Telegram Web Link
🚴‍♂️Велоспорттан Қазақстан чемпионы Евгений Фёдоров Францияда өткен беделді біркүндік «Фурми Гран-приі» жарысында жүлделі үшінші 🥉орынға ие болды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11🥰1👏1💘1
Жібек Құламбаева Қытайдың Хужоу қаласында өткен WTA 125 сериялы турнирінде жұптық сайыстың 🏆чемпионы атанды.

Финалда Жібек словениялық Вероника Эрьявецпен (Словения) бірге жапониялық Аяно Шимицу/Момоко Кобори дуэтін бір сағаттан сәл астам уақытта 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңді.

Бұл атақ 25 жастағы Жібектің WTA турнирлеріндегі жұптық сындағы алғашқы жеңісі болды. Сонымен қатар, қазақстандық теннисші жұптық сында ITF турнирлерінде 35 мәрте топ жарған.

Құттықтаймыз👏👏👏

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥111💘1
Қазақстандық балуан Асылжан Есенгелді еркін күрестен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінде 🥉қола жүлдеге ие болды!

Ал, Нұрқожа Қайпанов Қазақстанға екінші 🥉медаль әкелді. Әлем біріншілігінде қазақстандық балуан 70 килограмм салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Үшінші орын үшін белдесуде Нұрқожа Молдова балуаны Василий Дьяконнан басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥6👏2
Сенсация. Алуа Балқыбекова бір жылда екі дүркін әлем чемпионы 🏆 атанды

Бүгін 51 келі салмақта бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа түрік қызы Бусиназ Чакироглудан басым түсті. Есеп – 5:0.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16👍10🔥4
Insports.kz
Сенсация. Алуа Балқыбекова бір жылда екі дүркін әлем чемпионы 🏆 атанды Бүгін 51 келі салмақта бокстан Ливерпульде өтіп жатқан әлем чемпионатында Алуа түрік қызы Бусиназ Чакироглудан басым түсті. Есеп – 5:0. 📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Алуа Балқыбекова мен Бусиназ Чакироглу арасындағы жекпе-жектен кейін түркиялық былғары қолғап шеберінің бапкері нәтижеге наразылық білдірді.


📹Бейнежазба авторы: Аян Төлеген

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😱7🤯2🔥1🤣1🙈1
Ел қоржынына төртінші 🥇алтын медаль түсті

Аида Әбікеева бір жылда екі дүркін әлем чемпионы атанды

Финалда Аида 🇺🇿өзбек боксшысы Навбахор Хамидовадан басым түсті.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏43💋1
19 жасар Төрехан Сабырхан ересектер арасында әлем чемпионы 🏆атанды

70 келіде финалда өнер көрсеткен Төрехан жапониялық Севон Оказаваны тізе бүктірді.

Осылайша Төрехан Сабырхан ел тарихында әлем чемпионы атанған ең жас боксшы ретінде тіркелді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
16🔥8👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жас Әлем чемпионын Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті 🇰🇿Геннадий Головкиннің өзі құттықтады 🔥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👏41🤝1
Алтыншы алтын 🥇

Ливерпульдегі әлем чемпионатында 70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова финалда аустралиялық Лекейша Перголитиді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Наталья әлем чемпионы атанды.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥17🔥10🥰2
🏆 “Астана” мен 💚“Елімай” тең тарқасты

Португал төрешісі Гонсалвештің шешімімен “Астананың” екінші голы есепке алынбады. Елордалық команда ҚПЛ тарихында алғаш рет төрешіден теперіш көрді.

Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында “Астана” мен семейлік “Елімай” арасындағы тартысты ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.

Есепті елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Назми Грипши 14-минутта ашты. Ал 27-минутта қорғаушы Алекс Аманович алаң иелерінің басымдығын еселеді. “Елімайдың” қарымта голы көп күттірмеді. 32-минутта Кевин Ролон айырмашылықты қысқартты.

Кездесудің екінші бөлігінде семейлік команда есепті теңестірді. 57-минутта шабуылшы Ғалымжан Кенжебек мергендігімен көзге түсті. Алайда 61-минутта Назми Грипши тағы бір дәл соққысымен “Астананы” қайтадан алға шығарды. Бірақ үш минуттан кейін қонақтар сапынан Иван Свиридов нәтижені қайта теңестірді.

Осылайша “Астана” “Қайратты” қуып жетіп, бірінші орынды иелену мүмкіндігін жіберіп алды. Елордалық клубта 47 ұпай, ал көшбасшы “Қайратта” 49 ұпай бар. 39 ұпай жинаған семейлік “Елімай” бесінші орынды “Ақтөбемен” бөлісіп тұр. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ақтөбеліктер жоғары орналасқан.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4😁3🔥2
Айбек Оралбай әлем 🏆чемпионы атанды

Аса ауыр салмақтағы финалдық айқаста Айбек өзбекстандық Жахонгир Зокироты 3:2 есебімен жеңді.
👏15🔥93💋1
Ливерпульдегі әлем чемпионаты осымен тәмәм. 🇰🇿Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 7 алтын🥇, 1 күміс🥈, 2 қола 🥉медальмен 1 - орынға ие болды.

