Telegram Web Link
Шерхан Қалмұрза пенальтиді қайтарды ⚽️🧤

Жарайсың, Шерхан👏👏👏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7👏2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥41👏1
Гол⚽️

🇵🇹 Спортинг 1:0 Қайрат 🇰🇿

Тринкау 44'

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2
Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуро-2026 плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойында Италиядан 1:2 есебімен жеңілді. Кездесу Фазано қаласында өтті.

15-минутта Джованни Пульвиренти есеп ашса, 29-минутта Жулио Де Оливейра айырманы ұлғайтты. 32-минутта Шыңғыс Есенаманов гол соқты.

Қазақстан құрамасы гол соғатын бірнеше мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал Италия қақпашысы Юрий Беллобуоно сенімді ойнады. Сарапшылардың пікірінше, шабуылдағы дәлдік артса, екі ойын қорытындысы бойынша ұлттық құрама пайдасына шешілуі ықтимал.

Еуро-2026 финалы 2026 жылдың 20 қаңтары – 7 ақпаны аралығында Словения, Латвия және Литвада өтеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
👍3🥰1👌1
"Барыс" сырт алаңдағы алғашқы кездесуде жеңіліс тапты

Әдеттегідей, бұл ойында да төбелес орын алды. Әлихан Әсетов төбелесте Люк Джонсонды жеңді.

Толығырақ https://www.inbusiness.kz/kz/news/barys-syrt-alandagy-algashky-matchta-zhenilis-tapty
🤣2
18 жасар Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасының ✍️тарихына енді

Алматылық клуб сырт алаңда «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңіліс тапты.


18 жастағы «Қайрат» қақпашысы Шерхан Қалмұрза Лиссабонда өткен Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің алғашқы турында «Спортингке» қарсы ойында пенальти қайтарды.

Жас голкипер турнир тарихына 11 метрлікті тойтарған екінші ең жас қақпашы ретінде енді.

Қалмұрза бұл жетістікке 18 жас 95 күнінде қол жеткізді. Бұған дейін мұндай көрсеткішті тек 2017 жылы «Бенфика» сапында 18 жас 65 күнінде Миле Свилар көрсеткен болатын. Қазір ол Римнің «Ромасында» ойнайды.

Айта кетейік, алматылықтардың негізгі қақпашысы Александр Заруцкий плей-офф кезеңіндегі «Селтикке» қарсы алғашқы ойында жарақат алған еді.

Ал іріктеу кезеңінің басты қаһарманы, жауапты ойында «Селтикке» қарсы серияда үш пенальти қайтара білген 🇰🇿Темірлан Анарбеков 14 қыркүйекте өткен ҚПЛ-2025 турындағы «Ақтөбеге» қарсы кездесуде жақ сүйегін сындырып алған.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4🔥3👏2
Демеу Жадыраев Хорватиядағы әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады

Загребте өткен додада 77 келіде ол қола медаль үшін Мажарстан балуаны Роберт Аттила Фричпен белдесіп, 5:6 есебімен есе жіберді.

Бұған дейін Жадыраев финляндиялық Йонни Сарккинен мен сербиялық Алекса Иличті ұтты. Бірақ ширек финалда олимпиада чемпионы Нао Кусакадан жеңілді. Жұбаныш белдесуінде украиналық Игорь Бычковты тізе бүктірді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥1
Астанаға сумо аңызы Хакухо Сё келе жатыр

23 қыркүйекте елордада бірегей спорттық шара өтеді. Әлемдік сумо жұлдызы Хакухо Сё мастер-класс өткізіп, 🇰🇿қазақстандық спортшылармен кездеседі.

Айта кетейік, Хакухо Сё – сумо тарихындағы ең табысты спортшылардың бірі. Ол макуути дивизионында 45 рет бас жүлде жеңіп алып, рекорд орнатқан.

2007 жылы ёкодзуна атағын иеленіп, 14 жыл бойы жоғары дәрежеде белдесті. Кәсіби мансабында 1187 ресми жеңіске қол жеткізді.

Моңғолияда туған спортшы кейін Жапония азаматтығын алып, сумо тарихындағы ең мықты балуандардың бірі ретінде танылды.

📍 Кездесу:
🗓 23 қыркүйек
🕐 13:00
🏨 Radisson Astana қонақүйі

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥82🥰2😁2👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
XXI ғасырда Қазақстан алғаш рет грек-рим күресінен әлем чемпионатының 🥇алтын жүлдесіне қол жеткізді

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының балуаны Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында тарихи жеңіске жетті.

60 келіге дейінгі салмақта күрескен Сұлтанғали қарсыластарына еш мүмкіндік бермеді. Ақтық сында ол Өзбекстан өкілі Алишер Ганиевті айқын басымдықпен – 9:0 есебімен мерзімінен бұрын тізе бүктірді.

Бұл қазақстандық балуанның әлем чемпионатындағы ең ірі жетістігі. Айта кетейік, ол бұған дейін екі мәрте (2018, 2022) әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған еді.

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінен Қазақстан құрамасынан соңғы рет 1999 жылы Мхитар Манукян 63 келіде алтын жүлдеге қол жеткізген болатын.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥18👏123🏆3💘1
Батумиден сүйінші жаңалық

🏓Үстел теннисінен Батуми қаласында «WTT Youth Contender» турнирі өтіп жатыр.

Жарысқа Әзербайжан, Англия, Болгария, Нидерланды, Грузия, Үндістан, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Литва, Молдова, БАӘ, Польша, Словакия, Солтүстік Македония, Түрікменстан, Түркия, Украина және Франция спортшылары қатысуда.

Бүгін қазақстандық үстел теннисінің шеберлері тамаша нәтиже көрсетті:
🥇Жәния Бекмұхамбетова – жекелей сын, 13 жасқа дейін
🥇Нұрдәулет Азаматұлы – жекелей сын, 13 жасқа дейін
🥉Дарья Фу – жекелей сын, 17 жасқа дейін
🥉Абдулла Мамай / Ноила Ханиязова – аралас сайыс, 19 жасқа дейін
🥉Алексей Маркин / Анколика Чакраборти (Қазақстан/Үндістан) – аралас сайыс, 15 жасқа дейін
🥇Алан Құрманғалиев / Каролина Хольда (Қазақстан/Польша), 19 жасқа дейін
🥇Асылхан Мақзұмбеков / Мария Лукьянова (Қазақстан), 15 жасқа дейін

Ертең 19, 15 және 11 жасқа дейінгі жас санаттарында өтетін жекелей жарыстарда да спортшыларымыз сәтті өнер көрсетеді деп үміттенеміз.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10👍51🥰1
Кәсіпкер «Қайрат» футболшыларына «Реалды» жеңген жағдайда автокөлік сыйлауға уәде етті

Қазақстандық кәсіпкер Турсен Алагузов «Қайрат» футбол клубына және оның ойыншыларына үндеу жариялады. Ол мадридтік «Реалды» жеңген жағдайда әрбір футболшыға автокөлік сыйлауға уәде етті.
«Қымбатты қазақстандықтар, бүгін Алматы күні. Мен де барлық патриоттар секілді 10 күннен кейін біздің сүйікті «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы ойын өтетінін білемін. Сондықтан мен республика патриоты ретінде «Қайрат» командасы жеңіске жеткен жағдайда ойнаған барлық ойыншыға автокөлік сыйлаймын деп уәде беремін, - деді кәсіпкер.

Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» пен «Реал» арасындағы матч 30 қыркүйекте Алматының «Орталық» стадионында өтеді. Матч Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔4🔥3😱1
Шерхан Қалмұрзаның Transfermarkt-тағы құны 200 мың еуроға 💶бірақ көтерілді

Испаниялық Marca басылымының журналисті Давид Руис ASnews.kz сайтына берген сұхбатында "Қайрат" клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза Чемпиондар Лигасындағы жарқын ойынынан кейін Еуропаның жоғарғы деңгейлі чемпионаттарының скауттарының назарын аударуы мүмкін екенін атап өтті.

"Скауттар "Қайрат" футболшыларына "Селтикпен" матчқа дейін де бақылау жасағанына сенімдімін. Бірақ Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңі - мүлде басқа деңгей. Сондықтан Шерханнан кейін оның өнерін Еуропаның үздік чемпионаттары, соның ішінде Ла Лига да бақылап отырған болар, — деді Руис.


Естеріңізге сала кетсек, 18 жасар алматылық клуб тәрбиеленушісі топтық кезеңдегі дебюттік матчта Лиссабонның "Спортинг" командасына қарсы (1:4) пенальтиді тойтарып, ересектер деңгейінде екінші ойынын өткізді.

Transfermarkt мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта Қалмұрзаның құны 200 мың еуроға бағаланған. Соңғы жаңарту 18 қыркүйекте жасалған. Бұған дейін портал оның бағасын мүлде көрсетпеген.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥6🔥61👏1
🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠🔠
🔠🔠🔠🔠

Александр Бублик Hangzhou Open турнирінің ширек финалына шықты


Қазақстандық теннисші Александр Бублик Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің ширек финалына шықты.

Екінші айналымда Бублик аустралиялық Александр Вукичті (ATP-де 93-орын) үш сетте жеңді. Қорытынды есеп - 6:7 (6:8), 6:4, 6:4.

Матч 2 сағат 15 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде қазақстандық ойыншы 24 эйс жасап, бес рет қос қате жіберді және 10 брейк-пойнттің екеуін пайдаланды. Қарсыласы 14 эйс жасап, үш рет қос қате жіберді және бірде-бір брейк-пойнт жасай алмады.

Бүгін, 21 қыркүйек ширек финалда Бублик Чехиядан келген Далибор Сврчина мен Қытайлық Чжан Чжичжэнь арасындағы матчтың жеңімпазы Сврчинамен кездеседі. Матч Ханчжоудағы орталық кортта Қазақстан уақытымен 16:30-да басталады.

✍️https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥2👏2
Мемлекет басшысы грек-рим күресінен Әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалиды құттықтады

«Айдос Сұлтанғалиды Әлем чемпионатындағы жарқын жеңісімен құттықтаймын!

Ол – грек-рим күресінен осы ғасырдағы тұңғыш жеңімпаз.

Балуандарымыздың жеңісті жолды жалғастыра беруіне тілектеспін!», – деп жазды Президент Instagram парақшасында.


📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10
Данил Мусабаев пен Никита Тумаков батуттық гимнастикадан синхронды секіруде Әлем кубогы кезеңінің жеңімпаздары 🥇 атанды

Қазақстандық гимнасттар 52.20 ұпай жинады. Екінші орын Германия спортшыларына бұйырды (52.05), ал үшінші орынға Ұлыбритания командасы тұрақтады (51.53).

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі бүгін Германияның Коттбус қаласында басталды.

Ертең ұлттық құрама спортшылары жекелей секіру бағдарламасында бақ сынайды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
8🔥4👌2
🏒"Барыс" қонақтағы екінші матчта жеңіліс тапты

"Барыс" жаңа маусымдағы алғашқы түздегі сериясын Череповец қаласында жалғастырды. Батырлан Мұратов пен жарақат алған Әлихан Әсетовтің орнына ойынға Руслан Оспанов пен Максим Мұхаметoв шықты.

Кездесу "Северстальдің" басымдығымен басталды. Айдын иелерінің көшбасшысы Кирилл Пилипенко оң жақ шеңберден дәл соққы жасап, есеп ашты. Бұған "Барыс" жылдам қарымта шабуылдармен жауап қатты. Майсон Морелли мен Владимир Волков қақпаны дәл көздеп, екеуі де ҚХЛ-дағы алғашқы голдарын соқты. Екі шайбаның арасы небәрі 20 секунд болды.

Екінші кезеңде ойынның бағыты өзгерді. Череповец ойыншылары бір минутқа жетпей-ақ Шутов қорғаған қақпаны екі рет дәл көздеді. Бұл жолы да Пилипенко мен Никита Камалов көзге түсті. Дәл осы серпіліс матчтың шешуші сәтіне айналды.

Үшінші кезеңде астаналықтар бірнеше жақсы мүмкіндікті пайдалана алмады. Ал "Северсталь" есепті сақтап, ойын соңына дейін сенімді ойнады. Қорытынды есеп 3:2. Осылайша ресейлік команда жеңіс тойын тойлады.

📊Северсталь (Череповец) – Барыс (Астана) 3:2 (1:2, 2:0, 0:0)
1:0 – Пилипенко (Ильин, Буренов) – 05:47
1:1 – Морелли (Веккьоне, Ғалымов) – 12:37
1:2 – Волков (Оспанов, Масси) – 12:57
2:2 – Пилипенко (Цицюра) – 34:21
3:2 – Камалов (Пилипенко, Ильин) – 34:58
🥅Қақпашылар: Скотников – Шутов

Бүгін, 22 қыркүйек күні Михаил Кравецтің шәкірттері Минскіде "Динамомен" кездеседі.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏2👌1🤝1
2025/10/22 04:44:16
Back to Top
HTML Embed Code: