Алтыншы алтын 🥇
Ливерпульдегі әлем чемпионатында 70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова финалда аустралиялық Лекейша Перголитиді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Наталья әлем чемпионы атанды.
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ливерпульдегі әлем чемпионатында 70 келіде шаршы алаңға шыққан Наталья Богданова финалда аустралиялық Лекейша Перголитиді 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша Наталья әлем чемпионы атанды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥17🔥10🥰2
Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында “Астана” мен семейлік “Елімай” арасындағы тартысты ойын 3:3 есебімен тең аяқталды.
Есепті елордалық клубтың жартылай қорғаушысы Назми Грипши 14-минутта ашты. Ал 27-минутта қорғаушы Алекс Аманович алаң иелерінің басымдығын еселеді. “Елімайдың” қарымта голы көп күттірмеді. 32-минутта Кевин Ролон айырмашылықты қысқартты.
Кездесудің екінші бөлігінде семейлік команда есепті теңестірді. 57-минутта шабуылшы Ғалымжан Кенжебек мергендігімен көзге түсті. Алайда 61-минутта Назми Грипши тағы бір дәл соққысымен “Астананы” қайтадан алға шығарды. Бірақ үш минуттан кейін қонақтар сапынан Иван Свиридов нәтижені қайта теңестірді.
Осылайша “Астана” “Қайратты” қуып жетіп, бірінші орынды иелену мүмкіндігін жіберіп алды. Елордалық клубта 47 ұпай, ал көшбасшы “Қайратта” 49 ұпай бар. 39 ұпай жинаған семейлік “Елімай” бесінші орынды “Ақтөбемен” бөлісіп тұр. Бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша ақтөбеліктер жоғары орналасқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4😁3🔥2
Ливерпульдегі әлем чемпионаты осымен тәмәм. 🇰🇿 Қазақстан ұлттық құрамасы командалық есепте 7 алтын🥇 , 1 күміс🥈 , 2 қола 🥉 медальмен 1 - орынға ие болды.
🥇 Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇 Аида Әбікеева (65 кг)
🥇 Наталья Богданова (70 кг)
🥈 Назым Қызайбай (48 кг)
🥉 Виктория Графеева (60 кг)
🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)
Екінші орынды🇺🇿 Өзбекстан құрамасы еншілесе, үздік үштікті 🇮🇳 үндістандық былғары қолғап шеберлері түйіндеді.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🥇 Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇 Аида Әбікеева (65 кг)
🥇 Наталья Богданова (70 кг)
🥈 Назым Қызайбай (48 кг)
🥉 Виктория Графеева (60 кг)
🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)
Екінші орынды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥30❤5👏5⚡1🎉1🆒1
Қазақстандық жеңіл атлетика жанкүйерлері үшін қуанышты жаңалық. Токио төрінде өтіп жатқан әлем чемпионатында отандасымыз Нора Джеруто өзінің шеберлігін тағы бір дәлелдеп, іріктеу кезеңінен сүрінбей өтті.
15 қыркүйекте әйелдер арасында 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру сайысының іріктеу жарыстары өтті. Қазақстан намысын бұл сында Нора Джеруто мен Дейзи Джепкемей қорғаған еді. Нора алғашқы жүгіруде мәре сызығын екінші болып қиып, финалға тікелей жолдама алды.
Өкінішке қарай, Дейзи Джепкемей өз тобында тоғызыншы орыннан әрі аса алмады. Регламентке сай тек үздік бестік қана шешуші сынға өтті.
Енді бар үміт Нора Джерутода. 17 қыркүйекте өтетін финалда ол әлемнің мықтыларымен қатар жүлде үшін бақ сынайды. Бұл бәсекеде Нораның жеңісті жолын жалғастыратынына сенім зор.
Айта кетейік, аталған спортшылармен қатар әлем чемпионатында тағы үш спортшымыз - Полина Репина (35 км спорттық жүріс), Ясмина Тоқсанбаева (20 км спорттық жүріс), Галина Якушева (35 км спорттық жүріс) ел намысын қорғайды.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏3❤2
Матч билеттері 23 қыркүйек күні сағат 17:00-ден бастап Ticketon және клубтың ресми сайтында сатылады.
Бір ЖСН-ға 2 билеттен артық сатып алуға болмайды
Абонемент иелері өз орындарын алдын ала рәсімдей алады. Ал әлеуметтік және клубтық квоталар бойынша бөлек билеттер қарастырылған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Алматылық ❄️ "Қайрат" Лиссабонға тарихи матчқа жол тартты
Лиссабонда қазақстандық команда🇪🇺 УЕФА Чемпиондар лигасының 2025/26 жылғы маусымындағы негізгі кезеңнің алғашқы кездесуін өткізеді. Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын алматылықтар "Спортингке" қарсы алаңға шығады.
Ойын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні🏟 "Жозе Алваладе" стадионында өтеді. 50 мыңнан аса жанкүйер сыятын аренадағы матч Қазақстан уақытымен түнгі⏰ 00:00-де басталады. Бұл "Қайрат" тарихындағы Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойын болмақ.
Қарсылас – Португалия футболының алыптарының бірі, 21 мәрте ел чемпионы атанған, 18 рет Кубок жеңіп алған, 8 мәрте Суперкубок иеленген және 4 мәрте Лига кубогында топ жарған "Спортинг".
Жалпы кезеңде "Қайрат" 8 ойын өткізеді – төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Плей-оффқа жалпы кестедегі алғашқы сегіз команда тікелей жолдама алады. Ал 9–24 орындардағы клубтар өзара қосымша кездесу өткізіп, келесі кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Осы матчтарда жеңілген ұжымдар, сондай-ақ 25–36 орынға тұрақтаған клубтар еурокубоктағы маусымын аяқтайды.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Лиссабонда қазақстандық команда
Ойын 18-нен 19 қыркүйекке қараған түні
Қарсылас – Португалия футболының алыптарының бірі, 21 мәрте ел чемпионы атанған, 18 рет Кубок жеңіп алған, 8 мәрте Суперкубок иеленген және 4 мәрте Лига кубогында топ жарған "Спортинг".
Жалпы кезеңде "Қайрат" 8 ойын өткізеді – төртеуі өз алаңында, төртеуі сыртта. Плей-оффқа жалпы кестедегі алғашқы сегіз команда тікелей жолдама алады. Ал 9–24 орындардағы клубтар өзара қосымша кездесу өткізіп, келесі кезеңге берілер жолдаманы сарапқа салады. Осы матчтарда жеңілген ұжымдар, сондай-ақ 25–36 орынға тұрақтаған клубтар еурокубоктағы маусымын аяқтайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤2👏2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Әлем чемпиондары елге аман-есен оралды
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласынан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері:
🥇 Санжар Тәшкенбай (50 кг)
🥇 Махмұд Сабырхан (55 кг)
🥇 Төрехан Сабырхан (70 кг)
🥇 Айбек Оралбай (+90 кг)
🥇 Алуа Балқыбекова (50 кг)
🥇 Аида Әбікеева (65 кг)
🥇 Наталья Богданова (70 кг)
🥈 Назым Қызайбай (48 кг)
🥉 Виктория Графеева (60 кг)
🥉 Елдана Тәліпова (+80 кг)
📹 ҚР туризм және спорт министрлігі
📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатында жоғары деңгейде өнер көрсеткен Қазақстан ұлттық құрамасы елге оралды. Ерлер құрамасын Астана қаласындағы халықаралық әуежайдан, ал әйелдер құрамасын Алматы қаласынан жанкүйерлер, спортшылардың ата-аналары, туыстары мен достары ерекше ықыласпен қарсы алды.
Әлем чемпионатының жүлдегерлері:
📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤9👏7🔥4
Бүгін Талдықорғанда Қазақстан Премьер-Лигасының 23-туры аясында 💙 «Жетісу» мен қызылордалық 🐺 «Қайсар» арасында кездесу өтеді.
Матч сағат 15:00-де басталады.
Командалар турнирлік кестеде қатарлас тұр. «Жетісу» 20 ұпаймен оныншы орынға жайғасса, ал «Қайсар» 19 ұпаймен 11-орында орналасқан.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Матч сағат 15:00-де басталады.
Командалар турнирлік кестеде қатарлас тұр. «Жетісу» 20 ұпаймен оныншы орынға жайғасса, ал «Қайсар» 19 ұпаймен 11-орында орналасқан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Бүгін, 16 қыркүйекте Түркияда (Каппадокия) 🏓 үстел теннисінен халықаралық «WTT Feeder Cappadocia II» турнирі басталады.
Оған Аустрия 🇦🇹, Әзербайжан 🇦🇿, Англия🏴 , Бельгия 🇧🇪, Бразилия 🇧🇷, Венгрия 🇭🇺, Венесуэла 🇻🇪, Грекия 🇬🇷, Дания 🇩🇰, Египет 🇪🇬, Иран 🇮🇷, Үндістан 🇮🇳, Испания 🇪🇸, Қазақстан 🇰🇿 , Корея 🇰🇷, Колумбия 🇨🇴, Румыния 🇷🇴, Словакия 🇸🇰, Словения 🇸🇮, Сингапур 🇸🇬, Түркия 🇹🇷, Тайбэй 🇹🇼, Өзбекстан 🇺🇿 , Чили 🇨🇱, Швейцария 🇨🇭 және Жапония 🇯🇵 спортшылары қатысады.
Еліміздің намысын Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Жанерке Қошқымбаева, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жұбанов, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Бақдәулет Акимали, Владислав Захаров және Ирисбек Артықметов қорғайды.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Оған Аустрия 🇦🇹, Әзербайжан 🇦🇿, Англия
Еліміздің намысын Дастан мен Айдос Кенжеғұловтар, Жанерке Қошқымбаева, Искендер Харки, Сарвиноз Миркадирова, Санжар Жұбанов, Ангелина Романовская, Әнел Бақыт, Бақдәулет Акимали, Владислав Захаров және Ирисбек Артықметов қорғайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👏1
Өткен демалыс күндері Парижде спорттық гимнастикадан «World Challenge Cup 2025» кубогының төртінші кезеңінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда 🥇 алтын медаль жеңіп алды.
Финалда Құрбанов төрешілерден 15,066 ұпай жинап, сенімді түрде қарсыластарын артта қалдырды.🥈 Күміс жүлдені армениялық Гамлет Манукян (14,800) иеленсе, 🥉 қола медаль италиялық Габриэлле Таргеттаға (14,733) бұйырды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Зейнолла Идрисов (14,633) осы жарыста төртінші орынға тұрақтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Айта кетейік, 27 жастағы Нариман Құрбанов –🇫🇷 Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы (2023, 2024, 2025).
Құттықтаймыз👏 👏 👏
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Финалда Құрбанов төрешілерден 15,066 ұпай жинап, сенімді түрде қарсыластарын артта қалдырды.
Тағы бір қазақстандық спортшы Зейнолла Идрисов (14,633) осы жарыста төртінші орынға тұрақтап, жүлдеге бір қадам жетпей қалды.
Айта кетейік, 27 жастағы Нариман Құрбанов –
Құттықтаймыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9❤4👏2
Ойынның 22-минутында қонақтар сапынан Тимоти Веа есеп ашып, «Марсельді» алға шығарды. Бірақ «корольдік клуб» көп ұзамай қарымта қайтарды. Килиан Мбаппе 29-минутта пенальтиден мүлт кеткен жоқ. Ал шешуші соққысын тағы да 81-минутта дәл орындап, дубль авторы атанды.
72-минутта Даниэль Карвахаль алаңнан қуылып, «Реал» кездесуді он ойыншымен жалғастырды. Соған қарамастан мадридтіктер жеңісті уысынан шығарған жоқ.
Келесі турда, 30 қыркүйекте, «Реал» Алматыда
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥2👏1😎1
Теннистен 🇰🇿 Қазақстан құрамасы 🇺🇸 АҚШ-пен кездеседі
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтуде.
Қазақстан әйелдер құрамасы 18 қыркүйекте командалық әлем чемпионатында ширек финалда АҚШ командасына қарсы кортқа шығады. Бұл екі құрама тарихта алғаш рет бетпе-бет кездеседі.
Әлемдік додада 18 мәрте жеңімпаз атанған АҚШ құрамасы турнир тарихындағы ең табысты командалардың бірі. Әсіресе 1976-1982 жылдары қатарынан жеті рет жеңімпаз атануы олардың айқын үстемдігін дәлелдейді.
Қазақстандықтар болса бүгінгі таңда әлемдік командалық рейтингте алтыншы орында тұр. Бұл еліміздің теннис тарихындағы ең жоғары жетістік. Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сынды алпауыттарды артта қалдыру — үлкен сенсация.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Анна Данилина қорғайды.
Осы орайда ұлттық құраманың көшбасшысы🇰🇿 Елена Рыбакина алдағы матч алдында өз ойымен бөлісті:
Ұлттық құрамамызға сәттілік тілейміз✊
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 16-21 қыркүйек аралығында командалық әлем чемпионаты — Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңі өтуде.
Қазақстан әйелдер құрамасы 18 қыркүйекте командалық әлем чемпионатында ширек финалда АҚШ командасына қарсы кортқа шығады. Бұл екі құрама тарихта алғаш рет бетпе-бет кездеседі.
Әлемдік додада 18 мәрте жеңімпаз атанған АҚШ құрамасы турнир тарихындағы ең табысты командалардың бірі. Әсіресе 1976-1982 жылдары қатарынан жеті рет жеңімпаз атануы олардың айқын үстемдігін дәлелдейді.
Қазақстандықтар болса бүгінгі таңда әлемдік командалық рейтингте алтыншы орында тұр. Бұл еліміздің теннис тарихындағы ең жоғары жетістік. Чехия, Швейцария, Германия, Аустралия, Жапония, Бельгия, Франция сынды алпауыттарды артта қалдыру — үлкен сенсация.
Әлем чемпионатында Қазақстан намысын Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Зарина Дияс, Юлия Путинцева және Анна Данилина қорғайды.
Осы орайда ұлттық құраманың көшбасшысы
🎙 — АҚШ құрамасы әлемдегі ең мықтылардың бірі. Пегуламен талай рет кездескенмін, Наварроға қарсы ойнау да оңай емес. Дегенмен командалық жарыстың өз атмосферасы бар, мұнда қысым да, психология да өзгеше. Біз де бар күшімізді саламыз, жеңіске деген мүмкіндік бізде де бар, — деді Елена Рыбакина.
Ұлттық құрамамызға сәттілік тілейміз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤1👏1
Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі бағдарламада әйелдер арасындағы бес салмақ дәрежесінде – 50, 53, 62, 68 және 72 келі бойынша кездесулер өтеді.
🇰🇿 Боз кілемге шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары:
53 кг. Зейнеп Баянова 🆚 Сейон Пак (🇰🇷)
62 кг. Тыныс Дүбек 🆚 Алисия Новосад (🇵🇱)
68 кг. Бейбіт Сейдуалы 🆚 Хеньйен Пак (🇰🇷)
72 кг. Жәмилә Бақбергенова 🆚 Нұрзат Нұртаева (🇰🇬)
50 кг. Элизавета Смиронова , жұбаныш белдесуі.
Іріктеу кезеңдері мен жартылай финалға дейінгі белдесулер таңғы сессияда өтеді. Басталуы 13:30 (Астана уақыты).
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🇰🇿 Боз кілемге шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары:
53 кг. Зейнеп Баянова 🆚 Сейон Пак (🇰🇷)
62 кг. Тыныс Дүбек 🆚 Алисия Новосад (🇵🇱)
68 кг. Бейбіт Сейдуалы 🆚 Хеньйен Пак (🇰🇷)
72 кг. Жәмилә Бақбергенова 🆚 Нұрзат Нұртаева (🇰🇬)
50 кг. Элизавета Смиронова , жұбаныш белдесуі.
Іріктеу кезеңдері мен жартылай финалға дейінгі белдесулер таңғы сессияда өтеді. Басталуы 13:30 (Астана уақыты).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤1👏1
21 жастағы қазақстандық гроссмейстер Бибісара Асаубаева Самарқандта өткен FIDE Grand Swiss 2025 турнирінде 🥉 қола жүлдеге ие болды.
🔹 Бибісара 7½ ұпай жинап, 25 000 АҚШ долларын иеленді.
🔹 Жеңімпаз – Ваишали Рамешбабу (Үндістан, 8 ұпай), күміс – Екатерина Лагно (FIDE, 8 ұпай).
Сондай-ақ турнирге қатысқан бірқатар қазақстандық шахматшылар тамаша нәтиже көрсетті :
– Меруерт Камалиденова – 19-орын (6 ұпай, $3 000)
– Елназ Қалиахмет 15 жаста гроссмейстер нормасын орындады (5 ұпай)
– Ксения Балабаева – 5 ұпай
Бибісараның жеңісі – Қазақстан шахматындағы тарихи жетістік!
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
🔹 Бибісара 7½ ұпай жинап, 25 000 АҚШ долларын иеленді.
🔹 Жеңімпаз – Ваишали Рамешбабу (Үндістан, 8 ұпай), күміс – Екатерина Лагно (FIDE, 8 ұпай).
Сондай-ақ турнирге қатысқан бірқатар қазақстандық шахматшылар тамаша нәтиже көрсетті :
– Меруерт Камалиденова – 19-орын (6 ұпай, $3 000)
– Елназ Қалиахмет 15 жаста гроссмейстер нормасын орындады (5 ұпай)
– Ксения Балабаева – 5 ұпай
Бибісараның жеңісі – Қазақстан шахматындағы тарихи жетістік!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥5🔥5❤1
Жас теннисшілеріміз Сингапурда өткен турнирде үздік бестікке енді
Сингапурда өткен ATF 12U Team Competition – Supported by KTF, Finals жасөспірімдер арасындағы командалық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық жас теннисшілер лайықты ойын көрсетіп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.
Аталмыш турнирде ел намысын Сырымжан Барлыков, Амирхан Қуанышбеков, Евгений Щетников, Мария Гуля, Влада Дегтярь және Мартина Курбатова қорғады.
Жас спортшылар соңына дейін табандылық танытып, мінез бен командалық рух көрсетті. Бұл болашақ жеңістер үшін мықты негіз болары анық. Аталған нәтиже – жас теннисшілерімізге алдағы уақыттағы жаңа мақсаттарға жету жолында үлкен тәжірибе екені сөзсіз.
Біз бүгінгі бесінші орындардың ертеңгі бірінші орындарға айналатынына сенеміз. Жас спортшыларымыздың табандылығы мен жігері оларды халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетелейді.

🔥4❤2👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент жұртшылығы Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары - ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандарды сән-салтанатпен қарсы алды.
📹 jastarruhy_shymkent
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥4👏2❤1
Insports.kz
Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі бағдарламада әйелдер арасындағы бес салмақ дәрежесінде – 50, 53, 62, 68 және 72 келі бойынша кездесулер өтеді. 🇰🇿 Боз кілемге шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары: 53 кг. Зейнеп Баянова…
Әлем чемпионаты: 4 палуанымыз жұбаныш кезеңінен үміт күтеді
Загребте (Хорватия) әйелдер күресінен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні жалғасуда. Бүгін бозкілемге Қазақстан құрамасынан бес спортшы шықты.
Тәжірибелі Жәмилә Бақбергенова (72 кг) 1/8 финалда қырғыз палуаны Нұрзат Нұртаеваға тартысты белдесуде жол берді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, қарсыласы ұпайларының артықшылығымен жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінде Зейнеп Баянова (53 кг) Оңтүстік Корея спортшысы Се Ён Пактан, Тыныс Дүбек (62 кг) польшалық Алиса Новосадтан, ал Бейбіт Сейдуалы (68 кг) Хёнен Пактан (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалды.
Егер осы қарсыластар финалға шықса, қазақстандық палуандар ертең жұбаныш белдесулерінде бақ сынайды.
❌ Сонымен қатар бүгін 50 кг салмақта күрескен Светлана Анкичева жұбаныш кезеңінде Елизавета Смирноваға (UWW) жол берді.
Ұлттық құраманың төрт спортшысы әлі де медаль үшін күресуге мүмкіндік сақтап отыр.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Загребте (Хорватия) әйелдер күресінен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні жалғасуда. Бүгін бозкілемге Қазақстан құрамасынан бес спортшы шықты.
Тәжірибелі Жәмилә Бақбергенова (72 кг) 1/8 финалда қырғыз палуаны Нұрзат Нұртаеваға тартысты белдесуде жол берді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, қарсыласы ұпайларының артықшылығымен жеңіске жетті.
Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінде Зейнеп Баянова (53 кг) Оңтүстік Корея спортшысы Се Ён Пактан, Тыныс Дүбек (62 кг) польшалық Алиса Новосадтан, ал Бейбіт Сейдуалы (68 кг) Хёнен Пактан (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалды.
Егер осы қарсыластар финалға шықса, қазақстандық палуандар ертең жұбаныш белдесулерінде бақ сынайды.
Ұлттық құраманың төрт спортшысы әлі де медаль үшін күресуге мүмкіндік сақтап отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2❤1👏1
Біз жастарға сенеміз
Футболда қақпашы - жарты команда деп тегін айтылмаған.
Тарихи матчта❄️ "Қайрат" 🥅 қақпасын 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғайды.
18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні алматылық "Қайрат" Лиссабонда Жозе Алваладе стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын "Спортингке" қарсы өткізеді. Дебют қарсаңында команда екі қақпашысынан айырылды.
Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғандықтан, "Спортингке" қарсы ойында қақпаны 18 жастағы үшінші қақпашы Шерхан Қалмұрза қорғайды.
Негізгі қақпашы Александр Заруцкий 20 тамызда Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчы — Шотландияның "Селтигіне" қарсы ойында жарақат алды.
Оны Темірлан Анарбеков алмастырған еді. Ол жауапты ойында қақпасын голсыз сақтап, пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, "Қайраттың" жалпы топтық кезеңге шығуына үлкен үлес қосты.
Алайда 14 қыркүйекте ҚПЛ-дағы "Ақтөбеге" қарсы матчтың 13-минутында Анарбеков қарсылас ойыншысы Уче Агбоның шынтағынан соққы алып, алаңнан зембілмен кетті. Оның орнына Шерхан Қалмұрза шықты.
Матчтан кейін "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Анарбековтың жақ сүйегі сынғанын айтты.
Қалмұрзадан бөлек негізгі құрамда тағы бір 18 жастағы қақпашы - Диас Реимов бар. Реимов әзірге негізгі команда сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ.
Сондықтан сарапшылар португалиялықтар өз мүмкіндігін барынша пайдаланады және ойынның басты фавориті де "Спортинг" деп отыр. Дегенмен ойын тағдыры алаңда шешіледі.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Футболда қақпашы - жарты команда деп тегін айтылмаған.
Тарихи матчта

🔥9❤6👏4