🥇 Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇 Аида Әбікеева (65 кг)
🥇 Наталья Богданова (70 кг)

🥈 Назым Қызайбай (48 кг)

🥉 Виктория Графеева (60 кг)
🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)


Екінші орынды 🇺🇿Өзбекстан құрамасы еншілесе, үздік үштікті 🇮🇳үндістандық былғары қолғап шеберлері түйіндеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥305👏51🎉1🆒1
🇰🇿Қазақстандық желаяқ әлем чемпионатының финалына шықты

13-21 қыркүйек аралығында Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Жарыста 200 елден 2000-нан аса спортшы сынға түсуде.

Қазақстандық жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Токио төрінде өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нора Джеруто өзінің шеберлігін тағы бір дәлелдеп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.

15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру сайысының іріктеу жарыстары өтті. Қазақстан намысын бұл сында Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қорғаған еді. Нора алғашқы жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиып, финалға тікелей жолдама алды.

Өкінішке қарай, Дейзи Джепкемей өз тобында тоғызыншы орыннан әрі аса алмады. Регламентке сай тек үздік бестік қана шешуші сынға өтті.

Енді бар үміт Нора Джерутода. 17 қыркүйекте өтетін финалда ол әлемнің мықтыларымен қатар жүлде үшін бақ сынайды. Бұл бәсекеде Нораның жеңісті жолын жалғастыратынына сенім зор.

Айта кетейік, аталған спортшылармен қатар әлем чемпионатында тағы үш спортшымыз - Полина Репина (35 км спорттық жүріс), Ясмина Тоқсанбаева (20 км спорттық жүріс), Галина Якушева (35 км спорттық жүріс) ел намысын қорғайды.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏32
0️⃣1️⃣2️⃣3️⃣4️⃣

❄️«Қайрат» – 👑«Реал» матчының билеттері 23 қыркүйекте сатылымға шығады.

Матч билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Ticketon және клубтың ресми сайтында сатылады.

💰Билет бағасы: 30 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін.

Бір ЖСН-ға 2 билеттен артық сатып алуға болмайды

Абонемент иелері өз орындарын алдын ала рәсімдей алады. Ал әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлек билеттер қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Алматылық ❄️"Қайрат" Лиссабонға тарихи матчқа жол тартты

Лиссабонда қазақстандық команда 🇪🇺УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің алғашқы кездесуін өткізеді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын алматылықтар "Спортингке" қарсы алаңға шығады.

Ойын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні 🏟 "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. 50 мыңнан аса жанкүйер сыятын аренадағы матч Қазақстан уақытымен түнгі00:00-де басталады. Бұл "Қайрат" тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.

Қарсылас – Португалия футболының алыптарының бірі, 21 мәрте ел чемпионы атанған, 18 рет Кубок жеңіп алған, 8 мәрте Суперкубок иеленген және 4 мәрте Лига кубогында топ жарған "Спортинг".

Жалпы кезеңде "Қайрат" 8 ойын өткізеді – төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Плей-оффқа жалпы кестедегі алғашқы сегіз команда тікелей жолдама алады. Ал 9–24 орындардағы клубтар өзара қосымша кездесу өткізіп, келесі кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Осы матчтарда жеңілген ұжымдар, сондай-ақ 25–36 орынға тұрақтаған клубтар еурокубоктағы маусымын аяқтайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥62👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлем чемпиондары елге аман-есен оралды

Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласынан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері:

🥇Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇Аида Әбікеева (65 кг)
🥇Наталья Богданова (70 кг)

🥈Назым Қызайбай (48 кг)

🥉Виктория Графеева (60 кг)
🥉Елдана Тәліпова (+80 кг)

📹 ҚР туризм және спорт министрлігі

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
9👏7🔥4
Бүгін Талдықорғанда Қазақстан Премьер-Лигасының 23-туры аясында 💙«Жетісу» мен қызылордалық 🐺«Қайсар» арасында кездесу өтеді.

Матч сағат 15:00-де басталады.
Командалар турнирлік кестеде қатарлас тұр. «Жетісу» 20 ұпаймен оныншы орынға жайғасса, ал «Қайсар» 19 ұпаймен 11-орында орналасқан.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Бүгін, 16 қыркүйекте Түркияда (Каппадокия) 🏓үстел теннисінен халықаралық «WTT Feeder Cappadocia II» турнирі басталады.

Оған Аустрия 🇦🇹, Әзербайжан 🇦🇿, Англия 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿, Бельгия 🇧🇪, Бразилия 🇧🇷, Венгрия 🇭🇺, Венесуэла 🇻🇪, Грекия 🇬🇷, Дания 🇩🇰, Египет 🇪🇬, Иран 🇮🇷, Үндістан 🇮🇳, Испания 🇪🇸, Қазақстан 🇰🇿, Корея 🇰🇷, Колумбия 🇨🇴, Румыния 🇷🇴, Словакия 🇸🇰, Словения 🇸🇮, Сингапур 🇸🇬, Түркия 🇹🇷, Тайбэй 🇹🇼, Өзбекстан 🇺🇿, Чили 🇨🇱, Швейцария 🇨🇭 және Жапония 🇯🇵 спортшылары қатысады.

Еліміздің намысын Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Жанерке Қошқымбаева, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жұбанов, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Бақдәулет Акимали, Владислав Захаров және Ирисбек Артықметов қорғайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3👍2👏1
2025/10/25 16:17:40
Back to Top
HTML Embed Code: