Telegram Web Link
«Астана» командасының 🚴‍♂️велошабандозы Кристиан Скарони маусымдағы бесінші жеңісіне қол жеткізіп, 🇮🇹Италиядағы біркүндік «Джиро делла Романья» жарысында 🏆топ жарды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥51👌1
🎾Әлемдік рейтингте 19-орында тұрған Александр Бублик 21 қыркүйек күні 🇨🇳Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты

1/4 финалда Бублик Чехия спортшысы Далибор Сврчинаны 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Кездесу небәрі 53 минутқа созылды.

Осы уақыт ішінде қазақстандық теннисші алты эйс орындап, бір қос қате жіберді және он екі брейк-пойнттың бесеуін сәтті іске асырды. Ал қарсыласы бірде-бір эйс жасай алмай, бір қос қате жіберді және жалғыз брейк-пойнтын да пайдалана алмады.

➡️Жартылай финалда Бублик сенсация жасап, ресейлік Даниил Медведевті жарыс жолынан тайдырған қытайлық У Ибинмен кездеседі – 5:7, 7:6 (7:5), 6:4.

Жартылай финалдық матч бүгін, 22 қыркүйек Қазақстан уақытымен 16.30-да Ханчжоудағы орталық кортта басталады.

🇷🇺Сондай-ақ тағы бір қазақстандық теннисші Александр Шевченко Чэнду турнирінің жартылай финалына жолдама алды. Ол жапониялық Таро Даниэльді 7:6, 3:6, 6:2 есебімен жеңді. Келесі қарсыласы – әлемнің 9-ракеткасы Лоренцо Музетти.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жеңіл атлеттеріміз әлем чемпионатын жүлдесіз аяқтады

🇯🇵Жапония астанасы Токио қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл додада 🇰🇿Қазақстан құрамасынан бес спортшы өнер көрсетті.
Өкінішке қарай, олар жүлделі орындарға қол жеткізе алмады.

Нора Джеруто 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруде мәреге 6-болып келді. Ал Дейзи Джепкемей осы қашықтықта 27- нәтиже және 10 000 метрге жүгіруде 16-нәтиже көрсетті.

Полина Репина 35 шақырымдық спорттық жүрісте 35-орынға табан тіреді. Ал Галина Якушева бұл жарысты аяқтай алмады. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте 23-орыннан көрінді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 13-21 қыркүйек аралығында Токиода өтті. Жаһандық жарыста
200 елден келген 2000-нан аса спортшы сынға түсті.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍1🤣1🤝1
🇰🇿Геннадий Головкин World Boxing ұйымын басқаруы мүмкін

World Boxing ұйымында үлкен өзгерістер күтілуде. Президент Борис ван дер Ворст қызметінен кететінін мәлімдеді. Бұл қадамнан кейін халықаралық спорт баспасөзі жаңа басшы кім болатынын қызу талқылауда.

Инсайдерлік ақпараттарға сүйенсек, World Boxing ұйымына президенттікке басты фаворит – Олимпиадалық комиссия төрағасы Геннадий Головкин. Жаңа президентті сайлау қарашада өтетін Конгресте болады. Әзірге ресми кандидаттар тізімі жарияланбады. Ол регламент бойынша кейін анықталады.

Геннадий Головкин Олимпиадалық комиссия төрағасы ретінде қазірдің өзінде федерация ішінде ықпалды тұлға саналады. Егер сайланса, тұңғыш рет қазақстандық спортшы халықаралық бокс федерациясын басқаратын болады.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥19👏7👌21
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Дастан Сәтпаев 11-ші голын соқты

“Қайраттың” шабуылшысы Дастан Сәтпаев елордалық “Жеңіспен” өтіп жатқан ойында дубль жасап, ҚПЛ-дағы (2025ж) голдар санын 11-ге жеткізді.

Осы нәтижеден кейін ол “Астана” ойыншысы, хорватиялық Марин Томасовты қуып жетіп, бомбардирлер тізімінде көш басына шықты.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
11👏2🔥1😭1
🇰🇿Александр Бублик финалда

Ханчжоудағы (Қытай) ATP-250 санатындағы турнирдің жартылай финалында Бублик қытайлық У Ибинді 6:3, 6:3 есебімен жеңді.

Бұл Александр үшін мансабындағы 15-ші финал болмақ. Шешуші ойында қазақстандық теннисші француз Валентен Руаемен чемпиондық атаққа таласады. Кездесу 23 қыркүйек, 16:30 да өтеді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥41👏1
Insports.kz pinned a video
Мемлекет басшысы ⚽️FIFA президентін қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев FIFA президенті Джанни Инфантиномен кездесті. Мемлекет басшысы балалар футболын дамытуға бағытталған FIFA Arena бағдарламасы үшін ризашылық білдіріп, Қазақстанның футболды аймақта қарқынды дамытатынына сенімді екенін айтты.

Джанни Инфантино да футболға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, ұлттық деңгейде бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екенін жеткізді.

https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥73👏2
Olimpbet Астанада өткен киберспорт турнирінің серіктесі болды

Atameken Media League Dota 2 ойынына 14 команданы жинап, бұл индустрия үшін маңызды оқиғаға айналды.

Астанада Atameken Business медиахолдингі ұйымдастырған турнир өтті. Жарысқа қатысушылар 1 млн теңге көлеміндегі жүлде қорын сарапқа салды. Іс-шараның бас серіктесі Қазақстанда киберспортты дамытуға үлес қосып отырған Olimpbet компаниясы болды, деп хабарлайды insports.kz.

Doteri2 командасы турнир жеңімпазы атанып, бас жүлде 500 мың теңге иеленді. Games of Future Astana екінші орынға (250 мың теңге), Salem- үшінші орынға (150 мың теңге) табан тіреді. Warpzone Astana төртінші нәтиже көрсетіп, 100 мың теңге ұтып алды.

Atameken Business бас директоры Қанат Сахарияновтың айтуынша, турнирге қызығушылық күткеннен асып түсті.
🎙«Форматты кеңейтіп, барынша ашық етуге тура келді. Бұл Қазақстанда киберспорттың қаншалықты жылдам дамып жатқанын көрсетеді», – деді ол.

Турнир серіктестері де пікір білдірді. Olimpbet компаниясының маркетинг директоры Геннадий
Шемраев былай деді:
🎙
«Киберспорт қазірдің өзінде ойын-сауық шеңберінен шығып, ойыншыларды, жанкүйерлерді және бизнесті біріктіретін маңызды индустрияға айналды. Осындай жобаларды қолдау арқылы біз Қазақстанның халықаралық аренада өз орнын алуына мүмкіндік беретін экожүйе қалыптастырамыз», - деді Геннадий Шемраев.

Турнир қонақтарының арасында киберспорт блогері Айгерім Дунамис те болды. Ол мұндай бастамалардың қауымдастықты нығайтып, болашақ чемпиондарға жол ашатынын атап өтті:
🎙
«Мұндай жарыстардың ең үлкен маңызы – ойыншылар мен жанкүйерлерді бір аренада тоғысуында. Көпшілік үшін бұл үлкен сахнаның бір бөлігі екенін сезінудің тамаша мүмкіндігі», - дейді Айгерім Дунамис.

Турнир YouTube-тегі Atameken Business арнасынан тікелей эфирде көрсетіліп, мыңдаған көрермен жинады. Сарапшылардың пікірінше, Atameken Business пен Olimpbet арасындағы серіктестік Қазақстанда киберспорт инфрақұрылымын дамытудың үлгісіне айналуы ықтимал.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰3🔥1👏1🌚1
Маңызды матч

Бүгін, 23 қыркүйек Астанада футзалдан Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін 🇰🇿Қазақстан мен 🇮🇹Италия құрамалары арасындағы қарымта плей-офф матчы өтеді.

📺Қазақстан – Италия кездесуінің тікелей эфирі 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетейік, құрамалардың алғашқы ойыны 18 қыркүйекте Италияның Фазано қаласында 2:1 есебімен, алаң иелерінің жеңісімен аяқталған болатын.

Құрамамызға сәттілік тілейміз

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4💘4🔥1
Шымкент әкімдігі бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары ағайынды Төрехан және Махмұд Сабырхандарға алғыс айтып, демеушілер есебінен 🏢пәтер мен 🚗автокөлік кілтін табыстады.

Ал олардың бапкері Ильяс Оралбековке пәтер кілті 🔑берілді.

Сондай-ақ қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке, бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Санжар-Әли Бегалиевке, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевқа бағалы сыйлықтар 🎁мен 🚗автокөлік табысталды.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
7🔥2👏2
Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен күн. Бүгін, 23 қыркүйек, 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матчқа билеттер 17:00-де сатылымға шығады.

Алматының ❄️ “Қайраты” мен Мадридтің👑 “Реалы” арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық велошабандоз қыздар әлем чемпионатында өнер көрсетті

🇷🇼Руанда астанасы Кигалиде тас жолдағы  велоспорттан әлем чемпионаты – UCI Road World Championships турнирі өтіп жатыр.

Жарыс 21–28 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтуде. Чемпионат аясында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда: әйелдер және ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер және ерлер топтық жарыстары, сондай-ақ аралас эстафета.

Биылғы турнирдің басты жаңалығы – 23 жасқа дейінгі қыздар үшін жеке уақытқа бөлек жарыстың енгізілуі.

🚴‍♀️Әйелдер арасындағы элита санатындағы "жекелей жарыста" Швейцария спортшысы Марлен Ройссер 31,2 км қашықтықты 43:09,34 уақытпен еңсеріп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланды өкілі Анна Ван Дер Брегген, қола жүлдені тағы бір нидерландылық спортшы Деми Воллеринг иеленді.

🇰🇿Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.

🚴‍♂️Ерлер арасында жекелей жарыста (Elite Men ITT) әлем чемпионы атағын бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіп алды. Ол бұл дисциплинада қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Күміс жүлде аустралиялық Джей Вайнға бұйырса, қола жүлдені тағы бір бельгиялық Илан ван Вилдер алды. Әлем чемпионатының басиы фавориттерінің бірі Словения өкілі Тадей Погачар төртінші орынмен шектелді.

Айта кетейік, бүгін 23 қыркүйек жасөспірімдер арасында жекелей жарыстар өтуде. Қыздар 18,3 шақырымдық, ұлдар 22,6 шақырымдық сайыста сынға түсуде. Әлем чемпионаты 28 қыркүйек күні 267,5 шақырымдық топтық жарыспен аяқталады. 

📱https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3🔥1🥰1😱1
2025/10/21 19:46:13
Back to Top
HTML Embed Code: