында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік. Иван Дычко соңғы рет шілде айында рингке шығып, америкалық Самуэль Кроссені (11-5-1, 7 KO) нокаутпен жеңген болатын.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
10👍3🔥2
Дэвис кубогы. 🇰🇿Қазақстан құрамасы Кореяға қарсы матчта алға шықты

Кореяның Чхунчхон қаласында Дэвис кубогының Әлемдік І тобы плей-офф кезеңі басталды.
Алғашқы матчта 🇷🇺Александр Шевченко Кореяның бұрынғы 19-ракеткасы Чон Хёнды 6:4, 6:3 есебімен жеңіп, Қазақстанға алғашқы ұпай әкелді.

👉Келесі ойынға құраманың көшбасшысы 🎾Александр Бублик шығады. Оның қарсыласы — 2021 жылғы Astana Open турнирінің чемпионы Квон Сун У.

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/aleksandr-shevchenko-devis-kubogyn-zhenispen-bastady


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👏1
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣ Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев ресми түрде қызметінен кетті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝1
Бүгін, 12 қыркүйекте Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) атқарушы комитетінің отырысы өтіп жатыр.

Бізге келіп жеткен ақпараттарға сәйкес, 2026 жылы Қазақстан премьер-лигасында командалар саны артады.

Келесі маусымда ҚПЛ-де 16 клуб болады. Премьер-лигадан бір команда шығып, ал бірінші лигадағы үш клуб жоғары лигаға өтеді.

Ресми ақпарат күтеміз.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
2025/10/23 14:46:57
Back to Top
HTML Embed Code: