Telegram Web Link
Жас теннисшілеріміз Сингапурда өткен турнирде үздік бестікке енді

Сингапурда өткен ATF 12U Team Competition – Supported by KTF, Finals жасөспірімдер арасындағы командалық турнирі өз мәресіне жетті. Қазақстандық жас теннисшілер лайықты ойын көрсетіп, жалпы есепте бесінші орынға ие болды.

Аталмыш турнирде ел намысын Сырымжан Барлыков, Амирхан Қуанышбеков, Евгений Щетников, Мария Гуля, Влада Дегтярь және Мартина Курбатова қорғады.

Жас спортшылар соңына дейін табандылық танытып, мінез бен командалық рух көрсетті. Бұл болашақ жеңістер үшін мықты негіз болары анық. Аталған нәтиже – жас теннисшілерімізге алдағы уақыттағы жаңа мақсаттарға жету жолында үлкен тәжірибе екені сөзсіз.

Біз бүгінгі бесінші орындардың ертеңгі бірінші орындарға айналатынына сенеміз. Жас спортшыларымыздың табандылығы мен жігері оларды халықаралық аренада үлкен жетістіктерге жетелейді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥42👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент жұртшылығы Ливерпульде өткен бокстан Әлем чемпионатының жеңімпаздары - ағайынды Махмұд және Төрехан Сабырхандарды сән-салтанатпен қарсы алды.

📹jastarruhy_shymkent

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10🔥4👏21
Insports.kz
Загреб қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасуда. Бүгінгі бағдарламада әйелдер арасындағы бес салмақ дәрежесінде – 50, 53, 62, 68 және 72 келі бойынша кездесулер өтеді. 🇰🇿 Боз кілемге шығатын Қазақстан құрамасының спортшылары: 53 кг. Зейнеп Баянова…
Әлем чемпионаты: 4 палуанымыз жұбаныш кезеңінен үміт күтеді

Загребте (Хорватия) әйелдер күресінен әлем чемпионатының кезекті жарыс күні жалғасуда. Бүгін бозкілемге Қазақстан құрамасынан бес спортшы шықты.

Тәжірибелі Жәмилә Бақбергенова (72 кг) 1/8 финалда қырғыз палуаны Нұрзат Нұртаеваға тартысты белдесуде жол берді. Негізгі уақыт 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, қарсыласы ұпайларының артықшылығымен жеңіске жетті.

Өкінішке қарай, іріктеу кезеңінде Зейнеп Баянова (53 кг) Оңтүстік Корея спортшысы Се Ён Пактан, Тыныс Дүбек (62 кг) польшалық Алиса Новосадтан, ал Бейбіт Сейдуалы (68 кг) Хёнен Пактан (Оңтүстік Корея) жеңіліп қалды.

Егер осы қарсыластар финалға шықса, қазақстандық палуандар ертең жұбаныш белдесулерінде бақ сынайды.

Сонымен қатар бүгін 50 кг салмақта күрескен Светлана Анкичева жұбаныш кезеңінде Елизавета Смирноваға (UWW) жол берді.

Ұлттық құраманың төрт спортшысы әлі де медаль үшін күресуге мүмкіндік сақтап отыр.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥21👏1
Біз жастарға сенеміз

Футболда қақпашы - жарты команда деп тегін айтылмаған.


Тарихи матчта❄️ "Қайрат" 🥅қақпасын 18 жасар Шерхан Қалмұрза қорғайды.

18 қыркүйектен 19 қыркүйекке қараған түні алматылық "Қайрат" Лиссабонда Жозе Алваладе стадионында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы матчын "Спортингке" қарсы өткізеді. Дебют қарсаңында команда екі қақпашысынан айырылды.

Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғандықтан, "Спортингке" қарсы ойында қақпаны 18 жастағы үшінші қақпашы Шерхан Қалмұрза қорғайды.

Негізгі қақпашы Александр Заруцкий 20 тамызда Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчы — Шотландияның "Селтигіне" қарсы ойында жарақат алды.

Оны Темірлан Анарбеков алмастырған еді. Ол жауапты ойында қақпасын голсыз сақтап, пенальти сериясында екі соққыны қайтарып, "Қайраттың" жалпы топтық кезеңге шығуына үлкен үлес қосты.

Алайда 14 қыркүйекте ҚПЛ-дағы "Ақтөбеге" қарсы матчтың 13-минутында Анарбеков қарсылас ойыншысы Уче Агбоның шынтағынан соққы алып, алаңнан зембілмен кетті. Оның орнына Шерхан Қалмұрза шықты.

Матчтан кейін "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Анарбековтың жақ сүйегі сынғанын айтты.

Қалмұрзадан бөлек негізгі құрамда тағы бір 18 жастағы қақпашы - Диас Реимов бар. Реимов әзірге негізгі команда сапында бірде-бір ойын өткізген жоқ.

Сондықтан сарапшылар португалиялықтар өз мүмкіндігін барынша пайдаланады және ойынның басты фавориті де "Спортинг" деп отыр. Дегенмен ойын тағдыры алаңда шешіледі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥96👏4
Астанада Ұлттық спорт университеті салынып жатыр

Бұл туралы еліміздің туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылыс барысымен танысты. Нысанның құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.

Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды.
Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған.

Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарын биыл жыл соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
👍4🔥31🥰1
🇰🇿Елена Рыбакина АҚШ-қа қарсы матчта есепті теңестірді

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында теннистен Билли Джин Кинг кубогының ширек финалында 🇰🇿Қазақстан — 🇺🇸АҚШ матчы өтіп жатыр.

Бүгінгі екінші ойында жекелей сында Елена Рыбакина (әлемнің 10-ракеткасы) америкалық 🎾Джессика Пегулаға (WTA рейтингінде 7-орын) қарсы шықты. Қазақстандық теннисші бірінші сетте 6:4 есебімен, екінші партияда 6:1 нәтижесімен жеңіске жетті. Осылайша, жалпы есеп 1:1 болды.

🌍Бұған дейін Юлия Путинцева Эмма Наварроға жол берген еді. Бірінші партияда Наварро 7:5 есебімен басым түсті. Екіншісінде Путинцева есе қайырды — 6:2. Үшінші, шешуші сетте қазақстандық теннисші тай-брейкте қос бірдей матчболды пайдалана алмады — 6:7 (6:8). Тартысты бәсеке 2 сағат 30 минутқа созылды.

Келесі кезекте жұптық сында Жібек Құламбаева/Анна Данилина – Хейли Баптист/Маккартни Кесслер өзара мықтыны анықтайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4🥰1👏1
Бүгін футзалдан 🇰🇿Қазақстан құрамасы ЕУРО-2026 финалдық кезеңіне жолдама үшін плей-оффтағы алғашқы кездесуін өткізеді. Ойын Италияның Фазано қаласында өтпек.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл маңызды бәсеке үлкен мәнге ие. Команда сырт алаңда өнер көрсетсе де, жеңіске жетіп, келесі кезеңге жол ашуды мақсат етеді.

🇮🇹 Италия – 🇰🇿 Қазақстан
🌏 ЕУРО-2026 іріктеу кезеңі | Плей-офф
📆 18 қыркүйек 2025 жыл | 23:00 (Фазано уақытымен 20:00)
📍 PalaSport спорт кешені, Фазано
📺 QAZSPORT арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👏3🥰1
Танымал КВН-шы «Астана» футбол клубының Директорлар кеңесіне мүше болды

🏆«Астана» футбол клубының Директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды. Бизнесмен Ибрагим Ақдрашевтің орнына Директорлар кеңесінің мүшесі боп Мәлік Хасенов тағайындалды.

"Мәлік Темірғалиұлы – іс-шаралар мен концерттерді ұйымдастыру саласында мол тәжірибеге ие маман. Ол 2019 жылы Астанада хоккейден Әлем чемпионатын ұйымдастырған штабтың жетекшісі болды, сондай-ақ 2018–2020 жылдары Астана қаласы Футбол федерациясының президенті қызметін атқарды", - делінген елордалық команданың әлеуметтік желідегі хабарламасында.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣5👍3👏1
Теннистен Қазақстан құрамасы АҚШ-қа есе жіберді

👉👉👉👉https://www.inbusiness.kz/kz/news/tennisten-kazakstan-kuramasy-aksh-ka-ese-zhiberdi

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық грек-рим күресінің шебері әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Хорватия астанасы Загребте 13-21 қыркүйек аралығында күрес түрлерінен жылдың басты бәсекесі - әлем чемпионаты өтуде. Бүгін грек-рим күресінен сайыстар басталды.

Спортшыларымыз арасынан бозкілемге алғашқы болып шыққан Альмир Төлебаев іріктеуде қарсыласы үндістандық Рахулды 7:1 есебімен жеңіп, 1/8 финалға шықты. Келесі қарсыласы молдовалық Михаил Брад.

Сондай-ақ бүгін Демеу Жадыраев (77 кг), Марлен Мукашев (55 кг), Әлімжан Сыздықов (130 кг) сынға түседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏32🔥1
Загребтегі әлем чемпионатында Демеу Жадыраев (77 кг) 1/8 финалға шықты.

1/16 финалда Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу финляндиялық балуан Йонни Куннари Сарккиненді 5:2 есебімен жеңді.

Қазақстандық балуанның келесі қарсыласы сербиялық Алекса Илич. Ол алғашқы белдесуінде алжирлік Шавки Дулашені 3:1 есебімен ұтты.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
6🔥3👏3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Ливерпуль қаласында өткен ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатындағы (World Boxing) спорттық жоғары жетістіктері үшін бір топ спортшы мен бапкерді марапаттады.

🎖«Құрмет» орденімен:

1. Қарағанды облысы дене шынықтыру
және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Ислам Әбдірайымов;

2. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Аида Әбікеева;

3. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Алуа Балқыбекова;

4. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Наталья Богданова;

5. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің бокстан жаттықтырушысы Дастан Қабденов;

6. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Нұржан Насанов;

7. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Айбек Оралбай;

8. Шымкент қаласы дене шынықтыру
және спорт басқармасы № 12 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Ілияс Оралбеков;

9. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Махмұд Сабырхан;

10. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Төрехан Сабырхан;

11. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Елдос Сайдалин;

12. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Спортты дамыту дирекциясы бокстан Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов

13. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Санжар Тәшкенбай марапатталды.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
3👏2🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🏅«Ерен еңбегі үшін» медалі:

1. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Виктория Графееваға;

2. Алматы қаласы спорт басқармасы
№ 6 Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мамандандырылған мектебінің жаттықтырушы-оқытушысы Нұрлан Мұхамбетқалиевқа;

3. Туризм және спорт министрлігінің
Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясының нұсқаушы-спортшысы Елдана Тәліповаға берілді.

www.tg-me.com/aqorda_resmi
4👏2🔥1
🏛🏛🏛🏛

ҚР Президентiнiң Алғысы:

🔹Туризм және спорт министрлігінің Спортты дамыту дирекциясының бокстан жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа;
🔹Дирекцияның нұсқаушы-спортшысы Назым Қызайбайға;
🔹Бокстан жаттықтырушысы Долкунжан Камековке.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥4🔥1💋1
Демеу Жадыраев 🥉қола үшін күреседі

Загребте өтіп жатқан грек-рим күресінен әлем чемпионатында (-77 кг) отандасымыз Демеу Жадыраев жұбаныш белдесуінде украиналық Игорь Бычковпен кездесетін болды.

Белдесу ертең, Астана уақытымен 13:30-да басталады.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥91👏1
«Қайраттың» «Спортингке» қарсы алаңға шығатын ойыншылар құрамы

🇪🇺 Чемпиондар Лигасы. 1-тур

🇵🇹 Спортинг – Қайрат❄️

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥73🥰1
2025/10/22 20:47:19
Back to Top
HTML Embed Code: