Шымкент әкімдігі бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатының жеңімпаздары ағайынды Төрехан және Махмұд Сабырхандарға алғыс айтып, демеушілер есебінен 🏢 пәтер мен 🚗 автокөлік кілтін табыстады.
Ал олардың бапкері Ильяс Оралбековке пәтер кілті🔑 берілді.
Сондай-ақ қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке, бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Санжар-Әли Бегалиевке, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевқа бағалы сыйлықтар🎁 мен 🚗 автокөлік табысталды.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Ал олардың бапкері Ильяс Оралбековке пәтер кілті
Сондай-ақ қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Жұмажан Қожамбековке, бокстан жастар арасында өткен Азия чемпионатының жеңімпазы Санжар-Әли Бегалиевке, тоғызқұмалақтан үш дүркін әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаевқа бағалы сыйлықтар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🔥2👏2
Футбол жанкүйерлері үшін көптен күткен күн. Бүгін, 23 қыркүйек, 2025/26 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы матчқа билеттер 17:00-де сатылымға шығады.
Алматының❄️ “Қайраты” мен Мадридтің👑 “Реалы” арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Алматының
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстандық велошабандоз қыздар әлем чемпионатында өнер көрсетті
🇷🇼 Руанда астанасы Кигалиде тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты – UCI Road World Championships турнирі өтіп жатыр.
Жарыс 21–28 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтуде. Чемпионат аясында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда: әйелдер және ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер және ерлер топтық жарыстары, сондай-ақ аралас эстафета.
Биылғы турнирдің басты жаңалығы – 23 жасқа дейінгі қыздар үшін жеке уақытқа бөлек жарыстың енгізілуі.
🚴♀️Әйелдер арасындағы элита санатындағы "жекелей жарыста" Швейцария спортшысы Марлен Ройссер 31,2 км қашықтықты 43:09,34 уақытпен еңсеріп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланды өкілі Анна Ван Дер Брегген, қола жүлдені тағы бір нидерландылық спортшы Деми Воллеринг иеленді.
🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында ең үздік нәтижені Фаина Потапова көрсетті. Ол 30-шы болып мәре сызығын кесті. Ақпейіл Өсім 36-орынға табан тіреді.
🚴♂️Ерлер арасында жекелей жарыста (Elite Men ITT) әлем чемпионы атағын бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіп алды. Ол бұл дисциплинада қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Күміс жүлде аустралиялық Джей Вайнға бұйырса, қола жүлдені тағы бір бельгиялық Илан ван Вилдер алды. Әлем чемпионатының басиы фавориттерінің бірі Словения өкілі Тадей Погачар төртінші орынмен шектелді.
Айта кетейік, бүгін 23 қыркүйек жасөспірімдер арасында жекелей жарыстар өтуде. Қыздар 18,3 шақырымдық, ұлдар 22,6 шақырымдық сайыста сынға түсуде. Әлем чемпионаты 28 қыркүйек күні 267,5 шақырымдық топтық жарыспен аяқталады.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Жарыс 21–28 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып, тарихта алғаш рет Африка құрлығында өтуде. Чемпионат аясында 5 жүлде жиынтығы сарапқа салынуда: әйелдер және ерлер арасында жекелей жарыс, әйелдер және ерлер топтық жарыстары, сондай-ақ аралас эстафета.
Биылғы турнирдің басты жаңалығы – 23 жасқа дейінгі қыздар үшін жеке уақытқа бөлек жарыстың енгізілуі.
🚴♀️Әйелдер арасындағы элита санатындағы "жекелей жарыста" Швейцария спортшысы Марлен Ройссер 31,2 км қашықтықты 43:09,34 уақытпен еңсеріп, чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланды өкілі Анна Ван Дер Брегген, қола жүлдені тағы бір нидерландылық спортшы Деми Воллеринг иеленді.
🚴♂️Ерлер арасында жекелей жарыста (Elite Men ITT) әлем чемпионы атағын бельгиялық Ремко Эвенепул жеңіп алды. Ол бұл дисциплинада қатарынан үшінші рет алтын медаль иеленіп отыр. Күміс жүлде аустралиялық Джей Вайнға бұйырса, қола жүлдені тағы бір бельгиялық Илан ван Вилдер алды. Әлем чемпионатының басиы фавориттерінің бірі Словения өкілі Тадей Погачар төртінші орынмен шектелді.
Айта кетейік, бүгін 23 қыркүйек жасөспірімдер арасында жекелей жарыстар өтуде. Қыздар 18,3 шақырымдық, ұлдар 22,6 шақырымдық сайыста сынға түсуде. Әлем чемпионаты 28 қыркүйек күні 267,5 шақырымдық топтық жарыспен аяқталады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1🥰1😱1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әлемнің 19-ракеткасы
Финалда қазақстандық теннисші рейтингте 88-орында тұрған француз спортшысы Валентен Руайені 7:6 (7:4), 7:6 (7:4) есебімен тізе бүктірді.
Ханчжоудағы бұл титул 28 жастағы Александр Бубликтің 2025 жылғы бесінші жеңісі болды.
Финалға шыққаны үшін Бублик 250 рейтингтік ұпай мен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥11👏3💘1
Италия ЕУРО-2026 додасына жолдама алды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Италияға пенальти сериясында ұтылып, Еуро-2026 жолдамасынан қағылды.
Алғашқы матч Италияда өтіп, алаң иелері 2:1 есебімен жеңіске жетті. Бүгін Астанада өткен қарымта ойында қазақстандықтар 3:2 есебімен басым түсті. Ойын овертаймға ұласты, бірақ қосымша уақытта гол соғылған жоқ.
Пенальти сериясында Қазақстан төрт мүмкіндікті де мүлт жіберді. Альберт Ақбалықов, Арнольд Кнауб, Дуглас және Эдсон гол соға алмады. Ал Италия екі гол соғып, Еуро-2026-ға жолдама алды.

🥱5😭2❤1
23 қыркүйекте Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде әйгілі сумо балуаны Хакухо Сёмен кездесу өтті.
Тараптар мәдени-спорттық байланыстың, сондай-ақ дәстүрлі спорт түрлерінің, соның ішінде сумоның халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы маңызын атап өтті. Әңгіме барысында сумоның заманауи спорт қозғалысындағы орны сөз болды. Бұл спорт түрі Дүниежүзілік ойындар бағдарламасына енгізілген және алдағы уақытта Олимпиада ойындарына қосылуы мүмкін екені айтылды.
Қазіргі таңда сумомен 85 ұлттық федерация айналысады, жанкүйерлер қатары да артып келеді. Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.
Айта кетейік, Хакухо Сё (шын есімі — Мунхбатын Даваажаргал) — тарихтағы ең атақты сумо балуаны, 69-шы ёкодзуна, 45 дүркін чемпион. 2021 жылы мансабын аяқтап, Жапония азаматтығын алып, «Миягино-бэя» мектебін басқаруды бастады.
https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport

❤2👍2
19 жасар қазақстандық футболшы жол апатынан қаза тапты
«Тобыл» – «Ордабасы» арасындағы ҚПЛ ойыны бір минут үнсіздікпен басталды.
23 қыркүйек күні «Жеңіс» әйелдер клубының ойыншысы Виктория Кайсаринова жол апатынан қаза тапты.
23 қыркүйекте Виктория Павлодар – Қызылорда тас жолындағы Байет ауылынан бес шақырым жерде болған сұмдық жол апатында қаза тапты. Жасы небәрі 19-да еді.
Toyota Lucida көлігі қашықтықты сақтамаудың салдарынан Sitrak жүк көлігімен соқтығысқан. Машинада болған бес адамның барлығы өртеніп кетті.
Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Алдын ала деректер бойынша, Toyota Lucida жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамай, Sitrak көлігімен соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кеткен.
Виктория – Павлодар тумасы, «Ертіс» пен «Ақсу» балалар мектептерінің тәрбиеленушісі. Қорғаушы позициясында ойнады. Үлкен футболдағы жалғыз маусымында 17 матч өткізді, оның 14-інде негізгі құрамда алаңға шықты.
Соңғы матчын Виктория 8 қыркүйекте «Астанаға» қарсы дербида өткізді. Қолы ауыр жарақат алғандықтан, 30-минутта алаңнан алмастырылды. Келесі ойында «Жеңіс» футболшы қыздары алаңға Викторияның жейдесімен шығып, қолдау білдірді.

😭9🕊4🤯1😱1
🏊♂️Қазақстандық параспортшы әлем чемпионатының 🥈 күміс жүлдегері атанды
Нұрдаулет Жұмағали Сингапурда өтіп жатқан пара жүзуден әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Ол SB12 санатында 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзіп, 1:06.64 нәтижесін көрсетті. Бұл көрсеткіш оған екінші орын алуға мүмкіндік берді. Жеңімпаз ресейлік Тимофей Гук – 1:06.51, ал үшінші орын украиналық Алексей Фединаға бұйырды – 1:06.99.
Паражүзуден әлем чемпионаты 2025 жылғы 21–27 қыркүйек аралығында Сингапурдағы OCBC Aquatic Centre спорт кешенінде өтуде. Бұл – Азияда алғаш рет ұйымдастырылып отырған әлем чемпионаты. Жарысқа 75 елден 600-ге жуық спортшы қатысуда.
Нұрдаулет Жұмағали Токио-2020 Паралимпиадасының қола жүлдегері (100 метр брасс, SB13). Сонымен қатар, ол әлем чемпионаттарында екі рет күміс медаль иегері атанған: 2022 жылы Мадейрада және 2023 жылы Манчестерде. Осылайша, Сингапурдағы жүлде Нұрдаулет үшін әлем чемпионаттарындағы үшінші күміс медаль болды.

🔥3❤1
https://inbusiness.kz/kz/news/kazakstandyk-veloshabandoz-belgiyada-otken-zharystyn-kumis-zhuldegeri-atandy
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2❤1
25 қыркүйек пен 5 қазан аралығында Бейжіңде халықаралық үстел теннисінен ең ірі додалардың бірі – "China Smash 2025" өтуде. Турнир Шицзиншань ауданындағы әйгілі Shougang Park спорт кешенінде ұйымдастырылып, жүлде қоры 2 050 000 АҚШ долларын құрайды.
Бұл жарыс World Table Tennis (WTT) турындағы ең беделді Grand Smash сериясына кіреді және 2024–2028 жылдары Пекинде дәстүрлі түрде өткізу құқығы берілген. Турнирде ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сын, жұптық жарыстар және аралас ойындар ұйымдастырылған. Жекелей жарыстың жеңімпаздары 2000 рейтингтік ұпай иеленеді.
25–27 қыркүйек күндері іріктеу кезеңі өтсе, негізгі сеткаға әлемдік рейтингтің алдыңғы ондығындағы жұлдыздар шықты: Ван Чуцинь мен Линь Шидун (Қытай), Уго Кальдерано (Бразилия), Томокази Харимото (Жапония), Трулс Морегард (Швеция), Лян Цзинкунь (Қытай), Феликс Лебрун (Франция), Бенедикт Дуда (Германия), Сян Пэн (Қытай), Дарко Йоргич (Словения) және басқалар.
🇰🇿Қазақстандық спортшылар Кирилл Герасименко мен Зәуреш Акашева турнирдің іріктеу кезеңінде бақ сынайды. Кирилл Герасименко ирандық Амирреза Аббасимен, ал Зәуреш Акашева қытайлық Яо Жуйсюаньмен сынға түседі.
Сонымен қатар, турнир аясында жастар арасындағы WTT China Youth Smash жарысы да жоспарланған. Ол 3–5 қазан күндері өтіп, U15 және U19 жас санаттарында үздіктерді анықтайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥1👏1
Бүгін, 26 қыркүйек Венгрияның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан Challenge кубогының кезеңі басталады.
Жарыс Savaria Arena спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Бұл турнир Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне енгізілген беделді кезеңдердің бірі болып саналады.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы - Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров, Диас Тойшыбек қорғайды.
Айта кетейік, турнир 28 қыркүйекке дейін жалғасады.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Жарыс Savaria Arena спорт кешенінде ұйымдастырылады.
Бұл турнир Халықаралық гимнастика федерациясының күнтізбесіне енгізілген беделді кезеңдердің бірі болып саналады.
Халықаралық гимнастика федерациясы жарысқа қатысатын командалардың алдын ала құрамын жариялады.
Бұл турнирде еліміздің намысын төрт спортшы - Милад Карими, Дмитрий Патанин, Роман Мастеров, Диас Тойшыбек қорғайды.
Айта кетейік, турнир 28 қыркүйекке дейін жалғасады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏4❤2🔥1
Әмір Омарханов Тунистегі турнирдің ширек финалына шықты
17 жасар қазақстандық теннисші таяуда ғана кәсіпқой теннисшілер қауымдастығына (ATP) қосылып, әлемдік рейтингте 1241-орынға жайғасты .
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов Монастирде өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирінде сәтті өнер көрсетуде. Екінші айналымдағы матчта ол тунистік спортшы Азиз Оуаканы жеңді.
Алғашқы сет 6:3 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Екінші партияда Омарханов 3:0 есебімен алға шыққан сәтте қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартты. Осылайша біздің спортшы жарыстың ширек финалына жолдама алды.
17 жастағы қазақстандық теннисшінің келесі қарсыласы германиялық Лука Виденманн. Ширек финалдық матч бүгін 26 қыркүйек күні өтеді.
Әмір Омарханов еліміздің болашағынан зор үміт күттіретін теннисшілерінің бірі саналады. Ол бұған дейін жасөспірімдер мен ересектер арасындағы ITF турнирлерінде жеңіске жетіп, кәсіби жарыстарда тәжірибе жинақтап келеді.
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport

❤3🔥2👏2
Insports.kz
Бейжіңде 🏓 үстел теннисінен жүлде қоры 💰 2 млн долларлық халықаралық «China Smash 2025» турнирі өтіп жатыр.
Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді.
Ол 27 қыркүйекте Бременнің «Вердер» клубындағы әріптесі, жұптық сайыста әлем чемпионы, швед Маттиас Фалькпен кездеседі.
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді.
Ол 27 қыркүйекте Бременнің «Вердер» клубындағы әріптесі, жұптық сайыста әлем чемпионы, швед Маттиас Фалькпен кездеседі.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥1👏1
Қытайдың Циндао қаласында 🥋дзюдодан Гран-при сериясының турнирі басталды
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасын төрт спортшы өнер көрсетті. Өкінішке қарай олардың ешқайсысы финалдық кезеңге шыға алмады.❌
Қазақстандық дзюдошылардан Дәурен Сүйкенов, Алдияр Қарғұлов (60 келіге дейін), Нұрмұхамбет Ботабай, Ердәулет Босжа (66 келіге дейін) өнер көрсетті.
🇰🇿Енді тағы төрт спортшымыз татамиге шығады:
73 кг Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
81 кг Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасын төрт спортшы өнер көрсетті. Өкінішке қарай олардың ешқайсысы финалдық кезеңге шыға алмады.
Қазақстандық дзюдошылардан Дәурен Сүйкенов, Алдияр Қарғұлов (60 келіге дейін), Нұрмұхамбет Ботабай, Ердәулет Босжа (66 келіге дейін) өнер көрсетті.
🇰🇿Енді тағы төрт спортшымыз татамиге шығады:
73 кг Қуан Барыс, Береке Рахматуллаұлы
81 кг Әділет Алмат, Айғали Қалдыбек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ксения Балабаева жылдам шахматтан U20 жастар арасындағы (рапид) әлем чемпионы🏆 атанды
Лимада жастар арасындағы 2025 жылғы рапид бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. 19 жастағы алматылық Ксения Балабаева 9 турдан 7 ұпай жинап, 1-орын иеленді.
✍️ https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Лимада жастар арасындағы 2025 жылғы рапид бойынша әлем чемпионаты мәресіне жетті. 19 жастағы алматылық Ксения Балабаева 9 турдан 7 ұпай жинап, 1-орын иеленді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥2👏1
Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев шахматтан халықаралық гроссмейстер Динара Сәдуақасоваға «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері» 🎖 атағын табыс етті.
Бұл атақ оған 2022 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді.
Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Бұл атақ оған 2022 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы жоғары нәтижесі үшін берілді.
Динара Сәдуақасова – әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы, 2022 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👌1
18 жасар қазақстандық футболшы испаниялық командамен ✍️ келісім-шартқа отырды
Тағы бір жас талантымыз Еуропаға аттанды.
🇰🇿 Қазақстандық шабуылшы Рауль Аллахвердиев Испанияның «Райо Вальекано B» клубымен келісімшартқа қол қойды.
Бұл команда Ла Лигада ойнайтын аттас клубтың қосалқы құрамы. Келісім-шарттың толық мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.
Аллахвердиев қазақстандық футболда өзін көрсетіп үлгерген. Бұған дейін ол «Жеңіс» пен «Оқжетпес» сапында ойнап, жалпы 56 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
2025 жылдың басында Аллахвердиев Бельгияның «Гент» клубында қаралымға барған. Бірақ келісім жүзеге аспады. Енді ол Испания клубының жүйесінде өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл команда жас таланттарға сенім артып, ойыншыларды Испания чемпионатында ойнайтын негізгі құрамға жиі шығарады.
Аллахвердиев үшін «Райо Вальекано B» клубына ауысу мансабындағы шешуші кезең болуы мүмкін. Егер ол жаңа ортаға сәтті бейімделсе, болашақта Ла Лигада дебют жасап, мадридтік клубтың негізгі құрамында тұрақтап қалу мүмкіндігіне ие болады.
📱 https://www.tg-me.com/atamekenbusiness_sport
Тағы бір жас талантымыз Еуропаға аттанды.
Бұл команда Ла Лигада ойнайтын аттас клубтың қосалқы құрамы. Келісім-шарттың толық мәліметтері әзірге жарияланған жоқ.
Аллахвердиев қазақстандық футболда өзін көрсетіп үлгерген. Бұған дейін ол «Жеңіс» пен «Оқжетпес» сапында ойнап, жалпы 56 матчқа қатысып, 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.
2025 жылдың басында Аллахвердиев Бельгияның «Гент» клубында қаралымға барған. Бірақ келісім жүзеге аспады. Енді ол Испания клубының жүйесінде өзін көрсетуге мүмкіндік алды. Бұл команда жас таланттарға сенім артып, ойыншыларды Испания чемпионатында ойнайтын негізгі құрамға жиі шығарады.
Аллахвердиев үшін «Райо Вальекано B» клубына ауысу мансабындағы шешуші кезең болуы мүмкін. Егер ол жаңа ортаға сәтті бейімделсе, болашақта Ла Лигада дебют жасап, мадридтік клубтың негізгі құрамында тұрақтап қалу мүмкіндігіне ие болады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👏3❤2💋1
Insports.kz
Бейжіңде 🏓 үстел теннисінен жүлде қоры 💰 2 млн долларлық халықаралық «China Smash 2025» турнирі өтіп жатыр. Іріктеудің алғашқы айналымында қазақстандық Кирилл Герасименко Мальта өкілі Амирреза Аббасиді жеңді. Ол 27 қыркүйекте Бременнің «Вердер» клубындағы…
Ол әлем чемпионатының күміс жүлдегері, швед Маттиас Фалькті тартысты бәсекеде 3:2 есебімен тізе бүктіріп, іріктеу кезеңінің үшінші айналымына жолдама алды.
Айта кетейік, жарыстың жүлде қоры 2 млн доллардан астам.

🔥4😍2👏1